Басқару ғылымының даму тарихы



Дата29.02.2024
өлшемі19.75 Kb.
#493385
Реферат басқару псих


Басқару ғылымының даму тарихы
Ағылшынның «management» терминінің (лат. manus – қол) орыс тілінде баламасы жоқ, ол «басқару» және «еңбекті ғылы- ми ұйымдастыру» ұғымдарының синонимі ретінде жиі қолда- нылады.
Әлеуметтік құбылыс ретінде және адам тәжірибесінің сала- сында басқару ғылыми зерттеу пәні болғаннан әлдеқайда ерте пайда болды. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен қабілеттілік тән болғандықтан, бұл олардың іс-әрекетінің үйле- суін, келісуін, кооперациялануын, яғни бірлескен әрекеттерін басқаруды талап етеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар бұрын Көне Мы- сырда басқару үдерістерін (процесс) жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, орталықтандыру қажеттілігі танылған. Оларсыз Мы- сыр пирамидалары, көне Ацтек қалалары сияқты ғаламат сәулет ғимараттарын тұрғызу, мысалы, римдік-католиктік шіркеу се- кілді күрделі әрі кең таралған діни ұйымның табысты қызмет етуі мүмкін болмас еді [2, 3].
Бірте-бірте басқаруды ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері туралы теориялық түсініктердің туындауы үшін алғы- шарттар қалыптаса бастады. Басқару теориясы дербес ғылыми пән ретінде тек XX ғасырдың басында ғана, психологияның даму тағдырын қайталай отырып рәсімделді.
Басқару ақыл-ойы эволюциясының жалпы картинасын және оның негізгі кезеңдерін «басқару континуумы» ұғымы (К.С. Джордж бойынша) бейнелейді; онда басқару туралы тү- сініктерге революциялық өзгерістер енгізілген оқиғалар атап көрсетіледі. Мұндай оқиғаларға есептелетіндер: 1) сауда опера-
6

цияларымен айналысқан айрықша түрдегі «бизнесмендердің» түзілуі; 2) Хаммурапи патша (б.д.д. XXVІІІ ғасырда) шығарған халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қатынастарды рет- тейтін заңдар жинағы; 3) құрылыс пен өндіріс салаларына мем- лекеттік басқару мен бақылаудың әдістерін ІІ Навуходоносор- дың біріктіруі (б.д.д. VІІ ғ.); 4) жаңа туындаған капитализм арнасындағы еуропалық цивилизацияның индустриялық про- гресі (XVІІ-XVІІІ ғ.) нәтижесінде кәсіби менеджмент туын- дайды; 5) XІX және XX ғасырлардың ұштасуы кезінде болған «бюрократиялық революция». Осы кезде басқару теориясы дербес пән ретінде пайда болды. Оның дамуы – ең алдымен оның атап көрсетілген революциялық түрленулерінің маңыздылы- ғына қарамастан, эволюциялық үдеріс. Ол үздіксіз және қоғам- дағы барлық өндірістік, әлеуметтік-саяси, экономикалық және көптеген басқа да өзгерістерге ықпал етеді. Мұндай ықпал етудің бірі – басқару тәжірибесін реттейтін камералистиканың, өзін- дік сипаттаушы әкімшілік пәннің пайда болуы. Ол әкімшілік басқарудың сот ісін жүргізуден бөлінуіне, әрі қарай әкімшілік басқару ғылымы мен әкімшілік құқық ғылымына бөлінуіне ықпал етті [4, 5, 6].


Басқару туралы ғылымның даму үдерісі басқару теориясы- ның дамуын тежейтін ішкі қарама-қайшылықтармен бірге жү- реді. Бұл дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды дамуы, оны жетілдіру мен қарқынды жүргізу жолдарын табысты ұлғайту негізі ретінде іздестірумен байланысты болады. Бұл себептердің барлығын білу – басқару ғылымының даму тарихы туралы дұрыс түсінік үшін қажет. Тек соңғы жылдарда ғана оның теориясының дамуындағы ең нәтижелі кезең болды, дегенмен мұндай мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оны көптеген жылдар бұрын күтуге болатын еді.
Коммерциялық іс-әрекет жүздеген жылдар бойы құрметке ие болған жоқ, ұят шаруа болып есептелінді. Аристотель сату- сатып алуды «ақшаны жасанды табу» деп атады. Мұндай іс- әрекетке теріс қатынас (көзқарас) өте берік болып, біздің уақы- тымызға дейін жетті. Бұл – басқару ақыл-ой прогресінің тежелу себептерінің бірі. Екінші себебі экономикалық және әлеуметтік ғылымдармен айналысқан ғылымдар өздерінің зерттеулерінде
7

әкімшілік басқару мәселелерін қарастыруды ескермеуінен, өндірістің экономикалық мәселелерімен және саяси жақтарымен шектеліп қалғанынан көрінеді. Сондай-ақ басқа ғылымдардың, мысалы, психологияның мәліметтерін басқаруды жақсарту үшін қолданудағы қиындықтар да кездеседі. Басқару ұзақ уақыт бойы ешқандай да ғылым емес, тек қана өнер деп есептелінді. Басқа- рушылардың өздерінің зейіні «технология», «баға», «кіріс» сияқты ұғымдарға аударылып келді. Басқару теориясы сала- сындағы мамандардың пайда болуы және олардың өндірісті ұйымдастырудағы дербес әрі маңызды рөлін тану осы ұйым иелерінің, кәсіпкерлердің билігін шектеуді білдіретін еді, әрине, бұл соңғыларына жақпады [7, 8].


Басқару теориясын рәсімдеуде Ф.Тейлордың «Ғылыми бас- қару принциптері» (1911) еңбегінің маңызы зор еді. Ф. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қалаушы болып есептеледі. Бас- қарудың ғылым ретінде пайда болуына үлкен бизнестің қалып- тасуы әсер етті, яғни қазіргі техниканың артықшылықтарын пайдалануға тырысу және жұмысты орындаудың әлдеқайда тиімді тәсілдерін ашуға тырысқан ізденімпаз адамдардың шағын тобының жетістігі болды

Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі


Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен прак- тикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 ба- ғыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымда- малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару тео- риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту- ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым – ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейім- делусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа ба- ғыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді бас- қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ- жырымдаманы 80-жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менедж- мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Ме- неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын- дағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде – түпкі- лікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар ба- сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі
20

бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат- талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта- суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл- күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала- бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу- шылық танытады [30].


Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым- дарды атап көрсетуге болады, олар:
1) ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;
2) басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;
3) менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың жаңа мәселелерін интернационалдау.
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа- растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары мыналар:
1) ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент- тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып есептелінеді;
2) басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы жүйелер теориясын қолдану;
3) басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп- орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге жауап;
4) менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым- да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін тану.
XX ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары: 21

– қызметкерлерге деген босаңдық;


– жауапкершілік;
– ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму-
никациялар;
– қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым-
дастыру мәдениеті;
– барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;
– сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция;
– топ жұмысына тікелей араласу;
– менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер-
лігі;
– бизнес этикасы;
– адалдық және адамдарға сену;
– менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды
бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;
– алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу; – жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.

Ұйымдастыру теориясының элементтері


«Ұйымдастыру» ұғымының екі негізгі мәні бар: біріншіден, бұл – басқару іс-әрекетінің өзі, яғни жеке іс-әрекеттерді белгілі бір жалпытоптық мақсаттарға жету мақсатында келістіру про- цесі; екіншіден, бұл – негізгі компоненттерден және олардың арасындағы тұрақты байланыстан тұратын белгілі бір құрылым.
Ұйымдастыруды тұрғызу негізі – екі басты принциптің: иерархиялық («тік») және координациялық («көлденең») прин- циптердің сабақтасуы. Біріншісі жетекшіліктің төменгі дең- гейінен жоғарғысына дейінгі бүкіл басқаруды білдіретін «бас- қару континуумы» ұғымында көрсетілген. Басқару іс-әрекетінің мазмұны жетекшінің иерархиялық деңгейіне байланысты.
Координациялық (үйлестіру) принцип – жетекшінің қыз- меттік міндеттері жүйесінде бекітілген функционалды еңбек бөлінісі. Функционалды бөліністі есепке алу жетекші іс-әреке- тінің мазмұнын және оның басқа бөлімшелермен өзара іс-әре- кетін сипаттау үшін қажет. Ұйымның коммуникативтік кеңіс- тігін көбінесе анықтайтын осы «көлденең құраушысынсыз», жетекшінің ұйымдағы тұлғааралық өзара іс-әрекет негізін- де жатқан коммуникативтік қызметін түсіну мүлде мүмкін емес.
Оның құрылымы мен мазмұнын таңдау – жетекші іс-әре- кетінің маңызды мәселесі. Ол ұйымдастыру қызметінің негізі болып табылады. Құрылым жоспарлау нәтижелері негізінде құрылады. А. Чандлер басқару теориясында, бұл күні оның аксиомасы болған «Стратегия құрылымды анықтайды» деген тезисі тұжырымдалды.
ХХ ғасырдың басында М. Вебер «идеал бюрократия» тұ- жырымдамасын ұсынады. Оны кейде адамзат тарихында- ғы ең пайдалы идеялардың біреуі деп есептейді. М. Вебер жүргізген бюрократиялық құрылымдардың талдауы қазір- гі ұйымдар мәнінің айрықша сипаттамасы болып табыла- ды [32]. Оның тұжырымдамасы бірқатар принциптерге негіз- деледі:
– нақты еңбек бөлінісі және әр саладағы білікті маман- дар;
27

– басқару деңгейлерінің иерархиялылығы (төменгі деңгей- лердің жоғары деңгейлерге бағынуы және солардың тарапынан бақылау);


– ұйым мүшелерінің қызметтік міндеттерін атқаруына арналған ережелер мен стандарттар жүйесінің болуы;
– ұйым – адамдардың бірлестігі емес, қызметтер жүйесі;
– белгілі бір қызметтік міндеттерді орындауға қажет білік- тілікті игерген атқарушыларды таңдау.
Бұл тұжырымдаманың басты мына кемшіліктерін атауға болады:
1) стандарттық нормалар мен ережелер мәнділігінің тым артық болуы;
2) туындайтын мәселелерді өткен уақыт оқиғалары негізінде шешу;
3) жоспарлар мен шешім қабылдауды үйлестірудегі сал- ғырттық;
4) өзгерістерге деген (ішкі және сыртқы) әсерлердің бәсең болуы;
5) инновацияға деген иммунитет; 6) өзін дамытуға қабілетсіздік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет