Баспасөз хабарламасы Дүниежүзілік банк пен «kegoc» АҚ Алматы облысын электрмен жабдықтауды дамытуға бөлінетін несие туралы Келісімге қол қойды



Дата17.07.2016
өлшемі32.6 Kb.
#205412





«KEGOC» АҚ



Дүниежүзілік банк


Баспасөз хабарламасы
Дүниежүзілік банк пен «KEGOC» АҚ Алматы облысын электрмен жабдықтауды дамытуға бөлінетін несие туралы Келісімге қол қойды.
«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы Қазақстанның оңтүстік өңірін электрмен жабдықтау тиімділігі мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 12 қараша 2009 ж. Бүгін Дүниежүзілік банк пен «KEGOC» акционерлік компаниясы «Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы үшін 48 млн. АҚШ доллары сомасындағы несие туралы Келісімге қол қойды. ҚР Үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен берілетін бұл қаржы ҰЭТ-ты кеңейтуге және Мойнақ ГЭС-мен байланысты қамтамасыз ететін әуе желілерінің құрылысына жұмсалмақ. Несие туралы Келісімге «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев және Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сергей Шаталов мырза қол қойды. Біржолы, Қазақстан Республикасы атынан Болат Жамишев мырза және Дүниежүзілік банк атынан Сергей Шаталов Кепілдік тұралы келісімге қол қойды.

Аталған Жоба мен Мойнақ ГЭС құрылысының жобасы өңір экономикасының қарқынды дамуына байланысты электр қуатына деген сұраныс артып отырған Алматы облысындағы энергия тапшылығын азайту жөніндегі Үкімет бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Жобаны жүзеге асыру Алматы энергия торабының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, Қазақстан БЭЖ-нің қуат өндіруші құрылымындағы маневрлік энергия көздерінің үлесін ұлғайтпақ.

«Қазақстан электр энергетикасы инфрақұрылымын дамытуға мол инвестиция бөлуші Дүниежүзілік банк пен «KEGOC» компаниясы арасында «ҰЭТ-ты жаңғырту», «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» екінші транзитінің құрылысы жобалары бойынша 10 жыл бойғы бірлескен жұмыс барысында жақсы серіктестік қарым-қатынастар қалыптасты. Табысты қарыз алушының беделі бүгінгі әлемдік рецессия жағдайында ұзақ уақытқа арзан қаржы қаражатын алуға, сөйтіп Мойнақ ГЭС қуатын беру жұмыстарын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа біз жыл аяғына дейін «Алма» жобасы бойынша Дүниежүзілік банкімен тағы бір келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», - деді «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев.

«Көп жылдар бойы «KEGOC» компаниясы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы ең ірі серіктетерінің бірі болып отыр, бұл электр энергетиканың мемлекет экономикасы даму мен қайта жаңғыру барысында маңызды рөл атқарып отырғанның белгісі . Бірлескен екі жобаның табысты жүзеге асуы нәтижесінде Қазақстанның электр энергетикасы жүйесі ТМД-да жоғары деңгейде бағаланып отыр», - деді Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Сергей Шаталов мырза. «Энергия тапшылығы мәселесін шешу – шағын және орта бизнестің зор дамуының, нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындардың өмір сүру деңгейі артып, жұмыспен қамту жағдайы жақсарудың бірден бір шарты».

Жалпы құны 68 млн. АҚШ доллары (10 млрд. теңге) болатын жоба төмендегідей компоненттерден тұрады: Мойнақ станциясы мен Шелек ҚС аралығында, сондай-ақ Мойнақ станциясы мен Робот ҚС арасында 220 кВ-тық электр жеткізуші әуе желілерін (ЭЖӘЖ) салу; Шелек ҚС мен Робот ҚС қайта жаңғырту және кеңейту, техникалық кеңесшілердің қызметі. Құрылыс мерзімі – 2010-2011 жылдар. Жоба халықаралық стандарттар мен экологиялық талаптарға сай жүзеге асырылатын болады, бұл жағдай қоршаған ортаған тигізетін әсерді азайтпақ. Бүкіләлемдік банктің заемы 25 жылға, төлеу мерзімі 5 жылға ұзартылып Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен беріледі.


«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы болып табылады, оның басты міндеті - Қазақстан БЭЖ-нің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік саясат шеңберінде Ұлттық электр торабының қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай сенімді басқарылуын жүзеге асыру. Компания туралы ақпаратты http://www.kegoc.kz. сайтынан алуға болады.

Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы міндеті – экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету арқылы азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Банк 1992 жылғы шілдеден бері Қазақстанға жалпы сомасы 4,2 миллиард АҚШ долларынан асатын 34 қарыз қаражатын ұсынды. Қазақстандағы Бүкіләлемдік банк қызметі туралы толық ақпаратты http://www.worldbank.org.kz сайтынан алуға болады.


Байланыс:
«KEGOC» АҚ

Марат Охапұлы Мұхамедсалиев, (7-7172) 970-415, pressa@kegoc.kz


Бүкіләлемдік банк

Астанада: Оксана Миллер, (7-7172) 580-555; omiller@worldbank.org

Алматыда: Кубат Сыдықов, (7 727) 298 0580; ksydykov@wolrdbank.org

Вашингтонда: Майкл Джонс, (1-202) 473-2588; mjones2@worldbank.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет