БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СӨЗ ҚҰРАМЫН ДАМЫТА ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ
Бақыт Боранбайқызы Этекбаева,бастауыш сынып
№35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып
Дамыта оқыту теориясы сонау И. Г. Песталоцци, А. Дистервег,К Д ушинский еңбектерінен бастау алады .Оның ғылыми негізі Л .С. Выготскийдің еңбектерінде берілген. Бұл теория Л. В Занков. Д . Б
Эльконин,В В Давыдов және басқалардың эксперименттік жұмыстарында одан әрі дамытылды.Олардың тұжырымдарында оқыту мен дамыту бір процестің өзара байланыстағы жүйесі ретінде беріледі
Л.С. Выготский бала дамуының екі деңгейін бөліп көрсеткен 1)Актуальді даму аймағы –баланың қалыптасқан сапалары, өздіктерінен орындай алатын істері; 2) жақын даму аймағы- баланың әзірше өздігінен орындай алмайтын, тек үлкендердің көмегімен орындай алатын істері. Баланың дамуы екінші аймақты меңгеруде жүзеге асады Дамудың екі аймағы, өзара әрекеттесе отырып,оларды игерген кезде жүзеге асады. Оқыту балаға осы аймақтарды меңгертіп, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың негізгі қозғаушы күші болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С. Рахметова былай : «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді .Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы деген кітапта түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетеді
Н.Ж Құрманова жаттығулар туралы былай деді: «Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс- әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек».
Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие бола алады Біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады. Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:
1.Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт;
2 Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барын түсінгенде ғана оны саналы орындайды .Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады;
3 Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт. Өйткені, бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділін нашарлатады;
4 Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отыруы шарт;
5 Жаттығу жұмыстары тек таяуда өткізілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек;
6 Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын,жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі- жиі қайталануға негізделеді;
7 Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы тиіс.
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл – ой әрекеттері, ақыл- ой әрекетінің қызметі қалыптасады, дамытылады.
Жаттығулар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:
Оқушы өзі танып- білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажырата алады.
Оқушы өзінің танып – білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілерімен саналы түрде танысады.
Оқушы нақты қандай заңдылықты «Ашу» керектігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.
Оқу тапсырмаларының негізінен жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын жүгі салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы сөз таптарының грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.
Оқушыға орындайтын грамматикалық- тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер көрсетейік:
Жаттығу: Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой, олардың бір- бірінен өзгешелігі неде?
домбыра- домбырашы
балық-балықшы
сурет- суретші
құрылыс- құрылысшы
қобыз- қобызшы
теңіз- теңізші
жаттығу: 1- жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін анықтаңдар. Соларды топ- топқа бөліп дәптерге жазыңдар.
-жаттығу: Түбір сөздерді қосымшалы сөзге айналдыр.
- жаттығу: Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып, жұрнақ пен жалғауды ажырат:
батырлық
батырға
зейнеткер
ойыншық
ауылға
балалықпен
өнерпаздар
Жаттығу: Берілген сызбаға сай сөзді тап.
жаттығу:Сөзге қосымшаның қай түрі бірінші жалғанатынын айтып, сөздерді көшіріп жаз:
ауылдастар
көлшікке
бүркітшілер, оқушылар, аңдар.
7-жаттығу. Көп нүктенің орнына түбір сөзді тауып жаз:
лық гіш
8- жаттығу.Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, түбірлес сөз жаса:
оқу
бас
біл
су
іс
9- жаттығу. Көп нүктенің орнына берілген сөзден ортақ жұрнақты жаз.
Грамматикалық- тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар мынадай ізденімдік- зерттеу міндеттерін шешеді:
сөз құрамына байланысты өзгерістерді бақылайды
түбір сөз бен қосымшалы сөз мағынасының табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды
сөз құрамына талдау жасайды.
Сөз құрамын дамыта оқытуда оқушылар орындайтын сөйлеу жаттығулары өте мол. Солардың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік:
1-жаттығу. «Кім шапшаң?» берілген дыбыстар әрбір мақалдың бас әрпі. Ойланып көр де, орнына қой.
ө...ө......ж...
к...ж...о...
е...а...е..ш..
ы...а...-ы...
ө....б......
е...і...-а...б...
жаттығу Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Перзент
Ізетті
Ірі
Таяу
3 –жаттығу. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама- қарсы сөздерді тауып жаз:
Шалғай
Қатыгез
Таяз
Қою
Үлкен
Кең
4-жаттығу. Сыныптағы ең тәртіпті және ең тәртіпсіз оқушыға мінездеме бер.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. Ондағы қарамен жазылған сөздерді қосымшасыз айтып көр, сонда сөздер дұрыс байланыса ма?
Достарыңызбен бөлісу: |