Баспасөз баяны 18 қыркүйекте сағат 16. 00-да Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында



Дата24.02.2016
өлшемі49.7 Kb.
#12819
Баспасөз баяны

18 қыркүйекте сағат 16.00-да Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында суретші-график Рақымжан Қасымжанның көрме вернисажы өтеді.

Рақымжан Қасымжанның шығармашылығымен танысқан өнер сүйер қауым оның мамандығы инженер-металлург екенін білгенде таңқалыс білдереді. Ол арнайы академиялық көркем сурет білімін алмаған, бірақта оның сызық, штрих және дақ сияқты негізгі графикалық көркем құралдарды шеберлікпен қолданғанына байланысты Рақымжан Қасымжанды шынайы кәсіби суретші деп тануға болады. Табиғи дарыны, білімге деген құмарлығы, тарихқа шынайы қызығушылығы оның суретші–график ретінде шығармашылығының қалыптасуына негіз салды. Оның шығармашылығында түрік тарихы беттерінің соның ішінде қазақ ұлтының батырлық өнерлері басымдық алған. Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген шынайы ынтасы оның шығармашылығының қалыптасуына зор ықпал жасады. Сондықтан оның тарихи және батальдық жанрларда жұмыс жасуы кездейсоқ құбылыс болмады.

Осы көрмеде, суретшінің кейінгі жиырма жыл бойы жасаған жұмыстары көрерменге ұсынылып отыр. 1994 жылдан 2014 жылдар аралығындағы 40 шақты графикалық еңбектері ұсынылған.

«Рақымжан Қасымжанның шығармашылығы Қазақстан графика шеберлерінің идеяларымен үндеседі және бейнелеу өнеріндегі ұлттық мектеп дәстүрін жалғастырады. Оның графикалық туындыларының тақырыбы - бұл қазақ тарихының көне парақтары, соғыс шайқас көріністері, аңыздар және эпостар желісі, қазақ батырларының көркем бейнелері.

Суретшінің графикалық туындыларында қазақ халқының этнографиясы, фольклоры, дәстүрі, әдет-ғұрпы, жауынгерлік өнері, қару жарақ, ат әбзелдері туралы зерделі білімі сезіледі. Батыр жауынгерлер және епті дала шабандоздардың бейнелері суретші Рақымжан Қасымжан шығармашылығының өзегі болып табылады. Қазақтардың барлық тұрмыс тіршілігі және мәдени ғұмыры жылқымен байланысты болған.

Рақымжан Қасымжан шығармышылық қолтанбасының мінездемесін айқындағанда ол аттылы батырларды әр түрлі қимыл, қозғалыс тұрыс кейіптерде бейнелейтін шебер екенін аңғарамыз. Кейіпкерлер салтанатты отырыста немесе қаһарлы қимылда қандай да бір түрде бейнеленсе де адаммен ат үйлесімді тұтас ажырамас бейне ретінде суреттеледі. Осының арқасында батырлар бейнесі көшпелі жауынгер кейпін сомдағандай әсер қалдырады.

Рақымжан Қасымжанның сомдаған батырлар бейнелері салтанатты-статикалық сипаттағы қатып қалған мүсін кейпіндегі кейіпкерлер емес, оларда жарқыраған сыртқы жылтыр әсемділік жоқ. Олар әрқашан тірі шапшаң қимылда, шайқастың белгелі шешуші сәтінде бейнеленеді, бұл кейіпкерлерге динамикалық және экспрессивті мініздеме береді», - деп өнертанушы Ғайни Мұхтарова өз ойын білдіреді.
Қысқаша автор жайлы мәлімет. Рақымжан Қасымжан (Қағазбеков Рақымжан Қасымжанұлы) 1965 жылы 20 шілде де Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) бітірген. Еңбек жолында ол Балхаш тау-металлургиялық комбинатында мыс балқытатын цехтегі балқытушыдан бастап, бөлім бастығы орынбасарынан цехтың бас инженеріне дейін қызмет атқарған. Бас инженер ретінде ол Алматы облысындағы Ұштөбе қаласындағы кремний шығаратын металлургиялық зауыттың салуына қатысты. ЖШС «SBS-Steel» КҚБ бастығының орынбасары болды. Қазақстан тарихы жайлы терең білімі бірқатар ғылыми мақала жазуына себеп болды. Оның «Дөнгелек үстіндегі қозғалмалы сарайлар», «Киіз үй» атты мақалалары «Северное Прибалхашье» атты газеттерде жарияланды.
Жалпы Рақымжан Қасымжанның шығармашылығында тарих бұл дәстүр немесе ұрпақтар сабақтастығы өрілген тоқтаусыз оқиғалар ағыны тәрізді. Суретші қазақ тарихын белгелі бір дәуір шеңберінде катып қалған тұйықталған зат емес өмір өзенінің ағысы деп қарастырады. Сондықтан оның батыр кейіпкерлері нышанды, бейнеленген батырларды сіз нақты бір ғана дәуірге немесе кезеңге жатқыза алмайсыз бұл замандар тоғысындағы қазақ жауынгерінің мәнгілік бейнесі.

Тұмар, Бопай, Мамыр сияқты әйел қолбасшылар және патшайым билеуші бейнелері өзінің жауынгерлік мінездемесіне қарамастан, нәзік лирикаға толы - ұлттық киімдегі олардың асқақ тәкаппарлық сымбатты мүсіндері, ұзын бұрымдары, әшекей бұйымдарының элементтері арқылы тұтастай қазақ аруларының жиынтық бейнесін суреттейді.


Рақымжан Қасымжандағы тарих бұл уақыттың қозғалмалы дөңгелегі және оқиғалардың логикалық тізбегі тәрізде. Еуразия даласының тарихы оның шығармаларында заман ағыны әр қилы уақыт өлшемінде сызықты, өзекті, айналмалы түрде суреттеледі. Тарих бұл әрине үздіксіз үдеріс, мысалы он жыл бұрын ғана біз үшін шындық үйреншікті болған жағдай, бір сәтте ғана тарихқа айналып кете береді. «Біз қазақтар - Еуразияның ұлы көшпелілер ұрпақтарымыз», «Аңырақай шайқасына 270 жыл» және «Қозы Көрпеш - Баян сұлу лироэпосына 1500 жыл» атты графикалық коллаждарын зерделегенде тарихи уақыт оқиғалар тізбегінде суретші айрықша тарихи даталарға және шешуші кезеңдерге үлкен көңіл білдіретіні анық байқалады. Суретшінің бұл ықыласы «Халық тарих толқынында» атты Мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасымен үндеседі.

«Кеңістік және уақыт тек қана тушпен қалам құралдары арқылы ақ, қара түстер аралас өрімімен өрістеледі. Рақымжан Қасымжан көркем құралдар ретінде тек қана тушь, қалам және қағаздың ақ парағын ғана қолданады. Қоршаған фонды артық сипаттаусыз ол кейіпкерлердің бейнесін аша түседі.

Каллиграфия өнеріне тән ақ қағаз кеңістігі және суреттің таңбасының үйлесімді қарым қатынасы әсемдігін сезіне аламыз. Бұл графика өнерінде өте маңызды тәсіл, өйткені ақ қағаз кеңістігі бейнеленген таңба суретінің ешбір кем рөл атқармайды. Қазақ ою өрнегінде фонмен суреттің бір бірін толықтыру ережесі бар. Фонмен өрнектердің біркелкі көлемі және олардың контрасты түстік гаммасы, арттқы фон әдетте өрнектен бөтен түспен боялған соң, ол өз кезегінде қосымша өрнектердің әсерін береді. Рақымжан Қасымжан бұл бейнелеу мүмкіндіктерін шеберлікпен меңгерген, композициялық кеңістік шешімін дұрыс дәл табуы оның суреткерлік қабілетінің жоғары деңгейін айшықтай түседі.

Рақымжан Қасымжанның авторлық қолтаңбасына композициялық шешімдердің көптүрлілігі тән, ақ пен қара дақ пропорцияларының үйлесімді қарым қатынасы, қимыл грациясы, формат кеңістігін ұйымдастыруы, бейнемен бос кеңістік көлемімен қарым қатынасы Рақымжан Қасымжан графикасының кәсіби шеберлігі туралы баяндайды. Оның графикаларының композициялық шешімі сәйкес бірфигуралы, екіфигуралы, үшфигуралы және көпфигуралы сюжетті композицияларға бөлуге болады.

Графикалардың жасау тәсілдері: сызықты, штрихты және дақты. Штрих әдісімен жасалған графикалық топтамалар петроглифтер мен тастағы бедерлер мотивтерінің тірілген көріністері әспетті. Рақымжан Қасымжан ақ, қара дақ, сызық және штриховканың барлық мүмкіндіктерін шебер қолдана біледі.

Суретшінің қазақ халқының рухани бастауларына деген зор махаббаты, Отандық тарихқа деген шынайы қызығушылығы әлі де дамуға күш қуаты мен мүмкіндігі зор екендігі және жан жақты қолдауға тұрарлықтай шығармашылық иесі екендігіне күмәніміз жоқ», - деп өнертанушы Ғайни Мұхтарова суреттейді.



Рақымжан Қасымжанның туындылары Қазақстан тарихына жаңа қөзқарас, жаңа сипат береді, қызықты және шығармашылық туындылардағы ішкі ой толғаныс Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Мәңгілік Ел» атты Жолдауындағы айтылған идеямен үндестік тапқандай. Өйткені Отанға деген шынайы махаббат қана өзіндік тарихы, бүгінгісі және жарқын болашағы бар жаңа Қазақстанның алға жетелейтін жасампаздықтың даму күші бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет