Мазмұны: Өзі туралы Алтай тауын мекен еткен ұлылар Хажылардың сапарға аттануы Хажылардың жұртпен қоштасуы, Ақыттың хажыларға қосылуы Жолдағы қиындықтар Ата –баба ұлылығын дәріптеу Соңы 1-тарауша



Дата04.04.2024
өлшемі18.47 Kb.
#497618
Хажы Баян


«Қажы Баян»- Ақыт қажы көрген-білгендерін түгел қағазға түсіріп, сапарнамалық күнделік дәптері. 2 тарау, 70 шумақтан тұратын сапарнамалық тарихи роман.
Мазмұны:

  1. Өзі туралы

  2. Алтай тауын мекен еткен ұлылар

  3. Хажылардың сапарға аттануы

  4. Хажылардың жұртпен қоштасуы, Ақыттың хажыларға қосылуы

  5. Жолдағы қиындықтар

  6. Ата –баба ұлылығын дәріптеу

  7. Соңы

1-тарауша
Өзі туралы
Илләһи саған жылап қалам алдым,
Тәуекел бар ісімді саған салдым
Жаранлар, атым Ақыт молла Тәйіп,
Жасымда отыз тоғыз Мекке бардым.

Сұрасаң атым қазақ керей затым,


Көрген жол тамашалап жазған хатым
Алтайда Үлімжіұлы менің жөнім
Тәйіп деп бәдәуйлер қойған атым

Алтайда хазірет атаң ұлық пірім-


Мұхаммед момын Ешен жарықтығым
Жаһаннан ғазиз ерім өтіп кетті
Аруағы сол Ешеннің мәдәт қылың.

Алтай тауын мекен еткен ұлылар
Алтай тау, Абақ керей, Жайыр, Сауыр,
Мұхтадыл, жазы-қысы, күзі тәуір
Әр жерде мешіт пенен медресе бар
Еліміз сахарада көшпелі ауыл

Жәнібек жәнтекейден шыққан ерім,


Абылай ханға серік болған кемеңгерім.

Мәйті би, Тілеулі би, батыр Көбеш


Байбосын шешендіктен берген емес
Алтайдан жоңғарларды жүнше түтіп
Барлығы заманында қылған егес.

Мамырбек жайырдағы ел иесі,


Осылар Көгедайдың немересі
Көгедай Абылай ханның ұрпағы екен
Келеді желілесіп қан жүйесі.

2-тарауша


Хажылардың сапарға аттануы
Бұл дүние баяны жоқ түбі жалған,
Дүниеде таусылмайды мұң мен арман.
Елдегі бас алқаның ақылымен
Қобдадан сегіз кісі хажы барған

Сегіз кісі :



  1. Лайық мырза (Баласы Сөлтекбайдың Лайық аға, Сол кісімен кіршіксіз дос болып жүрдім). Жұрт оған Бата деп ат қойыпты, қажылыққа аттану үшін малын сатыпғ сапар қамданады.

  2. Ажынтайдың баласы Сайыр мырза

  3. Доңтай Ұғылы Қанжар (бала хажы)

  4. Молқы Оразбек, 5.Сүлеймен екі жігіт

  1. Жастабаннан Қойбағар кәрі

  2. Шыбарайғыр Ақымбек кәрі

Сенбі күні жолға аттанады.
Хажылардың жұртпен қоштасуы, Ақыттың хажыларға қосылуы
Сақсайға барып қош айтпақ боп,
Мен қайтпадым ілгері барғандардан.

Сол күні дәл Сақсайға қондық барып,


Көп жұрт мені жүр- деді ауызға алып
Сол жерде жүрейін-деп айтып салдым
Не береке табам-деп топтан қалып.

Жалғыз-ақ ел жұртыма хош демедім,


Осы жерім болды ғой үлкен зарық.

Атамызға біз үшін рұқсат сұрап,


Күдері аға, бара гөр біздің елге
Молла Сыдық, Күдері оған барсын
Балаңа дұға қыл деп хабар салсын.

Дүсенбі күні ораза тұтып, жолға аттанып елімен қоштасу


Әбубәкір әкеп сойып екі қойын,
Бейшара той қып жатыр қатты күліп.

Сауда жасап, жолға керекті жарақтарды алып жұма күні сапарға аттанады


Төрт арба ап, қырық бес соммен жол жүруі


Жолдағы қиындықтар
Онан бардық Мойылты бекетіне,
Бекет сайын он үш сом зекетіне
Қар жауып арба жүрмей көп қиналдық,
Қараңдар мына жолдың кесетіне.

Тесіктас, Көкқойға барғанды кеме жоқ, қарбыз тосып 5-6 күн жатып қалдық


Орыстың пәтерінде жаттық қарап,
Тыныш кетті, қандала бүрге талап,
Жол тоқталып, ғаріптік басқа түсіп,
Күн сайын жүдей бердік аттай жарап.


Ата –баба ұлылығын дәріптеу
Қазақта он екі абақ керей еді,
Алтай, Сауыр, Қобдада тұрған жерім
Сол елдің баршасына тағылым жайған
Мұхаммед момын Ешен діннің кені.
Керейге ол жетпіс үш жыл тағылым жайған,
Тілегеп тәуфиық бер-деп бір құдайдан
Ол Ешенге ықылас қылған адам,
Иншалла жоқ шығар жолдан тайған.

Соңы
Жаранлар, бейнет болмай дәулет қонбас,
Пендеге үнемі разат әркез болмас.
Жаман өлсе жақсымен білінбейді
Ол жаманмен бір жақсы орын толмас.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет