Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 17:35:58
Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4041 тіркелген, 2006 жылғы 24 ақпанда «Юридическая газета» газетінде, № 33-34 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 тіркелген, 2011 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 11 жарияланған) 3-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы
|
Г. Марченко
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 128 қаулысымен
бекітілген
Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы
жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы
нұсқаулық
Осы Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шараларын белгілейді.
1. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы Нұсқаулықта көзделген, банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаулыларымен белгіленген деңгейде қолдау жөніндегі шаралары қабылдайды.
Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар:
1) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауын көздейтін, соның ішінде Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің ішкі құжаттарының болуын;
2) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз етуді;
3) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз етуді қамтиды.
2. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолданудың банк холдингі міндетті түрде сақтайтын талаптары мен тәртібін белгілейтін банк холдингінің ішкі құжаттары:
1) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі, оның ішінде Нұсқаулыққа сәйкес келетін шараларды банк холдингінің қолдану талаптары мен тәртібін;
2) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі, Нұсқаулықта белгіленген шаралардың толық тізбесін қамтиды.
3. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шаралары:
1) егер банк конгломератының қатысушысына қатысты пруденциалдық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленген жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген банк конгломератының және оның қатысушыларының пруденциалдық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында банк конгломератының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруін және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде банк конгломераты мен банк конгломераты қатысушыларының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалауды;
2) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылаудың, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту» 2005 жылы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылауды;
3) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген банктің және банк конгломераты қатысушыларының меншікті капиталын қолдау жөніндегі ішкі құжаттар мен рәсімдердің болуын жыл сайын бақылауды қамтиды.
4. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан қоспағанда, жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
5. Жедел қамтамасыз ету шаралары банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері уәкілетті орган белгілеген нормативтік мәнінен төмендеген жағдайда банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қолданылады.
Жедел қамтамасыз ету шаралары:
банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдерін;
банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдерін;
банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдерін;
банк конгломераты қатысушыларының тиісінше өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру рәсімдерін көздейді.
6. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдеріне:
1) реттелген заемды беру немесе банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген нормативтік мағынаға сәйкес келтіру үшін банк конгломератының (банк конгломераты қатысушысының) акцияларын сатып алуды;
2) банк конгломераты қатысушыларының барлық көрсетілген міндеттемелерін жабатын банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсынуды;
3) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, сондай-ақ ірі қатысушысы алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуды;
4) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, банктің ірі қатысушысы алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды қамтиды.
7. Банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдері былайша жүзеге асырылады:
1) банкті және банк конгломератын кредиттік тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
2) өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту, проценттік тәуекелді және өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту үшін қысқа мерзімді активтер үлесін ұлғайту мақсатында банк және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту;
3) біршама шығыстармен байланысты немесе банкті және банк конгломератын қосымша тәуекелдерге ұшырататын жүргізіліп отырған операциялардың тізілімін және көлемін қысқарту.
8. Банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдері әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрінде жүзеге асырылады.
9. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері уәкілетті орган белгілеген ең төмен нормативтік мәндерден төмендеген жағдайда:
1) банк холдингі және банктің ірі қатысушысы - банктің меншікті капиталының және банк конгломератының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк акционерлері жалпы жиналысының орындауға міндетті, соның ішінде Нұсқаулықпен белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдаудың бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) келісу үшін ұсынады;
2) банк холдингі не банкті бақылайтын немесе шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімін айқындауға мүмкіндігі бар банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Комитетке Іс-шаралар жоспарын, соның ішінде Нұсқаулықпен белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.
Банкте банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы біреуден артық болған жағдайда осы банк холдингтері және (немесе) банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалары осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
10. Комитетпен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімдері және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Комитетке ұсыну мерзімдері болуы тиіс.
Банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының Іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген шарты орындалмаған жағдайда банк холдингі не банктің ірі қатысушысы орындамау себептері туралы Комитетті хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |