ӘОЖ 373.2.01
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТІҢ РОЛІ
магистр оқытушы Ахатаева Ұ.Б., Ақжолова Э.
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Роль наглядности в начальном обучении математике
Summary
The role of visnalization in the teaching ofmathematics elementary
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру үдерісі – оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз да берік және табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге себін тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда түрлі әдістерді қолдануымыз керек. Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципінің маңызы зор.
Көрнекілік принципінде ұстаздың әр түрлі көрнекті оқу құралдарымен оқытудың аудио-визуалдық (есту-көру) техникалық құралдарын-кітаптар, карталар, кестелер және басқа да ашық бояулы, анық та айқын көрнектеліп баспадан шыққан оқу құралдарын пайдалануда өз көрінісін табады. Көрнекілік принципі әрекетінің негізінде бірінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіші жататын болса, екінші сигнал жүйесінің оның сигналына реттегіш ықпал жасайды. Көрнекі құрал сөзбен қосарлана жүргізіледі.
Көрнекі құралдардың өзі:
- жаратылыс көрнекілігі ( табиғи заттар, минералдар, хайуанаттар, т.б);
- көлемдік көрнекілік (фото, сурет, кесте, диапозитив, т.б);
- символикалық және графикалық көрнекілік;
- экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары;
- дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді [1, 216].
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көрнекіліктің түрлері:
Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.
Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, элипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, кинофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен абстрактылықтың бірлігі жайындағы қағидаға негізделген.
Мұның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке және керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады.
Көрнекіліктің табиғи, кескіндік (фотосуреттер, оқу картиналары) және символдық (графиктер, сызбалар, диаграммалар) деп аталатын үш түрі қарастырылады.
Көрнекіліктің әр түрінің өзіне тән атқаратын функциялары бар. Сондықтан оқу үдерісіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн: көрнекі құралдар сабақтың мақсатына сәйкес іріктелуі тиіс, көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі керек болса, олардың бәрін бір уақытта емес, әрқайсысының қажетінше кезегімен пайдаланған орынды.
Сабақ кезінде мұғалімнің өзінің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі роль атқарады. Дидактикада үйлестірудің екі тәсілі белгілі. Біріншісінде көрнекі құрал мұғалімнің түсіндіруінен бұрын көрсетіледі. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағыштығын бақылай отырып, керегінше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.
Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімдірек, себебі ол қажетті білімді меңгеруді қамтамасыз етумен бірге, оқушылардың байқағыштық қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. Бірақ, көрнекі құралдарды шамадан тыс қолдану оқушылардың ойлау қызметіне кері әсер ететінін ескерген жөн деп қарастырған [5].
Қандай да болсын көрнекі құралдарды көрсету әрқашанда сөзбен (түсіндірумен) қосарлана жүргізіледі. Атап айтқанда, сөз оқушының назарын ең басты және маңызды нәрселерге аударуға, көрініп тұрған ағыл-тегіл құбылыстардан оқыту мақсаты үшін қажеттіні таңдап алуға көмектеседі. Сөз бен көрнекілік оқыту ісінде өзара тығыз байланыста болады.
Көрнекілікпен түсіндірілген материалды оқушылар тез қабылдап, жеңіл меңгереді. Есінде ұзақ сақтайды. Сабақта ұтымды қолданылған көрнекіліктер ерекше қызмет атқарады деген [2, 10].
Ендігі қарастырылып отырған чехтың ұлы ғалымы – Я.А. Коменскийдің көрнекілік принципі жайындағы зерттеулері.
Коменский «Ұлы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізгі болуы.
Коменский көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.
Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырды.
-
Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені
түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.
-
Ғылымның ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезім арқылы дәлелденеді.
-
Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне байланысты мынандай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т.б.). Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т.б деп көрсеткен [6].
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушының білім алуын, тәрбиелі болуын және өсуін қамтамасыз ететін оқыту әдістерін таңдау. Оқыту әдістерін мұғалімнің өзі таңдап қолданады. Әрбір әдісті өз орнына, басқа әдістермен үйлестіре қолдануда және оқу материалының мазмұны мен оқушының жас ерекшеліктеріне сай таңдалса ғана, ол әдіс өз міндетін толық атқарады. Ал, мұғалімнің жеке басының әсері – оқытудың, әсіресе оқушыларды тәрбиелеудің аса маңызды факторы.
Математиканы оқыту барысында оқу киносы мен телехабарлар кеңінен пайдаланылады. Оларды пайдалану әдістемесі де, барынша әр алуан. Әрбір оқу жылының басында фильмографиялық әдебиеттің көмегімен оқу киносының қорымен танысып, уақтысында тапсырыс беріп, оқу үдерісіне ұдайы енгізіп отыру. Әр киноның мазмұнынан жақсы хабардар мұғалім оларды тиімді пайдалана алады.
Математика сабақтарында оқу киносы мен телехабарлар мұғалімнің араласуынсыз материалдың бір бөлігін (немесе бүтіндей) түсіндіреді, оқу материалынан қосымша мағлұматтар береді, экскурсияны алмастырады, тақырыпты қорытынды қайталауға көмектеседі.
Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, талға қонып тұрған төрт торғайды көреді, ал бір торғай ұшып келіп қонады оны көрген оқушы 4+1=5 болады деп ойлайды.
Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үдерісіндегі рөлін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу үдерісіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліп қараймыз. Заттық-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып, біте қайнасып жатады [8].
Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы. Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Мысалы қағаздан тік бұрыштың моделін және жылжымалы бұрыштың пластилинмен бекітілген екі шыбықтан моделін жасағанда, оқушылар бұрыштар жөнінде түсінік алады; сызықтық және квадрат сантиметрдің, дециметрдің, метрдің модельдерін дайындағанда, оқушылар ұзындық бірліктері және аудан жөнінде көрнекі түсінік алады. Өздері қолдан жасаған құралдармен жұмыс істегенде (мысалы, екі таңбалы сандарды иллюстрациялауға арналған құрал) бала еңбекті құрметтей білуді үйренеді.
Қолдан жасалатын құралдарды дайындау күрделі болмауы тиіс, эстетика әрі мектеп гигиенасының нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егеменді елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда. Ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын, білім сапасын дамыту мәселелерін шешеді, соның бірі көрнекілік әдісін қолданудың тиімді әдістемесі.
Қазіргі заман техниканың өркендеген заманы. Сабақ барысында қолданылатын көрнекілік, техникалық құралдар өте көп. Бірақ, сапасыз, мардымсыз қолданылған көрнекілік білімнің қалыптасуын тежейді. Сондықтан математика сабағында білім нық әрі берік орнау үшін көрнекілікті тиімді қолдана білу керек.
Әдебиеттер
-
. Қоянбаев Ж. Педагогика. Оқу құралы. Астана: Мектеп, 1998. -378б.
-
. Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х, Құрманалина С.Х. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2003. -504 б.
-
. Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тұжырымдамасы //Ізденіс. 2009, №3.
-
. Мамараимов М. Бастауыш мектептерде математиканы оқытудың ғылыми - теориялық әдістері //Ізденіс. 2010, №2.
-
. Шаріпқазина Д. Оқытудағы көрнекіліктің мәні //Бастауыш білім. 2011, №3, -10б.
-
Жаспанова Т. Математика сабақтарында білім деңгейін арттырудағы көрнекіліктің алатын маңызы //Бастауыш мектеп. 2010, №4. 5-6б.
7. Оспанов Т.К, Құрманалина Ш.Қ, Қайыңбаев Ж.Т, Ерешова К.Ә. Математиканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы: Атамұра, 1999. – 216б.
8. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану //Бастауыш мектеп.
1991, № 8.46-48б.
Өтініш
|
1
|
Баяндамашының тегі, аты-жөні
|
Ахатаева Ұлсана Борашқызы
|
2
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
Магистр оқытушы
|
3
|
Мекемесі, лауазымы
|
ОҚМПИ, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының магистр оқытушысы
|
4
|
Мекенжайы
|
Шымкент қаласы, «Шығыс» м/а, 9 үй, 42 пәтер.
|
5
|
Телефон, факс
|
8702 628 02 41
|
6
|
Баяндаманың тақырыбы
|
Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы көрнекіліктің ролі
|
7
|
Секцияның атауы
|
2-секция: Заманауи білім беру талаптарына сай болашақ педагогтарды даярлаудағы кәсіби құзіреттілік: қазіргі жағдайы мен даму болашағы
|
8
|
Керекті техникалық құралдар
|
|
9
|
Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі
|
жоқ
|
Достарыңызбен бөлісу: |