БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
|
24 қазан 2012 жыл
|
Атырау қаласы
|
Атырау мұнай өңдеу зауытында ҮЕҰ, БАҚ және Орталық Азия Аймақтық экология орталығының қатысуымен зауыттағы су тұтыну, айналма сумен қамту тәжірибесімен таныстыру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды.
Суды табиғат ресурсы ретінде тиімді пайдалану – Атырау МӨЗ су шаруашылығы алдындағы ең маңызды міндет.
АМӨЗ-ында өндірістік және өртке қарсы қажеттілік мақсатында техникалық сумен қамтуды төмендегі технологиялық қондырғылар жүзеге асырады: су қақпалары (1945 ж.), Су блогы-2 (1969 ж.), ЖЭО су салқындатқышы (2006 ж.), айналмалы су салқындатқышы (2006 ж.), механикалық тазарту қондырғысы (1972 ж.), сарқынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы (2006 ж.).
Су қақпалары зауыттың өндірістік нысандарын техникалық сумен қамтуға арналған. 2004 жылы имарат қайта жарақталып, су беру өнімділігі 6 250 м3/ сағ. құрады.
«Су блогы - 2» қондырғысы каталитикалық риформинг қондырғысы (ЛГ), ЭЛОУ-АВТ-3, БКҚ, МКШҚ және азот станциясын айналма сумен қамтуға арналған. Қуаттылығы - 3 000 м3/сағ.
«ЖЭО су салқындатқышы» қондырғысының өнімділігі 3 400 м 3/сағ, ол бу құбырларының конденсаторларын салқындатқыш сумен қамтамасыз етеді.
Айналма сумен жабдықтайтын су салқындатқыш қондырғысы ЭЛОУ-АТ-2, БДП ҚҚ, КШҚ, СТҚ және БКҚ аминді абсорбция секциясын салқындатқыш сумен қамтамасыз етеді. Өнімділігі – 2 700 м3/сағ.
Механикалық тазарту қондырғысы сарқынды суды мұнай өнімдері мен өлшенген бөлшектерден тазартуға арналған. Өнімділігі - тәулігіне 12 000 м3 .
Сарқынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы сарқынды суларды терең тазартуға арналған, өнімділігі – 700 м3/сағ.
Өндірісті сумен қамту айналымды сумен қамтудың үш жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Егер 2005 жылы айналымды су көлемі 15 миллион 633 мың м3 болса, 2011 жыл бұл көрсеткіш 60 миллион 910 мың м3 – ты құрады. Су айналымы 5 есеге дейін ұлғайған. 2011 жылдың қорытындысына сәйкес су айналымы коэффициенті 93,7% - ды қүрады. Бұл – өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың 93,7 % айналма су деген сөз, ал Жайық өзенінен шығынды өтеу үшін 6,3% ғана алынады.
Беткі су көздерінен су жинауды қысқартудың бірден-бір жолы – тазартылған сарқынды суды пайдалану. Биологиялық тазартудан өткен сарқынды сулар зауыттың айналма су және өрт сөндіру жүйелері үшін қолданылады. 2008 жылы қайта қолдануға 242 мың м3 биологиялық тазартудан өткен су жіберілсе ( барлық тазартылған судың 7,3% ), 2011 жылы – 705 мың м3 (барлық тазартылған судың 23,5% ) жіберілген.
Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:
99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.
«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |