Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыруды бақылаудағы шет ел тәжірибесі «Ақшаны тазарту»



Дата03.01.2022
өлшемі84 Kb.
#450454
Бекжанова М.Е. 2020 ноябрь





Бекжанова Мира Естаевна

Құқық магистры, бірінші санатты құқық пәнінің оқытушысы



Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыруды бақылаудағы шет ел тәжірибесі
«Ақшаны тазарту» термині XX ғасырдың 20 жылдары АҚШ тағы Чикаго қаласында пайда болды, онда қылмыстық топтардың басшылары қылмыстық қаржыларын арнайы кіржуушы желілерінен табылған ақшалармен араластырып, оларды заңды деп құжаттандырған. Кейінірек мұндай қылмысқа деген қызығушылық есірткелік заттарды таратумен үлкен кірістерге ие болған қылмыстық топтардың көбеюімен тарай бастап, одан ары экономика саласына кіргізілген табыс сияқты көріне бастады. Өздерінің құқыққа қарсы әрекеттерін жүзеге асыра отырып ол негізгі мақсатты өте жоғарғы табыс көздеріне айналдырды.

Ресми лексикон ретінде, «ақшаны тазарту» деген сөзді біршама жаңа неологизм ретінде есептеуіне болады. Алғашқы рет оны 1973-ші жылы Уотергейтстің жанжалы уақытындағы газеттердің ішінде пайдалана бастаған екен, ал заңның контекстінде, АҚШ-та оны алғашқы рет 1970-ші жылы пайда болған. Осыдан бастап, ол бүкіл әлемге таралып кетті. «Ақшаны тазарту» деген термині, заңсыз (заңға қарсы) түрде алынған («қара») ақшаны заңдастырылған сыртқы ақшаға, яғни пайда болу жөнінде заңды түсіндірмесі бар («ақ») ақшаға аудару процессін белгілейді.

Осымен байланыста, көптеген криминологиялық анықтамаларды, ұйымдастырылған қылмыстығы бойынша АҚШ-тың Президенттік Комиссияның бейнелеуіне бағытталынды. Осы бейнелеуіне сәйкесте, «ақшаны жуып-шаю – табыстардың заңсыз пайда болуын, заңсыз қайнар көзін немесе заңсыз пайдалануын жасыратын, содан кейін, осы табыстарды заңды пайда болуы бар ретіне келтіретін процессін атайды» [1].

АҚШ –тағы ақша жылыстаумен күресті қадағалау. АҚШ-тың қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды заңдастырумен күрестің құқықтық базасы екі деңгейдегі нормативтік акті-федералды акті және штаттардың заңдарын құрайды.

Федералдық актілердің қатарына: "The Bank Records and Foreign Transaction Reporting Act" (Халықаралық операциялар бойынша есептілік және банктік жазбалар туралы акті), сондай - ақ «Bank Secrecy Act» - BSA (Банкілік құпия туралы акті) және «Ақша жылыстаумен» күрес туралы Заң (1986).

"Bank Secrecy Act" банктер мен қаржылық ұйымдар және жеке тұлғалардың құжаттары мен есептілігіне қатысты нормаларды бекітті. Аталған нормаларды қабылдаудың себебі, құқыққорғау органдарына әр елде қабылданған банкілік құпияларды қорғау заңнамаларынан туындаған мәселелерді шешуде көмек көрсетуге ұмтылыс болды. Банкілік құпия туралы акті (BSA) Заңы қаржылық ұйымдарға салынған немесе басқа елдерден енгізілген немесе шығарылған қыржылық құралдарын, америкалық валютаның ағымы мен көлемін, олардың қайнаркөздерін анықтауға көмек береді. Бұл заңнама сонымен қатар, қылмыстық істерді тергеуде, салықтық және басқа да құқықбұзушылықтар туралы мәліметтерді алуды ретейді.

Белгия мемлекетіндегі ақша жылыстатуды қадағалау. 1993 жылғы 11 қаңтарда қабылданған Заңға сәйкес, «лас» ақша қаражаттары ретінде «тірі тауарларды» сатудан, еңбек күшін заңсыз пайдаланудан, бағалы заттар, қару-жарақ, есірткі контрабандасынан, ұйыдасқан қылмыстылықтан, ылыаңкестік сияқты қылмыстық әрекеттерден түскен қаржылар саналады. Корольдіктің 1993 жылы 11 маусымда қабылдаған жарлығына сәйкес, Белгияда қаржы министрлігі мен әділет министрлігінің бастамашылығымен «Қаржылық мәліметтерді өңдеу секторы» (СТIF) атты арнайы құрылым құрылған болатын. Бұл орган күдікті операциялады мамандарды қатыстыру арқылы, банктердің деклорацияларына, биржаларға және басқа да қаржылық институттарға, полициялық, кедендік, басқа да мемлекеттік органдардан мәліметтерді пайдалану арқылы талдау жасайды [2].

Ұлыбританиядағы ақша жылыстатуды қадағалау. Қылмысты капиталды «жылыстатуға» қарсы елде үйлесімді қызмет атқару үшін мамандандырылған Біріктірілген жұмыс тобы құрылған болатын, ал оның құрамына экономиканың қаржы секторының алдыңғы қатарлы мамандары кіреді. Қаржылық алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметімен құрамына валюталық тергеу Бюросы кіретін Ұлыбританияның ұлттық қызметі айналысады. Осы саладағы негізгі нормативтік құжаттарда (1993 жылы шыққан Ұлыбританияның қылмыстық кодексінде, капиталдарыды «жылыстатумен» күрестің Регламентінде және қаржылық құрылымдарына арналған ақшаларды «жылыстатумен» күрестің ережелерінде) ЕС Директивінің капиталдарды «жылыстатумен» күрестегі талаптары мен кепілдемелері көрініс тапқан.

Аталған салада валюталық және эксперттік режимнің бұзылуына байланысты жағдайларды соттар қарастырғанда валюталық және банкілік режимнің құжаттарын есепке алады. 1994 жылдың 1 сәуір айынан бастап, 15 мың ЭКЮ (12 мың доллардан) асатын сомаға жасалған келісімдердің клиенттерін анықтау процедурасы қолға алына бастады. Қылмыстық жолмен алынған капиталдарды «жылыстатумен» күрестің шаралары мен валюталық және эксперттік қадағалау аясында кепілдемелердің толық жетілдірілуі британдық заңнаманың болашақтағы көрінісі деп болжауымызға толық негіз бар және бұл ФАТФ пен ЕС-те өңделіп және өз үйлесімін табуда.

Германиядағы ақша жылыстатуды кадағалау. «Ақша жылыстатудың» қылмыс құрамы ФРГ-нің Қылмыстық кодексінде көрініс тапқан. ҚК-тің §261 бабына сәйкес, қылмыстық жазалауға егер тұлға №1 Есірткі заттары туралы Заңының - § 29 бабы "Есірткілерді сату" 1- абзацсында қарастырылған басқа тұлғадан қылмыстық жолмен алған мүлкінің затын жасырса, немесе қылмыстық топтың мүшесі қылмысты аяғына дейін жеткізу барысында(ҚК-нің § 129 бабы), сондай-ақ осы заттың шығу қайнар көзін жасырса немесе заттың шығу тегінің анықталмауына немесе тәркіленуіне кедергілер келтіруі қарастырылған. Сол сияқты, аталған затты алу, сақтау немесе пайдаланудың өзі де жатады. Аталған іс-әрекеттердің біреуін орындаудың өзі жазаны қарастырады. Күмәнді заттың қайнар-көзіне қатысты ешқандай міліметтерді білмеуі, затты сатып алушыны немесе пайдаланушыны жауапкершіліктен босатпайды. Жоғарыда аталған қылмыстық іс-әрекеттерге қатысы бар заттардың шығу тегіне өрескел ұқыпсыздықпен, яғни жеңіл ойлы жол берсе жауапкершілікке тартылады [3].

Несие институттары федералдық билік өкілдеріне «лас» ақшаларды заңдастырудың анық белгілері туралы мәліметтерді беруге міндетті, сонымен бірге өз клиенттерін келісімшарт жасау барысында анықтап, олар туралы мәліметтерді белгілі бір кезеңге дейін сақтаулары керек. Осы мақсаттарда салық органдарына тапсырылуға міндетті құжаттар да қолданылады.

Норвегия мемлекетіндегі ақша жылыстатумен күресті қадағалау. Осло қаласындағы Экономикалық полициясының (Экукрим) бөлім басшысы Анна-Метте Дирнестің сөздеріне қарағанда, елде бірнеше миллиард американдық долларға заңсыз ақша қаражаттары заңдастырылады екен. Жалпы заңсыз ақшалардың айналымы шамамен 5 млрд. долларды құрайды. Олардың басты бөлігі салықты жалтарудан, есірткі сатудан түскен пайдадан, спирт және темекі заттарынан түскен табыстардан тұрады [4].

Норвегияның ұлттық банкінде ай сайын миллионға жуық халықаралық ақша аударымдары тіркеліп және электрондық жүйеге жолданып отырады. Соңғы 4 жылдың көлемінде полиция мен кеден қызметкерлері елдің банк жүйесін қолданушылар туралы барлық мәліметтерден туратын мұрағатпен кез-келген уақытта қолдана алады.

Латын Америка мемлекеттеріндегі ақшаны жылыстатумен күресті қадағалау.

Американдық мемлекеттер ұйымы ФАТФ-тың ұсынған кепілдемелерінің жалпы сызықтарымен сәйкес келетін есірткілер бойынша Вена конвенциясын енгізу арқылы және ақшаны жылыстатумен күресті қадағалауда өзінің заңдар моделін құрастырған, яғни ақша жылыстатудың алдын алу үшін қаржы жүйесінің ашықтығын ұлғайту мен қорларды жылыстатумен күресті тиімді қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шығыс Еуропаның экономикалық құрылымдары мен құқықтық жағдайы жан-жақты қайта бағалау процесінде орналасқан деп жалпылама сипатталады. Қаражаттарды заңдастыруға қарсы шаралар, оларды қабылдау мен қолдану, жүйелендіру қарастырылып жатқан мемлекеттерде әр түрлі деңгей мен сатыларда орналасқан. Балтық мемлекеттерінде қаражаттарды жылыстатумен күрестің шаралары Латвия мемлекеті бірнеше маңызды қаулылар қабылданса да жүйелендіру сатысында тұр. Басқа мемлекеттерге келсек, бұрынғы КСРО-ның құрамында болған пост-кеңестік мемлекетттерінде заңнамалар жүйелендіруге кірісу сатысында тұр. Батыс Еуропа елдері бұл жағынан ақшаны жылыстатумен күресудің шараларын қарастыратын заңнамалар қабылдауда әлде қайда алда тұр [5].

Африка мен Азияға тоқталсақ, бұл елдер бойынша ақпараттар аз. Дегенмен, бақылау барысында жалпы анықтама беруге болады. Африкада Вена конвенциясын ратификациялаған және ақшаны жылыстатумен күрестің арнайы шараларын қарастырған мемлекеттер аз, оның себебі, бұл аймақтың мемлекеттерінде есірткі мен ақшаны жылыстату мәселелерінің жоқтығымен түсіндіріледі. Азия елдерінде мықты және компетентті құқыққорғау органдар бар, бірақ заңсыз ақша жылыстатудың көлемі туралы әнгіме қозғауда қаржы жүйесінің ашықтығы жеткіліксіз болғандықтан мүмкін емес.

Азиялық аймақтың елдері қаражаттарды жылыстатумен күреске түрліше дайындалуда, кейбірі олардын ішінен осы салада қосымша шараларды қабылдаған. Мысалға, 1995 жылы Пакистанда кейбір міндеттемелер жүктелген қаржылық ұйымдар мен банктер және есірткі сатумен байланысты жиналған қаражатты жылыстату үшін айыппұлды қарастыратын заң жобасы дайындалған болатын. Осыған ұқсас шаралар 1996 жылы Тайваньда да болған.


Әдебиеттер

  1. Лопашенко Н.А. Глава 22 УК нуждается в совершенствовании // Государства и право.2000. № 12 - с.112

  2. Отмывание денег и глобальная криминальная экономика: ответные меры принятые Организацией Объядиненных Наций. Выдержки из основных правовых документов и резолюции по борьбе с отмыванием денег, которые были приняты под эгидой ООН.М., 2002. – 120 с.

  3. Михайлов В. Противодействие легализации доходов от преступной деятельности: правовое регулирование, уголовная ответственность, оперативно-розыскные мероприятия и международное сотрудничество. СПб.:изд-во «Юридический центр Пресс», 2002. – 320 с.

  4. Камынин И. Борьба с отмыванием доходов: уголовно-правовые проблемы, опыт международного сотрудничества // Уголовное право. 2002. №3 – с. 10

  5. Кузьменко С.М. Экономическая преступность как объект криминологического и уголовно-правового исследования: автореф. дисс. …канд.юрид.наук: 12.00.08. – Караганда, 2005. – 24 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет