Басылымы: бесінші


 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Магист.дисс. ережелері

 
4.2 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
4.2.1 Магистрлік диссертациядағы құрылымдық элементтердің атауы: «Мазмұны», 
«Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер және қысқартулар», «Кіріспе», 
«Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» диссертациядағы құрылымдық 
элементтердің тақырыбы болады. 
4.2.2 Құрылымдық элементтердің тақырыптарын бас әріптермен азат жол басында 
нүктесіз бос жер қалдыра отырып басқан жөн. 
4.2.3 Тараулардың, тараушалардың және тармақтардың тақырыптарын азат жол басынан 
бос жер қалдыра отырып, соңында нүктесіз, ешқандай сызықсыз, бас әріптермен басқан жөн. 
Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен айырады. Тақырыптарда 
сөздерді тасымалдауға жол берілмейді. 
4.2.4 Магистрлік диссертацияны басу кезінде тақырыптарды «қою» қаріппен бөліп 
көрсету керек. 
4.2.5 Мәтін мен құрылымдық элементтердің, тараулардың, тараушалардың және 
тармақтардың арасына бір «бос жолақ» қалдырылады. 
4.3 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ БЕТТЕРІН НӨМІРЛЕУ 
4.3.1 Магистрлік диссертация беттерін араб цифрымен (кгель 12), барлық диссертация 
мәтіні бойынша алмаспайтын нөмірді сақтай отырып нөмірлеу керек. 
4.3.2 Титулдық бет жалпы бетті нөмірлеуде қамтылады. Титулдық беттегі бет нөмірі 
қойылмайды. 
4.3.3 Жекелеген беттерде орналастырылған көрнекіліктер және кестелер диссертация 
беттерін жалпы нөмірлеуде қамтылады. 
4.3.4 А3 форматы бетіндегі көрнекіліктер, кестелер бір бет болып саналады. 


«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 8-бет барлығы 20 
4.4 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАРАУЛАРЫ МЕН ТАРАУШАЛАРЫН, 
ТАРМАҚТАРЫ МЕН ТАРМАҚШАЛАРЫН НӨМІРЛЕУ 
4.4.1 Барлық құжаттар шегінде магистрлік диссертация тараулары нүктесіз және азат 
жол басынан бос жер қалдырылған араб цифры арқылы ретті нөмірлермен белгіленеді. 
Тараушалар әрбір тараудың шегінде нөмірленуі керек. Тарауша нөмірі тарау және тарауша 
нөмірінен тұрады, олар нүктемен бөлінеді. Тарауша нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. 
Тараулар да, тараушалар да бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін. 
4.4.2 Егер құжатта тарауша болмаса, ондағы тармақ нөмірі әрбір тараудың шегінде 
болуы керек және тармақ нөмірі нүктемен бөлінген тарау және тармақ нөмірінен тұру қажет. 
Тармақ нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Егер құжатта тарауша болса, тармақтың нөмірі 
тараушаның шегінде болуы керек және тармақ нөмірі нүктемен бөлінген тарау, тарауша және 
тармақ нөмірінен тұру қажет. 
4.4.3 Егер мәтін тек тармақтарға бөлінетін болса, олар барлық магистрлік диссертация 
жұмыс шегінде ретті нөмірлермен нөмірленеді. 
4.4.4 Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін, олар әрбір 
тармақтың шегінде ретті нөмірлермен белгіленеді, мәселен, 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б. 
4.4.5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) 
бастаған дұрыс. 
4.4.6 Магистрлік диссертация құрамына кіретін беттердің және қосымшалардың 
нөмерлері алмаспайтын болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет