Баспасөз-хабарламасы



Дата09.06.2016
өлшемі68 Kb.
#124836


БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін және оған орайластырылған онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу бойынша он күндік өткізу
Мақсаты: Жұртшылық назарын онкопатология ауыртпалығын төмендетудің ғаламдық мәселесіне аудару, тұрғындардың, медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу туралы хабардар болуын арттыру, тұрғындарға скринингтік тексеруден уақтылы өту қажеттілігі туралы хабарлау. .

Өткізу уақыты: 2014 жылғы 27 қаңтардан 7 ақпанға дейін.

Ұйымдастырушылар: Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қалалық онкологиялық диспансері.
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасы бойынша 4 ақпанда атап өтіледі. 2015 жылы ол «»Бұл қол жетімді!» ұранымен өтеді.

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні және Республикалық онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу бойынша он күндік қатерлі ісік, оны ерте анықтау мүмкіндігі және алдын алу шаралары туралы хабардар болуды арттыруға қатысты бірлескен күшті біріктіруге мүмкіндік береді. Ақпараттық науқан шеңберінде тұрғындар арасында қатерлі ісік туралы хабардар болуды арттыру және ақпарат тарату мүмкіндігі туындап отыр.

Салауатты өмір салты, темекі түтіні, кәсіби зиянды факторлар сияқты белгілі канцерогендермен байланысуды болдырмау, күннің астында болу уақытын қысқарту және де қатерлі ісікке алып келетін В гепатиті вирусы және адам папилломасы вирусы сияқты инфекцияларға қарсы иммундау жолдары арқылы қатерлі ісікпен науқастану жағдайының 40% -ын алдын алуға болады.

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне арналған онкүндік шеңберінде бір қатар іс-шаралар жүргізу жоспарлануда:

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқрамасы, Алматы онкологиялық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Бәріміз қатерлі ісікке қарсымыз» Қоғамдық қорының бастамасы бойынша Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орай 2015 жылдың 31 қаңтарында сағат 14.00-ден бастап 18.00-гей дейін Mega орталығында «Өзімізді қорғау үшін- Біз қатерлі ісік туралы айтуымыз керек» атты ұранымен акция жүргізу жоспарлануда.

Шара барысында: Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні атты символикалы майкмен волонтерлар Алматы қаласының емханаларына медициналық, профилактикалық тексеруге шақырылған ақпараттық- білім беретін материалдарымен, сонымен қатар қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша парақшалар тарату қарастырылған.

- сонымен қоса, қаланың ойын-сауық орталықтарында (Максима, Прайм плаза, Маркет-Плаза, Спутник, Сулпак, Нұрлы, Қарқара және т.б.) 2015 жылдың 31 қаңтарында сағат 10.00 ден бастап 14.00 аралығында тегін скринигтен қаралуға, қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша АБМ және онколог дәрігердің кеңесіне тұрғындарды шақырумен «Саламатты қала» атты акция өтеді.

- 2015 жылдың 4 ақпаны күні сағат 11.00 де баспасөз-орталығында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орай баспасөз-конференциясын өткізу жоспарлануда.

-2015 жылдың 7 ақпаны күні Алматы онкологиялық орталығында және қаланың емханаларында онколог дәрігерлердің кеңесімен және қатерлі ісік ауруларына зерттеу жүргізумен «Ашық есік» күні өтеді.



Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

тел. 382 52 44, 87024180003

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет