Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту.
Мазмұны
Кіріспе.
І тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері.
-
Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері.
-
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәні арқылы оқу танымдық қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері.
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері.
-
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.
-
3-сынып ана тілі пәнін оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары.
Қорытынды.
Кіріспе.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.
1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстаында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар – А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұралары.
Ал қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушылар Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев сияқты психологтар.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, О.Байқуатова сияқты педагогтар оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары шын мәнісінде оларда саналы оқу моивтерінің қалыптасуында екенін дәлелдеді. Балалардың оқу танымдық қызғушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р.Жолдашқызы, Т.Жұрынова сияқты педагогтар бірнеше әдіс тәсілдер ұсынды.
Қазіргі кезде дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де, бұл мәселе әліде болса, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдарын зертеуді қажет етеді. Сондықтан да біз диплом жұмысының тақырыбын “Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту” деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының объектісі: Ана тілі пәнін оқыту барасында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабағындағы оқу үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақаты: Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-
Бастауыш мектепте оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздерін анықтау.
-
Бастауыш мектептің 3 сыныбы бойынша ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдап көрсету.
Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
І тарау.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.
Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Таным-ойдың білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдау тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда “білуге құмарлық, әуестік те байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсық болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, Оантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсее оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 Факторға сай жүзеге асады. 1) Биологиялық Фактор. 2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын(мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т.б. /1;48/
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, құбылмалы. Бұл оқушылар әлі өз зейінін басқаруды игермеген. Сондықтан да оқу процесінің әр сәтінде олардың сезім мүшелерін тиісті объектіге бағыттап, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет болады. Психологтар зейінді танымдық әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі деп есептейді.
Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Егер балада зейін қою қабілеті болмаса, оқу, ұғыну жөнінде айтудың қажеті болмас та еді.
Зейіннің танымдық ролі жөнінде К.Д.Ушинский:”…зейін сыртқы танымдық дүниенің санға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым бұл есікті аттап өте алмайды, онсыз ешбір ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды”-деген еді.
Ал ß.А.Каменский зейінді заттар ен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне мүмкіндік беретін “ақылдық сәулесі” деп атаған еді. Ол:”өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушылар үшін мұғалімнің уысы ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытылу сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек және бұл үшін олардың әр нәрсеге деген қызығушылығы мен зейінін оята алу қажет”,-деді.
Зейін белсенділігіне қарай – ырықсыз, ырықты, үйреншікті деп үш түрге бөлінетіні белгілі. Оқу жұмысын ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.
Ырықсыз зейін дегеніміз- сананың объектіге еріксіз бағытталуы. Мұнда адам осыны көрейін, білейін деп арнайы мақсат қоймайды. Айрықша әсерлі сөз, әдемі зат немесе көрініс, бұрын көріп естімеген жаңалық, хош иіс адам сансын еріксіз баурайды, ырықсыз зейін тудырады.
Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен гөрі ырықсыз зейін басым болады. Сондықтан да сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, олардың ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зеіннің қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, ол сабақтың жандылығы, Эмоциялық сезімге толылығы, қызықты болуы қажет.
Ырық ты зейін дегеніміз – тиісті объектіге саналы түрде көңіл аудару. Мұнда адам тиісті объектіге мақсатты түрде, сол объектіні танып, білу қажеттілігін мойындай отырып, өзін-өзі іштей баыттап, ерік-жігерін ұйымдастыра отырып зейінін қояды.
Мектептегі ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады. Оқу әрекеті түрлендіріп, бір түрден екінші түрге ауыстырып отырады. Әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырып отырады.
Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнде баланың зейінін ерекше шоғырландыру керек. Ол үшін баладан сабаққа дайындалуда іштей оқуды талап ету, баланы зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету қажет.
Үйреншікті зейін дегініміз – сананы адамның өзі үшін маңызды, қажетті объектіге шоғырландыруы. Үйреншікті зейін адам өзінің белгілі мақсатқа ұмтылуы, ынталануы, қажеттігін қанағаттандыру негізінде пайда болады және белгілі бір іс-әрекетті қажеттілік ретінде мойындайды. Мұнда еріжігер қажеттігі азаяды.
Зейіннің бұл үш түрі бір-бірімен тығыз сабақтас, тәжірибелік іс-әрекет барысында бірін-бірі байытып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. /4;14/
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.
Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әрбір мұғалім мына шарттарды орындар отыруы тиіс:
-
Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балардың жасерекшелігін мұқият ескеру жөн.
-
Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақұл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығырманы қабылдағанда оның мазмұны мен бірге бастыкейіпкерлердің мінез-құлқына, мазмұндаудың тәртібіне, түсіне білмейінше, оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.
-
Қабылтататын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.
-
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алыынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.
-
Қабылданатын нәрселердің мән-мазмұнын, түр сипатынөздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.
-
Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру дұрыс қабылдауға әдеттендіру.
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни, ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-Эмоциясымен тығыз ұЩтастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.
Бланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Оқу әрекет балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқуматериалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, санылы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Төменгі сынып оқушылары материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақтылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйрету қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы - оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсіну үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет. Төменгі сынып оқушылары бұл жағына өте шорқақ екенінде, психологиялық зерттеулер көрсетіп ртыр. ´йткені бала мәтінге талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен оның негізгі жерін айыра алмайды. Осы орайда тірек сызбалардың берері мол.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мұнда оқылатын мәтіннің сипаты және баланың жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жақсы дамитындығы байқалады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру, оқуматериалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру – мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған ортаға дұрыс кзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Қабілет – оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әр түрлі дәрежеде болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып, дамып отырады. ßғни, қабілет туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
Қабілет- әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.
Оқыту барысында оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту ерекше орынадады. Олардың қызығушылығы арқан сайын қабылдау қыбілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У.Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874-1948) айтуынша, балының қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі-механистік бихиоризм (қылықпсихологиясы) принципімен орйластырады.
Неміс педагогы И.О. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып-білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өзбілімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.
Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский оқыту үрдісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасаған. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарықты жояды дей отырып ол”Қиын оқуды балаға қызғуылықты ету, міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті” –деген құнды пікірді қалдырды. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу-оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек./2/
ХІХ ғ. Екінші жартысы мен ХХ ғ.басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қсқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Солардың бірі – Ы.Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық мұралары.
“Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық -педагогтік істеріне бағындырылған”-деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи-мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын “Қырғыз хрестоматиясы” (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы.Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. µлы ағартушының баладарды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н.М. Ильминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871ж.31 тамызда жазған хатында “Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін мектептерде жақсы білім беретін болсын” десе, 1876 ж3 желтоқсанда жазған хатында”Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысыалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға(қазақтарға” жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертігілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуеетерлік әңгімелер анағұрлым қонымды келеді” деп атап көрсеткен.
Ы.Алтынсарин қазақ мектептеріне керекті мұғалім, оны даярлау, мұғалім бойынан табылуға тиісті қасиеттер туралы мәселелерге көп көңіл бөлген. Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыста барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде, сабақты қызықты өткізуінде. Ол әрине, өзінің қарамағындағы еңбек еткен мұғалімдерден осындай қабілетті байқаса, қуанып отырған. Бұған дәлел ретінде 1881ж 4 қазанда Н.Н.Ильинскийге жазған хатынан мысал келтірейік. “Григорьев оқыту жөнінде одан қабілеттірек болып шықты, оны балалар, ол балаларды жақсы көреді, ең бастысы-балаларға берген сабақтарын қызықты және қонымды етіп түсіндіре біледі”.
Ы.Алтынсарин сияқты таза педагогтік қызмет атқармағанымен, үлкенге де кішіге де, малшыға да , жалшыға да тәлім-тәрбиелік, өнегелік өсиеттерімен ұмытылмас ұстаз болғандардың бірі-өз дәуірінің ұлы ақыны Абай.
Абай шығармаларында әрбір педагог үшін керекті тұжырым көп-ақ. Тақырып төңірегінде өзімізге тәлім етер өнегілік ойлары төмендегідей: ”жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, ¿әм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не керек соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ол не? Бұл не? Ол неге өйтпеді, бұл неге бүйтеді? Деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен деген”.
Абай балада болатын “білсем” құмары туа біткен құмарлық қызығу екенін дәлелдейді. Осы туа болатын танымдық қызығуды жоғалтып алай, әрі қарай дамыту мұғалімге жүктелетін міндет. ´йткені, туа біткен құмарлықты дұрыс тәрбиелей алмасақ, Абай айтқандай, “білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау, - имансыздық”.
Орынборда Алтынсарин салдырған “Учительская школаға” түсіп, оқып оны 1895 ж бітірген А.Байтұрсынов – оқу-ағарту саласында ұзақ еңбек етіп, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық құрған, оқушыларға білім берудің бірінші сатысы бастауыш мектепке қатты назар аударып, оның оқу-әдістемелік тұрғыданжетілуіне атсалысқан ағартушы ғалым. Қазақ тілін талдап-тану жұмыстарын жүргізуде өзіндік орны бөлек педагог. Ол қазақ бастауыш мектептерде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз сөйлем жүйелерін де үйрету керек” дегенді өзіне міндет етіп қояды да, сауат аштыру және тілді үйрету әдістемесі жөнінде өзінің бірнеше мақалаларын жариялады. Бұл еңбектерде А.Байтұрсынов біріншіден оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі, екіншіден, дыбысты жақсы айыру керектігін, үшіншіден, балаларды дыбыспен жаттықтырып, оқыту керектігін айтқан. Бұлардың бәрі – балаларды қиналмай, оңай оқытуғакерек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы” деп, ол балаларды оқуға қызықтырудың жолы: жнңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге ұстанымдарын ұстағанда ғана нәтижелі болатынын ескертеді. /2/
Бүгінгі дәуірде ХХғ дейінгі қызығу теориясындамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің жолын қуушылардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, проОессор Қ.Б.Жарықбаев болды. Оның тұжырымдамасы боынша:
Қызығу шындықтағы заттар мен құбылыстарды беленділікпен танып, білуге бағытталған адамының біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір көрінісі. Қызығуда бір нәрсе ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенәің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Біраұ осылардың ішінде басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулароқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріміне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларды оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Педагог, зерттеуші Ж.Б.Қоянбаев: “Егер бала іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив баланың объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талпынуы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезінуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді”, - деп жазады.
Ол сонымен қатар мотивтердің мынадай түрлерін ажыратып, сипаттама береді.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі тікелей талаптандыру мотивтері – бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. ´йткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды шеберлікпен қолданады, лингоОон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Ослардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады.
Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның оның іс-әрекетінің балашаққа бағышталуына байланысты. Бұған жататын мотивтер:
А) мамандық ты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы.
Ә) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріәне қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыру қажет.
Ойдың талаптандыру мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты. Іс-әрекеттің барысында сұраққа немес проблемаға оқушы өз бетімен жауап беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді.
Түрлі психологиялық-педавгогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К.Марков, В.И.Ильина, Г.И.Щукина т.б.) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
-
Танымдық мотивтер:
А) Оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;
Ә) ´з бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері;
-
Әлеуметтік мотивтер:
А) Кең мағынада әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
Ә) Тар мағыОнада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбқұрдастарының алдындағы бедел);
Б) Ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Әлеуметтік мотивтер бұл дүние танымның қалыптасуына, идеялық сезімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші мектеп жасындағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғарғы жастағы балалар үшін песпективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады.
Таным процесніде жаңа мотивтер (ықылас, тілек т.б.) туады. Баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау, классиОикация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесніде бала ойлау операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады.
Ойлау әрекері негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы қалыптаса бсатайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы балаларға тән) абстрактылы ойлауға (жоғары сынып оқушылары көшеді). Сөйтіп, олардың ой-өрісі кеңиді.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қаоыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құмарлық, білімге қызығушылық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары жетіле түседі.
Оқыту процесінде оқушылардың қабылдаған, ұғынған, меңгерген, білімі мен дағдылары шартты рефлексирдің ұзын тізбегі болып сеептеледі. Оқу процесінде баланың белгілі іс-әрекетке деген бағыты, ниеті, құштарлығы және ол әрекетті орындаудағы мінез-құлқы, белсенділігі, яғни адамның ішкі мотивтері көрінеді және тәрбиеленеді.
Мотив дегеніміз – адамның белгілі бір мақсат-мүддені қажетсіну, мұрат етуі, соған жету үшін өзінің іс-әрекетін, сана – сезімін, мінез-құлқын саналы түрде ұйымдастыруы.
О.Байқуатова түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйене отырып, ішкі мақсат пен сыртқы жағдайлардың арақатынасы мен мәніне қарай мотивтердің әр түрін ажыратты.
Оқу материалының мазмұны оны түсіндіруде мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері, оқу барасындағы іс-әрекеті бала көңілін еріксіз баурап әкететін жағдайда балада мұғалімге деген сүйіспеншілік сезімі оянады, оқуматериалын ұғыну белсенділігі артады, біртіндеп сол пәнді қызыға тыңдап, жақсы көретін болады. Мұндай мотивті-тікелей сезімді оятатын, ұнамды Эмоцияға негізделген мотивтер дейміз.
Егер белгілі бір іс-әрекетке және пәнге деген ұнамды Эмоциялық сезімі ұзаққа созылып, бала көкейінде тұрақты орын алса, балада мақұсатқа ұмтылушылық пайда болады. Мәселен, белгілі бір мамандықты таңдау, сол мамандыққа қажетті пәндерді терең меңгеруге ұмтылу немесе өзіне қажет деп есептейтін іс-әрекетпен шұғылдану. Мұндай мотивтер – болашақ перспиктивалық бағыттағы сезімді оятатын мотивтер. Ол баланың өз еркімен, мақсатты түрде өзін-өзі белгілі іс-әрекетке жұмылдырумен көрінеді.
Баланың ақыл-ой дамуында ең маңызды мотив-санаткерлік (интеллектік) мотивтер. Бұған жататындар тиісті проблемалардың немес сұрақтардың жауабын өздігінен шешуге талпыну, өз ақыл-ой әрекетінің маңызын түсіну, ол әрекеттердің орындалуынан қанағаттану сезіміне бөлену, тағы да білсем, көрсем деген танымдық қызықғушылықтың тууы. Бұл мотивтер бірін-бірі толықтырып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады.
Бастауыш сынып оқушыларында көбінесе тікелей сезімді оятатын, ұнамды эмоцияға негізделген мотивтер басым болады, ал жоғары сыныпта болашақ перспективаға бағытталған және интеллектуалдық, әлеуметтік мотивтер маңызды олрын ала бастайды.
Бұл мотивтербілімге құштерлықты, танымдық қызығушылықты одан әрі дамытып, нығайтуға негіз болады. Белгілі психологтар М.А.Данилов, Ш.И.Галперин оқудың сапалы болуы шын мәнінде оқушыларда сапалы оқу мотивтерінің қалыптасуында екенін эксперимент арқылы дәлелдеген.
Қазақ педагогикалық энциклопедиясы сөздігінде қызығушылыққа мынадай анықтама береді. Қызығушылық - адамның дүниені тануға, білуге мұқтаждығы. қызығушылық адамның өмірдегі нақты шындық көріністітерң жаңа бір Фактіні жете білуіне және сол арқылы іс-әрекетіндегі бағыты мен бағдарын, мақсатын айқындауға мүмкіндік береді. Адамының ықызғушылығын қанағаттандыру, оны одан әрі жаңа бір қызығушылыққа, дүниетанымның жаңа бір биік сатысына жетектейді. Қызығушылықтың даму табиғаты неғұрлым күшейсе солғұрлым адамда ықызыққан іс-әрекетін орындау, іске асыру ниеті пайда болады. Қызығушылық туғызатын объекті болу керек. Бұл осы қасиеттің ерекшелігі. Ол адам қызығушылығындағы белгілі бір мақсатқа жеруіне құрал ретінде қажет. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінде, оларға білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілді қызығушылық туғызу белгілі дәрежеде маңызды ролге ие болады. Адамдағы қызығушылықтың тұрақтылығы оның қызығушылығының уақыт ұзақтығы мен оған жету жоландағы шапшаңдыққа байланысды. Оған қоса көп қызығудан туған мақсатқа жету жоландағы қиындықты жеңе алуына байланысты.Ада айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып отырады. Қызығуда үлкен орын алатын психикалық әрекеттердің бірі –тілек. Адам бір нәрсені тілейді, бір нәрсені қалайды, мұның бәрі мұқтаждықтан пайда болады. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс “Неміс идеологиясында” мұқтаждық тілектің негізінде пайда болады дегенді айтады. Қызығушылық әр уақытта адам зейінінің қызығатын заттарына, бет алып түйдектелуді керек етеді. Адам бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды Эмоциялық сезімдер туғызу керек. Егер адаға заттар таңқаларлықтай әсер етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды. Адам қызығу үшін оның көңілі көтерінкі болу қажет.
Белгілі психолог Т.Тәжібаевтың зерттеуі бойынша қызығушылыққа былай сипаттама береді: Қызығушылық дегеніміз мұқтаждықты, ізгілікті қанағаттандыруға жұмсалатын, белсенді зейін мен жағымды Эмоциялық сезімдер туғызатын психикалық күй. Қызығу өте күрделі процесс. Баланың қызығуын оның әдеттерімен салыстыруға болмайды.Бір әрекетті бірнеше рет қайталап, әбден жаттығып, өзінде әдет пайда болдырудың нәтижесінде оның еңбегі бір түрлі қонымды, қиыстырулы, тәртіпті болып келеді. Мысалы, бала күнде оқуға сағат 8 ден екшікпей келетін болса, оны жақсы әдет деп айтуға болады. Бірақ оны баланың қызығуы екен, сондықтан ерте тұрып, ерте келеді деп айтуға болмайды.
Қызығу - адамның саналы әрекеті. Адамның алдына мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылдандырып отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқулықтың мазмұнын түсінулері қажет. Егер оқуылардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларды қызығуда болмайды. Адамның негізгі қызығуларын мына төмендегіше бөлуге болады:
1. Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса, сол мақсатына жетуді қызық көреді.
2. Әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдына бір үлкен міндет қойсай істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады.
-
Қорытындыға қызығу (нәтижеге). Адам кейбір кезе істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етуі, барлық күшін соған жұмсайды. Адамның қызығуын осылайша үш түрге бөлу – шартты нәрсе.
Қызығу – оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, балаларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттері енгізуде ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқанмүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне , тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Қызығу нақтылы қоғамдық жағдаймен байланысты. Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды, ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады. Бала қандай әлеуметтік -қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол қоғамның алға тұтқан мақсаттары, міндеттері нақтылы жағдайда оған әсер етіп, оның қызығуларын белгілеп, керекті қалыпқа салып бағыттайтынболады. Осы айтылғанға орай, оқу-тәрбие жұмысында балаларды айналасындағы тұрмыспен таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыру керек. Баланың қызығулары олардың жас өзгешелігімен де байланысты, сол себеппен, оқу-тәрбие жұмысында түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулардың болтынын ескеріп отыру қажет. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары көбінесе ойынмен байлынысты.
Қызығудың пайда болуы мен жақсы дамуында білім өте үлкен орын алады. Адамның білімі өте көп болса, қызығушылығы да көп болады.
Баланың ел-жұрт байлығымен, туған жер – суымен, қоғамдық құрылыстың түрлі салаларымен таныстырып отыру қажет. Егер балалардың Солтүстік мұзды мұхит туралы ешбір білімі болмаса, онда оның қызығуы да болмайды.
Қызығудың дамуында балалар өздеренің күшіне сенетіндей болып, өздерінің атқаратын жұмысына ынталы түрде кірісуі керек. Бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, басысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін нәтижесіне сенімді болуы қажет. Ол үшін оларға қолдарынан келетіндей тапсырма беру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары ойын әрекетіне байланысты болғандықтан, қызығулары онша тұрақты болмайды. Олар бұгін бір нәрсеге, екінші күні бір нәрсеге қызығуы мүмкін. Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне айрықша әсер еткен нәрселерге көңіл бөліп, қызығып отырады. Ал мектеп жасындағы (9-12 жастағы) балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі келіп, олардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді. Кластағылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибемен байланыстырып, оларды жүзеге асара алатынын, не аспайтынын белгіліп, ескеріп отырады. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстаға қызығады. Бұлардың қызығулары тұрақты келеді. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру үшін әрекет етеді, олардың белсенділігін арттырып, көңіл-күйін де көтереді. Сонымен психолог Т.Тәжібаев балаларды оқыту тәрбиелеу барысында мынадай жайттарды ескертеді:
-
Балаларда танымтық қызығушылтары дами түсу үшін оқу сапасын жақсарту қажет. Оқу мазмұнды, идеалды, тартымды болып келгені жөн.
-
Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көпнәрсемен танысады, көпбілім алады, сөйтіп оқуға деген қызығуы артады.
-
Балалардың өз бетімен, дербес жұмыс істеу жағын қарастырып отыру қажет. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағында артта қалмауын қарастырғаны жөн. Балалардың білім әрқашан жүйелі түрде бағаланып отыруы тиіс. Бағалардың нәтижесін өздеріне айтып, мадақтап отырғаны дұрыс. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы тым қатты әсер етеді. /4; 102; 103; 104/
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағыты.а қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, Эстетеикалық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы; таным қызығуларыоқуға, ғылымға қызығу, кәіптік қызығулар сан салалы кәіптің түрлеріне байланысты бөлініп жатады.
Ада объектіге түрле мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, Оутболдағы қызығуды осыған жатқызуға болады. Жнама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қаежетсіну. Мұндай қызығуды адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықылас кетіп отырады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша жарытылмайды. Дегенмен, бөбектерде де қызығу Элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бірнәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әркетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуларын тәрбиелеуде оларға әлі дн онша мәлім емес, кейбір жанама қызығуоарын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зергуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты қабілетті адам болып шығады деп тұжырымдайды қазақ психололгы Жарықбаев. /5; 62,63, 64, 65/
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуларын өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылықтар тударады. ´йткені танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірбиесіне байланысты болады.
Блалалар жасына байланысты осы мәселенеі зеттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды атар болсақ: Н.Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцева, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе секлді ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуларын зерттеген. 60 жылдардың басында бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, ×о ×ун Силь, О.Гусейнова (бастауыш оқушыларының қызығуларын зерттеу), А.Дусавидский, (оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М.Щеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми-көркем кітаптардың ролі) атты еңбекртері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуларына жақын мәселелер В.Дорохова, Р.Жданова, Е.Киричук, О.Саулина, Л.Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады.
Блалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды. Ол әлеуметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Блалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғаныдықтан, оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгіглі бір жүйесі қалыптасады.
ІІ тарау.
-
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.
Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Тіл – ақиқатты танытудың басты құралы. ОилиосоОиялық және психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.
Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсынысу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.
Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс.
Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. ´йткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геограОияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.
Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аудардық. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі.
Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;
-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Бағдарламаның мазмұны осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Оқудың алғашқы кезеңінде оқу техникасына көбірек көңіл бөлінеді. Оны бірте-бірте жетілдіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау, оқығандарының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі. Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта бала жазушылардың өлеңдері, қысқа әңгімелері арқылы өзін және қоршаған әлемді таниды: адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, өзін-өзі ұстауды меңгереді. 1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбңгі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.
2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.
3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.
4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар.
Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да. Оқу-әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгелерін қамтиды.
Ауыз әдебиетінің мынадай үлгелері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендіе сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, барырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.
Жазба әдебиет үлгілірімен ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылған.
Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған:
-
Туған елім Қазақстан;
-
Табиғат – тіршілік бесігі;
-
Адам болу – ізгі ниет:
Осы тақарыптарды қамтьыған көркем шығармаларды оқу барысында балалар айнала қоршаған табиғатпен, адам еңбегімен, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен таныстырылады, заттар мен құбылыстар жайында жан-жақты түсінік алады, оларға тән ерекше қасиеттерге дұрыс сипаттама беруді үйренеді. Сондай-ақ адам мен табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан, адамның Отан алдындағы парызынан т.б. мағлұмыттар беріледі. Балалар адамның сан қилы сезім әрекеттері мен іс-әрекеттерінің қыр-сырын түсініп, олардың ізгі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады.
Оқуға алынған шығармалар баланың көңіл – күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, оны шабыттандыруға, жан дүниесін байытуға бағыттайды.
Әрбір сыныпқа берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісінің деңгейін ескере отырып іріктеледі.
Бағдарламаның ғылыми-танымдық бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді. Оқушылар туған жер қаситеті мен табиғат тамашалары, аспан әлемінің құпиясы, өнер туындылары жайында біршама мағлұмат алады.
Бғадарлама бастауыш сыныптардың оқу сабағында оқушыларға әдебиет теориясы Элементтерінен алғашқы қарапайым түсініктер беруді көздейді. Мұнда ең алдымен – жанр түрлерін ажырата білу, кейбір әдеби ұғымдардың мәнін ашу, салыстырулар мен теңеулердің, ырғақ пен ұйқастың орны мен ерекшелігі т.б. қалыптастырылады.
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінің мазмұны негізінде мынадай әдеби жанр түрлерін қамтиды: өлең-жыр, әңгіме, мысыл, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, ертегі, аңыз, шешендік сөздер.
Бастауыш сыныпта 3-сынып бойынша ана тілі пәнінен аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат берілген. Оқу материалдары: “Туған елем-Қазақстан”, “Табаиғат тіршілік бесігі”, “Адам болу-ізгі ниет” сияқты тақырып төңірегінде қамтылған.
“Атамұра баспасынан 2003 жылы шыққан 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында мынадай шартты белгілер бар: ? – сұрақтар, ! – тапсырмалар, - сөздік, - шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар, - күрделі сұрақтар мен тапсырмалар, - қосымша түсініктер.
Оқулықтың авторлары Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова және Б.Қобатаева Ана тілі оқулығындағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың ролін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, Эститикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр.
Осыған орай “Ан тілі” оқулығының құрылымы ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-Эстетикалық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармалар мынадай он тараудан тұрады:
-
Туған елем, туған жерім.
-
Білім өмір шырағы.
-
Маужырап барқыт қоңыр күз.
-
´ткен өмірден.
-
Қыс бейнесі.
-
Жақсы ай мен күндей.
-
Табиғат –менің өз үйім.
-
Масатыдай құлпырған жердің жүзі.
-
Жаздыгүні шілде болғанда.
-
Сарқылмас қазына.
Оқумазмұны ауыз әдебиетінің озық үлгілері: төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды, ертегілер мен мысалдарды, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді т.б. қамтиды.
3-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай алынған көркем шығармалар оқушылардың көңіл-күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Бастауыш сыныпта оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту мақсатында тәжірибелі ұстаздар С.Құжанова және П.Аралбаева бірнеше тәжірибелер жүргізген. Алған нәтижелері бойынша мектептегі оқу әрекетіне деген жағымды қатынасты тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушыларын оятып, дамытуға негіз болады. Ол үшін мына жайларды ескеру қажет:
-
Оқу әрекеті үстінде жағымды, қолайлы ортаны ұйымдастыру және сабақты көбінесе ойынмен байланыстыру.
-
Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, балаларды мадақтап отыру.
Енді осы тұжырымдарға жеке-жеке сипаттама берейік.
-
Баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры баламен мұғалімнің бірмеуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі қажет. Мұғалім әр сабаққа өзінше мән бере отырып, күнделікті сабақтарды бір-біріне ұқсамайтындай құруы қажет және де балаллардың зейіндерін күшпен бір орталыққа бағындыруға тырыспаған жөн. Бала сабақтың басталып кеткенін сезбеуі керек.
-
Бала мұғалімнің өзін әрдайым бағалайтынын, онымен санасатынын, оған сенетінін түсінуі қажет. Ең маңыздысы жалпыға және әр балаға әрдайым “Сен қабілеттісің”, “Сенің қолыңнан келеді” деген сияқты үміт сезімдерін тудырып отыруымыз қажет. Ерік күші әлсіз балалармен жеке жұмыс жүргізуді күнделікті күн тәртібінен түсірмеуіміз тиіс. Оларға ақыл кеңесберумен бірге, сенім білдіреміз. Мысалы: “Иә, бұл сенің қолыңнан келеді”, “Мен де солай ойлағанмын”, “Меніңше саған көмектесудің қажеті жоқ, сен өзің-ақ жақсы игересің” т.б. Бала үлкендердің көзіне түсуге құмар келеді. Соның негізінде үлкендердің қойған талаптарын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан баланы үнемі мадақтап отырудың маңызы өте зор. Орынды мадақтау ондаған есекруден пайдалы.
Мұндай жұмыстар оқу әрекетінің жемісті болуында белгілі бір мәнге ие.
Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімі Р.Жолдашқызы мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін мынадай қызықты тапсырмаларды орындатуды ұсынады.
1 – тапсырма.
Қате құрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта қарастыру.
Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлып табыды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. ´зі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олырдың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәләелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Содан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл болады.
2 – тапсырма.
Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалым үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады…
Оқиғаны әр бала, бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.
3 – тапсыпма.
´з ойынан ертегі құрастырып айту (Ертегіні қалай бастап, немен аяқтар деің?).
-
….?
-
Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді.
-
Құс адамша тіл қатады:
-
…?
-
Ертегі құрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. Шал мен кемпір, үш тілік, бәз-баяғы қалпына түсу.
4 – тапсырма.
Негізгі бөлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.
Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбелесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.
… … …?
… … …?
Осыдан кейін үш ұлы бірін-бірі сыйлап тату-тәтті өмір сүріпті.
5 – тапсырма.
Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариянт беріледі), (қайсысы тақырып, қайсысы негізді ойды білдіреді?).
-
Кішкентай құмырсқалар.
-
Құмырсқа илеуін бұзба!
Мысалы: Құмырсқа - ұйымдасып, жпбыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар кішкентай болғанымен өте ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адаасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. ´йткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайда оларды қорғау сауап болады.
7 – тапсырма.
Берілген мәтіннің түрін анықтап, оны толықтыру.
Мысалы: Хабарландару! Менің өте әдемі, ақылды итім жоғалды. Тапқан адам болса, мына телеОонға хабарласыңыз: 91-12-17. (Қалай ойлайсыздар, иесі жоғалған итті осы хабарландыру арқылы таба ала ма? Бұл хабарландыруда тағы нені айту керек еді? Тұқымы, иттің түр-түсі, т.с.с. сипаттау керек).
Ана тілі сабағында (мысал ертегі) тірек сызбаны пайдалану, оқушыны ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Сызбаны оқытушы әр сабағының мән-мағынасына байланысты, Эстетикалық талғаммен қолдана білсі, материалданған әркет түрін иеңгеру үрдісін жеңілдетеді. Оқушның ой –толғауын суреттей алу, бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, өз бетінше ізденуге одан яғни тақырыптан жаңа ақпарат алыға тікелей ықпал етеді. Сызба арқылы әрекетету баланың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылады.
Тірек –сызбаны тек ертегі, мысалдарда ғана емес өлең, әңгіме, т.б. тақырыптарда пайдалануға болады. ´йткені, әрбір өтілетін материалдарда әдебиет теориясы Элменттері; теңеу, Эпитет, оқиға желісін ажырату, кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіру, жанр түрлерін ажырату, жоспар құру, өздігінен сұрақтар түзу, аяқталған ойдың шегін табу секілді тапсырматар ұЩан-теңіз. Ал, сызба жұмысы, осы мәселелерді ықшамды түрде шешуге, қорытынды жасауға тікіелей ықпал жасайды. Оқушыны жалықтармайды, қайта қызығушылығын, ынтысын, ойын дамытады.
Қызылтау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Г.Қайырбекова 2-сыныпта өтілетінмысал, ертегілерге мынадай сызба түрлерін ұсынады.
Байлық пен ақыл (ертегі)
Таблица N1
Сәнді киім
2 - ұл
Үлкен ұл 3 - ұл
Достарыңызбен бөлісу: |