Баспасөз хабарламасы ҚР азаматтарын медициналық көмектің сапасы қаншалықты қанағаттандырады? Алматы, 10 ақпан 2016 ж. – «Аман-саулық»



Дата21.06.2016
өлшемі23.59 Kb.
#151754


Баспасөз хабарламасы

ҚР азаматтарын медициналық көмектің сапасы қаншалықты қанағаттандырады?
Алматы, 10 ақпан 2016 ж. – «Аман-саулық» ҚҚ АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТ-мен (AlmaU) бірлесе «Қоғамға Қызмет» жобасының шеңберінде 2015 жылдың қазан-желтоқсан кезеңінде «Медициналық қызмет етудің сапасы және қолжетімдігі» тақырыбына әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Жүргізілген зерттеудің мақсаты азаматтардың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық пікірін зерттеу болды.

ДСҰ ұсыныстарына сәйкес «медициналық көмектің сапасын» бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі қызмет төрт құрауыштарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс:

1. медициналық көмектің қауіпсіздігі;

2. медициналық көмектің қолжетімдігі;

3. медициналық көмектің оңтайлылығы;



4. емделушілердің қанағаттанушылығы.

Социологиялық зерттеуді АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТ-інің 32 еріктілері азаматтардан сауал алумен жүргізді. Зерттеуде 632 сауалнама пайдаланылды. Сұралғандар санының 41%-ын – ерлер, әйелдер – 59% құрады. Сұралған респонденттердің орташа жасы 55 жасты құрады.

Социологиялық зерттеудің нәтижелері сұралғандардың 40%-дан астамы:

- дәрігерді еркін таңдау мүмкіндігіне,

- дәрігердің қабылдауын күтудің ұзақтығына риза еместігін көрсетті.

Респонденттердің 56% тегін берілуі тиіс зерттеулер мен емдеулер үшін қосымша ақының алынатынына наразылығын білдірді.

Социологиялық зерттеуді жүргізу барысында «Қандай да бір дәрежеде ризамын» деген секілді бағанды әдейі қостық, мұның өзі субъективті болып табылатын қанағаттанушылық дәрежесін, сондай-ақ оң динамиканың болуын анықтау қажеттілігімен байланысты болды. «Қандай да бір дәрежеде ризамын» көрсеткішінің 28-ден 47% дейін болуы медициналық қызметтер көрсету жүйесінде оң үрдістердің байқала бастады деуге негіз болады.



Бұл социологиялық сауал «Аман-саулық» ҚҚ-ның «Жедел қатынасына» азаматтардың жүгінулерін талдаумен расталады.

«Қоғамдық ұйымдардың мұндай социологиялық зерттеулерді жүргізуі қолдың тамырын ұстағандай қалыптасқан үрдістерді қадағалауға мүмкіндік береді, және сонымен бірге денсаулық сақтаудағы жағдайды тәуелсіз мониторингтеудің пайдалы құралы болып табылады, оны мемлекеттік органдар мен мекемелер медициналық қызметтерді көрсету жүйесіндегі проблемалы аймақтарды анықтау үшін пайдалана алады. Бұл сонымен қатар, мемлекет пен ҚЕҰ тиімді серіктестігінің мысалы болып табылады», - дейді Бақыт Түменова, «Аман-саулық» ҚҚ Президенті.



Баспасөз конференциясының спикерлері:

- Бақыт ТҮМЕНОВА – «Аман-саулық» ҚҚ президенті

- Асылбек НҰРҒАБДЕШОВ – АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТ-інің (AlmaU) Базалық дайындың факультетінің деканы

- Гаухар ТКАЧЕНКО – «Аман-саулық» ҚҚ «Жедел қатынасының» дәрігер-консультанты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет