Барлығы – 90 сағат


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет7/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#163722
1   2   3   4   5   6   7

6.ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


  1. дәріс

тақырыбы: Арнайы салыстырмалық теориясына Кіріспе

Мақсаты: Арнайы салыстырмалық теориясының негіздерімен танысу

тірек сөздер. Арнайы салыстырмалық теориясы (АСТ), Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендіруі

Негізгі сұрақтар және мазмұны.

  • Классикалық механика қозғалыстың қандай түрлерін зерттейді?

  • Классикалық механиканың шектеулері қандай?

  • Энергия мен импульс шамаларының мағынасы бойынша релятивистік физика көзқарасының ерекшелігі қандай?

  • АСТ – ның негізін қандай постулаттар құрайды?

  • Галилейдің салыстырмалық принципінің электродинамикамен қайшылығы неде?

  • Эфир гипотезасы жайында не білесіз?

  • Майкельсон-Морли тәжірибесінің негізгі идеясы және қортындысы қандай?

  • Эйнштейн постулаттарын айтыңыз.

  • АСТ-дағы санақ жүйесі ұғымына не кіреді? Классикалық механикадағы сәйкес ұғымынан айырмашылығы қандай?

  • Оқиға дегеніміз не?

  • Сигнал дегеніміз не?

  • Қандай жылдамдық релятивистік, ал қандайы релятивистік емес?

  • ИСЖ – да сағаттар синхрондалуы қалай іске асырылады?

  • Меншікті және координаталық уақыт дегеніміз не?

Өзін - өзі тексеру сұрақтары

  • Сызғыштар салыстырмалы козғалыс бағытына перпендикуляр орналасқанда ұзындықтары өзгере ме?

  • Сызғыштар салыстармалы қозғалыс бағытына параллель орналасканда ұзындықтары өзгере ме?

  • Уақыттың салыстырмалығы ұғымы нені білдіреді?

  • Жылдамдықтар өте төмен болғанда Лоренц түрлендірулері қандай түрде жазылады?

  • Бұл уақыттылықтың салыстырмалығы ұғымын қалай Лоренц түрлендірулері арқылы қалай дәлелдеуге болады?

  • Қайсысы ұзақ өмір сүреді: Тез қозғалатын бөлшектер ме, әлде жай қозғалатын бөлшектер ме?

  • Ұзындықтар салыстырмалылығын Лоренц түрлендірулері арқылы қалай дәлелдеуге болады?

  • Физо тәжірибесінің негізгі мақсаты не? Қортындысы қандай?


Әдебиет: Силлабусты қара.


  1. дәріс

тақырыбы: Минковский кеңістігі.

Тірек сөздер: Төртөлшемді векторлар мен тензорлар Интервалдар классификациясы Төртөлшемді жылдамдық.

Мақсаты: Төртөлшемді векторлар мен тензорлар, интервал сияқты АСТ түсініктері мен ұғымдарына анықтама.

Негізгі сұрақтар және мазмұны.

    • Минковский кеңістігінде Лоренц түрлендірулері санақ координаттарының айналуы ретінде.

    • Төртөлшемді векторлар мен тензорлар, физика заңдарын коварианттық түрде жазу.

    • Оқиғалардың арасындағы интервал, оның инварианттығы.

    • Төртөлшемді векторлар мен тензорлар

    • Интервалдардың классификациясы және оқиғалардың арасындағы себептілік-салдарлық байланыстар.

    • Өзіндік(меншікті) уақыт.

    • Төртөлшемді жылдамдық.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Оқиғалар қандай да бір ИСЖ да бір нүктеде болуы үшін олардың арасындағы интервал қандай болуы керек?

  2. Оқиғалар қандай да бір ИСЖ-да бір уақытта болуы үшін олардың арасындағы интервал қандай болуы керек?

  3. Оқиғалар қандай да бір ИСЖ -да әрі бір нүктеде әр бір уақытта болуы үшін интервал қандай болуы керек?

  4. Минковский әлемі дегеніміз не?

  5. Лоренц түрлендірулері Минковский әлемінде қандай сызықтық координат түрлендірулеріне сәйкес келеді?

  6. Сигнатура дегеніміз не?

  7. 4-өлшемді радиус векторының құраушысы қандай?

  8. 3-кеңістіктегі физикалық шамаларды, 4-кеңістікте көрсету үшін қандай принциптерге сүйену керек?

  9. 4-жылдамдық, оның квадраты?

Әдебиет: Силлабусты қара.
3 – дәріс

тақырыбы: Релятивистік динамика.

Мақсаты: Төртөлшемді энергия- импульс, күш векторлары мен танысу.

Тірек сөздер. Өзара әсерлесу, өткізгіштер, электростатикалық қорғау, Ван-де Грааф генераторы.

Негізгі сұрақтар және қысқышы мазмұны:

    • Бөлшектің инварианттық массасы.

    • Бөлшектің төртөлшемді импульсы, оның құраушылары (үш-өлшемді импульс және релятивистік энергия).

    • Төртөлшемді күш вектор ы, оның құраушылары.

    • Релятивистік қозғалыс теңдеуі.

    • Бөлшектің өзіндік энергиясы мен массасының байланысы (Нольдік массалы бөлшек),

    • бөлшекке арналған Гамильтон функциясы.

    • Төртөлшемді энергия-импульс және күш векторларының түрленуі

Өзін - өзі тексеру сұрақтары

      1. 4-импульс құраушыларын жаз?

      2. 4-күштердің құраушыларын жаз?

      3. Энергия мен импульстардың өзара байланысы қандай?

      4. 4-векторының түрлену заңдарын қорыту үшін қандай формулаға сүйенеміз?

      5. 4-импульстерінің түрлену заңдарына мысал келтіріңіз?

      6. 4-күштің түрлену заңдарына мысал келтіріңіз?

Әдебиет: Силлабусты қара.
4 – дәріс

тақырыбы: Бөлшектер жүйесі үшін релятивистік динамика

Тірек сөздер: бос және байланысқан зарядтар, диэлектрлік өтімділік, электр индукция векторы

Негізгі мәселелер және мазмұны:

    • Әсерлеспейтін бөлшектер жүйесі, оның төртөлшемді импульсы.

    • Өзара әсерлеспейтін бөлшектер жүйесінің энергиясы және инварианттық массасы.

    • Релятивистік физикада өзара әсерлесетін бөлшектерді сипаттау ерекшеліктері.

    • Физикалық өріс, оның энергиясы және импульсы туралы ұғымдар.

    • Байланысқан бөлшектер жүйесі, оның массасы және байланыс энергиясы.Массалар дефектісі.

    • Асимтотикалық әсерлеспейтін бөлшектер жүйесі,

    • Төртөлшемді импульстің сақталу заңы.

    • Бөлшектердің ыдырауы, ыдыраудың энергетикалық шарты.

    • Серпімді және серпімсіз соқтығысу.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

      1. Әсерлеспейтін бөлшектер жүйесінің энергиясы қалай анықталады?

      2. Байланысқан бөлшектер жүйесі, оның массасы және байланыс энергиясы қалай анықталады?

      3. Кинетикалық энергияның салыстырмалық теориясындағы формуласы?

      4. Массалар дефектісі дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.
5 - дәріс

тақырыбы: Электрдинамикасына кіріспе.

Мақсаты: Электрдинамикасына жалпы сипаттама беру.

Тірек сөздер: Электр динамикасы.

Негізгі мәселелері және мазмұны:

    • Электрмагниттік әсерлесу, оның сипаттамалары.

    • Классикалық электродинамиканың пәні және әдістері, басқа физика пәндердің арасындағы оның орны.

    • Электр заряды және оның негізгі қасиеттері.

    • Заряд және ток тығыздығы.

    • Зарядтың сақталу заңы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

    1. Электрмагниттік әсерлесу дегеніміз не?

    2. Оның қандай сипаттамалары бар?

    3. Классикалық электродинамиканың басқа физика пәндердің ішінде алатын орны.

    4. Электр зарядының негізгі қасиеттері қандай?

    5. Заряд тығыздығы және ток тығыздығы векторының белгілеуі қандай?

    6. Зарядтың сақталу заңы.

Әдебиет: Силлабусты қара.
6 – дәріс

тақырыбы: Вакуумдағы электрмагниттік өріс сипаттамалары.

Мақсаты: Электр және магнит өрістерінің кернеулік және индукция векторларына жалпы сипаттама беру

Тірек сөздер: Өріс, кернеулік, индукция, суперпозиция принципі.

Негізгі сұрақтары және мазмұны:

    • Вакуумдағы электрмагнит өрісі

    • Электрмагнит өрісінің зарядталған бөлшектерге әсері

    • ­Өріс көздері.

    • Электр және магнит өрістері.

    • Электр өрісінің кернеулігі,

    • Магнит өрісінің индукциясы,

    • Өрістер суперпозиция принципі.

    • Лоренц күші.

    • және векторларын электрмагниттік өріс күйінің айнымалы сипаттамалары ретінде қарастыру.

    • Классикалық электродинамикада себептілік принципі.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Электр және магнит өрістерінің басты сипаттамалары қандай?

  2. Электр өрісінің кернеулігі қалай өлшенеді?

  3. Магнит өрісінің индукциясы қандай шама?

  4. Өрістер суперпозиция принципінің формуласын жаз.

  5. Электрмагниттік өрістің электр және магнит өрістеріне жіктеуінің салыстырмалығын қалай түсінесің?

Әдебиет: Силлабусты қара.
7- дәріс

тақырыбы: Электр динамикасының эксперименттік негіздері.
Мақсаты: Электрдинамикасының эксперименттік негіздері болып саналатын тәжірибелерге сипаттама беру.

Тірек сөздер: электрстатика заңдары, магнитостатика заңдары

Негізгі сұрақтары және мазмұны:

    • Кулон заңы

    • Вакуумдағы электрстатиканың теңдеулері.

    • Био-Савар –Лаплас заңы

    • Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері.

    • Фарадейдің электр магниттік индукция заңы.

    • Электр зарядының сақталу заңы

    • Максвелдің ығысу ток туралы гипотезасы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Вакуумдағы электрстатиканың теңдеулерінің интегралдық және дифференциалдық формуласын жаз.

  2. Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулерінің интегралдық және дифференциалдық формуласын жаз.

  3. Фарадейдің электр магниттік индукция заңының интегралдық және дифференциалдық формуласын жаз.

  4. Электр зарядының сақталу заңының интегралдық және дифференциалдық формуласын жаз.

  5. Максвелдің ығысу ток туралы гипотезасы не айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
8 – дәріс,

тақырыбы: Вакуумдағы электромагниттік өрістің жалпы қасиеттері.

Мақсаты: Вакуумдағы электромагниттік өрістің қасиеттерін сипаттау

Тірек сөздер: Максвелл теңдеулері. Үлгілік инварианттық, Лоренц шарттары



Негізгі сұрақтары және мазмұны:

    • Вакуумдағы электромагниттік өріске арналған Максвелл теңдеулері жүйесі

    • Максвелл теңдеулері жүйесінің интегралды түрі

    • Максвелл теңдеулері жүйесінің дифференциалды түрі.

    • Максвелл теңдеулерінің физикалық мағынасы.

    • Максвелл теңдеулер жүйесінің қасиеттері.

    • Электр магниттік өрістің потенциалдары.

    • Үлгілік инварианттық. Лоренц шарттары.

    • Потенциалдарға арналған теңдеулер.

    • Электрмагниттік өрістің энергия ағынының тығыздығы

    • Электрмагниттік өрістің энергиясының тығыздығы.

    • Өріс-бөлшек жүйесіндегі энергияның сақталу заңы.

    • Өріс-бөлшек жүйесіндегі импульстің сақталу заңы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Максвелл теңдеулерін жатқа жаз.

  2. Максвелл теңдеулерінің әрқайсысының физикалық мағынасын айт.

  3. Электр магниттік өрістің потенциалдарының теңдеулерін жатқа жаз.

  4. Лоренцтің калибрлік инварианттылық шартын жатқа жаз.

  5. Оның маңызы қандай?

  6. Өріс-бөлшек жүйесіндегі энергияның және импульстің сақталу заңдарын түсіндір.

Әдебиет: Силлабусты қара.
9 – дәріс,

тақырыбы: Вакуумдағы электрстатикалық өрісінің теңдеулері.

Мақсаты: Электрстатикалық өрістің негізгі теңдеулерінің шешімдарін зерттеу.

Тірек сөздер: мультиполь, дипольді, квадрупольді момент, жуықтау.

Негізгі сұрақтары және мазмұны:

    • Вакуумдағы электрстатикалық өрісінің теңдеулері.

    • Электростатикалық потенциал.

    • Пуассон теңдеуі, оның жалпы шешімі.

    • Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің потенциалы,

    • Мультипольді құраушыларға жіктеу.

    • Электрстатикалық өрісті дипольді жуықтаумен қарастыру, дипольді момент.

    • Квадрупольді момент туралы ұғым.

    • Электрстатикалық заряд жүйесінің энергиясы.

    • Сыртқы электрстатикалық өрісінде тыныштықта тұрған зарядтар жүйесіне әсер күші.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Вакуумдағы электрстатикалық өрісінің теңдеулерін жатқа жаз.

  2. Пуассон теңдеуі, оның жалпы шешімі қандай.

  3. Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің потенциалын қатарға жіктеуді қалай орындайды?

  4. Дипольді момент пен квадрупольді моменттердің формулаларын жатқа жаз.

  5. Сыртқы электрстатикалық өрісінде тыныштықта тұрған зарядтар жүйесіне әсер ететін күш және күш моментінің формулалары.

  6. Олар қай жағдайда әсер етеді?

  7. Олар қай бағытта әсер етеді?

Әдебиет: Силлабусты қара.
10 – дәріс.

тақырыбы: Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері.

Мақсат: Магнит өрісінің негізгі заңдарын пайдаланып, магнитостатикалық өрістің негізгі заңдарын зерттеу, пайдалану.

Тірек сөздер: Векторлық потенциал. Пуассон теңдеуі. Магниттік момент

Негізгі сұрақтары және мазмұны:

    • Вакуумдағы магнитостатикалық өріс теңдеулері, оларды түсіндіру.

    • Векторлық потенциал. Векторлық потенциалға арналған Пуассон теңдеуі, оның толық шешімі.

    • Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің векторлық потенциалы.

    • Стационарлық магнит өрісін магниттік дипольді жуықтаумен қарастырылуы.

    • Магниттік момент.

    • Сыртқы магнит өрісінде қозғалған токтар жүйесінің энергиясы,

    • Сыртқы магнит өрісінде қозғалған токтар жүйесіне әсер ететін күштер

Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

  1. Вакуумдағы магнитостатикалық өріс теңдеулерін жаз?

  2. Векторлық потенциал дегеніміз не?

  3. Векторлық потенциалға арналған Пуассон теңдеуінің толық шешімі қандай?

  4. Оны үлкен арақашықтықта қатарға жіктеу қалай атқарылады?

  5. Магниттік моменттің жалпы формуласын және шеңберлік ток үшін формуласын жаз.

  6. Сыртқы магнит өрісінде қозғалған токтар жүйесінің стационарлы жағдайында өрісі электростатикалық өріске ұқсастығы бар ма?

  7. Ұқсастығын қалай пайдаланады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
11 – дәріс

тақырыбы: Электр динамикасының релятивистік тұжырымдамасы.

Мақсат: Электр динамикасының релятивистік формулаларын меңгеру.

Тірек сөздер: Төрт өлшемді векторы. Электр магниттік өрістің тензоры.

Негізгі мәселелер және мазмұны:

    • Ток тығыздығының төрт өлшемді векторы.

    • Санақ жүйелері өзгергенде ток тығыздығының түрлендірілуі,

    • Өріс көздерін зарядтарға және токтарға бөлудің салыстырмалылығы.

    • Зарядтар сақталу заңының инварианттық түрі.

    • Төрт өлшемді потенциал, санақ жүйесі өзгергенде оның түрлендірілуі.

    • Лоренц шартының инварианттық түрі.

    • Электр магниттік өрістің тензоры.

    • Санақ жүйесі өзгергенде электр және магнит өрістерін түрлендіру, осы ұғымдардың салыстырмалылығы.

    • Сыртқы электрмагниттік өрісте зарядталған бөлшектің қозғалыс теңдеуінің коварианттық түрі.

    • Вакуумдағы Максвелл теңдеулерінің коварианттық түрі.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ток және заряд тығыздығының төрт өлшемді векторын жаз.

  2. Санақ жүйелері өзгергенде ток және заряд тығыздықтары бір біріне айналып өте ме?

  3. Зарядтар сақталу заңының инварианттық түрін жатқа жаз.

  4. Лоренц шартының инварианттық түрін жатқа жаз.

  5. Электр магниттік өрістің тензорының формуласын жаз.

  6. Электр магниттік өрістің тензорының құраушыларын қалай табады?

  7. Санақ жүйесі өзгергенде электр және магнит өрістері бір- біріне өте ме?

  8. Вакуумдағы Максвелл теңдеулерінің коварианттық түрін жаз.

  9. Сыртқы электрмагниттік өрісте зарядталған бөлшектің қозғалыс теңдеуінің коварианттық түрін жаз.

Әдебиет: Силлабусты қара.
12 – дәріс

тақырыбы: Электрмагниттік толқындар.



Тірек сөздер: Жазық толқындар, үйектелуі -поляризациясы,

Негізгі мәселелер және мазмұны:

    • Толқындық теңдеу.

    • Электромагнитік толқындар- кеңістікте таралатын айнымалы электромагниттік өріс.

    • Электромагниттік толқындардың сипаттамалары: периоды, жиілігі, амплитудасы, олардың таралу жылдамдығы.

    • Жазық толқындар.

    • Электромагниттік толқынның үйектелуі (поляризациясы).

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

    1. Электромагниттік толқындарды шығару

    2. Электромагниттік толқындардың таралуы

    3. Электромагниттік толқындардың сипаттамаларына анықтама беріңіз?

    4. Жазық толқындар дегеніміз қандай толқындар?

    5. Электромагниттік толқынның үйектелуі деп нені айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
13 – дәріс

тақырыбы: Еркін қозғалыстағы зарядтардың электр магниттік өрісі.

Тірек сөздер: Кешігетін потенциалдар, толқындық аумағы, толқындардың сәулеленуі, сәулеленудің қарқындылығы; Томсон формуласы.

Негізгі мәселелер және мазмұны::

  • Даламбер теңдеулері.

  • Кешігетін потенциалдар, олардың физикалық мағынасы.

  • Дипольді жуықтаудағы заряд жүйесінің электрмагниттік өрісінің толқындық аумағы.

  • Электрмагниттік толқындардың сәулеленуі,

  • Сфералық толқындар.

  • Сәулеленудің қарқындылығы.

  • Қарапайым сәулелену жүйелері.

  • Электрдинамика және атомның классикалық планетарлық моделінің қанағаттанғысыздығы.

  • Еркін зарядтың электрмагниттік толқындарды шашыратуы.

  • Томсон формуласы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

  1. Даламбер теңдеулерін жатқа жазыңыз.Шешімдері қандай?

  2. Кешігетін потенциалдар және озатын потенциалдарының жалпы түрі?

  3. Зарядтар жүйесінің электрмагниттік өрісінің толқындық аумағынан басқа қандай аумақ бар?

  4. Электрмагниттік толқындардың сәулеленуі дегеніміз не?

  5. Қарапайым сәулелену жүйелері жөнінде не айтуға болады?

  6. Атомның классикалық планетарлық моделінің қанағаттанғысыздығы неден көрінеді?

  7. Электрмагниттік толқындарды шашыратуы дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.
14 – дәріс.

тақырыбы: Заттағы электр магниттік өріс.

Тірек сөздер: Максвелл-Лоренц теңдеуі, макроскоптық орташалау, магниттелгендік, үйектелімдік -поляризациялану, материалдық теңдеулер

Негізгі мәселелер және мазмұны::

  • Микроскоптық өріске арналған Максвелл-Лоренц теңдеуі, оларды макроскоптық орташалау.

  • және макроскоптық өрістер.

  • Заряд тығыздығын және ток тығыздығын орташалау мәселесі.

  • Еркін және байланысқан зарядтар,

  • Өткізгіштік, магниттелгендік және үйектелімдік (поляризациялану) токтары.

  • Үйектелімдік және магниттелгендік векторлары. және өрістері.

  • Заттағы Максвелл теңдеулерінің формальді жүйесі,

  • Шекаралық шарттар.

  • Материалдық теңдеулер.

  • Тұтас орталардың электродинамикасының жуықтауы.

  • Өрістің потенциалы, оларға арналған теңдеулер.

  • Заттағы электрмагниттік өрістің энергиясының тығыздығы.

  • Заттағы электрмагниттік өрістің энергия ағынының тығыздығы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

    1. Максвелл-Лоренц теңдеуін жаз, оларды қалай орташалайды?

    2. Өткізгіштік, магниттелгендік және үйектелімдік (поляризациялану) токтары дегеніміз не?

    3. Заттағы Максвелл теңдеулерінің формальді жүйесі.

    4. Өрістің потенциалына арналған теңдеулерді жазыңыз.

    5. Заттағы электрмагниттік өрістің энергиясының және энергия ағынының тығыздығы.

Әдебиет: Силлабусты қара.
15 – дәріс

тақырыбы: Заттағы электрмагниттік толқындар.

Тірек сөздер: Идеалды біртекті диэлектрик, дисперсия

Негізгі мәселелер және мазмұны:

  • Идеалды біртекті диэлектриктегі электрмагниттік өрістің толқындық теңдеуі.

  • Жазық монохроматтық толқындар, олардың сипаттамалары.

  • Электрмагниттік толқындардың шағылуы және сынуы.

  • Өткізгіш ортадағы электрмагниттік толқындар.

  • Диэлектрлік өтімділіктің дисперсиясы

Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

    1. Біртекті диэлектриктегі электрмагниттік өрістің толқындық теңдеуін жазып, түсіндір.

    2. Жазық монохроматтық толқындардың сипаттамалары.

    3. Электрмагниттік толқындардың шағылу және сыну заңдары қандай?

    4. Өткізгіш ортада электрмагниттік толқындар тарай ма,теңдеулері қандай?

    5. Диэлектрлік өтімділіктің дисперсиясы деп нені айтады?



Әдебиет: Силлабусты қара.


    1. ДӘРІСТЕРГЕ, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Дәрістерге дайындалғанда мына нәрселерді ескерген дұрыс:

Алдағы дәріс тақырыбына сәйкес:

а) өткен дәрістердің материалдары бойынша конспектіні және оқулықты қарап шығу.

б) осы тақырып бойынша мектепте не зерттелгенін еске түсіру.

Дәрісте баяндалған материалды мұқият түсіну (бақылаулар, тәжірибелер, гипотезалар, теориялар, түсініктер, шамалар, заңдар және т.б.).

Дәріс берген мұғалімнің қойған мәселелерінің шешілуіне қатысу.

Сұрақты тек дәріс тақырыбына сәйкес қою.

Физика курсын жақсы меңгеру үшін және жоғарғы оқу орнында оқуға әзірлену үшін ең алдымен сабақтың әдістемесін жасап алу керек. Жетістіктің негізгі шарты – жүйелі түрде оқу. Кез келген кітапты оқи беру пайдасыз, оны конспектілеу қажет. Яғни өзіңе керегін, яғни өзіңнің түсінгеніңді жазып алу керек. Кітапты тұтас көшіруге болмайды. Ал түсінбей қалған нәрселеріңді келесі сабақта мұғалімнен сұрап алып, қайта қосымша конспектілеу керек. Егер кітаптың белгілі бір тарауы түсініксіз болып қалса да, бұл сіздің қабілетіңіздің көрсеткіші емес, бұл тек өзіңізге және басқа адамдарға сұрақ қоя білмегеніңізден. Орта мектептің көлемінде де «неге?», «не үшін?», «қайдан?» деген сұрақтарсыз оқуға мүмкін еместігі белгілі.

Курста кездесетін қорытындыларды өз беттерімен жасау қажет (белгілі бір уақыт өткеннен кейін, конспектіге қарамай немесе оқулыққа қарамай жасауға тиісті.)

Сіз физикалық және грамматикалық дұрыс анықтама беріп үйренгеннен кейін, физикалық заңдарды жазып және олардың, қайда және қалай қолданылатындығын түсіндіріңіз, өздігіңізден зертханалық жұмыстарды істеп, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасап және есептер шығаруын үйренуіңіз керек. Бұл жағдайда, берілген тарауды оқып үйрену, аяқталған деп есептеуге болады.

Қорытындыларды, анықтамаларды және тұжырымдамаларды жаттап алуға үйренбеу керек. Олардың мәнін түсіну қажет.

Қажетті жағдайда, түсінілген және бекітілген оқу материалы жадымызға енеді. Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі оқулықтарды пайдалану тиімді. Ал, емтиханға әзірленген кезде, студенттің өзінің конспектісі жеткілікті. Практикалық сабақтар төрт компоненттен тұрады: дәріханадағы жұмыс, үй жұмысы, жеке жұмыс және бақылау жұмысы. Барлық компоненттерде де есеп шығарылуы тиісті.

Есеп шығару дегеніміз – берілген кестелік шамалар арқылы, белгісіз шаманы анықтау.

Салыстырмалы түрде есепті жеңіл шығару үшін, есепті шығарудың стандартты ретін ұстауларын қажет етеді:

Есепті мұқият оқып шығып, оның математикалық шарттарын жазып алу керек. Сонымен бірге бірдей шамаларды ұқсас әріптермен белгілеу керек. (Бір шаманың әр түрлі мәндерін индекстері әр түрлі бір әріппенен белгілейді, ал бірдей индекстермен бірдей объектіге (күйге) қатысты әріптерді белгілейді.

Барлық берілген шамаларды бір өлшем бірліктер жүйесіне көшіру қажет. Бұл жағдайда нәтижені есептеу керек емес. Себебі, әрбір жауапқа әрекеттердің бөлігін қойған кезде, басы артық болуы мүмкін, есептің шартында және жауабында физикалық шамаларды олардың аттарымен жазу керек. Әрекеттерді орындаған кезде, барлық шамалар өлшемділіктеріменен қойылады.

Қажет тұрғызулармен суреттерді жасаңыздар.

Есептің шартын ойлаңыздар. Есепте қандай процестер жүзеге асады және олар қандай заңдылықтарға бағынады. Есепті шығару жолының мысалын көрсетіңдер. Бұл жағдайда белгісіз шама – сізді алға жетелейді, ал белгілі – есепті шығарудың белгілі тәсілін ойыңызға түсіреді.

Анықталатын шама енетін сәйкесті өрнек қажетті жағдайда, кітапты немесе конспектіні пайдалану арқылы өтілген материалдардан таңдап алынады. Таңдап алу, шығармашылық процесс. Есепті шығарудың ең тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұған студенттерді үйретуге болмайды. Себебі есептерді шығарудың жолдары, есептердің өздерінен бірнеше есе артық. Бірақ бұған жеткілікті түрде есептердің санын шығару процесінде және кездесетін барлық сұрақтарды анықтаған кезде, үйренуге болады (есеп негізделген теорияны түсіндірген жағдайда, ал теория меңгерілмеген жағдайда, мұндай есептерді шығару ерте.) Таңдап алынған қатынастың түрлерін жазып алыңыздар.

Сіздің есепте берілген нақты процесске қатысты таңдап алынған қатынасты берілген және іздеп отырылған шамалардың белгіленулерін мүмкіндігінше пайдаланып жазыңыздар. Қатынасты қарапайым түрге келтіріңіздер.

Алынған теңдеуді қарастырыңыздар. Егер онда бір белгісіз шама болса, оны табыңыздар, сонда сіз есептің әріптік жауабын шығарып аласыңдар, яғни іздеп отырылған шаманы берілген және кестелік шамалар арқылы шаманы өрнектеу арқылы.

Егер, есепте белгісіз шамалар бірнешеу болса, онда заңды анықтаманы жалпы түрде немесе жалпы формуланы тағы да таңдап алып, жазу қажет. Одан басқа белгісіз шаманы табуға болады (Берілген есепте, мұндай жазу болмаған жағдайда) 6 пункттағы әрекеттерді қайталаңыздар және алынған теңдеулердің жүйесін қарастырыңыздар.

Егер, белгісіз физикалық шамалардың саны теңдеулердің санынан артық болса, толық теңдеулер жүйесін алғанға дейін қайталау керек, яғни белгісіз шамалардың саны теңдеулердің санына тең болғанша.

Ізделініп отырған шамаға қатысты теңдеулердің толық жүйесін белгілі бір алгебралық тәсілмен шығару қажет.

Есепті шығарудың осындай деңгейінің қажеттілігі өте үлкен. Себебі, осы жерде жіберілген қате есептің дұрыс шығармауына әкеп соқтырады. Сонымен бірге, бұл жерде математикалық білімді тек қана дұрыс қолдану қажеттілігін ойламау қажет.

Кей жағдайда, теңдеулер жүйесін құрастырудың орнына, әрбір белгісіз шаманы тауып, ізделініп отырған шаманың теңдеуіне қойған оңай болады. Сөйтіп, бұл теңдеуде, жаңа белгісіз шамалар пайда болуы мүмкін. Оларды, бұрынғы әдістермен іздейді. Ақырында теңдеуде, белгісіз шама қалмайды. Пайда болған бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы есептің таңбамен берілген жауабы шығарылады. Жауапта кейбір берілген шамалар қатыспауы мүмкін. Себебі, есепті басы артық берілгендер болады.

Таңбалық жауапқа берілген және кестелік шамалардың сан мәндерін және өлшемділіктерін қойыңыздар. Егер соның нәтижесінде дұрыс емес өлшемділік шықса, ол жіберілген қателікті тура көрсетеді. Ал, дұрыс өлшемділік есептің дұрыс шығарылғандығының дәлелі емес. Есептеулерді логарифмдік сызғышты пайдаланып шығарады және оның дәлдігімен, яғни үш мәнді цифрмен шектеледі. Мүмкіндігінше, аралық шамаларды есептеудің қажеті жоқ. Мысалы, таңбалы жауапты әрекет көбейту мен бөлумен шектелетін болса, онда бірден жауап есептелінеді.

Жуық шамаларды төрт мәнді цифрға дейін дөңгелектейді немесе мәнді цифрлардың санына дейін, яғни ең аз берілген жуық шамадан бірге артық цифрға дейін соңғы жағдайда, сандық жауапты ең аз дәл берілген шаманың мәндік цифрының шамасына дейін дөңгелектейді. «Дәл» берілген шамаларды, негізінен жеткілікті дәлдікпен, яғни төрт мәнді цифрға дейін шамалар ретінде қарастырады.

Көптеген есептерде, үш мәнді цифрлармен алынған жауапты жеткілікті дәл деп есептеуге болады. (Егерде ол дұрыс болса).

Есепті былайша өрнектеген ыңғайлы: дәптерді сол жағында баған бойынша, есептің математикалық шарты және бірліктерді бір жүйеге келтіру жазылады. Оң жағынан, тізбектің суретін сызылады. Оның оң жағына, жалпы формулалар (заңдар, анықтамалар) үшін орын қалдырылады. Себебі, солардың негізі арқылы есеп шығарылады. Есепті шығаруды, ізделініп отырған шамадан басталатын және оның таңбалық жауаппен аяқталатын тізбек түрінде жазуға болады. Басқа жағдайларда, есепті шығару толық теңдеулер жүйесін құрайды және одан таңбалық жауап алынады.

Есептер әр түрлі болады: қиын, жеңіл. Есептің күрделілігі – қиындығы, ондағы әрекеттердің санының артуына байланысты. Ал, санның артуы берілген есепте пайдаланылатын теориялық мағлұматтардың аймағының кеңейуімен байланысты. Бірақта осыған қарамастан есептің шығарылу әдісі бұрынғысынша қалады.

Есепті өз беттеріңізбен шығарыңыздар. Шығару барысында кітапқанемесе конспектіге үңілуге болады. Есепті шығару барысында, математикалық қателіктер жіберуге болмайды.



Зертханалық жұмыстың тақырыптары:

1. Электр өлшеуіш приборлар. Приборлардың бөліну құнын анықтау.

2. Электр энергиясын жинақтауыш ретінде конденсаторды демонстрациялау.

3. Өткізгіштерді тізбектей қосу заңын тексеру.

4. Өткізгіштерді параллель қосу заңын тексеру.

5. Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.

6. Термопараны градуирлеу

7. Айнымалы токтағы электр тізбегін зерттеу.

8. Магнетрон әдісімен электронның меншікті зарядын анықтау.

9. Өздік индукция заңын оқып үйрену.

10. Электронды осциллограф.

11. Уитсон әдісімен кедергіні анықтау.

12.Актив кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік және сыйымдылық.

13. Электролиттің кедергісінің температуралық коэффициентін анықтау.


7.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:


  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені енгізумен

байланысты.

ОЖСӨЖ-де де, СӨЖ-де де студент өз бетімен жұмыс істеу керек, өз бетімен мәселе қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді үйрену керек.

Материалды дұрыс жаза білуі қажет, яғни мақсатын, қоятын мәселелерін, оларды шешу жолдарын, қорытындыларды және т.б. келтіре алуы керек.

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
8. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Студенттердің білімін баќылау үшін емтихан сұраќтары дайындалды және реферат таќырыптары беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:

материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;



дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет