Басқару психологиясы, 1-дәрісбаян



бет1/2
Дата09.11.2022
өлшемі35.91 Kb.
#464371
  1   2
1 darisbayan 2


Басқару психологиясы, 1-дәрісбаян



1 Дәріс

1.Психология ғылым ретінде қалыптасуы.


2.Психология пәні мен объектісі. Психологияны ғылым ретінде анықтау.
3. Психология салалары.
4.Психологиялық зерттеу әдістері.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
Психология ғылым ретінде ұзақ қалыптасу кезеңімен және қысқа тарихымен ерекшеленеді. Ежелгі Грецияда да психикалық құбылыстарды түсіндірудің алғашқы әрекеттері пайда болды. Бұл идеялар психиканы, жанды табиғаттың ажырамас атрибуты ретінде қарастырды: жануарлар, табиғат құбылыстарында қозғалыс пен дамудың қайнар көзі ретінде әрекет ететін жан бар. Жан физикалық денеге тәуелсіз өмір сүреді және адамның тағдырына, денсаулығы мен сәттілігіне әсер ете алады. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі төрт кезеңі шартты түрде ажыратылады:
I кезең (б.з.д. IV ғ. - б.з.д. XVII ғ.) Психология жан туралы ғылым ретінде.
II кезең (17 ғ. Ортасы - 19 ғ. Ортасы) - психология сана туралы ғылым ретінде, ол жаратылыстану ғылымдарының дамуына байланысты туындайды.
III кезең (19 ғ. Ортасы - 20 ғ. Ортасы) - психология мінез-құлық ғылымы ретінде.
IV кезең (ХХ ғасырдың ортасы және қазіргі уақыт). Бұл кезеңдегі психологияның жағдайы қазіргі уақытқа дейін жалғасатын және парадигмалардың әртүрлілігі мен бәсекелесуімен сипатталатын ашық дағдарыстың кезеңін көрсетті. «Ашық дағдарыс» кезеңінде пайда болған маңызды психологиялық сала гестальт психологиясы болды.
Психология пəнінің зерттеу объектісі.
Əрбір ғылымның өзіне тəн зерттеуобъектісі болады. Психология ғылымының зерттеу объектісі басқа да ғылыми ілімдер сияқты айнала шындық дүниедегі құбылыстарға қатысты адам психикасымен байланысы,сонда психология ғылымының зерттеу объектісі адамның психикалық əрекеттері,психикалық қасиеттері, психикалық процестері мен психикалық (көңіл-күйі) қалпы.Детерминизм принціпі-психика нақты өмір бейнесімен анықталады жəне сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп, дамып отырады.Психикалық ерекшеліктеріне генетикалық жағынан қарау принціпі- даму барысын зерттеу.Психика мен іс-əрекеттің өзара байланыс принціпі- психика мен іс-əрекеттің тығыз байланысы, бірлігі.Адам психикасын зерттеуде биологиялық жəне əлеуметтік факторлардың байланысын ескерту.Психофизиологиялық бірлік принціпі- психиканың өзіндік ерекшеліктері-материалдық жəне нейрофизиологиялық негізін есепке алу.

I. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, окушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін


іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың, психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар:
а) оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады.
ә)тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа, мұғалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
II. Жас кезеңдерінің психологиясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала окыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл- ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтса, олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология-— саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде «патос»— зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология - медицина ғылымы мен оқу- тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің, қажетті заттарын қарастыру.
Бұл салалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология — бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді.
Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бүл термин гректің «ергон» —жұмыс және «номос» — заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың, түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, «адам- машина - орта (еңбектену) жағдайын» қарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп кояды.
Авиациялық психология - ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.)қатысты болып келеді.
V. Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздык пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден
кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
VI. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар:
а)Нейропсихология психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара атынасын зерттейді;
ә) Психофармакология дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады;
б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады;
в) Психопрофилактика және гигиенаадамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.
VII. Әскери психологияның ең басты міндеті - азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы
қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
VIII. Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:
а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманың құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.
ә) Кіші (шағын) топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері,шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы
ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді.
б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат -әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай-ақ, коғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік психологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның тармақтары: этностық психология, ұлт
психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
IX. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлықтарын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттерін қарастырады.
X. Сауда психологиясы - қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар, әсіресе , жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері , сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.
XI. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы - соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі,өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы,сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық - эвристика тәсілі.
ХІI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер - әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті
мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле қойған жоқ.
ХІІI. Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр пен тектің,олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әрқилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші,құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоғысқан жерінде этология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
ХІV. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы , қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады. Сот психологиясы сот , айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күшпен істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
Психологияның зерттеу әдістері.Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі
дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады.
Психологияны зерттеу әдістерінің объективтік сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда Адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келді. Бұл әдіс Адам «Жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. АҚШ психологі Э.Титченер Адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортада болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл - әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі
басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды.
Генетикалық принцип – қазіргі ғылыми психологиядағы талап. Бұл принцип бойынша психикалық фактілер мен құбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілу тұрғысынан қарастырылады. Даму сатыларының бір-бірі қалай алмастыратындығы, адамның өсуі мен даму кезеңдері белгілі сатылар бойынша зерттеліп, әр кезеңдегі баланың дамуы жас ерекшеліктерімен өзара салыстыра отырып қарастырылады.Зерттеу әдістерінің түрлері. Бақылау және тәжірибелік әдістерді қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп-салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сыры ашып көрсетіледі.
Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады:
а)сырттай бақылаған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру;
ә) оның ішкі психологиялық мәнін ашып көрсету;
б) жорамал жасап, анықтығын танып білу.
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі.Эксперименттің қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксперименттің лабораториялық эксперимент және табиғи эксперимент дейтін екі түрі бар.Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы орыс оқымыстысы А.Ф. Лазурский енгізді. Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Мұның ролі ерекше. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір-тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның (оқушының) қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі.
Сынау ( тест ) әдісі – адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Мысалы, психолог сынау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратып, оның ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімділік қабілетінің қаншалықты екендігін анықтайды.Жете тексерілмеген сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателер көбінесе кейбір балалардың бойындағы психологиялық процестер мен ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытынды жасауға байланысты.Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай, негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы, анықтау үшін сынау (тест) негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз қолымен жасап шығарған затын не оқу құралдарын көмекші әдіс деп атаймыз.Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін.
Мәселен, оқушының орындаған жазба (бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді меңгеруін анықтаудың негізгі әдісі болып саналады.Психологиялық зерттеудегі нақты әдістер мен тәсілдер. Мұндай зерттеу әдістері нақты мәселені шешуде арнайы әдіс ретінде қолданылады. Психологияда зерттеу әдістерінің мүмкіншіліктері зор. Сондай нақты зерттеу әдістерінің бәріне ортақ жалпы сипаттама бар.
Мәселен, қалыпты дамыған балалар мен ақыл-ойы кем түрлі жастағы балалар зейінін зерттеу мақсатымен жүргізілетін тәжірибе бірнеше сатыдан тұрады: 1-саты — даярлық сатысында бақылау жүргізіледі. 2-сатыда қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалар екі топқа бөлініп, бе-рілген тапсырма зерттеледі.Мысалы, «с», «в» әріптерін мәтіннен сызып отыру сияқты тапсырманы орындау ұсынылады. 3-сатыда тәжірибе нәтижелері математикалық құрал арқылы зерттеледі.Алынған нәтижелер тиісті жорамал бойынша тексеріледі.Психологиядағы мұндай зерттеу әдістері анықталуға тиісті мәселенің шындығын көрсетіп, айқындап, түрлі психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады.Қазақ жұртының сана-сезімі мен салт-дәстүрінде, тір-шілігінде талас-тартысты, дау-дамайлы істердің анықтығын
айқындап отыру үшін ел-жұртына беделді адамдар -билер мен сыншылар, шешендер мен көреген кісілер әр алуан тәжірибелер жасаған.
Қазақ этносының өмірінде мұндай тәжірибелік әдістер даулы істердің түйінін шешуге колданылып отырғандығы жайында нақты деректер мен
аңыз-әңгімелер өте көп. Атақты Төле бидің бала кезінде екі әйелдің бір балаға қатысты дауын шешуі, қазақ билерінің жоғалған мал-мүліктердің ізін анықтап, иесіне қайтару жөніндегі шешімдері халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінен жинақтаған білім қорын, сана-сезімінің даму деңгейін көрсететін психологиялық қасиеттер екенін дәйектейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет