93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша банкроттығы
1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 94-бап өзгертiлдi
94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы
1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
2. Сот іс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.
5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Мәлімдеуші жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 95-бап өзгертiлдi
95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекітілген кезге дейiн өз талаптарын конкурстық басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы қорытынды есепті сотқа табыс етеді.
Конкурстық басқарушының қорытынды есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.
4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкілдік етуге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тізілімі мен қорытынды есептің жасалуын ұйымдастырады.
Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
8-тарау. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың банкротқа ұшырау ерекшеліктері
100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы
1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.
2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 101-бап өзгертiлдi
101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау
1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiн көшiрме сұратып алады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 102-бап өзгертiлдi
102-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу
1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.
3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының ерекшеліктері
103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.
103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту
Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу
1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату
1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 10-тарау алып тасталды
11-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 106-бап өзгертілді
106-бап. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 107-баппен толықтырылды; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 107-бап өзгертiлдi
107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |