Баспасөз хабарламасы батыс түрік кағанаты атласы: Ұлт қазынасы л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситетінде Тәуелсіздік күніне орай 2013 жылы 11 желтоқсан күні сағат 10. 00 -де «Әлемдік өркениетті дамыту шеңберінде Батыс Түрік қағанатының



Дата29.02.2016
өлшемі21.36 Kb.
#31350
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.,Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
БАТЫС ТҮРІК КАҒАНАТЫ АТЛАСЫ: ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситетінде Тәуелсіздік күніне орай 2013 жылы 11 желтоқсан күні сағат 10.00 -де «Әлемдік өркениетті дамыту шеңберінде Батыс Түрік қағанатының мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияда «Батыс Түрік қағанаты» атты бірінші бірінші атластың тұсаукесер рәсімі болады. Жобаның ғылыми жетекшілері, түрктанушы, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков, тарих ғылымының докторы Айман Досымбаева.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі, көп функциональді ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі.

Аталмыш конференцияны өткізуге байланысты қазіргі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Еуразия аймағында орналасқан ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы алғашқы түрік мемлекеті – Батыс Түрік қағанатының ең алғашқы тарихын қамтитын бірегей басылым дайындалған. Еңбекте алғаш рет Шыңғысхан басқыншылығына дейін болған Алтайдан Балқанға дейінгі империяның негізін салған батыс түріктерінің тарихы бойынша көптеген жазба, бейнелі археологиялық деректер жинақталған. (Мемлекеттің құрылған кезеңі – 552 жыл, орналасқан жері – Түркістан территориясы; Іле,Шу, Талас өзендерінің аумағы. Билік құрған жылдары – 552-766 жылдар).

Конференцияға әлемге танымал ғалымдар, түрктанушылар, тарихшылар қатысады: Петер Б. Голден (АҚШ), Такаши Осава (Жапония), Осман Қаратай, Ахмет Ташагыл (Түркия), Ресей ғалымдары Сергей Боталов (Челябі), Сергей Яценко (Мәскеу), Боян Тотев (Болгария), сондай-ақ тағы да басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдары мен аспирант, студенттері күтілуде.



Конференцияның мақсаты – әлемдік өркениетті дамыту аясында Батыс Түрік қағанатының тарихи рөлі мен маңызын көрсету, Қазақстан мен Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, жалпыәлемдік құндылық аясында қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттігін, қазақтардың этникалық мәдениетін құруға әсер еткен тарихтағы маңызды оқиғаларға баға беру болып табылады.
Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі

Өткізу күні: 2013 жыл 11 желтоқсан, сағат 10.00

Өткізу орны: ЕҰУ, Бас ғимарат, 259 аудитория;


Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет