Бастауыш мектепте үйірме жұмысын ұйымдастыру формалары.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе.Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн.
Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды шынайы түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс - әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс - әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді
топ-серуен-топ болып бірігу арқылы табиғат аясында серуендеу
іскерлік ойындар-оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту мақсатында қолданылатын ойын түрі
клуб жұмысы-бірліскен жұмыстың нәтижесі
оқу-саяхат-бірнеше балалар біріккен топ арқылы білімге саяхат,оның ішінде кітапханаға саяхаттау
Ертеңгілік-оқушылардың білім қорын көрсету жолы
оқу-саяхат-бірнеше балалар біріккен топ арқылы білімге саяхат,оның ішінде кітапханаға саяхаттау
Бастауыш мектепте үйірме жұмысын ұйымдастыру формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |