Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру



Дата25.11.2022
өлшемі49.95 Kb.
#465794
ЭССЕ Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін


Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелуі
және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшы-мұғалім.
Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру
үшін алты алаштың баласы бас қосса,
қадірлі орын мұғалімдердікі.
М. Жұмабаев
Болашақ дәуірімздің қауіпсіз, тәуелсіз, дамыған, өркениеті жаңғырған қоғамның қалыптасуы жас ұрпақтың білімді, дарынды, рухани бай, жауапты, еңбекқор болуына байланысты. Ал осы деңгейге жеткізетін оқушыларды әрине ата-ана және ұстаз, мектеп ұжымы, балабақша т.б әлеуметтік орта. Сондықтан да, мұғалімнің кәсіби жауапкершілігі өте үлкен. Мұғалім дана, оқушының жанын түсінетін шебер болса оқушыда білімге құштар, мінезі көркем, ұғымтал болып дами бермек.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Ұстаздық еткен білім қара шаңырағындағы әр бір мұғалімнің мақсат-мүдессі бір ол- халықтың баласын сауатты ету, ашылмаған дарынын ашуға ықпал етіп, саналы, тәрбиелі тұлға болуға дағдыландыру. Осы орайда бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі бір төбе. Алғаш әріп пен қоғамды, барлық тіршіліктің тылсым сырын танытып, түсіндіріп, оқытып, жаздырып үйрету. Ол үшін мұғалімнің табиғи ұстаздық болмысы мен ерік-жігері, мейірім-махаббаты болу керек деп ойлаймын. Өйткені кез-келген білімді ұстаз бастауыш мұғалімі ретінде әр-бір оқушының жан-дүнесіне үңіліп төрт жыл бойы өз баласындай оқыту – ерлік!
Қазіргі білім беру бағдарламалары жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, оқушыларға дәстүрлі білім беру форматы өзгеріп, ақпараттық технологияларды сабақта тиімді қолданып, оқушының өздігінен жұмыс жасауына, ізденуіне көбірек назар аудару қолға алынуда. Осы ретте оқушымен бірге ұстазда кәсіби шығармашылығын шыңдап, ұстаздық құзіреттілігін біліп отыруы шарт. Мәселен: бастауыш сынып мұғалімінің шеберлігі – әр сабақты оқушыға түсінікті, қызықты етіп өту үшін оқу әдіс-тәсілдерін жаңартылған білім мазмұнына сай қолдана білуге дағдыландыруы арқылы қалыптасатын жинақталған тәжірибе болып табылады. Нақтырақ бастауыш сынып мұғалімінің шеберлігі: ұстаздың дүниетанымының кеңдігінен, жан сұлулығынан, мінез-көркемдігінен, ақпараттық сауаттылығынан, оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жаңарта отырып қолдана білуінен, цифрлық сауаттылығынан, өзін-өзі құрметтеуінен, өзіне уақыт бөле білуімен, ең бастысы педагогикалық әдеп нормаларын сақтай білуімен ерекшеленеді.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегідей  критерийлерді анықтаған:
Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б. жататындығын атап өтеді.
Субъективті критерийлер: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп оытрған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе. Бұған қатысты қазіргі уақытта әр түрлі түсінік бар екені белгілі. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулері олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
Шығармашылық критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шындығында да шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретіндегі ішкі сұраныстарына жауап бере алады.
Бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі дамытуы кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал жайды. Ұстаздар кәсіби шыңдалу үшін өзара әріптестік жиындарға қатысады, аудан, қала, республика көлеміндегі семинарлар мен тренингтерге қатысады, педагогикалық шеберлігі жаңартылған білім ошақтарындағы әріптестермен тәжірибе алмасуы айтарлықтай дамуға әсер етеді.
Қазіргі уақытта ұстаздарға қойылатын талаптар бұрынғыдан да жоғары, оқушының ақпаратты қабылдау қабілетіде тым шіркін-ай еместігін айта кеткен жөн. Ұялы телефонға әуестіктен немесе ата-ананың жұмыс бастылығынан оқушы мектепте алған білімді жетілдірмей сынып жетекшісіне міндет артады. Сондықтан да тек мұғалімге ғана салмақ салмай ата-ана тарапынан да оқушыға қолдау қажет. Сонда мұғалімнің өзін-өзі дамытуы мен кәсіби дамуына кедергі болмайды деп ойлаймын. Ұстаздық жол жауапты да, салмақты, абыройлы қызмет болғандықтан әрбір ұстаз өзін-өзі осы мамандық иесі болғаны үшін құрметтейді, бағалайды деп ойлаймын. Шәкірттердің алғысы, олардың жетістігі ұстазды қуантады әрі дамытады. Еңбегінің көрсеткіші болып қала береді. Сондықтан ұстаздардың халық үшін жасаған еңбегін бағалап, оларға құрмет етуді әрқашан парызымыз санаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет