Патша өкіметінің өз жағдайын террорлық жолмен жақсартуға бағытталған шаралары 17 ғасырдың басында шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Оны И. И. басқарды. Боярлар мен дворяндар арасындағы күрес те күшейе түсті



Дата21.05.2023
өлшемі22.36 Kb.
#474070
Россия


Патша өкіметінің өз жағдайын террорлық жолмен жақсартуға бағытталған шаралары 17 ғасырдың басында шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Оны И. И. басқарды. Боярлар мен дворяндар арасындағы күрес те күшейе түсті. Елдің шиеленіскен ішкі жағдайын пайдаланған ...... 1604 жылы Россияға баса көктей кірді. Поляк әскері Москваны басып алды. Тек К.З.Минин мен Д.М. Пожарский бастаған халық жасақтары ғана 1612 жылы Москваны босатты. 1613 жылы Романов әулеті таққа отырды.
Буржуазиялық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы және абсолютизм кезеңіндегі Россия. 17 ғасырда Россия өзінің тарихында жаңа кезеңге аяқ басты, буржуазиялық ұлттық байланыс қалыптасты. Қала қол өнері бірте-бірте ұсақ товарлы өндіріске айналды, қазыналық мата, мемлекеттік қажеті үшін қару-жарақ пен металл шығарыла бастады, сауда өріс алды. Жергілікті ұсақ рыноктармен байланыс нығайып, Бүкіл россиялық рыноктың негізі қаланды. Мемлекеттік астанасы Москва сауда байланысының ірі орталығына айналды. Алайда 17-18 ғасырдағы буржуазиялық элементтердің туу процесі крепостнойлық тәртіптің нығаюы жағдайында өтті. Мануфактура өндірісі крепостнойлық еңбекке негізделді. Дворяндық билік жерге феодалдық-помещиктік меншікті нығайтуға және крепостнойлық қатынастарды онан әрі дамытуға әкеліп соқты.
Орыс мемлекетінің Польша, Швеция, Қырым хандығы және Түркиямен соғысының ауыртпалығы халық бұқарасына түсті, салық шексіз өсті. Феодалдар мен феодалдық мемлекеттің тарапынан қанаушылықтың күшеюі 17 ғасырдың орта шенінде қала көтерілісін [Москва көтерілісі (1648), Москва көтерілісі (1662), Новгород көтерілісі (1650), Псков көтерілісі (1650)], Степан Разин бастаған шаруалар соғысын (1670-1671), 17 ғасырдың аяғында Стрелецтер көтерілісін (1698) туғызды.
17 ғасырдың ортасында Земство соборын шақыру тоқтатылды, мемлекеттік басқару жүйесінде, әскери істе ішінара өзгерістер енгізілді, патшаның самодержавиелік өкіметі нығайды. Петр I (1682-1725) тұсында мемлекеттік құрылыста, мәдениетте, экономикада ірі өзгерістер болып, тұрақты армия мен әскери-теңіз флоты құрылды; Лесная (1708), Полтава (1709), Гангута (1714), Гренгам (1720) түбінде ірі жеңіске қол жетті. Балтық теңізіне шығуға жол ашылды. 1721 жылы Россия империясы жарияланды. Өнеркәсіп едәуір дамыды, Уралда тау-кен өнеркәсібі жедел өркендеді. Сауда ұлғайды, көпестік нығайды. Шіркеу мемлекетке бағындырылды. Ақсүйектер мектебінің құрылуы, батыс-европа мәдениетімен байланыстың кеңеюі, кітап бастырудың дамуы, ҒА негізінің қалануы (1724, ашылуы - 1725), жаңа календарьға көшу (1700 жылдан), дворяндар тұрмысындағы өзгерістер Россияның мәдени өміріне ірі жаңалықтар енгізді.
1812 жылы Наполеон армиясы Россияға басып кіріп, Отан соғысы басталды. Француз армиясы Бородино шайқасында 1812 үлкен шығынға ұшырады, орыс армиясының берік қорғанысын бұза алмады. Бірақ армияны сақтау, уақыт ұту мақсатымен бас қолбасшы ...... Москваны тастап шықты. Орыс армиясының шебер қимылдары, басқыншыларға қарсы бүкіл халықтық көтеріліс нәтижесінде көп кешікпей Наполеон армиясы толық жеңіліп, қашуға мәжбүр болды. Отан соғысынан кейін крепостнойлық тәртіпке қарсы халық наразылығы күшейді. 1825 жылы 14 желтоқсанда декабристер көтерілісі Россиядағы революция-азаттық қозғалыстың дворяндық кезеңінің бастамасы болды.
Елдегі шиеленіскен жағдайды пайдаланып, 1604 жылы Россияға баса көктей кірді:
польша мен швед феодалдары
Венгрия әскері
Неміс әскерлері
Румын дворяндары
Қырым хандығы


