Дәріс №17 Тақырыбы: Еңбекті техникалық мөлшерлеу әдістері. Техникалық нормалау. Жоспар



бет1/3
Дата08.01.2024
өлшемі27.15 Kb.
#488672
  1   2   3
ДӘРІС 17


ДӘРІС №17
Тақырыбы: Еңбекті техникалық мөлшерлеу әдістері. Техникалық нормалау.


Жоспар :
1.Еңбекті техникалық мөлшерлеу міндеті, классификациясы.
2.Металл жону, дәнекерлеу,бояу жұмыстарының техникалық нормалау.
3. Бұрғылау, жону, фрезерлік және тегістеу жұмыстарын нормалау.


Теориялық мәліметтер


Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.
Еңбек жөніндегі ережелердің әзірлеуі, орнатылуы, ауысуы және қайта қарау жұмыс берушімен еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.
Еңбек орындарының оңтайландыру мен аттестацияулау кезеніндегі еңбек ережелері міндетті аусуға, жаңа техниканың, технологиялардың және техникалық-ұйымдастыру шаралар еңбек өндірімділіктің арттыруы үшін орнатылуы тиіс.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Жаңа еңбек ержелерінің еңгізілуі туралы жұмысшылар бір айдан кешікпей жұмыс беруші арқылы хабарландырылуы тиіс.
Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.
Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.
Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы болып табылатын еңбек нормалары:
-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;
-ағымдағы және перспективалық жоспарлау;
-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;
-еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз етуге негіз болу;
-қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен олардың қызметкердің мүмкіндігі мен қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек:
— әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);
— нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;
— еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;
— ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;
— өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу — өндіріс — пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін қалыптастыру.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет және норманың барлық «өмірлік циклін»: қолданыстағы нормаларды талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа өнімге немесе қолданыстағы норманы жаңасымен ауыстыру); норманы игеру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, прогрессивті технологияны, жаңа техниканы енгізу жолымен перспективті бағыттарда қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді қамтуы қажет. Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет