Кіріспе б І бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі314 Kb.
#22277
  1   2   3


Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………..........2-3 б

І бөлім . Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік

қызметте салық салудың экономикалық мәні.

1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі..............................4-5 б

1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны...........................5-9 б
ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік

қызметте салық салуды есептсу және талдау.

    1. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері..............................................................................10-17 б

2.2. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте

салық салуды талдау.........................................................................18-21 б

2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын

жүзеге асыратын органдар................................................................21-24 б

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде

жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды

жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс

жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды

жетілдіру жолдары........................................................................ 25-29б

3.2 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс

жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды

ретттейтін ұлттық заңнама.......................................................29-32 б


Қорытынды...................................................................................33-34 б

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................35
Кіріспе

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы.

Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.





Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет



Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.

Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:



Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.

Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.

Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.

Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.

Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:



  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.

Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.

Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осыған ұқсас жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.

Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.

Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады. Егерде мемлекеттің нақтыланған салық жүйесі өз жұмысын дұрыс жүргізсе, халқымыздың жағдайы да жақсарады,өйткені салық ол - адамның тамақтануына азық–түлік қалай керек болса,ал мемлекеттің ең басты азығы болып салық табылады.



I бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні.

1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

  • Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

  • Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс.

  • Жеке кәсіпкерлердің патент бланкілері қатаң есептік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданды.

2. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.

3. Жеке кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өтінішті табыс етеді.

Патент жеке кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

4. жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:

1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтінішті;

2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;

4) жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензиясының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Патент алуға электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильдермен тасымалдау жөнінде қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, жеке кәсіпкер қызметін жүзгег асыра тын жердегі салық органына уәкілеттік мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.

6. Салық органдары салық кодексінің № 374-баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді бір күн ішінде жүргізеді.

7. Жеке кәсіпкерді мемлекеттіктіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

8. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық органдарына Мемлекеттік әләуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды.

1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді – енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл – ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конститутцияларына бекітті.

Жоғарғы деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу «Қазақстан – 2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.

Бүгінгі таңдағы білімге негізделген валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.

Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық – иновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылытынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.

Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият – бұл елдің маңызды және ешқашантаусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.

Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекегеқабілетті болуы. Кәсіпкердің қазіргі таңда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз қолымен» деген ұранды ұстауы – маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.

Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.

Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғңашқы күндерінен – ақ жағдай жасауда.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан – жылға көбеюде. Мысалы, 1992 – 2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент бар.


  1. Патенттердің саны көбейген сайын тпайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.

Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвенцисының 2 – бабында «Интеллектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарлапрына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер,

тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге , қара ниетті бәсеклкстікке қарсы қорғану, сондай – ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АҚ – нің 961 – бабында жүйелендірілген тізілім берілген.

Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, Кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс паент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.

Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иекленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасау жолымен ғана пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК – нің 125, 964 – баптарымен бекітілген.

Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау принциптерітүбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.

1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно – поверочную) және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республоикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады.

Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан республикасы Патент Заңының 22 – бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.

Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.

Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.

Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасайды.

Бұл екі қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы ) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтімнің патент ведомствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.

Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.

Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патентөнімінің патент ведомствосына берілген каүннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент – он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.

Патент – patent – мына мән – жайларды:

1) Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;

2) Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;

3) Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патентиесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б). Патенти беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.

Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі – жаңалықты енгізетінтұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:


  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі,патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

  • айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;

  • айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.

Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.

Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесімемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады.Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған.Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.

ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептеу және талдау.

2.1. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері.

Өнертабыстар

Өнертабыс түсінігі мен объектілері:

Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:

~~ жаңалығы;

~~ өнертапқыштық деңгейдің болуы;

~~ өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралыретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгілеген мөлшерде,белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешімретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экғономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.

Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді екендігі анықталады.

Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.

Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор.

Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер – «Шарниро – рыжачный механизм».

Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравилическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект – құрылғы категориясында жатқызылуы мүмкін.

Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық, құрылыстар , сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады – мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.

Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де : түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.

Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструкторлық белгілермен

сипатталады:



  • конструкторлық элементтердің болуы;

  • элементтер арасында байланыстың болуы;

  • құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, геометриялық нысанда жасалуы;

  • элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;

  • құрылғы немесе оның элементтеріжасалған материал;

  • құрылғы кез келген элементтердің қызметін орындайтындардың аясы.

Тәсіл - өнертабыс объектісі ретінде . Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл – белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.

Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді былай бөлуге болады:

 Өнім (бұйымдар, заттар т.б) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсілдері», «Ацетилен алу әдісі»;

 Белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер (тасымалдау, реттеу, өңдеу т.б). Мысалы, «Жер өңдеу тәсілі», «Электромагниттік клапандыбасқару әдісі»;

 Нәтижіңде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын

әдістер )бақылау, өлшеу, диагностика т.б ). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі»

Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.

Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы, «Тістер кариесін алдын алу әдісі», «Артериальді гипертония диагностиканың әдісі».

Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:

белгілі бір әрекетінің немесе әрекеттер жиынтығының болуы: «...тұзды ерітеді...»;



  • осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.). «...қышқылмен өңдегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...»;

  • әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40 С-ға дейін қыздыру кезінде ерітеді...»;

  • заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдертектері және т.б.).»процесті инертті газ атмосферасынада жүргізеді...»;

  • құрылғыларды пайдалану.

«...реагентті электрохимиялық өндеуін ерітілмеген электродтары бар электролизда жүргізеді...».

Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің талаптары

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық қорғау беріледі. Өнертабыс патент қабілеттілігінің бұл талаптары әлемнің көптеген елдерінің патент заңдарында анықталған.



Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы оның патент қабілеттігінің негізгі және міндетті талабы болып табылады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді. Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер танылады. Қызметтік, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы қол жетімді болған мәліметтер жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағы на сәйкес өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш берушінің немесе осы ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен бірге , Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты куөрсету өнертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктермей берілген болса, өнертабыс патент қабілеттілігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңілдік өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауғамүмкіндік береді.



Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің келесі критерийі болып өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебі, оның көмегімен ғылыми және техникалық погрескеиқандай да бір зерттеменің үлесі бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешім техника деңгейіне үлес қосады деп есептелінбейтіндігі анық. Техника саласында қандай да бір білімге қол жеткізіп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негізі жоқ белгілі құралдардың жаңа комбинацияны көрсететін объектіні жасай алады. Сондықтан, әр түрлі елдердің патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлік зерттемелерден немесе объектілерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей) мүмкіндік беретін өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий қалыптасқан. Германияның Патенттік заңында бұл критерий өнертапқыштық қызмет деп аталады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшін ол техника деңгейі туралы мәліметтерден айқын кездеспейтін болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейі туралы мәліметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейін жүзінде жалпы жұртқа мәлім болған кез келген мәліметтерді қамтиды.

«Өнертапқыштық деңгей» критерийі «маман» түсінігі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында «маман» түсінігі ашылмайды, бірақ оның мазмұны бірқатар елдердің патент заңдарында берілген. Маман ретінде жұмыс істейтін, оның өтініш берілген өнертабыс саласы жататын саладағы барлық жалпы білімдері белгілі болған тәжірибелі тұлға танылады. Маман объектіні жасау үшін белгілі шешімдерді біріктіре алса, онда ұсыныс өертапқыштық деңгей талабына жауап бермейді.

Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау «шығармашылық» түсінігінің субъективті болуынан қиынға соғады. Себебі, өнертабыстың патентке қабілеттігінің аясында туындайтын даулардың көбісі осы критерий бойынша туындайды.



Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Қазақстан Республикасының Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсіпте пайдалануға жарамды деп танылады.

Өнертабыстың өнеркәсіптік қолданылуын тану үшін келесі талаптардың жүзгеге асуы қажет:



  1. Өтініш материалдарына өтініш берілген өнертабыс объектілерінің мақсаты көрсетілуі тиіс;

  2. Өнертабыс формуласында сипатталған түріндегі өнертабыстың жүзеге асырылуы мүмкін болатын әдістер мен құралдар өтініш материалдарында көрсетілуі тиіс (өтінш материалдарында ондай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзіне жалпы жұртқа мәлім болған қайнар көзде көрсетіле алады).

  3. Өтініш беруші көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін болуы.

«Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылық» түсінігі кенң мағынада қолданылу қажеттілігін атап өту қажет, ол қандай да бір техникалық пайдалануды максимальды тиімділігін меңземейді. Аталған критерий міндеті мен мәні өнертапқыштық қызмет салаларының біреуінде қолданылудың қағидалық міндетін көрсету.

Өнертабыстар техника деңгейіне қарағанда, пайдалы модель үшін техника деңгейін анықтауда екі ерекшелік бар.

Бірірші ерекшелік – техника деңгейі туралы мәліметтер пайдалы модельге басымдық берілген күнге дейін жұртқа мәлім болған, арыз беріліп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзінде жарияланған мәліметтерді және Қазақстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер менөнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектісі «Аэростат» болса, онда оны оған ұқсас объектілермен емес, аэростаттармен салыстыру қажет.

Екінші ерекшелігі – техника деңгейіне мақсаттас құралдарды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтер кіреді, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолютті емес, өнертабыстарғақарағанда әлемдік қатысты болып табылады.



Өнеркәсіптік үлгі.

Өнеркәсіптік үлгі түсінігі. Өнеркәсіптік үлгілер түрлері.

ҚазақстанРеспубликасының 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіптік қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

Анықтамадан көріп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрінде көркемдік және конструкторлық шешім болуы керек. Бір ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсіптік үлгі болып танылуына жеткіліксіз. Бұйымның функционалдық мазмұны оның анық көркемдік нысанына сәйкес болуы тиіс, көркем және техникалық (конструкторлық) белгілерінің біртұтастығымен сипатталуықажет. Сыртқы нысаны ретінде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесінде тұтынушы көретін түрін түсіну керек. Оның сыртқы нысаны ішкі құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиіс.

Патент Заңының әрекеті өнеркәсіптік үлгінің көптеген түрлеріне тарайды. Оларға көлемді, жазық және аралас өнеркәсіптік үлгілер жатады.



Көлемді өнеркәсіп үлгі ретінде некгізін дамыған өлшемді көлемді-кеңістік құрылым композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдік-конструкторлқ шешім.

Жазық өнеркәсіптік үлгіекі өлшемді сызықтық түстендірілген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кілем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешімдер.

Аралас өнеркәсіптік үлгі аталған екі шешімге тән белгілермен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрін анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешімдер.

Өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары.

Өнеркәсіптік үлгі патентке қабілеттігінің белгілі талаптарына немесе критерийлеріне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашылдық, бірегейлік және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы.Бұл критерийлер өтініш берілген мерзімге олардың болуын дәлелдеу және бүкіл мерзімге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты тандалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжірибесіде таралған өнеркәсіптік үлгілердің патентке қабілеттігі талаптарына сай.

Жаңашылдық. Өнеркәсіптікүлгі бұйымның эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгі басымдылығының күніне дейін дүние жүзінде жалпыға мәлім мәліметтерде белгісіз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолютті әлемдік жаңашылдыққа ие өнеркәсіптік үлгілер ғана құқықтық қорғалады.

Өнеркәсіптік үлгі жаңашылдығын бекіту кезінде жалпыға мәліметтермен қатар, басқа тұлғалармен берілген ертеректкгі басымдықты өтінімдер және тіркелген өнеркәсіптік үлгілер есептеледі.

Өтініш берілген көркемдік-конструкторлық шешімнің жаңашылдығы өтінім берілген және оның аналогтарымен танылған белгілі үлгілердің, елеулі белгілерін салыстыру жолымен өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінімнің басымдық мерзіміне бекітіледі. Белгілі үлгілер функционалдық мақсаты мен елеулі белгілері жиынтығының белгілі көркемдік-конструкторлық шешімдермен толық сәйкес келуі өтінім берілген үлгінің жаңашылдық критерийіне сәйкес келмейтіндігін тануғажәне өтінім берілген үлгіні тіркеуден бас тартуға алып келеді.

Өндірістік үлгіні тіркеуге өтініш оның ашылған мерзімінен 6 айдан кешіктірмей берілген болса, өтінім берілген үлгіге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтініш берілген үлгінің жаңашылдығына әсер ететін жағдай ретінде танылмайды.

Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері бұйымның эстетикалық ерекшеліктерін ің шығармашылық сипаты негіз болса, ол бірегей болып танылады. Өтініш берілген үлгіні неғұрлым жақын аналогтан айыратын елеулі белгілерін айқындау жүргізіледі. Бірегейлікті тексеру кезінде өтініш берілетін үлгінің ерекшелендіретін белгілердің шығармашылық өзіндігі бекітіледі.

Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсіптік үлгі, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бірнеше рет қайта өндірілеалса, өнеркәсіптік қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында шексіз мөлшерде қайта өндірілетін үлгілер патенттік қорғау алады.

Патенттік қорғау бірегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешімдерге таралмайды, себебі олардың эстетикалық құндылығы таралымға түскен кездле жоғалады. Қайта өндіру қабілеті ерекшк көркемдік-конструкторлық шешімнің патенттік-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта қайта өндірілмейтін болса, оның патенттік қорғау қабілеттігі жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормаоары таралады. Өнеркәсіпте қолдануғажарамдылығын бағалау кезінде таралымға түсу қабілеті ғана емес, өтінімде көрсетілген немесе белгілі құралдар мен материалдар көмегімен өтінім берілген бұйымның жүзеге асырылуы да тексеріледі. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндіру мүмкін болмаса, онда ол өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық критерийіне сәйкес болып танылмайды.



Тауар таңбасы.

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы – бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз қолданылатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі.

Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты міндеті – қандай болмасын өндірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін басқа өндірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу,яғни тауар немесе қызметті дараландыру болып табылады.

Таңба неғғұрлым көрнекті болса,соғұлым оның иесінің оны құқықтық қорғау, жарнама және өткізу салалларында сәттілігі үлкен болады.

Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингінде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметті көрнектіқылады.

Тауар таңбасы – бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңіл есте сақталынатын, өзге тауар белгілерінен ерекшеленетін, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлі материалдарға жақсы салынатын графикалық көрініс.

Тауар таңбасы ретінде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин», «колгейт», «тайд», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тіркеле алады. Сонымен қатар, акустикалық тауар таңбасы – тауар таңбасын көрсетумен берілетін арнайы әуен тіркеле алады.

Жаңа тауар таңбасын енгізу үшін көптеген батыс фирмалары шамамен 30-40 млн доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған «Mc Donald» корпорациясы 5 жыл ішінде ғана 57 млн доллар жұмсады.

Тауар таңбасы нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары үшін маңызды.

Тұтынушы үшін тауар таңбасы – бірыңғай тауарлар іздеу кезінде бағыт беруші құрал болып табылады.

Өндіруші үшін тауар таңбасы – нарықты жаулап алушы құрал болып табылады , себебі тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлі өндірушілердің бірыңғай өнімдерінен дараландырады.

Мемлекет мүддесіне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарықта тәртіп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, ол өндірушіні тануға, тұтынушының, өндірушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Тауар ттаңбасына келесідейекі талап қойылады:


  • Тауар таңбасы бойынша;

  • Мораль мен қоғамдық тәртіпке қайшы болмауы тиіс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.

Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшінайрықша болуы тиіс. Мысалы, «сусын» сөзінде ерекшелендіретін қабілет жоқ әне алкогольды не алкогольсыз сусындар үшін тауар таңбасы бола алмайды, себебі ол тауарлардың бүкіл категриясын анықтайды.

Екінші талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты – тұрпайы тауар таңбаларын, сонымен қатар,жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттеріне және олардың географиялық шығарылған жерлеріне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тіркелуін алдын алу екендігін атап өту қажет. Мысалы, Қазақстандық өндірушілер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық атаулар, себебі Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Франциядаорналасқан) тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киімдер, белгілене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.

Тауар таңбасы қорғалуы ұщін ол тіркелуі қажет.

Тәжірибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бірнеше түрлері үшін тіркеледі. Кейбір өндірушілер олар өндіретін әр түрлі өнімдер үшін бір тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық фирмалар да өздерінің әрбір дәрі – дәрменіне қатысты тауар таңбаларын тіркеуге ұмтылады.



Тауар таңбаларының түрлері.

Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретінде тіркеле алатын белгілер түрлерінің толық тізімі берілген. Оларға әр түрлі өндірушілердің бірыңғай тауарлары мен қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін сөздік, әріптік, сандық, бейнелік, көлемдік және өзге белгілер немесе олардың комбинациясы жатады.

Көп жағдайда сөздік тауар таңбалары қолданылады.Оларға тілдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, adventure), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), тағы да, сөз тіркестері (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тіркестері немесе лозунг – слогандар (мысалы: «өз шөлінен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенің») сөздер жатады.

Көлемдік тауар таңбалары кеңістікте бейнеленген үш өлшемді объектілер болып табылады. Әдетте, көлемдік тауар таңбалары бейнелік, сөздік, көлемдік элементтердің әр түрлі комбинациялары жатады.(мысалы, иіссулардың флакондары).

Аралас тауар таңбаларына бейнелік, сөздік,көлемдік, элементтерінің әр түрлі комбинациялары жатады.(мысалы, қанатты барсүстіндегі батыр бейнесі «Отандық маркасы» сөздерімен үйлесі).

Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерінен басқа сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иістік) және де тауар таңбаларының өзге түрлері бар. Олар анық және бірмәнді иденфикациясы кезінде ғана олар тіркеле алады.

Дыбыстық тауар таңбасы – ол фонограмма түрінде бекітілген және нота жазбаларында көрсетілген немесе дыбыс түрінде көрсетілген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшін теңіз дауысы). Бүкіл әлемде тіркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тіркеулердің мысалдары әлі жоқ.

Ұжымдық тауар таңбалары ерекшк категорины құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар біртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндіретін не жеке кәсіпкерлер ұйымының атына тіркеледі.Мысалы, Қазақстанда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелері өндіретін «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау масатында өз өнімін біртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесімен) шығарады және сатады.. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде тауар таңбаларының жоғарцыда аталған ретінде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрі тіркеле алады.

Тауар таңбалары олар тіркелген ақ – қара түрінде де, тісті тәрінде де тіркеледі.


    1. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептеу және талдау.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі:

  1. Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдеген кірістің 2 % -ті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.

  2. Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:

    1. жеке табыс салығы – патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;

    2. әлеуметтік салық – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

  1. Жеке кәсіпкерді іс - әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлікқызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

  2. Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.

Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің құны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимі

Патент негізінде арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:



  • Жалдамалы қызметкуерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  • Жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

  • Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір 12 ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.

Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанындағы өтінішті табыс етеді.

Патент дара кәсіпкерлерге кемінде 1 ай мерзімге және 12 ай дан аспайтын мерзімге беріледі.

Дара кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметтеі жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:



  1. Уәкілтті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша патент алуға өтінішті;

  2. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

  3. Бюджетке патент құнының , жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;

  4. Дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензиясының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.Дара кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанындағы өтінішті береді.

Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді 1 күн ішінде жүргізеді.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық органдарына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.

Мысалы: ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:



  • Жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;

  • Толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (асыл тұқымды кіреді), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге патент бойынша салық көлемін 80%-дық азайту көзделген.

Салық кезеңі – күнтізбелік жыл патент құны есебіне салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады.Патент негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер патент алуға құқылы, мерзімі 1 айдан күнтізбелік 1 жылға дейін.Олар заңды тұлғаға салынатын салықтан , қосымша құн салығынан және мемлекеттік әлеуметтік салықтан босатылады.

Патент құнының есептеу тәртібі:

Патент құнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы енгізіледі.

Патент негізінде салық төлеушілердің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың 3%-ті алып тасталынуы тиіс.Анықталған сома патент сомасы болып табылады, бұл шыққан соманы кәсіпкер бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде төлеуі тиіс.

Мысалы:жеке кәсіпкердің ұсынылған табысы 50,0 мың теңге делік, патент сомасы 1000 теңге (50,0 * 2%). Патент сомасы бөлінеді жеке табыс салығына 500 теңге (1000 /2 =500) және әлеуметтік салыққа 500 теңге түрінде бюджетке табыс етілуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандай арнаулы салық режимін патент негізінде жеке табыс табудағы кәсіпкерлікте Қазақстан Республикасының аумағында келесі шарттарды орындау керек:



    • арнаулы тізім түрінде анықталған 123 іс әрекеттер бойынша жұмыс атқару;

    • күнтізбелік жылдағы кәсіпкерлердің жылдық табысы 2,0 млн. теңгеден аспауы керек.

Егер жеке кәсіпкердің СК бойынша табысы 2,0 млн. теңгеден асса және жалдамалы жұмыс күшін қолданса, ол салық төлеудің арнайы салық төлеу режиміне немесе жалпы қабылданған салық төлеу тәртібіне ауысады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет