Бұқар жырау ауданының 2013 жылғы әлеуметтік
экономикалық даму қорытындылары және алдағы
мерзімге міндеттері
Құрметті жерлестер!
Биылғы жылы ел тарихындағы маңызды оқиға Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы болды.
Бұл – әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешек ұрпақ үшін маңызды құжат деп ойлаймын. Өйткені, Жолдаудың әрбір жолында – миллиондаған халықтың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты Президентіміздің қамқорлығы мен қолдауы айқын сезіледі.
Мемлекет Басшысы алдағы мерзімнің басты міндеттерін шешу үшін барлық өзекті бағыттарды белгілеп берді. Бұл Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі, яғни әлемдік стандарттар деңгейіне барлық азаматтардың өмір сүру сапасын жеткізу болып табылады.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық қоғамның өзекті құндылықтарын бекітетін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық акті әзірленді және қабылданды.
Жаңа саяси бағыт Қазақстанға, яғни, болашаққа жол ашады және «Мәңгілік ел» XXI ғасырдағы біздің ұлттық идеямыз болады.
Әр адам осы кең ауқымды құжатты терең зерттеп, белгіленген міндеттерді іске асыру жөнінде нақты жұмыс атқаруы тиіс.
Мемлекет Басшысының кезекті Жолдауы өткен жылғы «Қазақстан-2050 Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жалғасы болып табылады. Бұл біздің мемлекетіміздің дамуының жаңа бағытын айқындайды және біз бұл бағытты іске асыру мақсатында Сіздермен бірігіп қызмет етеміз.
Ауданның тұрақты және үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік, аймақтық және аудандық бағдарламалардың, оның ішінде мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру ықпал жасады.
Бүгінгі күнге Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына ауданның сомасы 8 млрд. 111 млн. теңге, 709 жұмыс орнын құрумен 8 жобасы енгізілді, оның 5-і іске асырылды, 519 жұмыс орны құрылды.
Доскей ауылы аумағында «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС- «Жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикасын қайта жаңарту» инвестициялық жобасы іске асырылып отыр. Жобаның жалпы құны 1391,2 млн. теңге, өндірістік қуаты жылына 137 млн. дана жұмыртқа, 180 жұмыс орны құрылған.
2013 жылы кәсіпорын жоспарланған өндірістік қуатына шықты.
Үштөбе селосындағы «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС- «Жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикасын модернизациялау және дамыту» - құны 1 млрд теңге, 150 жұмыс орны құрылған, өндірістік қуаты жылына 110 млн. дана жұмыртқа.
2013 жылы 884,8 млн. теңге сомада 106 млн. дана жұмыртқа өндірілді. 2014 жылы кәсіпорын жоспарланған өндірістік қуатына шығуды жоспарлап отыр.
Аудан аумағында жалпы көлемі 3 млрд 270 млн. теңге «Техноиндустрия» ЖШС, «Казтерм» ЖШС, «Пром Транс» ЖШС жобаларын іске асыру жалғасуда. 189 жұмыс орны құрылады.
2013 жылы Индустрияландыру картасына «Қарағанды Құс» ЖШС жобасы-Заречное селосында құс фабрикасын қайта жаңартудың 2-кезеңі» жобасы енгізілді. Жобаның құны 297,3 млн. теңге, 10 жұмыс орны құрылады.
Әр жобаны іске асыру өндіріс көлемін арттыруға, салық түсімдерін көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 29 млрд. 667,7 млн. теңге құрады. Физикалық көлем индексі 107,7%.
Өнеркәсіп кіәсіпорындарымен сомасы 12 млрд. 684,9 млн. теңге өнім өндірілді, ФКИ 108,8%.
Экономика өсімі резервін пайдалану жөнінде іс-шаралар Жоспары құрылды.
Аудан бюджетіне 1 млрд 308 млн. теңге түсті немесе жоспарға 106,2 %.
Бюджет шығыны 5 млрд. 786 млн. теңге немесе жоспарға 99,9 %.
Салық салу базасын кеңейту жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізіліп отыр.
2013 жылға жеткізілген сома 305 млн. 207 мың теңге, орындалғаны 307 млн. 920 мың теңге, немесе 101%.
Жоспарлы көрсеткішке келесі іс-шараларды орындау арқылы қол жеткізілді: өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға қаржы аудару жөнінде кен пайдаланушылардың келісім-шарттарын инвентаризациялау, рұқсатнама қағазсыз қоршаған ортаға эмиссия жасайтын субъектілерді анықтау, негізгі құралдардың құнын қайта бағалау.
Ауыл шаруашылығы экономиканың өзекті салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі өңірдің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болып қалуда.
2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25 млрд теңгеден астам құрады, физикалық көлемінің индексі 110,6%, 2012 жылдың деңгейіне 29,4 % өсім қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша орташа шығымдылық 11,8 ц/га, жалпы 135 мың тонна астық жиналды.
44,6 мың тонна суармалы дақылдар (картоп және көкөніс) өндірілді, 2012 жылдың деңгейінен 2,4 мың тонна артық немесе өсім 6%.
Ауданда өсімдік шаруашылығы саласын диверсификациялау, жемшөптік және азықтық дақылдардың өндірісін ұлғайту жөнінде жұмыс жалғасын табуда. Осының нәтижесінде 2013 жылы шығымдылықтың артуына және саланың табысты дамуына қол жеткізілді. Ағымдағы жылы арпа және сұлы егістігін 20 мың гектарға арттыру жоспарлануда. Өткен жылы Үміткер ауылдық округінің аумағында «ҚӨСҒЗИ» ЖШС 4,8 мың гектар аумақта тыңайған жерлерді өңдеуді бастады.
Мал басының өсуіне байланысты аудан шаруашылықтары 7,0 мың гектардан астам аумақта көп жылдық шөп өсіруді жоспарлап отыр.
Одан басқа «ҚӨСҒЗИ» ЖШС, «Акнура Артель» ЖШС және «Нұр» ШҚ жер учаскелерінде майлы дақылдардың (зығыр, соя) егістігі екі есе ұлғаяды.
Агроөнеркәсіп кешенінің басты салаларының бірі - мал шаруашылығы. Бұл салада да оң тенденциялар байқалады.
Ірі қара мал басы 0,1% өсті, 60,0 мың бас, оның ішінде сиыр – 8,6% өсті (26,6 мың бас), қой мен ешкі – 16,7% өсті (77,6 мың бас) және жылқы – 5,6 % өсті (17,1 мың бас) құрады. Құс басы 14,1 % өсті, 2,0 млн. бастан астам болды.
«СИГ» шаруа қожалығының, «Фортуна» шаруа қожалығының мамандану бағыты өзгеруіне байланысты шошқа саны кеміді. Жыл бойы «Волынский АӨК» ЖШС және «Медеу ҚФ» ЖШС шошқа басын қалпына келтіру жөнінде жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде жылдың аяғында шошқа басы 47,0 мың басқа жеткізілді. Қабылданып отырған шаралар шошқаны 48 мың басқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
53,6 мың тонна көлемде сүт өндірілді, 2012 жылдың деңгейінен 0,3 % артық.
Аудан құс фабрикаларында өндірістің артуына байланысты жұмыртқа өндірісі 28,2% өсті және 323 мың дана құрады.
24,6 мың тонна көлемде ет өндірілді, оның ішінде 7,7 мың тонна құс еті, бұл 2012 жылдың деңгейінен 3,1% артық.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасын тиімді пайдаланып отыр. Бұл бағдарлама аналық ірі қара мал басын 992 басқа арттыруға және 30 асыл тұқымды бұқа сатып алуға мүмкіндік берді.
Ауданда асыл тұқымды төрт шаруашылық бар, олар тұқымдық қайта жаңартудың қатысушылары ретінде 150 бастан астам асыл тұқымды бұқа сатып, қазақтың ақбас тұқымын өсіру жөніндеь асыл тұқымды репродуктор болып саналады.
«Мереке» шаруа қожалығы мемлекеттік қолдау механизмін қолдана отырып, үш мал базын салды және электр тасымалдау желілерін өткізді. Қол жеткізгенге тоқтап қалмай, «КазАгроФинанс» АҚ қолдауымен 200 бас аналық мал сатып алуға шарт жасасты, бұл аналық мал басын 500-ге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Марат» және «Жалғас» шаруа қожалықтарының отандық селекция жұмысындағы табысын атап өтпеуге болмайды. Бұл шаруашылықтар табынды тұқымдық қайта жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында қазақтын ақбас тұқымды асыл тұқымды бұқасын сату жөнінде алдыңғы қатарда тұр.
«Ұлан» шаруа қожалығы жайлаулық мал шаруашылығын дамытып отыр. Екі мал базы салынды, ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында электр тасымалдау желілерін тарту жоспарланып отыр.
«Волынский АӨК» ЖШС, «Медеу» ЖШС, «Ақнар ҚФ» ЖШС, «Қарағанды құс» ЖШС, «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС кәсіпорындарында асыл тұқымды сұрыптау жұмысы және өндірісті модернизациялау жүргізіліп, олардың өнімдері әлемдік стандарттарға сай болып отыр.
Ауданның бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табысын мақтанышпен атап өтуге болады. Бұлар «Возрождение XXI» ЖШС қаздың етін Россияға экспортқа шығаруы, «ҚӨСҒЗИ» ЖШС элиталық тұқым шаруашылығында озық технологияларды қолдануы, «Айхан» ШҚ тамшылап суару технологиясын енгізуі, осы эстафетаны «КазАгрофинанс» АҚ тамшылап суару жабдықтарын берудің жаңа механизмін қолдану есебінен «Жаңа жұлдыз», «Арғын», «Мұрат» шаруа қожалықтары да қолдады; «Киров» ӨК, «ҚӨСҒЗИ» ЖШС қайта өңдеу кәсіпорындары санының өсуі, бұл шаралар қосымша жұмыс орындарын құруға және ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің артуына мүмкіндік жасайды.
Барлық жобалар тұрғындардың экономикалық ахуалын жақсартуға, жаңа жұмыс орнын құруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отандық бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.
Ағымдағы жылы аудан аграрийлері алдында қолданыстағы өндірісті модернизациялауға және жаңа кәсіпорындар құруға бағытталған ылғал сақтау технологиясы бойынша астық дақылдары, картоп, көкөніс егістігін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, суармалы жерлерді қалпына келтіру, инвестициялық жобаларды дамыту міндеттері тұр.
Аудан Астана қаласының азық-түлік белдеуіне енеді.
Әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана қаласында, Қарағанды қаласында, Теміртау қаласында, Шахтинск қаласында, Ақтоғай селосында және аудан кенттерінде өткізілген жәрмеңкелерге қатысты, 180 тонна ет, 11,6 тонна сүт өнімдері, 1000 тонна көкөніс, 2,0 млн. данадан астам тауық жұмыртқасы жеткізілді. Барлығы 24 жәрмеңке өткізіліп, 100,8 млн. теңге сомада ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Есепті мерзімде өте қауіпті мал аурулары бойынша профилактикалық-ветеринариялық іс-шаралар жоспары орындалды, төрт ауруға қарсы егу жүргізілді және жалпы сомасы 107,7 млн. теңге он ауру бойынша тексеру өткізілді. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға аудандық бюджеттен 105 млн. 700 мың теңге қарастырылды.
Аудан аумағында 12 сою цехы және 4 сою алаңы әрекет етеді, олар ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай келеді.
Ауданда тау-кен өнеркәсібі саласында «Қушоқы көмір кеніші» ЖШС, «Нұрқазған» ЖШС, «Кузнецкий кеніші ТКК» ЖШС, «SatKomir ТКК» АҚ табысты еңбек етеді. 2013 жылы салада өндіріс көлемі 4 млрд. 175 млн. теңге құрады. ФКИ 107,3%. Оның ішінде «Кузнецкий» көмір кеніші 2013 жылы 526 мың тонна көмір өндірді, 2012 жылдың деңгейінен 2,8 есе артық.
Бүгінгі күнге кәсіпорын 1 млрд. 260 млн. теңге игерді. Қазіргі уақытта кеніште ұзындығы 36 км. «Ст. Погрузочная-ст. Ботақара» теміржол бұтағының құрылысы жөнінде жұмыс жүргізілуде. Теміржолды пайдалануа беру 2014 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.
Инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және өзінің теміржол бұтағының болуы 2015 жылы көмір өндіру және сату көлемін жылына 2 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді, бұл бұрынғымен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштерді 3-4 есе арттырады.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму бағыты - бұл көмірді кешенді өңдеу және үлкен көмір-химия заводының құрылысы жөніндегі жобаны іске асыру саласында «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясымен ынтымақтастық орнату.
Келешекте кәсіпорынның жоспарында электр станциясын салу, жергілікті нарыққа, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерге шығару үшін брикеттелген көмір өндіру бар.
Осы жобаларды жүзеге асырғанда «Кузнецкий кеніші» ЖШС өндірістік қуаты жылына 10-12 млн. тоннаға дейін артады.
Қушоқы көмір кенішінің өндіріс көлемі 2013 жылы 802, мың тонна құрады, 2012 жылғы деңгейге 24% (647,8 мың тонна). 2014 жылға жоспар 1 млн. тоона көмір.
«Нұрқазған» ЖШС 2013 жылы концентраттағы мыс өндірісі 16,3 мың тонна болды, 2012 ж. деңгейге 105,2%. 2014 жылы кәсіпорын 18,6 мың тонна мысты концентрат өндіруді жоспарлап отыр, 2012 жылдың тиісті мерзіміне 114,1% құрайды.
Өңдеу кәсіпорындарының негізін тамақ өнімдерін өндіру, атап айтқанда ұн тарту өнеркәсібі және химия өнеркәсібі құрайды. Олар «Сұңқар және К Астық компаниясы» ЖШС, «Максам Қазақстан» ЖШС, «Қарағанды Нан Компаниясы» ЖШС, Air Best ЖШС.
Химия саласының жетекші кәсіпорны «Максам Қазақстан» ЖШС, 2006 жылдан жұмыс жасайды. Кәсіпорын жарылғыш заттарды өндірумен және сатумен айналысады. 2013 жылы кәсіпорын 27,8 мың тонна жарылғыш заттар өндірді, 2012 жылға 113,9 %.
Ұн-жарма саласының көшбасшысы «Сұңқар және К Астық компаниясы» ЖШС, аудан аумағында 2006 жылдан жұмыс істейді. Өндірістік қорларды тұрақты модернизациялау өндіріс көлемін ұлғайтуға ықпал жасады, 2013 жылы кәсіпорын 52,2 мың тонна ұн өндірді.
Есепті жылда жер қатынастары саласында нақты жұмыстар атқарылды. Мемлекет Башысының тапсырмасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы бағытындағы 31,5 мың гектар жер айналымға енгізілді, аумағы 184,3 мың га 330 пайдаланылмайтын жерлер Аумақтық жер инспекциясына берілді. Ауданның арнайы жер қорына 3,3 мың га жер учаскесі қайтарылды, аумағы 18,5 мың га 59 учаске иесіз мүлік ретінде арнайы есепке қойылды.
Ауданда 1761 шағын және орта бизнес субъектілері қызмет етуде, оларда 6119 адам қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 17,4%.
Өткен жылда өндірілген өнім көлемі 8 миллиард 593,2 млн. теңге құрады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі Мемлекет Басшысының бастамасымен енгізілген «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары болып табылады.
Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту үшін құрамында қаржылық және консультативтік институттар бар кәсіпкерлікті қолдаудың кең ауқымды инфрақұрылымы ықпал көрсетеді.
Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өсуде, есепті мерзім ішінде негізгі капиталға инвестициялар 22 млрд. 689 млн. сомасында салынды. Инвестициялардың физикалық көлемінің индексі – 105,3%. Кәсіпорындармен 7 млрд. 650 млн. теңге сомасында меншікті қаржысы салынды, бұл 2012 жылдан 102,8 % көп.
Тұрғындардың сатып алу қабілеті өсті, бөлшек сауда көлемі 1 млрд. 294,9 млн. теңге, физикалық көлемінің индексі 107,1 %. құрады.
Есепті мерзімде аудан аумағында 7773 ш. м тұрғын үй салынды, жоспар 5022 ш. м. 2012 жылғы деңгейге 124 %. Құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд. 755 млн. теңге құрады немесе 2012 жылдан 3,6 есе артық. Оның 58,5 % жеке тұрғын үйге және 41,5 % мемлекеттік секторға жатады.
2013 жылы Ботақара кентінде жалпы сомасы 139 млн. 58 теңге екі 12 пәтерлі тұрғын үй, бір 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Биылғы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен жалпы сомасы 75 млн. теңге екі 2 пәтерлі және бір 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің Кешендік жоспары аясында өткен жылы кезектілікке сәйкес 7 жетім балаға пәтер бөлінді. Биылғы жылы осы санаттағы екі балаға 2 пәтер беріледі.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, энергетика және көркейтуді дамытуға тиісті көңіл бөлінді.
Мемлекеттік ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы аясында Ботақара кентінде қазандық және жылу жүйесі құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Сомасы 50 млн. теңге.
Аудан аумағында электр тасымалдау желілерінің жалпы ұзындығы 2617 км. құрайды, 446 КТП және ПС әрекет етеді.
Электр тасымалдау желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Кешендік жоспарға сәйкес ауданда жалпы сомасы 40 млн. 334 мың теңге энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар өткізілді.
Ауданда санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарында 298 еңбек ұжымы, 15885 адам қатысты, 980 гектардан астам аумақ тазартылды, 218 рұқсат етілмеген үйінді жойылды, 230 жарық нүктесі, 92 фасад, 2800 м. қоршау жөнделді, 3800 ағаш реттеліп қиылды, 430 дана ағаш егілді, 112 бірлік техника жұмысқа тартылды.
Жылыту маусымының тұрақты өткізілуі жөнінде тиісті шаралар қабылданды. Локальдік жылу көздерін, жылу, су, электр желілерін, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды дайындау жөнінде жұмыстар орындалды.
Жылыту маусымына Қушоқы кентіндегі 1 орталықтандырылған қазандық және 116 автономдық жылыту жүйелелері тартылған.
Ауданда жылыту маусымы дер уақытында басталды, нормативтік көмір қоры жасалды, гидравликалық және температуралық параметрлер нормативтік талаптарға сай келеді.
Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың маңызды және басымды міндеттерінің бірі.
Өткен жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Центральное, Корнеевка селоларында, Нұра станциясында жалпы сомасы 540 млн. 85 мың теңге су құбырларының құрылысы жүргізілді және пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы Тоғызқұдық, Ақтөбе және Петровка селоларында су құбырлары желілерінің жалпы сомасы 580 млн. 962 мың теңге құрылысы жөніндегі жұмыстары жүргізіледі, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 4820 адам қамтылады, аудан бойынша сапалы сумен сумен қамтамасыз етілгендер саны 54386 адам, немесе 86,1 % құрайды.
Ғ. Мұстафин кентінде, Қушоқы кентінде, Дубовка және Доскей ауылдарында жалпы ұзындығы 35 км канализациялық желілер әрекет етеді.
Дубовка селосындағы канализациялык желінің авариялық жағдайы ұзақ уақыт проблемалық мәселелер қатарында тұр. Оны шешу мақсатында су тарату жүйесін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін жалпы сомасы 811 млн. 600 мың теңге қаржы бөлінді.
Автожолдарды жөндеу, транспорт және байланыс мәселелері үнемі назарда тұрды.
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1758 км, автожолдардың көпшілігінде қатты төсеніш бар. Өткен жылы аудан автожолдарын ұстауға және жөндеуге 1 млрд. 429 млн. теңге бөлінді. Бұл 98 км. автожолдарды жөндеуге және 71,5 % автожолды жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ұстауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 150 млн. теңге Ботақара кентіндегі және Үштөбе селосындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудан аумағында 61 елді мекенді тұрақты байланыспен қамтитын 28 автобус маршруты бойынша жолаушылар және жүк тасымалдау жүргізіледі.
Барлық елді мекендерге телефон тартылған. Байланыс қызметін 12186 абонентке 20 сандық станциялар жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта 68 ауылдық елді мекеннің 53-і KceLL және Beeline операторларының ұялы байланыс қызметін пайдаланады.
Бірқатар ауылдық округтерде жылдамдығы жоғары Интернетке қосылу проблема болып табылады, бұл заманауи телекоммуникация қызметіне, білім беру және ақпараттық технологиялар саласында қолжетімділікті қиындатады.
Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударылды.
Білім беру саласындағы жұмыс материалдық-техникалық базаны нығайтуға, шағын орталықтар мен балабақшаларды дамытуға, сапалы білім беру қызметін беруге бағытталған.
Ағымдағы мерзімде 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 97,7 % мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған, орта облыстық көрсеткіш 86,6 %. 2013 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен Баймырза селосында балабақша сатып алынды, бұл қосымша 45 адамды жұмыспен қамтуға және екі жастан бастап мектепке деінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі оқытуды және тәрбиелеуді сапалы көрсету мақсатында ауданда шағын орталықтарды толық жұмыс күніне ауыстыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп отыр. Ботақара кентіндегі, Петровка, Цетральный селоларындағы шағын орталықтар кеңейтілді. Ағымдағы жылы Керней, Қызылжар, Тоғызқұдық, Қызылқайың селоларындағы шағын орталықтар толық жұмыс күніне көшіріледі. 2013 жылы жергілікті бюджеттен шағын орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы бағыттағы жұмыс биылғы жылы да жалғасын табады.
2013 жылы 546 педагог біліктілігін арттырды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 млн. 300 мың теңге қаржы бөлінді. 48 педагог «Назарбаев Университет» АҚ үш деңгейлі курстан өтті. Ағымдағы жылы 52 педагог біліктілігін арттыру курстарына барады деп жоспарлануда.
Мектептердің компьютерлік паркі ұлғаюда және жаңартылуда. 1 компьютерге 5,4 адамнан келеді.
28 пән кабинеттерін сатып алу үшін 127 млн. теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен 111 млн. теңге. Жаңа модификациялы пән қабинеттерімен қамту аудан бойынша 48,5 % құрады (облыстық көрсеткіш -51,7 %). Орташа облыстық көрсеткішке жеткізу үшін биылғы жылы жеті жаңа кабинет сатып алынады.
Биылғы жылы алты мектепте «E-Iearninq» жобасын енгізу жоспарлануда, бұл компьютерлік паркті қосымша 120 бірлікке ұлғайтады.
Әлеуметтік қолайсыз санаттағы балаларды қолдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр. 256 бала қысқы киім комплектісімен қамтылды, қаладан тыс лагерьлерде 166 бала сауықтырылды, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне 4 мың 556 бала тартылды. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. 2013 жылы жалпы сомасы 2 млн. теңге демеушілік көмек есебінен 705 бала мектепке әзірленді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары толықтай ыстық тамақпен қамтылған, осы мақсатқа жергілікті бюджет қаржысынан 35 млн. теңге жұмсалды. Ыстық тамақпен қамтуды үзіліссіз ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 20 млн. теңге асхана жабдықтары сатып алынды.
Білім беру нысандарын ағымдағы жөндеуге 38 млн. теңге жұмсалды. Білім беру саласындағы проблемалық мәселе 16 мектепке күрделі жөндеу жүргізу болып тұр. Оларға жалпы сомасы 1 млрд. 71 млн. теңге мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Өткен жылы аудан халқы денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін іс-шаралар әлеуметтік-маңызды және онкологиялық аурулармен ауыруды қысқартуға мүмкіндік берді. Туберкулезбен ауыру 14,4 %, туберкулезден өлім 2012 жылғы 5 оқиғадан 2013 жылы 4 оқиғаға дейін төмендеді.
Қан-тамыз ауруларынан өлім оқиғасы төмендеді.
Ауруды ерте анықтау мақсатында 35 мың адамнан астам халықты қамти отырып, 8 түрлі скрининг өткізілді, оған 1 млн. 500 мың теңге бөлінді. 2014 жылы қосымша екі түрлі скрининг өткізу жоспарлануда.
Аудан тұрғындарына білікті және мамандандырылған көмектің қол жетімділігі үшін жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеді. 21 елді мекеннен 3 мыңнан астам адам медициналық тексеруден өткізілді. Аудандық денсаулық сақтау саласында 76 дәрігер және 245 орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды.
2013 жылы аудан медициналық ұйымдарына 5 дәрігер жұмысқа келді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарға көтерме жәрдемақы берілді, төрт дәрігерге Ботақара кентінде және Ғ. Мұстафин кентінде тұрғын үй бөлінді.
Сонымен қатар, ауданда дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Самарқанд, Қаражар, Петровка ауылдарында жалпы тәжірибе дәрігерлердің орны бос, аудандық емханаға дәрігер-рентгенолог қажет.
Дәргерлердің жетіспеушілігі проблемасы аудандық медициналық бірлестіктің өткізіліп жүрген «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысуымен және Қарағанды медициналық университеті студенттерімен тікелей насихат жұмыс жүргізуі арқылы шешілуде.
«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы Ғ. Мұстафин кентіндегі, Керней, Самарқанд, Центральный, Гагарин, Тегісжол ауылдарындағы денсаулық сақтау нысандарында 27 млн. 500 мың теңге сомада ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Биылғы жылы Доскей ауылында 110 млн. теңге сомада дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.
Халықты әрі қарай дене шынықтырумен және спортпен қамту үшін жазғы және қысқы мерзімдерде пайдалануға арналған спорттық нысандар- көп салалы хоккей корттары және спорттық ойын алаңдары болуы тиіс. 2013 жылы Ақтөбе, Белағаш, Петровка және Алғабас ауылдарында 4 көп салалы спорт алаңдары салынды.
Осы бағыттағы жоспарлы жүргізілген жұмыс дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын 28 % дейін тұрғындарды қамтуға мүмкіндік берді.
Өткен жыл маңызды мәдени оқиғаларға толы болды. Атаулы іс-шаралар деп Бұқар жыраудың 345 жылдығын және ауданның 75 жылдығын атап өтуге болады.
Осы мерекелі күндерге орай «Бұқар жырау ауданының тарихы» монографиясы, «Бұқар жырауға тағзым», «Бұқар жырау энциклопедиясы» кітабы, «Бірінші тілек тілеңіз» жинағы жарық көрді, Бұқар жыраудың шығармаларын оқушылардың, жыршы-термешілердің аудандық және облыстық конкурстары, аудан ұйымдары мен мекемелері арасында творчестволық есеп өткізілді. Алғашқы рет ауданның гимніне конкурс жарияланды.
2013 жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында төрт ауыл клубы (Керней, Заречное, Андренниковка, Дубовка), сонымен қатар Ботақара кентіндегі Мәдениет үйі және парк жөндеуден өткізілді.
Биылғы жылы 52 млн. теңге сомаға Новоузенка ауылындағы клубты күрделі жөндеу жоспарлануда.
Ботақара кентінде ұлы жырауға ескерткіш тұрғызу жөнінде жұмыс басталды, ашылуы биылғы жылы болады.
Облыстық мәслихатпен бірлесе отырып, Қаражар ауылында саяси қуған-сүргін құрбандарына обелиск орнату мәселесі қарастырылуда.
Ауданда көркемөнерпаздар үйірмелерін қолдау және дамыту жұмысы жүргізілуде. Самарқанд селосынан 12 жасар Еркежан Мәдениетова Вьетнамда өткізілген модельдердің, таланттардың және дизайнерлердің халықаралық форумында Гран-при жеңіп алды. Биылғы жылы ол Нью-Йорк қаласындағы конкурсқа қатысады.
Ботақара, Ғ. Мұстафин кенттерінде, Көкпекті ауылында мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі курстар ұйымдастырылған, оларда 50 адам оқыды. Биылғы жылы осы жұмыс Дубовка және Доскей ауылында бастауыш курстармен және Ғ. Мұстафин кентінде және Көкпекті ауылында жалғастырушы курстармен жалғасын табады.
2013 жылы біз халықты жұмыспен қамту және мобильділігін арттырудың негізгі құралы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасын жүзеге асырудың белсенді сатысына ендік.
Бағдарламаның 1-бағыты бойынша 17 жоспарлы нысандарда жұмыс аяқталды, 177 адам жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт аясында 68 адам сомасы 156 млн. теңге шағын кредит алды. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға сомасы 9,5 млн. теңге үш жоба жүзеге асырылды.
Үшінші бағыт аясында 16 адам жұмысқа тартылды, олар оқуды аяқтап, жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жіберілді және жастар тәжірибесі бойынша жоғарғы және орта кәсіптік білім мекемелерінің 50 түлегі қамтылды.
Бір үйдің құрылысы аяқталды. Жоспардағы 12 отбасы қоныстанды, әр отбасы иесі жұмыспен қамтамасыз етілген және бәріне көшу үшін субсидиялар берілді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2014 жылға 192 қатысушыға 324,2 млн. теңге бөлінді.
Есепті мерзімде 1374 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, немесе жоспарға 116,4 %, қоғамдық жұмыстарға 761 адам жіберілді (жоспарға 101,5 %). Жұмыссыздар саны 1109 адам. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3%, 2012 жылға өсім 0,2 %.
Аудан бюджетінен мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсетуге 200 млн. теңге бөлінді, үш мыңнан астам отбасы қамтылды.
Елбасы атап өткендей, біз мүмкіндігі шектеулі адамдарды белсенді өмірге тартуымыз қажет, олар тек жәрдемақы алып қоймай, өздерін қоғамға пайдалы және толық құқылы мүшесі екендігін сезіну қажет.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында қаңтар айында аудандық аурухана жанынан «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік көмек бөлімшесі» сауықтыру Орталығы ашылды.
Ағымдағы жылы әр әлеуметтік жәрдемақы алушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысады, соның нәтижесінде жылдың аяғына дейін кедейшілік деңгейі 0,4 %, жұмыссыздық деңгейі 3,0 % дейін кемиді.
Аймақтық құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ауданнның құқық қорғау органдарымен есепті мерзімде 708 қылмыс тіркелді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,4-ға артық. Ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылуы 54,8 %, бұл 2012 жылдан 0,8 % төмен. Орта ауыр қылмыстарды ашу 39,7 %, бұл облыстық көрсеткіштен 13,7 % артық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Аймақтық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.
Ұжымдар мен аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың және қылмыстың алдын алу жөніндегі саясатты түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Ауданда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде қоғамдық Кеңес құрылған, ол консультативтік-кеңестік орган болып табылады және өз жұмысын «Нұр Отан» аумақтық және аймақтық филиалдары жанындағы қоғамдық Кеңестер туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ішкі саясат саласында қоғамдағы тұрақтылыққа ерекше назар аударылды. Мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып, жергілікті жерлерде әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі жүйесі құрылған. Терроризмге және діни экстремизмге қарсы идеологиялық іс-қимыл жөнінде нақты жоспар әзірленген.
Тұрғындар арасында бағдарламалық құжаттарды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету, патриоттық тәрбие, жаңа стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөнінде мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіліп отыр.
Мемлекеттік органдардың азаматтық институттармен ынтымақтастығын дамыту үшін әр түрлі «диалогтік алаңдар» пайдаланылды, олардың ішінде дәстүрлі «дөңгелек үстелдер», ауыл тұрғындарының жиыны, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесу, аудан әкімі аппараты және ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттарының жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың отырысы бар.
Мемлекеттік ақпараттық саясат аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газеті арқылы іске асырылып отыр. Газеттің тиражы 4360 дана, сонымен қатар обыстық газеттер және өңірлік телевидение каналдары арқылы да таратылады.
Ауданда 14-пен 29 жас арасында 16863 жастар бар, жалпы халықтың 26,7%. Осы әлеуметтік топпен жұмысты жастармен жұмыс Орталығы жүргізеді, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр.
Ауданда «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, оның аясында әлеуметтік қорғау, білікті жас мамандарды тарту және олардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөнінде шаралар қабылданады. 2013 жылы 20 жас маман 7,3 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 20-і тұрғын үй сатып алу үшін сомасы 46,7 млн. теңге бюджеттік несие алды.
Жастар кәсіпкерлігіне ықпал жасау жөнінде шаралар қабылданды. 2013 жылы 2 жас азамат облыс әкімінің селода кәсіпкерлікті дамыту және қолдау грантына ие болды. Аудандық бюджеттен жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту грантына 700,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекет Басшысы «электрондық үкіметті» дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруге ерекше навзар аударып отыр.
Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес 45 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 5 қызмет электрондық форматқа көшірілген, 7- бөлшектей автоматтандырылған.
2013 жылы 44376 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 41205 – мемлекеттік органдар арқылы, 3171- Ботақара және Ғ. Мұстафиен кенттеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы.
Біздің аудан республикалық ведомствоаралық электрондық құжат айналымы жүйесінің толыққанды қатысушысы болып табылады.
Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Концепциясы бекітілген, бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесін реформалауды қарастырады.
2013 жылы 8 тамызда бірінші рет ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Қабылданған Заңдардың ережелері азаматтарға жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарына қатыса отырып, жергілікті өзі-өзі басқаруды жүзеге асыру үшін конституциялық құқықты пайдалануға, жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджеттік қаржыны пайдалану жөнінде ақпарат алуға және оны бөлуге қатысуға, тұрғындардың сапалы тұрғын үй коммуналдық қызмет алуға мүдделілігін арттыруға, басқару шешімдерін қабылдауға қатыса отырып, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға мүмкіндік береді.
Әкімдерге коммуналдық меншікті және қаржыны бере отырып, олардың өзекті мәселелерді шешуде дербестігін кезең бойынша және дәйекті нығайту мүмкіндігі туғызылды.
Қабылданған заңдарға сәйкес кадрлармен нығайтылған ауылдық әкімдерде мүлікті жалға беру, сауда жасауға рұқсат беру, құқық тәртібін бұзушылық үшін айыппұл, қайырымдылық жарналар есебінен меншікті табыс көздері болады. Барлық қаржы селолық әкімдіктердің арнайы шотында сақталады, жұмсау үшін жергілікті қоғамдастықтың келісімі қажет.
Жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің есебін өткізе отырып, біз қорытынды жасаймыз және алдағы мерзімге міндеттер белгілейміз. Бұл есепті кездесулер қоғамдық–саяси өмірді одан әрі демократияландыру процесінде маңызды буын, биліктің тұрғындармен жемісті диалогының орны, өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуде жауапкершілікті арттыру құралы болып табылады.
Ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің 28 есепті кездесуіне қатыстым. Ауданның барлық елді мекендерінде 6495 тұрғын адам қатысты, 181 адам сөз сөйледі. Кездесу қорытындылары бойынша 91 ұсыныстар мен ескертулер түсті, олардың орындалуы бақылауға алынды. Негізгі өзекті ұсыныстар- ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскелерін бөлу, жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру.
Жергілікті атқарушы органдардың басымды бағыттарының бірі азаматтардың өтініштерін дер уақытында қарастыру болып табылады. Мемлекеттік органдарда шағымдар мен өтініштерді қарастырудың есебі мен бақылау жөнінде жұмыс жүргізіледі, туындау себебін жүйелі талдау жасалады, оларды жою бойынша шаралар қолданылады.
Есепті мерзімде 606 өтініш тіркелген, оның 62-жоғары органдарға, 370 -жер қатынастары мәселелері, 36-коммуналдық мәселелер, 42-тұрғын үй бөлу, 21-әлеуметтік қамсыздандыру, 6 білім беру, 131- әр түрлі мәселелер бойынша өтініштер.
Әкімнің жеке қабылдауында 101 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Бір өтініш қараусыз қалмайды, ал олардың орындалуы ерекше назарға алынады.
Құрметті жерлестер !!!
Сөзімді аяқтай келе, Елбасы жолдауының тапсырмалары мен міндеттерін орындау мақсатында, алдағы уақытта ауданымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін алға қойылған міндеттерді лайықты орындаймыз деп ойлаймын. Бірлесе атқарған жұмыс – қашан да игі жемісін береді. Елбасы атап көрсеткендей «Біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз, тәуелсіз Қазақстанның» келешегіне қызмет ету. Олай болса, ауданымыздың дамуы мен көркеюі жолында баршаңызға толайым табыстар тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |