Баспасөз хабарламасы



Дата17.07.2016
өлшемі15.84 Kb.
#205220



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылғы 13 сәуірде сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандық бірегейлік: негізгі құндылықтары мен нығайту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.



Іс шара барысында қазақстандық бірегейліктің басты қағидаттары, азаматтық, мемлекеттік, этникалық, діни бірегейлік: өзара байланысы мен ықпалы, Мәңгілік ел ұлттық идеясының негізгі аспектілері қарастыралады. Сондай-ақ, дөңгелек үстел басына жиналған ғалымдар ұлттық идея төңірегінде елдің тәуелсіздігі мен өркендеуі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік құндылықтары турасында мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы даму жолдарын талқылайды.

Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақстандық ғалымдар, ғылыми институт басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, PhD доктаранттары мен магистранттары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысады.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №2 ғимарат, 324 каб.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул. К.Сатпаева 2 Қазақстан,Астана қ.Қ.Сәтпаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Satpayeva st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет