Барлық биологиялық жүйелер, яғни ағзалар, популяциялар және биоценоздар, өзінің даму кезеңінде мекендеген жерлердің бірнеше факторларына бейімделеді


Дәріс тақырыбы. Биоиндикация түрлері



бет2/50
Дата03.01.2022
өлшемі71.15 Kb.
#450658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Экологиялық мониторинг 2020-2021

2.2.2. Дәріс тақырыбы. Биоиндикация түрлері.

Дәріс тезистері.

Биоиндикация бірнеше түрге бөлінеді. Егер әр түрлі антропогендік факторлардың әсерінен екі бірдей реакция пайда болса – ерекшеленбеген биоиндикация деп атайды.

Ал, белгілі бір фактордың әсерінен әр түрлі өзгерістер пайда болса – ерекшеленген биоиндикация деп атайды. Егер тіршілік әрекеттердің қалыпты жағдайлардан ауытқуы байқалса – сезгіш биоиндикация деп атайды. Антропогендік әсерлерден пайда болатын және өте баяу жүретін, жинақталатын өзгерестерді – аккумулятивтік биоиндикация деп атайды. Осындай өзгерістер, яғни ластану, жинақталу және т.б., экофизиологиялық және биоценотикалық процестер деңгейінде пайда болады. Табиғатта биоиндикация түрлері реакция тізбегін құрайды. Егер антропогендік фактор тікелей биологиялық элементке әсер етсе – түзу биоиндикация дейді. Кейбір жағдайларда әр түрлі элементтердің әсерінен өзгерістер пайда болады – оны ұқсас биоиндикация деп атайды.

Ағзаның ішінде антропогендік факторларға жауап беру әсерінен, реакциялар бір – бірімен байланысады. Бірінші реакция – алғашқы биоиндикацияның негізін, екінші реакция – қосымша биоиндикацияның негізін құрайды.

Биоиндикациялық реакциялардың даму уақытына байланысты сезгіштіктің 6 түрін жіктеуге болады:

1.биоиндикатор белгілі бір уақыттың ішінде әсерлерге жауап бермейді (эффекті деңгейдің жоғы ), содан бір ғана өте күшті әсер беріп, өзінің сезімталдығын жояды (эффекті деңгей өте жоғары).

2.бірінші түрге ұқсас, бірақ реакция кенеттен және күшті, белгілі бір уақыт сақталады да, күрт жоғалады.

3.көп уақытқа созылатын, белгілі бір жиілігімен сипатталатын зақымдағыш әсерлерге бейім биоиндиатор.

4.Биоиндикатор – тез, күшті реакциядан кейін, алғашында күрт баяулауы, содан созылмалы өшумен сипатталады.

5.Зақымдаушы әсерлер пайда болғанда, алғашында күшті реакция пайда болады да, біртіндеп өтеді.

6. 5 түрдің реакциясы бірнеше рет қайталанады, биоиндикация көрсеткіштердің осцилляция құбылысы пайда болады.

Негізгі әдебиеттер

1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.

2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.

3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.

4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.

5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.

Қосымша әдебиеттер

1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.

2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.

3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192 б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет