Басты сот талқылауы мынадай кезеңнен тұрады



бет1/5
Дата08.12.2022
өлшемі25.85 Kb.
#466786
  1   2   3   4   5
Басты сот талқылауы мынадай 4 кезеңнен тұрады


Басты сот талқылауы мынадай кезеңнен тұрады:
1)басты сот талқылауының дайындық бөлігі; 2)сот тергеуі 3)сот жарыссөзі 4)үкім шығару
Басты сот талқылауының дайындық бөлігі – бұл басты сот талқылауының бірінші кезеңі. Басты сот талқылауының дайындық бөлігінің ашылуынан кейін мынандай іс әрекеттер жасалады:
1)Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысы залында қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды.
2)Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысып отырғандарға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iстiң және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды.
3)Егер жабық сот отырысы туралы жарияланса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылған адамдардан басқа, барлық қатысып отырғандардың залдан шығуын ұсынады.
 Төрағалық етуші соттың сот отырысын аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланатыны туралы жариялайды.
Сот отырысының хатшысы сотқа басты сот отырысына қатысуға тиiстi тұлғалардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.
Егер сот отырысына қатысу үшін аудармашы шақырылса, төрағалық етуші аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi және Төрағалық етушi аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi.
 Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыға қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi және заңда көзделген, аудармашыға қарсылық білдіруге әкеп соғатын негiздерді түсiндiредi. Егер аудармашыға қарсылық білдіру қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады, оған қатысты қарсылық білдіру туралы мәселе де осындай тәртіппен қаралады.
Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн сот отырысы залынан шығарылады. 
Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған жылын, айын, күнін және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді жеке басын куәландыратын құжатымен немесе оның куәландырылған көшірмесімен салыстырады, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін, тұрғылықты жерін, кәсібін, білімін, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтайды. 
Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы, маман болып табылатынын хабарлайды.
 Төрағалық етушi сотталушыға оның осы Кодекстiң 65-бабында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтарын, сондай-ақ процестік келісім жасасу, заңда көрсетілген жағдайларда, жәбірленушімен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығын түсiндiредi.
 Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi. 
Төрағалық етушi сарапшыға оның осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған көрінеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.
Төрағалық етушi тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды талап етіп алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу не процестік келісім жасасу туралы өтiнiшхаттарының бар-жоғын сұрайды. 
Сот талқылауына қатысушылардың қайсыбiрi, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмей қалған кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген тұлғаларды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет