Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы



Дата05.07.2016
өлшемі118.07 Kb.
#180686
Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 Қаулысы 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-2-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілетін Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5466 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің № 4 жинағында, 2009 жылғы 13 ақпанда «Заң газеті» газетінің № 23 (1446) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

 

 


Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2009 жылғы 5

тамыздағы № 176 қаулысымен



бекітілді
Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімінің заңдық күшіне енуіне дейін банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің (бұдан әрі - банк) активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу тәртібін айқындайды.



1. Банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру операциясы (бұдан әрі - операция) банк депозиторларының және мүдделерін қорғау мақсатында өткізіледі.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:



1) әлеуетті сатып алушы банк - банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шартты банкпен жасасу мақсатында операцияға қатысу ұсынысын қабылдаған екінші деңгейдегі банк;

2) сатып алушы банк - банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерін бір бөлігін немесе толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан екінші деңгейдегі банк;

3) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) - мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және банктің басқаруын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті органмен тағайындалған орган;

4) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.

3. Операцияны банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) (бұдан әрі - уақытша әкімшілік) уәкілетті органның келісуі бойынша соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізеді.



Банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігі немесе толық мөлшерде бір мезгілде бір банкке де және бірнеше екінші деңгейдегі банкке де беруге жол беріледі.

Операцияны жүзеге асыру шарттарының бірі берілетін активтердің берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттеріне жүз елу пайыздық ара қатынасынан аспауы болып табылады.

4. Уақытша әкімшілік операцияны жүргізу туралы шешімді банктің лицензиясынан айырылу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін мынадай ақпаратты бере отырып, уәкілетті органға өтініш жасайды:



1) банктің тапсырылатын міндеттемелерінің мөлшері және активтерінің баланстық (бар болса - бағалау) құны, міндеттемелерін, банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқығын, сондай-ақ банктің меншік құқығын растайтын құжаттамаларын көрсете отырып, олардың сипаттамаларын;

2) банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарттың жобасын.

5. Уәкілетті орган қажет болғанда уақытша әкімшіліктен операция жүргізуге байланысты бар құжаттарды сұратады.

6. Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктің операцияны жүргізуіне келіседі не келісуден бас тартады.

7. Уәкілетті органның оң шешімін алғаннан кейін уақытша әкімшілік банк депозиторларының келісім алу үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде қарсылықтарын ұсыну тәртібін, мерзімдерін және депозиторлардың қарсылықтары қабылданатын мекен-жайын көрсете отырып, алдыңғы уақытта банктің активтері және міндеттемелері табыс етілетіні туралы хабарландыруды жариялайды.



Хабарландыру жарияланған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде банк депозиторларының жазбаша қарсылықтары болмаса депозиторлар міндеттемелерді табыстауға келісті деп саналады.

8. Уақытша әкімшілік депозиторлар қарсылықтарын ұсыну мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беруге келіскен және беруге келіспеген депозиторлардың тізімін жасайды.

9. Уақытша әкімшілік 8-тармақта көзделген іс-шараларды жүргізгеннен кейін осы Ереженің 11-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге бес жұмыс күнінен аспайтын қарау және жауап беру мерзімімен, «Қатаң түрде құпиялы» белгісі қойылған, қатысу туралы ұсыныс-хатты жібереді.

Бұл ретте хатта берілетін депозиттердің болжамдалған көлемі көрсетіледі.

10. Екінші деңгейдегі банктер берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша құжаттарды алған кезде әлеуетті сатып алушы банктер банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде қабылдау мүмкіндігін қарастыруға байланысты алған ақпараттың құпиялылығын сақтау және жария етпеуі туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.



Әлеуетті сатып алушы банктің сұратуы бойынша уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қосымша ақпаратты ұсынады.

11. Сатып алушы банк мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:



депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік заемдық операцияларды жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясының иегері;

алдағы жүзеге асырылатын операцияны ескере отырып, соңғы есепті күніне пруденциалдық нормативтерді және Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 7-тармағының талаптарын орындайды;



уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болмауы;

банктің депозиторларына қызмет көрсету үшін филиалдарының болуы.

12. Уақытша әкімшілік сатып алушы банктің таңдауын жүзеге асырады.



Бір өтінім болған кезде сатып алушы банк болып өтініш беруші банк танылады.

Екі және одан көп өтінім болған кезде сатып алушы банк болып депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған өтініш беруші банк танылады.

Депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған екі және одан көп өтініш беруші банк болған жағдайда уақытша әкімшілік соңғы есеп беру күніне активтерінің мөлшері ең үлкен өтініш беруші банкті таңдайды.

Егер өтініш беруші банк депозиттердің бір бөлігін ғана қабылдауға мүмкіндігінің болуы туралы хабарласа, уақытша әкімшілік, соңғы есеп беру күніне азаю ретімен активтер мөлшерінің шамасына қарай, таңдалған өтініш беруші банктен кейін келетін өтініш беруші банктердің арасынан таңдайды.

Екі және одан көп таңдалған өтініш беруші банк болған кезде банктің берілетін активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері олардың арасында таңдалған өтініш беруші банктер қабылдауға көздеген жеке және (немесе) заңды тұлғалар депозиттерінің көлеміне қарай пайыздық арақатынасы бойынша бөлінеді. Бұл ретте, банктің берілетін активтерінің тізбесі әрбір таңдалған өтініш беруші банк үшін шамасы банктің өтімді және өтімді емес активтері бойынша жеке есептелетін көрсетілген пайыздық арақатынасын ескере отырып қалыптастырылады.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның әлеуетті сатып алушы банкке операцияны жүргізу үшін заем беру немесе онда депозиттерді орналастыру туралы шешімі болған жағдайда әлеуетті сатып алушы банк ол туралы өтінімінде көрсетеді.

13. Егер берілетін активтер берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінен аспаған жағдайда берілетін депозиттердің тізіміне енгізуі мынадай басымдылықта жүзеге асырылады:



1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың депозиттері енгізіледі;

2) екінші кезекте заңды тұлғалардың депозиттері енгізіледі;

14. Дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны баланстық және баланстан тыс есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады.



Операцияны жүзеге асырған кезде банк активтерінің құны мен міндеттемелерінің мөлшері уақытша әкімшілік пен сатып алушы банкпен (банктермен) келісілген беру күніне есептеледі.

15. Қажет болған жағдайда банктің берілетін активтерінің тәуелсіз бағалауы жүргізіледі.



Тәуелсіз бағалаушыны таңдау әлеуетті сатып алушы банктің келісуі бойынша уақытша әкімшілікпен жүзеге асырылады.

Бағалаушының қызметіне ақы төлеу банктің және әлеуетті сатып алушы банктің (банктердің) тең мөлшердегі қаражаты есебінен жүргізіледі.

16. Банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде сатып алушы банкке (банктерге) беру уақытша әкімшілік пен сатып алушы банктің (банктердің) арасында екі данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған шарттың (шарттардың) негізінде жүзеге асырылады.

17. Қосымша уақытша әкімшілік пен сатып алушы банктің (банктердің) арасында қабылдау-тапсыру актісі қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) атауы, инвентарлық нөмірі, баланстық құнын, банк активтері есепке алынған шоттардың нөмірлері, банктің меншік құқығын растайтын құжаттары көрсетілген тапсырылатын активтердің мөлшері, тізбесі және түрлері;

2) дебиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы, дебиторлық берешек сомалары есепке алынған шоттардың нөмірлері, заем сомасы, банктік заем шартының жасалған күні мен нөмірі, банктік заем шартының қолданыста болу мерзімі, банктік заем бойынша сыйақы ставкасы, банктің банктік заем бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары көрсетілген дебиторлық берешек бойынша тапсырылатын талап ету құқықтарының құны мен тізбесі;

3) тапсырылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің мөлшері, депозиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген депозиттер тізбесі, депозиттер есепке алынған шоттардың нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банк салымы шартының жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданыста болу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы, депозиторлардың салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары;

4) берілетін құжаттар (шарттар, кредиттік істер, куәліктер мен басқа құжаттар).

18. 15-тармақта көзделген шығыстарды қоспағанда, операцияны жүргізуге байланысты шығыстар сатып алушы банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

19. Уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан күнінен және қабылдау-тапсыру актіге қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жібереді.

20. Уақытша әкімшілік сатып алушы банкпен бірлесіп пресс- конференция өткізеді және уәкілетті органның ресми WEB-сайтында орналастыру үшін уәкілетті органға баспасөз-релізін жібереді.



21. Банктің уақытша әкімшілігі жүргізген операция жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

 

 

 

  

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет