Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабағының ерекшеліктері І. Кіріспе



бет1/6
Дата14.11.2022
өлшемі34.93 Kb.
#464805
  1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектептегі дене т рбиесі саба ыны ерекшеліктері І. Кір


Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі
сабағының ерекшеліктері


І. Кіріспе
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары, жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады.
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Оқу жұмыстары.
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.
5. Үгіт-насихат жұмыстары.
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
7. Шаруашылық жұмыстары.
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру. Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз. Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту. Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы. Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады. Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
- мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
- дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;
- мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
- дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
- спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;
- дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
- мектептің туристік, спорттық құрылыстарын, құрал-жабдықтарын пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
- дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;
- өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
- дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
- өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;
- өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;
- мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
- мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
- дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
- өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет