Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «18» қазандағы
№ 363 бұйрығымен
бекітілген
Бейорганикалық сұйық қышқылдар мен сілтілерді қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бейорганикалық қышқылдар мен сілтілерді: бейорганикалық сілтілер – массадағы қоспасы 20 % және одан да жоғары литий қышқылының гидратын (LiOH), натрий қышқылының гидратын (NaOH), калий қышқылының гидратын (KOH); бейорганикалық қатты қышқылдарды – шикізат, реагент түріндегі массадағы қоспасы 15 % және одан жоғары күкіртті (H2SO4), азотты (HNO3), тұзды (HCl), балқымалы (HF), хлорлы (HClO4) және басқа да қышқылдарды; аталған бейорганикалық қышқылдар мен сілтілерді тасымалдау, сақтау, құю, төгумен байланысты объектілерді (ыдыс түріне қарамастан) пайдалану кезінде қолданылады.
Аталған Талаптардың күші көгерткіш қышқыл айналымда болатын өндірістерге таралмайды.
2. Бейорганикалық сұйық қышқылдар мен сілтілерді пайдаланатын өндірістік цехтардың, учаскелердің және сыртқы қондырғылардың қауіпті аймақтарында, көрінетін жерге, мемлекеттік стандарттарға сәйкес орындалған қауіпсіздік белгілері ілінеді.
3. Операторлардың жұмыс орындарында құбыр желілерін, блок аралық және блок ішіндегі арматураларды және бақылау, өлшеу және автоматтандырудың функционалдық сызбасын белгілей отырып, өндірістің технологиялық сызбасы ілінеді. Аппараттардың (сауыттардың) нөмірлері цехтың технологиялық сызбасында, технологиялық регламент жобасында бірыңғай және жабдықта көрсетілген нөмірлерге сәйкес келеді.
4. Персонал өндірістің барлық зиянды және қауіпті факторларынан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
2 - тарау. Технологиялық жабдық, құбыр желілері және арматура
5. Пайдалану шарттары бойынша, шекті рұқсат етілген жобалық көрсеткіштерден асатын қысым пайда болатын, қышқылдар мен сілтілерге арналған технологиялық жабдық және құбыр желілері қысымның рұқсат етілген мөлшерден жоғары көтерілуінен қорғайтын, қорғаныс құралдарымен жабдықталады.
6. Қысымның көтерілуінен қорғайтын қорғаныс құралдары оның дұрыс жағдайын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, бейорганикалық қышқылдар мен (немесе) сілтілердің коррозиялық әсерінен қорғалады.
7. Қорғаныс құралдарының өткізгіш қабілеттілігі жобалық құжаттамада белгіленеді.
8. Жабдықта орнатылатын қорғаныс құралдары іске қосылған жағдайда қызмет көрсетуші персоналдың зақымдануы, жұмыс ортасына және қоршаған ортаға қышқылдар мен (немесе) сілтілердің лақтырылу мүмкіндігінен сақтандырады. Қорғаныс қақпақтарынан қышқылдар мен сілтілер ыдыстарға құйылады.
9. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған ыдыстарды босату әдістері және құю желілерінің құрылысы жобамен анықталады.
10. Сұйық қышқылдар мен сілтілерді (көлемі 1 м3 және одан да көп резервуарлар, жинағыштар) сақтауға арналған сыйымдылық жабдығында төменгі құю құбыр желілері екі бекіткіш құралдарымен жабдықталады, олардың біреуі тікелей сауыттың штуцеріне қосылады.
Жоба бойынша орнатылған, қашықтықтан басқарылатын бекіткіш және (немесе) кесетін құралдардың іске қосылу уақыты 120 секундтан көп емес.
11. Жабдықтарды және құбыр желілерін жылумен өткізбеу қажет болған жағдайда жоба бойынша орындалады.
12. Қышқылдар мен сілтілердің технологиялық жабдықтары мен құбыр желілері үшін жұмыс ортасында коррозияға төзімділігін қамтамасыз ететін материалдар қолданылады. Құбыр желілерін дайындау үшін көбінесе пісірумен біріктірілген, көміртекті болаттан жасалған тігіссіз құбырларды қолдану керек. Фланецтік құрамалардың саны аз. Фланецтік құрамаларға пайдалану шарттары бойынша құбыр желілеріне тазарту және жөндеу жүргізу үшін әр кезде ажыратуды талап ететін учаскелерде, арматураны орнату немесе құбыр желілерін аппараттарға біріктіру жерлерінде жол беріледі. Төгу құрылғылары және алынатын учаскелер олардың ортаның белсенді әсеріне төзімділігін қамтамасыз ететін материалдан жасалады. Жобамен негізделген жағдайларда құбыр желілерін металл емес материалдан төсеуге жол беріледі.
13. Болат құбыр желілерін монтаждау кезінде жобалау-құрылымдық құжаттамаға сәйкес жасалған, типтік үлгілі элементтерді қолдануға жол беріледі.
Бұрыстарды бүгу әдісімен әзірлеу кезінде бұрыстың қисайған жерінің аумағы құбыр диаметрінің үшеуінен кем емес.
14. Эстакадалар бойынша төселетін, қышқылдар мен сілтілерді тасымалдауға арналған құбыр желілері механикалық бүлінуден қорғалады, соның ішінде:
құлайтын заттардан (құбыр желілерінің үстінде көтергіш құрылғыларын және тез лақтырылатын қалқаларды орналастыруға жол берілмейді);
көлік құралдары тарапынан мүмкін болатын соққылардан, ол үшін құбыр желісін қауіпті учаскелерден алыс орналастырады немесе тосқауылдармен бөледі;
көп қабатты төсем кезінде қышқылдар мен сілтілер құбыр желілерін ең төменгі қабатта орналастыру қажет.
15. Кәсіпорын аумағынан тыс төселетін, қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілері үшін ені әр жағынан 2 метрден кем емес күзету аймағы қарастырылады, оның аясында құбыр желісін пайдаланатын ұйымның өкілінің келісімінсіз және бақылауынсыз жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
16. Қышқылдар мен сілтілер құбыр желілерінің фланецтік құрамаларында қорғаныс бүркеніші бар. Құбыр желілерімен темір және автомобиль жолдарының қиылысу орындарында, есік ойықтарының үстінде, терезелер мен балкондар астында және үстінде, жұмыс алаңдарының, қызмет көрсетуші персоналының негізгі өтетін және цехтардың ішінде және кәсіпорын аумағында жүретін жерлерінің үстінде арматураны, теңгермені, топырақты құрғататын құралдарды, фланецтік және бұрандалы құрамаларды орнатуға жол берілмейді.
17. Қышқылдар мен сілтілер құбыр желілерінің фланецтік құрамаларын нығыздау үшін төсейтін материалдар тасымалданатын ортаның және оның жұмыс көрсеткіштерінің қасиеттеріне байланысты таңдалады.
18. Қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілерінде қымталған бекіткіш арматура қолданылады. Арматураның құрылымдық материалдары тасымалданатын ортаға төзімділігі және орта көрсеткіштерінің рұқсат етілген ауқымында арматураның сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету шарттарын байланысты таңдалады.
19. Бекіткіш арматура қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарда орнатылады.
20. Қышқылдар мен сілтілер құбыр желілерін қышқылдар мен сілтілердің айналымына қатысты емес, ғимараттың сыртқы қабырғалары бойынша, қосымша, жер асты, әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер арқылы төсеуге жол берілмейді. Темір және автомобиль жолдарының, жолаушылар өтетін жерлердің қиылысу орындарында құбыр желілері жобамен анықталатын, аққан қышқылдар мен сілтілерді қауіпсіз жерге әкететін науаға бекітіледі.
21. Қышқылдар мен сілтілерді тасымалдайтын құбыр желілеріне басқа құбыр желілері жалғанбайды (пісірусіз бекітілетін жылу серіктерінен басқа).
22. Қышқылдар мен сілтілерді құбыр желілері бойынша тасымалдау кезінде ұйып қалудың (кристалданудың) алдын алу үшін сыртқы құбыр желілерін жылу серіктерімен төсеу және құбыр желісін жылумен өткізбеу қарастырылады.
23. Қышқылдар мен сілтілер құбыр желілерін төсеу кезінде олардың неғұрлым аз созылуы қамтамасыз етіледі, салбырауы және тұрып қалатын аймақтардың болуы жоққа шығарылады.
24. Қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілері олардың технологиялық ыдысқа немесе арнайы бөшкелерге неғұрлым толық босатылуын қамтамасыз ететін, еңіспен төселеді.
25. Қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілері үшін жобамен анықталатын, оларды қысылған, құрғатылған ауамен немесе азотпен жуу, булау, вакуумдау және үрлеу мүмкіндігі қарастырылады.
26. Қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілерінде бүкіл құбыр желісін, сондай-ақ оның жеке учаскелерін жұмыс істеп тұрған технологиялық жүйеден ажыратуға, бұқтырмаларды орнатуға және құбыр желілерін босату, жуу, үрлеу және беріктікке және қымталуға сынау мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бекіткіш арматура орнатылады.
27. Технологиялық жабдықты және құбыр желілерін орналастыру аппаратураны және оның элементтерін жөндеу, ауыстыру және қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау кезінде ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
28. Құбыр желілерінде жобаға сәйкес анықтайтын бояу, ескертетін белгілер және таңбаланған қалқандар бар.
29. Қышқылдар мен сілтілердің құбыр желілері технологиялық регламентке сәйкес, гидравликалық немесе соққылау әдісімен беріктік пен тығыздыққа тексеріледі.
30. Пайдалануға қосылу алдында қышқылдар мен сілтілерге арналған құбыр желілері және арматура технологиялық регламентке сәйкес жұмыс қысымы кезінде қымталуға тексеріледі.
31. Қышқылдар мен сілтілер құбыр желілеріне, бекіткіш арматураға және қорғаныс қақпақтарына тексеру жүргізу көлемі мен мерзімі технологиялық регламентте көрсетіледі.
32. Жабдықтар мен құбыр желілерін пайдалануға енгізу және жөндеуге тоқтату алдында тексеру және дайындау тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.
3 - тарау. Технологиялық үрдістердің бақылау, басқару, белгі беру және апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйелері
33. Қышқылдар мен (немесе) сілтілер қолданылатын технологиялық үрдістерді бақылау және басқару, жабдықтың орналасу орны бойынша үрдістің қауіпсіздігін, оларды басқаруды және апат алды және апаттық жағдайларға белгі беруді анықтайтын, технологиялық көрсеткіштердің бақылау құралдарын қайталай отырып, басқару бөлмесінде орналасқан оператордың жұмыс орнынан жүзеге асырылады.
34. Технологиялық көрсеткіштерді өлшеу және реттеу (шығыс, қысым, температура және т.б.) жұмыс ортасында коррозияға тұрақты немесе оның әсерінен қорғалған техникалық құралдармен жүзеге асырылады.
35. Тексеру мерзімі өткен, аттестацияланбаған бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматика құралдарын қолдануға жол берілмейді.
36. Апатқа қарсы қорғаныс және белгі беру жүйелерінің дұрыстығы технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі, ай сайын ұсыныс беріледі, ал үзіліссіз технологиялық үрдістер үшін әрбір іске қосу алдында және жөндеуге тоқтатылғаннан кейін тексеріледі.
Бақылау, басқару, белгі беру және апатқа қарсы қорғаныс жүйелері істен шыққан немесе өшірілген жабдықпен жұмыс істеуге және технологиялық үрдісті жүргізуге жол берілмейді.
Ерекше жағдайларда, ұйымның жазбаша рұқсаты бойынша тек күндізгі ауысымда ғана қорғанысты жеке көрсеткіш бойынша өшіруге жол беріледі. Ол кезде ұйымдастырушылық-техникалық шаралар және технологиялық үрдістің және жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмысты жүргізу жобасы жасалады. Өшіру ұзақтығы жұмысты ұйымдастыру жобасымен анықталады.
Осы жағдайда алдын ала белгі бергішті өшіруге жол берілмейді.
Технологиялық үрдістерді автоматты бақылау жүйелерінде қолмен қоршаудан босатуға жол берілмейді.
37. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған ыдыстар деңгейінің шекті мөлшеріне белгі беру арқылы, аталған сұйықтардың деңгейін өлшеу, бақылау және реттеу құралдарымен және берілген шекті деңгейге жеткен кезде олардың ыдысқа берілуін автоматты түрде өшіру құралдарымен немесе төгілу мүмкіндігін болдырмайтын басқа құралдармен жабдықталады.
38. Қышқылдар мен сілтілерді қолдана отырып жұмыстар жүргізілетін бөлмелерде ауа ортасының жағдайына тұрақты бақылау ұйымдастырылады. Пайдалану кезінде қатты бағытталған әрекеттегі қышқылдар мен сілтілер буының бөлінуі мүмкін бөлмелерде шекті рұқсат етілген концентрация (бұдан әрі - ШРК) мөлшерінен асқан кезде белгі беру арқылы, олардың ауадағы құрамына автоматты бақылау жасау қамтамасыз етіледі. ШРК мөлшерден асқан жағдайда аталған бөлмелерде:
басқару бөлмесінде және көтерілу орын бойынша жарық және дыбыс белгі бергіштері;
қажет жағдайда ауаға зиянды заттардың тастамаларын апатты сіңіру жүйесімен одақтасқан, апаттық желдеткіш іске қосылады.
39. Пайдалану кезінде жұмыс аймағының ауасына қатты бағытталған әсер ету механизмімен, қышқылдар мен сілтілер буының түсуі мүмкін, ашық алаңдарда орналасқан қоймаларда, құю-төгу орындарында ШРК мөлшерден асқан кезде белгі бере отырып, автоматты бақылау қарастырылады. ШРК мөлшерден асқан жағдайда аталған орындарда басқару орындарында және сол жерде жарық және дыбыстық белгі бергіштері қосылады. Сонымен қатар газдалудың барлық жағдайлары құралдармен тіркеледі. Тетіктердің сезгіштік шегі, олардың саны және орналасу орны жобамен анықталады және негізделеді.
40. Қышқылдар мен (немесе) сілтілер қолданылатын өндірістік бөлмелер, орындар екі жақты дауыс зорайтқыш және (немесе) телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
4 - тарау. Қышқылдар мен сілтілерді сақтау
41. Белгіленуіне байланысты қышқылдар мен сілтілер қоймасы:
қышқылдар мен (немесе) сілтілерді вагон-цистерналарда алатын тұтынушы ұйымдардағы резервуардағы қышқылдар мен сілтілердің шығыс қоймасына;
жеткізу арасында ұйымның ағымдағы қажеттіліктеріне қажетті мөлшерлерде сақтауға арналған, ыдыстағы қышқылдар мен сілтілердің шығыс қоймасына бөлінеді.
42. Ұйым аумағында бір мезетте болатын сұйық қышқылдар мен (немесе) сілтілердің саны ең төмен және жобамен негізделеді. Ұйымдар үшін сұйық қышқылдар мен (немесе) сілтілердің рұқсат етілген мөлшері әрбір тұтынушының 30 күндік қажеттілігінен артық емес.
43. Төгілген кезде қышқылдардың бөлігінің (алғашқы бұлт) ауаға тез таралуы нәтижесінде (1 - 3 минут) бұлттың пайда болуы мүмкін, қойылтылған қышқылдар сақталатын қоймалар үшін химиялық қауіпті объектілерде және көліктегі апаттар (бүлінулер) кезінде қатты әсер ететін улы заттармен улану көлемін болжамдау үшін қауіпті аймақтың аумағы есептеледі. Алғашқы қышқылды бұлттың пайда болу мүмкіндігі өндірісте айналымда болатын қышқылдар қасиетінің негізінде қойма жобасын жасаушымен, ал әрекеттегі қоймалар үшін жоба жасаушымен немесе сәйкес мамандығы бар, аттестацияланған ұйыммен келісу арқылы ұйымдармен анықталады.
Қауіпті аймақтың есептік аумағы аясында тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық белгідегі объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
44. Қышқылдар мен сілтілер қоймасынан сұйық қышқылдар мен сілтілерді пайдаланумен байланысты емес өндірістік және қосымша объектілерге дейінгі ең аз рұқсат етілген ара қашықтық қауіпті аймақтың есептік аумағын ескере отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарына қойылатын құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес белгіленеді. Қауіпті аймақтың аумағында орналасқан өндірістік объектілер апаттық жағдайдың пайда болғаны туралы құлақтандыру жүйесімен жабдықталады, ал персонал сәйкесінше жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
45. Қышқылдар мен сілтілер қоймасынан жарылуға қауіпті объектілерге дейінгі ең аз рұқсат етілген ара қашықтық соғатын жарылыс толқынының және жылу сәулесінің қарқынды әсер ету аумағын ескере отырып жобамен анықталады және қоймалар ғимаратының аталған факторлар әсеріне тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
46. Алғашқы қышқыл бұлтының пайда болуы мүмкін қышқылдар қоймасы басқа ғимараттар мен құрылыстарға қарағанда неғұрлым төменде, ең жақын тұрғылықты орындардың орналасу орнынан жел бағыты басым, желдетілетін жағынан орнатылады.
47. Алғашқы бұлтты қалыптастыруға қабілетті, қышқылдар қоймасының аумағында қойма аумағының кез келген жерінен көрінетін, желдің бағытын көрсеткіш орнатылады, және газдалу деңгейін автоматты бақылау және апаттық ағулар туралы белгі бергішпен қамтамасыз етіледі.
48. Қышқылдар мен сілтілер аумағында тікелей қойманың өндірістік қызметіне қатысты емес объектілерді орналастыруға жол берілмейді, бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.
49. Қышқылдарды сақтауға арналған болат қоймалық тұтыну ыдыстары оларға дымқыл ауаның және (немесе) дымның түсуін болдырмайтын құралдармен (құрылғылармен) қамтамасыз етіледі.
50. Іргетастарда және (немесе) жабындыларда орнатылатын, қышқылдар мен (немесе) сілтілерді пайдалануға арналған технологиялық аппаратура, апаттық бүліну кезінде сыйымдылығы шекті мөлшердегі бір аппараттың құрамын құюға жеткілікті, беткейлері бар, өткізбейтін және коррозияға тұрақты алаңдарда немесе түбілерде орнатылады. Резервуарлардың әр тобының қорғаныс қоршауының биіктігі төгілген сұйықтың есептік көлемінің деңгейінен 0,2 м жоғары.
Беткейлері бар алаңдар мен түбілер апаттық төгілуді алу және оларды кейіннен бейтараптандыру үшін тұрақты немесе қозғалмалы құрылғылармен жабдықталады. Ұйымның арнайы канализациясына ағызусыз, ашық қоймаларға арналған түбілер қосымша түрде атмосфералық отырғызулардан қорғалады.
51. Резервуарда қышқылдар мен сілтілерді сақтау қоймалары үшін кез келген резервуарды қоймадағы басқа резервуарға, апаттық жүйелерге немесе көшірілетін өнімге қатысты коррозияға тұрақты материалдан жасалған, технологиялық қондырғылардың жабдығына апаттық босату мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Барлық жағдайлар үшін апаттық көшіру тәртібі мен шарттары апатты жою жоспарымен (бұдан әрі - АЖЖ) анықталады.
52. Қышқылдар мен сілтілерді пайдалануға арналған өндірістік бөлмелер жалпы ауысым желдеткішімен жабдықталады. Қышқылдар мен сілтілерді ыдыста (тұрақты жұмыс орынсыз) сақтауға арналған бөлмелерді жалпы ауысым желдеткіштерімен жабдықтамауға жол беріледі. Бұл жағдайда, қышқылдарды сақтау бөлмесіне кіре берісте бөлмедегі газдалу деңгейінің көтерілгендігі туралы жарық белгі бергіші қарастырылады.
5 - тарау. Технологиялық жабдықты, құбыр желілерін және арматураны жөндеу және техникалық қызмет көрсету
53. Пайдаланудың нақты шарттарын ескере отырып, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.
54. Технологиялық жабдық, құбыр желілері және арматура технологиялық персоналмен жөндеуге дайындалады және наряд-рұқсаттама бойынша жөндеу жұмыстары басшысына беріледі.
55. Қышқылдар мен сілтілер ортасында әзірлеушімен белгіленген, нормативтік мерзімнен асқан техникалық құрылғыларды пайдалану тек оларға техникалық диагностикалау жүргізгеннен және оны ары қарай пайдалануға рұқсат алғаннан, қалған қорын анықтағаннан кейін жол беріледі. Жабдықтар мен құбыр желілерін техникалық диагностикалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу, оның қалған қорын анықтау аттестацияланған ұйыммен жүзеге асырылады.
56. Құбыр желілерінің қабырғаларының қалыңдығы бүлдірмейтін бақылау әдісімен анықталады. Бүлдірмейтін бақылауды қолдану қиын немесе мүмкін емес орындарда қабырға қалыңдығын басқа әдістермен анықтауға жол беріледі.
57. Құбыр желілерін тексеру көлемі мен кезеңдігі технологиялық регламентте белгіленеді.
6 - тарау. Жеке қорғаныс құралдары
58. Бейорганикалық сұйық қышқылдар және сілтілермен жұмыс істеу жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
59. Қышқылдар және сілтілермен жұмыс жүргізілетін, өндірістік бөлмелерде, қышқылдар мен сілтілерді сақтау орындарында жеке қорғаныс құралдарының апаттық жинағы, апаттық жағдайларды жою және апаттық жағдайда жәбірленушілерге алғашқы көмек көрсету құралдары (өзіне көмек көрсету душы немесе астауы, өзіне көмек көрсету шүмегі және басқалар) қамтамасыз етіледі.
Қабылданған қысқартулар
ШРК – шекті рұқсат етілген концентрация;
АЖЖ – апатты жою жоспары.
______________________
Достарыңызбен бөлісу: |