Мәтін бойынша 17 ғасырдағы Ресейдегі толассыз шаруалар көтерілістерінің себебін анықтаңыз:
феодалдар тарапынан қанаушылық
мануфактура өндірісі
дворяндардың билікке келуі
крепостнойлық қатынастар
буржуазиялық қатынастар


Буржуазиялық қатынастар кезінде Ресейдегі ең ірі рыноктың орталығы қалыптасты
Мәскеуде
Петербургте
Новгородта
Уралда
Ростовта


Ресейдің дүниежүзілік державаға айналуы кімнің тұсында қалыптасты
Петр I
Екатерина II
Екатерина І
Анна Иоановна
VI Иван


Наполеон армиясына қарсы соғыста армияны сақтау, уақыт ұту мақсатымен Москваны тастап шықты
М.И.Кутузов
Екатерина І
Александр І
А.В. Суворов
Ф.Ф. Ушаков

19 ғасырдың 1-жартысы Россия тарихындағы феодалдық-крепостнойлық құрылыстың дағдарысымен сипатталады.


Крепостнойлық право еркін жұмыс, күші рыногын құруға кедергі жасады, капиталдық қор жинау және капитализмнің даму процесін тежеді. Бірақ 1825 жылы мақта-мата өнеркәсібіндегі жұмысшының 95%-і өз еркімен жалданушылар болды. 19 ғасырдың 2-жартысында Россияда өнеркәсіп төңкерісі басталды. Европалық Россияның орталық қара топырақты емес губернялары территориясында өнеркәсіпті экономикалық аудан қалыптасты. Сауда операциясы мен айналымы Нижегород, Ростов, Урал жәрмеңкелерінде өріс алды. 1837 жылы Петербург - Царское Село тұңғыш темір жол, ал 1851 жылы дүние жүзілік ең ұзын Петербург - Москва темір жол ашылды. Либералдар крепостнойлық правоны жоғарыдан, реформа жолымен жою жобасын жасады. Бұл идеяға революция-демократтар В. Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.П.Огарев қарсы болды. Олар крепостнойлық тәртіпті революция жолмен құлату идеясын насихаттады.
Капиталистік даму кезеңіндегі Россия. Россия 19 ғасырдың 2-жартысында капиталистік формацияға көшті. Император Александр II (1855-1881) үкіметі жүргізген шаруалар реформасы (1861) арқылы бүкіл Россия имлериясында 22,5 млн. шаруа босатылды. Бұл өнеркасіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызды.
60 жылдарда орыс азаттық қозғалысы тарихында буржуазия-демократиялық кезең басталды. Бұл қозғалысқа «Современник» журналының төңірегіне революция күштерді топтастырған Н.Г.Чернышевский, Н.А. Добролюбов басшылық етті. Осы кезеңдегі ең ірі революция ұйым - «Жер және ерік» болды. 70 жылдардан бастап самодержавиеге қарсы күресті революция-халықшылдар жалғастырды. Алғашқы жұмысшы ұйымдары: Одессада «Жұмысшылардың Оңтустік россиялық одағы» (1875), Петербургте «Орыс жұмысшыларының солтустік одағы» (1878) құрылды. Халықшылдар Александр ІІ-ні (1. 3. 1881) өлтірді. Император Александр III (1881-1894) үкіметі самодержавиені және дворян-помещиктердің билігін нығайту мақсатымен, бұрынғы буржуазия реформаны қайта қарауға кірісті. Алайда капиталистік өндірістік қатынастар дами түсті. Орта Поволжьөде, Дон мен Солтүстік Кавказда астық шаруашылығы саудасы кеңейтілді. 80 жылдарда өнеркәсіпте түбірлі өзгеріс болды. Оңтүстік Донбасс, Баку сияқты жаңа өнеркәсіпті аудандары құрылды. Азаттық күресінде жетекшілік роль жұмысшы табының қолына көшті, Москва мен Петербург пролетариаты оның авангарды болды. Жұмысшы қозғалысының өсуі негізінде марксистік үйірмелер мен топтар құрылды.
90 жылдары Россияда 22 мың км ден астам темір жол салынды. Қара металлургия өнімі, мақта өңдеу, мұнай, тас көмір, шойын, темір мен болат өндіру бірнеше есе ұлғайтылды. Бірақ Россия техника-әкономикалық жағынан алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден артта қалды. Крепостнойлық тәртіптің қалдықтары капитализмнің дамуына кедергі жасады. 19 ғасырдың аяғында 30 мың помещикте 70 млн. десятина, ал 10,5 млн. шаруа семьясында 75 млн. десятина жер болды. Бұл ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуына кедергі жасады. Енді орыс капиталистері рынокты Россияның шет аймақтарынан іздестірді. 19 ғасырдың 60-80 жылдар Россияға Орта Азияның бір бөлігі, қазақ жері түгел қарады. Оның прогрессивті маңызы болды. Россия ғылым, әдебиет, көркемөнерді дамытуда елеулі табысқа жетті. Мұның басқа халықтардың мәдениетін өркендетуге игі әсері тиді.
Империализм және буржуазиялық-домократиялық революция кезеңіндегі Россия. Россия дүние жүзіндегі басқа мемлекеттік қатарында капитализмнің ең жоғарғы стадиясы - империализмге аяқ басты. Өндіріс пен капиталдық шоғырлануы негізінде монополистік бірлестіктер құрылды. Капиталистердің шамадан тыс пайдасы жергілікті тұрғындардың көпшілігін қайыршылықта өмір сүруге мәжбүр етті. Жұмысшы табы аяусыз қаналды. Ешқандай саяси правосы болмады. Россияда 20 ғасырдың басында халықтық революцияның экономикалық және әлеуметтік алғы шарты пісіп, жетілді. Революция қозғалыстың орталығы енді Батыс Европадан Россияға ауысты. 1895 жылы В.И.Ленин бір топ марксистермен бірге Петербургте «Жумысшы табын азат ету жолындағы күрес одағын» ұйымдастырды. Бұл революция пролетарлық партияның алғашқы нышаны болды. РСДЖП 1-съезі 1898 ж. Россиялық с.-д. жұмысшы партиясының құрылғанын ресми түрде жариялады. Жаңа типті пролетариат партиясы үшін күресте лениндік «Искра» газеті шешуші роль атқарды. Большевиктік партияның негізін 1903 жылы 2-съезд қалады, съезд РСДЖП Программасын қабылдады. Россия ленинизмнің отанына айналды. Революция дағдарыстың шегіне жетуі 1904-1905 жылдар Орыс-жапон соғысын тездетті. Патша үкіметінің соғыста жеңілуі жағдайды шиеленістіре түсті. Россиядағы 1905-1907 жылдар буржуазия-демократиялық революция кезінде жұмысшы табы марксистік партияның жетекші күші ретінде көрінді. Революция бұл күресте жеңіліс тапқанмен самодержавиенің іргесін шайқалтты. Столыпиннің аграрлық реформасын жүргізе отырып, самодержавие енді революцияға қарсы күресу үшін тірек іздеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет