«Білгенге маржан»



Дата04.07.2016
өлшемі57 Kb.
#177736
-Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Білгенге маржан»атты білім сайысына қош келдіңіздер!

Бұл білім сайысын өткізу мақсатымыз оқушылардың ана-тілге деген құрмет сезімін арттыру,шәкірттердің білім деңгейін зерделеп, сарапқа салу,талантты, білімді оқушылардың талабын шыңдау.



1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа 4г,4д,4е сыныптарының білімді, өнерлі оқушылары қатысады.Әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады.

2-жүргізуші:Ендеше, оқу,білу- парызымыз деп есептейтін дарынды оқушыларымызды ортаға шақырайық! (орындарына орналастыру, әуенмен)

1-жүргізуші: - Қатысушы топтардың өнеріне,біліміне әділ баға беретін әділқазыларды таныстырсақ:

Әділқазылар төрағасы: Жумадилова Замзагүл Рымбековна

Мүшелері: Қошым Алтынгүл Мұқымқызы

Бакенова Алмагүл Сайлауовна


2-жүргізуші: -«Білгенге маржан»атты сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.Алғашқы бөліміміз «Сәлем сөздің анасы» деп аталады.Әр топ өздерін өлең жолымен таныстырып өтеді.Кәне бастайық.

Ұпай санымен танысыңыздар. Жасұлан тобы, Зерделі зеректер, Талап



1-жүргізуші:Келесі сайысымыз «Ұшқыр ой –жылдам жауап». Әр түсті конвертте әр пәнді қамтыған 12 сұрақ берілген.Конверттер түсін таңдаңыздар.

Қызыл түсті:

1.Бүкіл әлемге Абайды танытқан кім?

2.Адамды адам еткен не?

3.Ақылды сөзі қай сөз табына жатады?

4.Құрманғазы шәкірті

5.Жалаң сөйлем деген не?

6.Кенге жатпайтын пайдалы қазба

7.Зевс мүсінінің авторы кім?

8.Біз қазақ деген жай жатқан елміз,ешкімге тиіспей жай жатқан елміз» кімнің сөзі?

9.Тәуелсіздік күні?

10.Мұнайға бай өлке

11.Ұзындық өлшем бірлігі

12.Көбейту заңдылықтары

Сары түсті:

1.Әліпби,тіл құралдары еңбектерінің авторы?

2.Адам қалай пайда болды?

3.Семирамида аспалы бағы қайда орналасқан?

4. «От жанып жатыр.Әрі жарық, әрі үй жылынып тұр.Қара қазан да аузын аңырайта ашып,тілеу тілегелі талай заман болды.»қай шығарманың үзіндісі?

5.Ащы сөзіне қарсы мағыналы сөз

6.Жанғыш пайдалы қазбалар

7.2-3 жай сөйлемнен тұратын сөйлем?

8.Үгілу деген не?

9.30-тамыз қандай мереке?

10.Көмірлі өлке

11.салмақ өлшем бірлігі

12.Ауданды қалай табады?

Көк түсті:

1.Әбілмансұр кім?

2.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?

3.Олжас қандай зат есім?

4.Қазақ халқының ұлы ғалымы

5.Баяндауыш сұрақтары

6.Сөз тіркесі

7.Кенді пайдалы қазба

8.Біздің еліміздегі тарихи ескерткіштер

9.Дөңгелек ауданын не арқылы табады?

10.Қостанай қандай пайдалы қазбаға бай?

11.Сыйымдылық өлшем бірлігі

12.Көлемді қалай табамыз?

-Сұрақтардың қамтылғанын және дұрыс берілген жауап бойынша ұпайларын көрсек.



2-жүргізуші:ІІІ бөлім. Өлең-сөздің патшасы,

Сөз- сарасы деп Абай атамыз айтқандай келесі сайысымыз

«Бейнелі сөзге бейімді бол»деп аталады. Топтың басшылары ортаға келіп тапсырмаларыңызды таңдаңыздар. Осы сөз тіркестердің мағынасын ашып айту керек.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

1-тапсырма Араға от салу

Салы суға кету

Тасы өрге домалау

2-тапсырма Тепсе темір үзеді

Қара бұлтты төндіру

Бос белбеу

3-тапсырма Шөп басын сындырмау

Жұлдызы қарсы

Сүт пісірім уақыт

-Ұпайларын көрейік.

1-жүргізуші:ІҮ бөлім. Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз демек ендігі сайысымыз

«Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады.Бұнда математикалық тапсырмалар жасырылған,топпен шешіп, бітіргенде таяқшаны көтеру керек.
-Топтар дайын болғанша 4д сынып оқушысы Тұрдыбай Нұрайдың орындауында «Туған тілім» өлеңін тыңдаңыздар.
-Әділқазылар бағасымен танысайық.
2-жүргізуші:Ү бөлім.

Жеті жұрттың тілін біл.

Жеті түрлі ілім біл деген екен бабаларымыз, ендеше тіл білімінен дәрежемізді көрсетейік.Жұмбақ жасырылады, шешуін үш тілде айту керек.

1-топқа: 1.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.(кітап-книга-bоок)

2.Жеті қазынаның бірі,адамға жолдас? (ит-собака-dog)

3.Футболшыға керек:(доп-мяч-ball)

2-топқа: 1.Тұмсығымен қозғалар,

Соңынан аппақ із қалар.(бор-мель-chalk)

2.Жердің көркі не? (гүл-цветок-flower)

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектепте табылады. (қоңырау-звонок-bell)

3-топқа: 1.Ас атасы- (нан-хлеб-bread)

2.Тілі жоқ өзінде,сөзі бар ізінде.(қалам-ручка-reh)

3.Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын.(дос-друг-frerd)

-Ұпайларын тамашалайық.
1-жүргізуші:ҮІ бөлім «Мақал сөздің көркі» бөлімінде мақалдың жасырылған бөлігін табу беріліп отыр.

1.Туған жерім тұғырым, өскен елім-өзегім.

2.Сөйлей-сөйлей шешен боласың,

Көре-көре көсем боласың.

3. Арпа ,бидай-ас екен,



Алтын,күміс-тас екен.

4.Көп жасаған білмейді,



Көп көрген біледі.

5.Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі.

6. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

7.Туған елдей ел болмас,



Туған жердей жер болмас.

8.Сыйға сый-сыраға бал.



9.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

10.Ақыл тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.
-Топтардың қанша дұрыс жауап бергенін тыңдайық.


2-ші жүргізуші.ҮІІ бөлім

Біле-білген білімдіні зерек дейміз,

Білімімен ел жұрттан ерек дейміз демекші ендігі сайысымыз сөзжұмбақ шешу.Тапсырманы орындаған топ таяқшаларын көтеріп, шығарған сөздерінің мағынасын ашып айтады.
1. АЛМАТЫ 1.Бұрынғы астана

ӘНШІ 2.Ән орындаушы

ЕТІСТІК 3.Қимылды білдіретін сөздер

КИІЗ 4.Қой жүнінен жасалған бұйым

СӘКЕН 5.Көрікті ақын
2. ҚАСТЕЕВ 1.Суретші ата

ЖАЙЫҚ 2.Өзен аты

БАТА 3.Аталар тілегі

СЫЗҒЫШ 4.Оқушы құралы

СИЫР 5.Жыл аты
3. ЕШКІ 1.Төрт түлік бірі

КЕРЕГЕ 2.Киіз үй құралы

ТОҚТАР 3.Алғашқы ғарышкер

ЕСІЛ 4.Өзен аты

КӨГЕРШІН 5.Бейбітшілік құсы

І
-Топтар шешкенше 4г сынып оқушыларының орындауында «Брег би» тамашалаңыздар.


Ұпай санымен танысу.

1-жүргізуші:

- Міне, білім сайысы да өз мәресіне келіп жетті.Білім сайысында білімділігін, тапқырлығын, зеректігін, алғырлығын сынға салып, өз өнерін танытқан үш топқа да үлкен алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші;-Сайыс қорытындысын шығару үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.



Қызыл түсті:

1.Бүкіл әлемге Абайды танытқан кім?

2.Адамды адам еткен не?

3.Ақылды сөзі қай сөз табына жатады?

4.Құрманғазы шәкірті

5.Жалаң сөйлем деген не?

6.Кенге жатпайтын пайдалы қазба

7.Зевс мүсінінің авторы кім?

8.Біз қазақ деген жай жатқан елміз,ешкімге тиіспей жай жатқан елміз» кімнің сөзі?

9.Тәуелсіздік күні?

10.Мұнайға бай өлке

11.Ұзындық өлшем бірлігі

12.Көбейту заңдылықтары

Сары түсті:

1.Әліпби,тіл құралдары еңбектерінің авторы?

2.Адам қалай пайда болды?

3.Семирамида аспалы бағы қайда орналасқан?

4. «От жанып жатыр.Әрі жарық, әрі үй жылынып тұр.Қара қазан да аузын аңырайта ашып,тілеу тілегелі талай заман болды.»қай шығарманың үзіндісі?

5.Ащы сөзіне қарсы мағыналы сөз

6.Жанғыш пайдалы қазбалар

7.2-3 жай сөйлемнен тұратын сөйлем?

8.Үгілу деген не?

9.30-тамыз қандай мереке?

10.Көмірлі өлке

11.салмақ өлшем бірлігі

12.Ауданды қалай табады?

Көк түсті:

1.Әбілмансұр кім?

2.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?

3.Олжас қандай зат есім?

4.Қазақ халқының ұлы ғалымы

5.Баяндауыш сұрақтары

6.Сөз тіркесі

7.Кенді пайдалы қазба

8.Біздің еліміздегі тарихи ескерткіштер

9.Дөңгелек ауданын не арқылы табады?

10.Қостанай қандай пайдалы қазбаға бай?

11.Сыйымдылық өлшем бірлігі

12.Көлемді қалай табамыз?

тапсырма Араға от салу

Салы суға кету

Тасы өрге домалау

2-тапсырма Тепсе темір үзеді

Қара бұлтты төндіру

Бос белбеу

3-тапсырма Шөп басын сындырмау

Жұлдызы қарсы

Сүт пісірім уақыт

1.Бұрынғы астана

ӘНШІ 2.Ән орындаушы

ЕТІСТІК 3.Қимылды білдіретін сөздер

КИІЗ 4.Қой жүнінен жасалған бұйым

СӘКЕН 5.Көрікті ақын

2. ҚАСТЕЕВ 1.Суретші ата

ЖАЙЫҚ 2.Өзен аты

БАТА 3.Аталар тілегі

СЫЗҒЫШ 4.Оқушы құралы

СИЫР 5.Жыл аты

3. ЕШКІ 1.Төрт түлік бірі

КЕРЕГЕ 2.Киіз үй құралы

ТОҚТАР 3.Алғашқы ғарышкер

ЕСІЛ 4.Өзен аты



КӨГЕРШІН 5.Бейбітшілік құсы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет