банк салымының типтік ШАРТЫ
Астана қаласы «__»_______жыл
Бұдан әрі «Банк» деп аталатын, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы атынан ........ жылдың « »……… берілген Сенімхаты негізінде іс-әрекет жасайтын ....................... бір тараптан және бұдан әрі «Клиент» деп аталатын, (Заңды тұлғаның аталуы) атынан Жарғы (немесе Сенімхат, Сенімхат нөмірі мен күні) негізінде іс-әрекет жасайтын (уәкілетті тұлғаның лауазымы және аты, тегі, әкесінің аты) екінші тараптан, бірге «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» немесе жоғарыда көрсетілгендей болып аталатындар,
Банк және Клиент арасында ...........жылдың « »……… жасалған №…. банктік заем Шарты (бұдан әрі – «Заем Шарты») мен...........жылдың « »……… жасалған №…. ақша кепілінің Шартын (бұдан әрі – «Кепіл Шарты») назарға ала отырып,
төменде көрсетілген мәселелер жайында осы шартты (бұдан әрі – «Шарт») жасады.
-
Шарттың мәні
-
Осы Шартта көрсетілген талаптар мен тәртіпке сәйкес, Банк Клиенттің атына жинақ шотын (жинақ шоттарын) (бұдан әрі – «Шот») ашады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Кепіл Шартымен және Шартпен көзделген тәртіп пен талаптарға сәйкес Клиенттен, не болмаса Клиенттің пайдасына үшінші тұлғалардан акша (салым) алу, салымды қайтарып беру қызметтерін көрсетеді.
-
Салым бойынша сыйақы төленбейді, сонымен қатар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ___% құрайды.
-
Шотты ашу және банк шотының нөмірін беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
-
Шотты ашу талаптары және банктегі ақшаға билік ету тәртібі
-
Шот, қажетті құжаттар мен Өтінішті (№1 Қосымша) Клиент тапсырып, Банк оларды тексеріп, қабылдағаннан кейін ашылады. Шотты ашып, жүргізу үшін қажетті құжаттар тізімі Банктің www.kdb.kz интернет-ресурсында орналасады.
-
Шоттағы ақша Клиенттің Заем Шарты мен Кепіл Шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында және осы Шарт бойынша Клиентке көрсетілген банктік қызметтер ақысын төлеу үшін пайдаланылады.
-
Банктің өз қарауы бойынша, салым (салымның бір бөлігі) Клиенттің ағымдағы шоттарына ақша аудару жолымен қайтарыла алады.
-
Клиенттің Банктегі ақшасын оның келісімінсіз алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жүргізіледі.
-
Клиенттің Банктегі ақшасына соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасы мен Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіп пен негіздер бойынша тыйым сала алады.
-
Клиенттің Шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіп пен жағдайларда жүргізіледі.
-
Шотты тікелей дебеттеу Клиенттің Займ Шарты мен Кепіл Шарты бойынша Банк алдындағы берешегін өтеу үшін және банктік қызметтердің ақысын төлеу үшін жүргізіледі.
-
Банктік қызметтер көрсету ШАРТТАРЫ және оларды ТӨЛЕУ тәртібі
-
Шот бойынша операциялар Шотта ақша болып, ақша жеткілікті болған жағдайда, Шотты тікелей дебеттеу жолымен өткізіледі.
-
Шот бойынша ақша қозғалысы туралы ақпаратты Банк Көшірме түрінде Клиент көрсеткен электрондық почта немесе почталық мекенжайға жібереді. Көшірме Клиенттің сенімді тұлғасы арқылы немесе Клиенттің қалауынша және оның есебінен жедел почта құралдарымен беріле алады.
-
Тарифтерді1 операция өткізу кезінде Банк ұстап қалған жағдайларын қоспағанда, Банк көрсеткен қызметтерінің ақысын Клиент қызмет көрсетілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде Тарифтерге сәйкес төлейді. Шотта ақша болған жағдайда, Тарифтер осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде және Клиенттің барлық берешек сомасы мөлшерінде Клиенттің қандай да бір қосымша өкімісіз Шоттан тікелей дебеттеу жолымен алынады, Клиент мұнымен келіседі және Шоттан мұндай ақша қаражаттарын есептен шығаруға Банкті өкілетті етеді.
-
тараптардың құқықтары мен міндеттері
-
Банк:
-
Шотқа түскен ақшаны (салымды) қабылдауға, түскен ақшаның (салымның) сақталуын қамтамыз етуге міндетті;
-
Клиенттің талабы бойынша Шоттағы ақша қалдығы мен ол бойынша өткізілген операциялар туралы ақпарат беруге міндетті;
-
Клиентті банктік қызмет көрсету құны мен шарттарының өзгеруі жайында Банктің www.kdb.kz интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналастыру арқылы хабардар етуге міндетті.
-
Банк:
-
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей тыйым салынбаған жағдайларда бір жақты түрде Тарифтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Тарифтерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Банктің www.kdb.kz интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналасқан күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді;
-
Заем Шартымен, Кепіл Шартымен, осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда салымды (салымның бір бөлігін) қайтарудан бас тартуға құқылы;
-
Клиенттің Банк алдында мерзімі өткен берешегі болған жағдайда салымды (салымның бір бөлігін) қайтарудан және банктік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы;
-
Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдай мен тәртіпте Клиенттің Заем Шарты, Кепіл Шарты және осы Шарт бойынша Банк алдындағы берешек сомасын оның барлық банктік шоттарынан өндіріп алуға құқылы. Осымен Клиент Қазақстан Республикасы мен одан тыс аймақтарда ашылған өзінің барлық банктік шоттарынан Заем Шарты, Кепіл Шарты және осы Шарт бойынша Банк алдындағы берешек сомасының акцептсіз алынуына өзінің сөзсіз қайтаруға жатпайтын келісімін береді;
-
Акцептсіз алынған Клиенттің ақшасының валютасы Клиенттің берешегінің валютасымен сәйкес келмеген жағдайда, белгіленген Тариф ұстап, валюталарды айырбастауға құқылы;
-
Шотқа ақшаның қате түскенін анықтаған жағдайда, қатені жою мақсатында түскен ақшаны есептен шығаруға құқылы;
-
Клиенттің Шотындағы өз ақшасын еш кедергісіз қолдану құқығына кепілдік бере отырып, өз корреспонденттік шотындағы бар ақшаға билік етуге құқылы;
-
Клиент Кепіл Шарты мен осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындағаннан кейін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда Шотты жабуға құқылы.
-
Клиент:
-
Банктің анықтауымен Шотты ашуға міндетті және жеткілікті болып табылатын құжаттар жинағын тиісті түрде рәсімдеп, Банкке беруге міндетті;
-
Шотты ашқанда Банк белгілеген бастапқы салым сомасын енгізуге міндетті;
-
Шотты ашуға, жүргізуге және жабуға байланысты қойылатын Банктің талаптарын орындауға міндетті;
-
Кепіл Шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпте Шотта ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті;
-
Үшінші тұлғалармен жасаған банктік заем шарттары, кредиттік желіні ашу туралы келісімі және заңды табиғатымен ұқсас басқа да құжаттар бойынша, Клиенттің олардың алдындағы берешегін акцептісіз алуға арналған төлемдік талап-тапсырманың (төлемдік талап-тапсырмалардың) Шотқа ұсынылмауын қамтамасыз етуге міндетті;
-
Шотты ашу кезінде берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтердің өзгерісі туралы мұндай жағдай туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде, Банкке жазбаша түрде дұрыс және толық ақпарат беруге міндетті;
-
Банк Тарифтерді операция өткізгенде ұстап қалған жағдайларды қоспағанда, Банк көрсеткен қызметтердің ақысын қызмет көрсетілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде Тарифтерге сәйкес төлеуге міндетті;
-
Шотқа ақшаның қате түскен фактілері туралы Көшірме алған күннің келесі күнінен кешіктірмей Банкке хабарлауға міндетті. Қате түскен ақшаны Клиент немесе Клиенттің міндеттемелері бойынша үшінші тараптар есептен шығарған (алып қойған) болса, Клиент ақшаны Банктің ескерту хатын алған күннің келесі күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті.
-
Банктің талабы бойынша Шоттағы ақша қалдықтарын растауға міндетті;
-
Банкке Заем Шарты, Кепіл Шарты және осы Шарт бойынша берешек сомасын өзінің барлық банктік шоттарынан алдын-ала ескертусіз өндіріп алу құқығын беруге міндетті. Осымен Клиент Қазақстан Республикасы мен одан тыс аймақтарда ашылған өзінің барлық банктік шоттарынан Заем Шарты, Кепіл Шарты және осы Шарт бойынша Банк алдындағы берешек сомасының акцептсіз алынуына өзінің сөзсіз қайтаруға жатпайтын келісімін береді.
-
Клиент:
-
Осы Шартта, Заем Шартында, Кепіл Шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте салымның (салымның бір бөлігінің) қайтарылуын талап етуге құқылы;
-
Банктен Шоттың жағдайы туралы мәліметтері бар ақпарат алуға құқылы.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БОЛМАУЫ
-
Клиент Шотты ашуға (жүргізуге) негіз ретінде Банкке берген құжаттарының дұрыстығына және Шот бойынша жүргізетін операцияларының заңды болуына жауапты болады.
-
Осы Шарттың 4.3.8. тармақшасында көрсетілген хабарлау мен (немесе) ақшаны қайтару мерзімін бұзғаны үшін, Клиент Банкке мерзімі өткен әр күнтізбелік күн үшін Шотқа қате түскен ақша сомасынан 0,5% (ноль бүтін оннан бес пайыз) көлемінде өсімпұл төлеуге міндетті.
-
Банктің Клиент алдындағы жауапкершілігі Банктің заңсыз әрекеттері, не әрекетсіздігі нәтижесінде Клиентте пайда болған, құжатпен расталған нақты залалмен шектеледі. Ешбір жағдайда Банк Клиенттің алдында қандай да бір жанама,қосымша немесе кездейсоқ залал немесе нұқсан (айырылып қалған пайданы қоса) үшін жауапты болмайды.
-
Клиент осы Шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде Банк көтерген барлық залалдар (айырылып қалған пайданы қоса), нұқсан немесе шығындар үшін Банк алдында жауапты болады.
-
Банк осы Шарт бойынша Клиенттің алдындағы міндеттемелерін Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың түсініксіз, толық емес, нақты емес немесе дұрыс емес нұсқаулары мен Банкке тәуелді емес басқа да себептер нәтижесінде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
-
Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шот бойынша операцияларды тоқтату және (немесе) Шотта жатқан ақшаға тыйым салу нәтижесінде Клиентке келтірген залалдары үшін жауапты болмайды.
-
бой бермейтін күштің мән - жайлары
-
Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамауы, осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптар болжап біле алмаған, не ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмаған төтенше сипатты жағдайлардың нәтижесінде пайда болған бой бермейтін күштің салдарынан болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
-
Бой бермейтін күш жағдайларына, Тарап ықпал ете алмайтын, не ықпал ете алмаған, және олардың туындауына жауапты болмайтын жағдайлар (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, электр қуат көзінің сөнуі, байланыс желісінің зақымдануы, уәкілетті мемлекеттік органдарының, оған қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің іс-әрекеттері және (немесе) шешімдері секілді жағдайларды қоса, бірақ олармен шектелмей) жатады.
-
Мұндай жағдайларға сілтеген Тарап басқа Тарапты осындай жағдайлардың басталуы туралы он күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Сонымен қатар, басқа Тараптың талабы бойынша, осындай жағдайлар басталуымен, құзырлы орган берген куәлік құжат ұсынылуы тиіс.
-
Тарап, мұндай жағдайлардың әрекет етуінің тоқтауы туралы 3 (үш) жұмыс күн ішінде, Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін жобалап көрсетіп, жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
-
Бой бермейтін күш жағдайлары пайда болғанда, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі сондай жағдайлар мен олардың салдары әрекет ететін уақыт шамасына ұзартылады.
-
Басқа да талаптар
-
Клиент, Банк көрсететін банктік қызметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетініне байланысты, Банктің уәкілетті органдарға Шот пен Клиенттің операциялары туралы ақпарат беруге міндетті екені туралы хабарландырылған. Осы мақсатта Банк белгілі мерзім сайын Клиенттен қажетті құжаттар мен (немесе) жазбаша түсініктемелер сұрауы мүмкін, және Клиент оларды Банктің сұрауы бойынша беруге келіседі.
-
Клиент осымен Банктің мемлекеттік органдарға, «Самрұқ–Қазына» АҚ ұлттық басқарушы холдингісіне, аудиторлық компаниялар мен рейтинг агенттіктеріне банк құпиясы мен Клиент туралы кез-келген ақпаратты құпиялы түрде пайдалануға (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, деректерді өңдеу, статистикалық есеп жүргізу және тәуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануға) беруге және ашуға құқылы екеніне келіседі. Осы келісім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 50-бабына сәйкес Банктің банк құпиясын ашуға, Клиенттің жеке өзі Банкте болған кезде берген жазбаша келісімі болып табылады.
-
Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы реттеледі, Тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде, Банк орналасқан жердің сотында шешілуі тиіс.
-
Шартта қарастырылмаған жағдайлардың барлығында, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын негізге алады.
-
Шарттың қолданылу мерзімі
-
Осы Шарт салымның Банкке түскен күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Кепіл Шарты мен осы Шарт бойынша міндеттемелерін толығымен орындағанға дейін қолданылады.
-
Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойғанда күшіне енеді де, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
-
Шарттың бұзылуы Тараптардың қай-қайсысының да Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға негіз болмайды.
-
Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарапқа заңды күші бірдей бір данадан жасалған. Шарттың мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде әрқилы оқылатын болса, Тараптар орыс тіліндегі Шартты негізге алады.
-
Тараптардың деректемелері мен заңды мекенжаЙы:
БАНК
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, 10.
СТН 6203 0001 8729, Кбе 14
БСН 0105 4000 1007
|
| КЛИЕНТ
Заңды тұлғаны аталуы
СТН
БСН
|
|
|
|
(Банк атынан әрекет етуші тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты/қолы)
М.О.
|
|
(Клиент атынан әрекет етуші тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты/қолы)
М.О.
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ
БАНК РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА
|
Банк салымының
Шартына №1 Қосымша
|
БАНК ШОТЫн АШУҒА арналған ӨТІНІШ
« » _________________ жыл
…………………………………………………………………………………………………...
(заңды тұлғаның тіркеу құжаттарына сәйкес толық аталуы)
Біздің атымызға ағымдағы шот (ағымдағы шоттар) ашуыңызды сұраймыз (бұдан әрі –Шот):
-
………………………………… (валюта түрін көрсетіңіз)
-
………………………………… (валюта түрін көрсетіңіз)
-
………………………………… (валюта түрін көрсетіңіз)
-
………………………………… (валюта түрін көрсетіңіз)
-
………………………………… (валюта түрін көрсетіңіз)
Шот бойынша Көшірмені төменде көрсетілген мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз:
Электрондық почта:
1.
2.
Почталық мекенжай:
1.
2.
Шотты жүргізу сұрақтары бойынша (Шот бойынша ақша қалдықтарын салыстыру, банктік қызметтердің ақысын төлеу, өзгерген мәліметтерді беру ж.т.б.) біздің атымыздан келесі тұлғалар уәкілетті:
Т.А.Ә.
|
Лауазымы
|
Байланыс телефондары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
________________________________/___________________
Заңды тұлғаның Басшысының немесе уәкілетті тұлғасының Т.А.Ә. және қолы
М. О
________________________________/___________________
Бас бухгалтердің Т.А.Ә. және қолы
Достарыңызбен бөлісу: |