Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Мұнайтпасов көшесі, 5
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тел: 8 (7172) 70 95 20
Баспасөз хабарламасы
АСТАНА – 2012, 11 қыркүйек 2012 ж.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік үздік 400 ЖОО тізіміне ілігіп, 369-шы орынға шықты
QS зерттеу орталығының басшысы Бен Саутердің айтуынша, «QS World University Rankings рейтингісінде Қазақстанның екі ірі ЖОО дүниежүзінің 400 үздік ЖОО қатарынан көрінуі жоғары бiлiмге деген тұрақты инвестицияның тиiмдiлігін арттыра түспек».
2012 жылдың қорытындысына сәйкес ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. Бұл алдымен, университеттің әлемдiк нарықтағы бiлiм беру саласы қызметінде деңгейінің жоғары екендігін және білім беру сапасының күшейгендігі мен тұрақтылығын айғақтайтыны анық.
Қазақстан бойынша аталған үздіктер тобында Еуразия ұлттық университетінен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (390-шы орын) тұр.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ QS WUR рейтингіне 2009 жылдан бастап қатысуда. Атап өтетін жәйт, 2011 жылмен салыстырғанда білім ордамыз 69 ЖОО алдын орап, әлемнің 400 үздік университеттері қатарынан көрінді. Университеттің мұндай белестерді алуына халықаралық жобалар мен бағдарламалардың қосқан үлесі, халықаралық білім және ғылым кеңістігінде университетіміздің белсенді атсалысуы әсер етті.
Қазақстандық ЖОО-лар QS WUR рейтингiсінде барлық көрсеткіштер бойынша көш бастап, білім нарығында өз үлестерін арттырды.
Сонымен қатар 2012 жылы оқу ордамыз тағы бір жағымды жаңалықпен толығып отыр. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингісіне сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 18 университеттің алдын орай отырып, еліміздің ЖОО бойынша үздік көпбейінді оқу ордасы атанды. Мұнымен қоса, Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялау агентігінің шешімімен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың он бірдей білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті.
QS WUR рейтингісі бойынша алғашқы бестік қатарында Массачусетс технология университеті (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Гарвард университеті (АҚШ), Лондонның университет колледжі (Ұлыбритания) және Оксфорд университеті (Ұлыбритания) бар.
QS Рейтингі, негізінен, университеттер туралы өздерінің пікірлерін айтатын сарапшылардың сұрақтарын қамтиды. Мұнда ЖОО-дар зерттеулік еңбек, жұмыс берушілердің пікірі, сабақ беру, интернационализация сияқты көрсеткіштермен бағаланады. Рейтинг қорытындысы 46 000 академиялық бiрлестiк өкiлдерi мен 25 000 рекрутер өкiлдерiнің сауалнама нәтижесі арқылы жасалады.
Әлемнің үздік ЖОО тізімімен мына www.topuniversities.com. сайт арқылы таныса аласыздар.
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ республиканы дамытудағы басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, құрылыс, техника мен технологиялар, кәсiпкерлiк және құқық саласында бейімделген жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау бойынша Қазақстанның бастаушы университетi болып табылады. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингісі жарияланды. Аталмыш рейтингіге сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 18 университеттің алдын орай отырып, еліміздің ЖОО бойынша үздік көпбейінді оқу ордасы атанды.
Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жж. Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орында!
QS WUR ақпараты ең iрi дерек қоры болып табылатын Scopus базасынан, ғылыми әдебиеттер мен сапалы веб-дереккөздерінің дәйектемесі негізінде алынды. Бұл 5 000-ға тарта халықаралық басылымдардың 18 000 мақаласы бар кең пәнаралық салаларды қамтитын Scopus базасы.
Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында 2020 жылға дейін еліміздің кемі екі университеті әлемдегі ең озық университеттері қатарынан көрінуі керек деген мақсат қойылған болатын. Бүгінде Еуразия ұлттық университеті осы мақсатқа қол жеткізіп отыр.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
бас ғимараты,
веб-өкілдігі бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (7172) 70 95 20
Достарыңызбен бөлісу: |