Жылдардағы жергілікті соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігінің жүзеге асырылуы туралы Талдау Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істерді қарау жұмысы туралы



Дата03.03.2016
өлшемі219.46 Kb.
#36168
2004-2006 жылдардағы жергілікті соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігінің жүзеге асырылуы туралы

Талдау

Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істерді қарау жұмысы туралы

"Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істерді қарау жұмысы туралы" №2 нысандағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес бірінші сатыдағы соттарға төмендегідей сандық көрсеткіштегі істер мен өтініштер келіп түсті (1- диаграмманы қараңыз):

2004 жылы - 430 512, олардың 12 440 істер және 418 072 өтініштер;

2005 жылы - 434 231, олардың 13 865 істер және 420 366 өтініштер, алдыңғы кезеңге қарағанда 0,86% көп;

2006 жылы - 423 843, соның ішінде 13 708 істер және 410 135 өтініштер, 2005 жылға қарағанда 2,4% аз.

1-диаграмма

Үш жылдың ішінде соттарға 1 288 586 істер мен өтініштер (40 013 іс және 1 248 573 өтініш) келіп түскен.

Қарастырылып отырған кезеңде өтініштердің көпшілігі Қарағанды (2004 ж. - 61 699 немесе 15%, 2005 ж. - 62 895 немесе 15%, 2006 ж. - 66 824 немесе 16%) және (2004 ж. - 48 458 немесе 12%, 2005 ж. - 57 431 немесе 14%, 2006 ж. - 48 687 немесе 12%) Шығыс Қазақстан облыстарының аудандық (қалалық) соттарына келіп түсті.

Өтініштердің ең азы Атырау облысының аудандық (қалалық) соттарына (2004 ж. - 10 045 немесе 2,4%, 2005 ж. - 9 796 немесе 2%, 2006 ж. - 9 115 немесе 2%) және әскери соттарына (2004 ж. - 9 318 немесе 2%, 2005 ж. - 1 503 немесе 0,4%, 2006 ж. - 1 159 немесе 0,3%) келіп түсті.

Соңғы екі жылда экономикалық соттарға түскен істер мен өтініштердің жалпы санының (2005 ж. - 32 059 немесе 7,4%, 2006 ж. - 35 307 немесе 8,3%) 67 366 немесе 7,85% іс және өтініш келіп түсті.

Облыстық соттардың арасында өтініштердің ең көбі Астана қаласының сотына (2004 ж. - 162 немесе 14,3%, 2005 ж. - 245 немесе 23%, 2006 ж. - 142 немесе 58%) келіп түсті. Бұдан басқа, 2006 жылы заңдардың өзгеруіне байланысты облыстық соттарға түсетін өтініштердің саны елеулі түрде азайды (2004 ж. - 1 132, 2005 ж. - 1 068, 2006 ж. - 245).

Талдау жасалып отырған кезеңде 1 248 573 өтініштен барлығы 160 051 немесе 12,8% (2004 ж. - 43 771 немесе 10,5%, 2005 ж. - 56 936 немесе 13,5%, 2006 ж. - 59 344 немесе 14,5%) қайтарылды. Өтініштің - 10 779 немесе 0,86% (2004 ж. - 3 165 немесе 0,8%, 2005 ж. - 4 134 немесе 0,98%, 2006 ж. - 3 480 немесе 0,85%) қабылдаудан бас тартылды.

Сонымен кері қайтарылған өтініштер санының жыл сайынғы (10,5%-дан 14,5%-ға дейін) өсуі байқалады.

Статистикаға сәйкес есептік кезеңде 1 076 265 азаматтық іс қозғалған (2- диаграмманы қараңыз):

2004 жылы - 370 842;

2005 жылы - 358 072, 2004 жылға қарағанда 3,4% аз;

2006 жылы - 347 351, 2005 жылға қарағанда 3% аз;

Жоғарыда келтірілген деректемелер қозғалған істердің жыл сайын орта есеппен 3% төмендеп отыратынын көрсетеді.

2-диаграмма

Бірінші саты бойынша қозғалған азаматтық істердің соңғы үш жылға жасалған талдау істерді азаматтық сот өндірісінің жекелеген түрлері бойынша бөлгендегі сандық көрсеткіштерінің тұрақты күйінде қалып отырғанын көрсетеді. Азаматтық істердің жалпы саны:

- талап өндірісінің істері - 70% шамасын;

- бұйрық өндірісі - орта есеппен 16%;

- ерекше өндіріс - 10% көбін;

- ерекше талап өндірісі - шамамен 4%.



Талап өндірісі

Статистикалық деректерге сәйкес түскен талап арыздарының жалпы санынан талап арыздардың ең көбі (873 551, соның ішінде: 2004 ж. -295 746, 2005 ж. - 288 355, 2006 ж. - 289 450) келесі санаттар бойынша келіп түскен:

шарттарды жасауға, өзгертуге және бұзуға, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар бойынша (178 445, соның ішінде: 2004 ж. - 56 957, 2005 ж. - 58 536, 2006 ж. - 62 952);

некені бұзу туралы (127 929, соның ішінде: 2004 ж. - 40 745, 2005 ж. - 42 290, 2006 ж. - 44 894);

мүлікке меншік құқығы туралы (29 444, соның ішінде: 2004 ж. - 8 199, 2005 ж. - 10 815, 2006 ж. - 10430);

жалақыны өндіріп алу туралы (24 494, соның ішінде: 2004 ж. - 14 052, 2005 ж. - 5 884, 2006 ж. - 4 558);

зиянның орнын толтыру туралы (44 589, соның ішінде: 2004 ж. - 13 941, 2005 ж. - 15 565, 2006 ж. - 15 083).

Сонымен талап істерінің көбі аталған санаттар бойынша қаралды.



Талап істерінің жекелеген санаттары бойынша жыл сайынғы көрсеткіштер төмендегі кестеде көрсетілген:

Іс санаттары

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Аяқталған талап істерінің барлығы

271 052

100%

255 691

100%

253 866

100%

Шарттар және міндеттемелерді орындау

50 612

18,7%

54 355

21,3%

57 842

22,8%

Некені бұзу туралы

38 899

14,4%

39 550

15,5%

41 846

16,5%

Жалақыны төлеу туралы

12 610

4,6%

5 102

2%

3 712

1,5%

Зиянның орнын толтыру туралы даулар

12 440

4,6%

13 526

5,3%

12 710

5%

Мүлікке меншік құқығы туралы даулар

6 938

2,56%

8 134

3,2%

8 005

3,15%

Жер қатынастарынан туындайтын даулар

2 501

0,92%

3 216

1,26%

3 729

1,47%

Талап істерінің қалған санаттары

21 556

8%

18 753

7,3%

17 334

6,82%

Басқа да талап істері

125 496

46%

113 055

44,2%

108 688

42,8%

Жоғарыда келтірілген деректер қаралған істерінің саны екі есеге азайған, жалақыны төлеу туралы дауларды қоспағанда, санаттар тұрғысында олардың жыл сайынғы тұтастай өзгермейтін картинасының сақталатынын көрсетеді. Бұдан басқа, шарттар және міндеттемелерді орындау, некені бұзу туралы, зиянның орнын толтыру туралы даулар, мүлікке жеке меншік құқығы туралы даулар, жер қатынастарынан туындайтын даулар бойынша қаралған істер санының үнемі өсуі байқалады.


Бұйрық өндірісі

Үш жылда сот бұйрығын шығару арқылы 171 391 ( 2004 ж. - 57 722, 2005 ж. - 60 436, 2006 ж. - 53 233) іс қаралған.

Сот бұйрығын шығару арқылы қаралған істер санаттар тұрғысында келесі жағдайда:

- кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы - 67 090 (2004 ж. - 22 114, 2005 ж. - 21 831, 2006 ж. - 23 145);

- азаматтар мен заңды тұлғалардан төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы - 42 655 (2004 ж. -11 056, 2005 ж.-16 365, 20006 ж. -15 234);

- жұмыскерге есептеліп, бірақ төленбеген жалақыны және басқа да төлемдерді өндіріп алу туралы - 14 697 (2004 ж. - 6 342, 2005 ж. - 6 004, 2006 ж. - 2 351);

- ішкі істер немесе қаржы полициясы органдарының жауапкерді немесе борышқорды іздестіру бойынша шығындарды өндіріп алу туралы өтініштері бойынша - 175 (2004 ж. - 56,2005 ж. - 38, 2006 ж. - 81);

- Бұйрық өндірісінің басқа істері - 46 774 (2004 ж. -18 154, 2005 ж. -16 198, 2006 ж. - 12 422).

Келтірілген деректер сот бұйрығын шығара отырып қаралған істердің басым көпшілігін кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы, азаматтар мен заңды тұлғалардан төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы істер құрайтындығын көрсетеді.

Сот бұйрығын шығарумен қаралған талаптардың жалпы санының борышкерлердің өтініштері бойынша төмендегідей сандық көрсеткіштегі сот бұйрықтарының күші жойылды (3-диаграмманы қараңыз):

2004 жылы - 57 722-ден 1 259 немесе 2,18%;

2005 жылы - 60 436-дан 1 297 немесе 2,15%;

2006 жылы - 53 233-тен 1 043 немесе 1,96%.

3-диаграмма

Келтірілген деректер күші жойылған бұйрықтардың шамалы төмендегенін көрсетеді (2,18%-дан 1,96%-ға дейін).

Бұйрықтардың көпшілігінің күші кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы, азаматтар мен заңды тұлғалардан төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы істер бойынша жойылған.

Осыған байланысты бұйрық өндірісі істерін қараудың сот практикасын зерттеу қажет деп ойлаймыз.



Ерекше өндіріс

Статистика бойынша талдау жасалып отырған кезеңде ерекше өндіріс тәртібінде 134 642 істер мен өтініштер (2004 ж. - 43 847, 2005 ж. - 45 783, 2006 ж. - 45 010) келіп түскен.

Санаттар тұрғысында істер мен өтініштердің көбі:

- жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы (14 904 немесе 11%, соның ішінде: 2004 ж. - 3 670 немесе 8,4%, 2005 ж. - 5 510 немесе 12%, 2006 ж. - 5 724 немесе 12,7%);

- бала асырап алу туралы (13 877 немесе 10,3%, соның ішінде: 2004 ж. - 4 594 немесе 10,4%, 2005 ж. - 4 494 немесе 9,8%, 2006 ж. - 4 788 немесе 10,6%);

- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы (13 798 немесе 10,2%, соның ішінде: 2004 ж. - 4 935 немесе 11,3%, 2005 ж. - 4 562 немесе 10%, 2006 ж. - 4301немесе 9,6%) келіп түскен.

Келтірілген цифрлар жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы істердің тұрақты түрде өскенін көрсетеді (8,4%-дан 12,7%-ға дейін).

Демек, ерекше өндірісте тиісті санат бойынша істердің басым көпшілігі қаралған.


Ерекше талап өндірісі

Ерекше талап өндірісінің істер динамикасы мемлекеттік билік органдарының, лауазымды тұлғаларының және мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер санының (72,5%-дан 61%-ға дейін) жыл сайын төмендеп отырғанын көрсетеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын даулау туралы істер санының (20,5%-дан 35%-ға дейін) бірмезгілде өскені байқалады.




Іс санаттары

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Ерекше талап өндірісінің аяқталған істерінің барлығы

14 503

100%

15 209

100%

13 332

100%

Мем. билік орган.,

л. тұлға-ның және мем.қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау



10 520

72,5%

9 451

62%

8 118

61%

соның ішінде

сот орындау-шыларының

2 055

14,2%

1 857

12%

1 804

13,5%

соның ішінде

салық комитетінің тексеру нәтижелері бойынша хабарландыруларын даулау туралы

статесепте деректер жоқ

554

3,6%

638

4,8%

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулыларды даулау

2 968

20,5%

4 905

32%

4 676

35%

Ерекше талап өндірісінің басқа істері (АІЖК 25, 28 және 29 тараулары)

1015

7%

853

5,6%

538

4%

Жоғарыда келтірілген деректер ерекше талап өндірісінде қаралған істердің айтарлықтай санын 93%-дан 96%-ға дейінгі екі санаттағы істер құрайтындығын көрсетеді. Бұлар:

- мемлекеттік билік органдарының, лауазымды тұлғаларының және мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы;

- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын даулау туралы.

Сот орындаушыларының әрекеттерін даулау туралы істер ерекше талап өндірісі істерінің жалпы санының орта есеппен алғанда 13,2% құрайды.

Талдау жасалып отырған кезеңде барлығы 1 104 330 азаматтық іс аяқталған (2004 ж. - 380 055, 2005 ж. -368 628, 2006 ж.- 355 647).

Қарастырылып отырған кезеңдегі аяқталған азаматтық істердің шамамен 80% оларды мәні бойынша шешумен аяқталған, яғни шешім, сот бұйрығын және ұйғарымын шығарумен аяқталған (мысалы АІЖК 26, 39-1-тарауы тәртібінде). Сонымен тиісті істердің басым көпшілігі сотқа берілген талап арыздарды және талаптарды қанағаттандырумен аяқталады (орта есеппен 75,6%).

Аяқталған азаматтық істер бойынша абсолюттік және пайыздық сипаттағы нәтижелердің көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген:





Атаулары

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Барлық аяқталған азаматтық істер

380 055 100%

368 618

100%

355 647 100%

Шешім шығарумен қаралғаны

248 812

65,5%


229 230 62,2%

223 490 62,8%

Сот бұйрығын шығарумен қаралғаны

57 722 15,2%

60 436

16,4%

52 233 15%

Ұйғарым шығарумен қаралғаны

Статесепте деректер жоқ

4 305

1,2%

4 360

1,2%






Мәні бойынша барлығы іс шешілді

шешім+сот бұйрықтары+ ұйғарым

306 534

80,7%

293 971

79,8%

280 083

78,8%

Талап арыздарды және талаптарды қанағаттандырумен аяқталған істер

Борышқорлардың өтініштері бойынша

291 065

278 476

265 631

өтініштері бойынша

76,6%

75,5%

74,7%

күші жойылмаған










шешімдер,










ұйғарымдар және










сот бұйрықтары,










Мәні бойынша шешілмей аяқталған істер

Соттылығы бойынша жіберілген

істер


2 081

0,5%


1 972

0,5%


1 654

0,5%


Қараусыз қалдырылған арыздар

44 517

11,7%


47 992 13%

48 221 13,6%

Іс бойынша өндіріс тоқтатылды

26 563 7%

24 680

6,7%

24 689 6,9%

Соның ішінде бітім келісімін жасаумен

Статесепте деректер жоқ


-//-


4 137*

16,8%

* пайыз қысқартылған істер есебінен көрсетілген

Талап арыздарды және талаптарды қанағаттандырумен аяқталған істер

АІЖК қарастырылған жағдайларда талап істері сырттай өндіріс тәртібінде қаралуы мүмкін.

Қарастырылып отырған кезеңде статистика бойынша сырттай шешім шығарумен 238 677 іс немесе шығарылған шешімдер санының 34% аяқталған. (2004 ж. - 84 982 немесе 34,2%, 2005 ж. - 78 222 немесе 34,2%, 2006 ж. - 75 473 немесе 33,8 %).

Осындай жағдайда, шығарылған шешімдердің үштен артығы сырттай шешімге сәйкес келеді.

Талдау жасалып отырған кезеңде бірінші сатылы сотпен 8 478 сырттай шешімнің немесе сырттай шығарылған шешімдер санының 3,6% күші жойылған (2004 ж. -2 697 немесе 3,2%, 2005 ж. - 2 944 немесе 3,8%, 2006 ж. - 2 837 немесе 3,8%).

Жоспар бойынша ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында осындай істерді қараудың сот тәжірибесін зерттеу қарастырылған.

Статистика процессуалдық мерзімдері бұзыла отырып қаралған істер санының елеулі азайғанын көрсетеді.

Яғни, егер 2004 жылы аудандық сотта 397 іс қаралса, 2006 жылы 37 іс қаралды. 2006 жылы осындай істердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысының және Астана қаласының аудандық соттарымен қаралды (7 істен).

Бұдан басқа жергілікті соттармен талдау жасалып отырған кезеңде 5 837 жеке ұйғарым шығарылды (2004 ж. - 1 986, 2005 ж. - 1 982, 2006 ж. - 1 877).
Апелляциялық сатының азаматтық істерді қарау жұмысы туралы

"Апелляциялық саты сотының азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" №7 нысандағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес апелляциялық саты сотына келесі сандық көрсеткіштегі істер келіп түскен:

- 2004 жылы - аяқталған істердің 26 704 немесе 7%, (соның ішінде апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша - шығарылған шешімдер санының 21 129 немесе 8,5%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша шығарылған ұйғарымдардың - 5 575 немесе 7,6%);

- 2005 жылы - 25 395 немесе 7% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша - 19 252 немесе 8,5%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша - 6 143 немесе 7,8%);

- 2006 жылы - 26 004 немесе 7,3% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша 18 832 немесе 8,4%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша - 7 172 немесе 12,3%).

Аталған деректер шағым келтірілген сот шешімдерінің үлес салмағының бұрынғы деңгейде қалып отырғанын, ал шағым келтірілген сот ұйғарымдарының саны пайыздық және абсолюттік көрсеткіште де өсіп отырғанын көрсетеді.


Статистика бойынша апелляциялық сатымен үш жылда 71 732 іс қаралған (2004 ж. - 25 671, 2005 ж. - 22 868, 2006 ж. - 23 193).

Апелляциялық қарау нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.




Кезең

Қаралды

Өзгеріссіз

Күші жойылды

Олардың ішінде

Өзгертілді













толығы

мен


бөлігі




Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша

2004

20 345

16 047

2 168

2 097

71

2 130

2005

17 235

13 403

1 809

1 780

29

2 023

2006

16 678

12 545

1 822

1 813

9

2 311

Жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша

2004

5 326

3 161

2 083

2 073

10

82

2005

5 633

3 407

2 107

2 104

3

119

2006

6 515

4 132

2 282

2 277

5

101

Соңғы екі жылда аудандық соттардың ішінде күші жойылған шешімдердің пайыздық қатыстағы сандық үлесінің көбі Ақтөбеде (2005 ж. - 1,7%, 2006 ж. - 1,3 республикалық орта көрсеткіште - 0,8%), Астана (2005 ж. - 1,5%, 2006 ж. - 1,4%) және Алматы қалаларында (2005 ж. - 1,2%, 2006 ж. - 1,5%).

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар бойынша 2006 жылы шешімнің (экономикалық соттардың шығарған шешімдері санынан) 357 немесе 1,8% күші жойылды, 2005 жылы шешімнің 343 немесе 1,9% күші жойылды. Соңғы екі жыл бойы шешімдердің күшін жоюдың басым көпшілігі Ақтөбе (2005 ж. - 32 немесе 4,8%, 2006 ж. -33 немесе 3,9%), Солтүстік Қазақстан облыстары (2005 ж. - 41 немесе 4,8%, 2006 ж. -23 немесе 2,4%), Алматы қаласы (2005 ж. - 48 немесе 2%, 2006 ж. -74 немесе 2,5%) экономикалық соттарының үлестерінде.

Санаттар тұрғысында шешімдердің едәуір көпшілігі төмендегі істер бойынша бұзылған:

- мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің қаулыларын, шешімдерін және әрекеттерін даулау туралы (2004 ж. - 223, 2005 ж. - 273, 2006 ж. - 233);

- шарттарды жасау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар бойынша (2004 ж. - 187, 2005 ж. - 152, 2006 ж. - 149);

- шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар бойынша (2004 ж. - 108, 2005 ж. - 73, 2006 ж. - 103);

- шығынның орнын толтыру туралы даулар бойынша (2004 ж. - 174, 2005 ж. - 143, 2006 ж. - 135);

- жер құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша (2004 ж. - 85, 2005 ж. - 64, 2006 ж. - 92);

- жұмысқа қайта алу туралы (2004 ж. - 123, 2005 ж. - 93, 2006 ж. - 71);

- жекешелендірілген тұрғын үйге меншік құқығы туралы даулар бойынша (2004 ж. - 41, 2005 ж. - 43, 2006 ж. - 56).

Келтірілген деректер мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің қаулыларын, шешімдерін және әрекеттерін даулау туралы істер бойынша шешімдердің күшінің жойылғандығын көрсетеді.

Соттардың аталған іс санаттары бойынша шығарылған шешімдер санының (2004 ж. - 6 707 шешім, 2005 ж. - 5 775, 2006 ж. - 4 820) жыл сайынғы азаюына қарамастан, осындай істер бойынша шешімдердің күшінің жойылу көрсеткіштері (2004 ж. - 3,3%, 2005 ж. - 4,7%, 2006 ж. - 4,8%) жоғары қалпында қалып отыр. Сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үйге меншік құқығы туралы даулар бойынша істерге шығарылған шешімнің күшінің жойылуының көбеюі байқалады (1,45%-дан 3,35% дейін).

Айтылғандарға байланысты регионалдық оқу орталықтарының жоспарларында азаматтық істердің аталған санаттары бойынша сабақтарды, сондай-ақ Сот төрелігі институтының жоспарларында да курстарда оқып жатқандар үшін тиісті тарату материалдары мен қажетті әдебиеттерді дайындауды қарастыру керек деп санаймыз.

Талдау қарастырылып отырған кезеңде апелляциялық сатымен жаңа шешім қабылдау арқылы шешімнің (күші жойылған шешімдер санының) 42% күшінің жойылғанын көрсетті. Сондай-ақ, мәселені мәні бойынша шешуге қатысты орта есеппен 46% күші жойылған.

Апелляциялық сатыда істерді АІЖК белгіленгеннен жоғары мерзімде қарау орын алған.

Статистикаға сәйкес талдау жасалып отырған кезеңде апелляциялық сатыда мерзімдерді бұза отырып 42 іс қаралған (2004 ж. - 33, 2005 ж. - 8, 2006 ж. - 1).


Қадағалау сатысының азаматтық істерді қарау жұмысы туралы
"Азаматтық істерді қадағалау тәртібінде қарау бойынша соттардың жұмысы туралы" №9 нысандағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес қадағалау сатысымен келесі сандық көрсеткіштегі шағымдар қаралды:


Атауы

2004ж.

2005ж.

2006ж.

Қаралған шағымдар

11 234

10 294

9 524

Алдын ала қарау нәтижелері бойынша қайта қарау туралы шешімдер

1 625

1 370

1 857

Алдын ала қарау нәтижелері бойынша істі қайта қараудан бас тарту туралы шешімдер

9 609

8 919

766

Қадағалау тәртібінде істерді қарау нәтижелері төменгі келесі кестеде келтірілген:


Кезең

Қаралды

Шешім өзгеріссіз

Шешімнің күші жойылды

Олардың ішінде

прокурордың наразылығы бойынша



2004

2 860

456

1 431

507

2005

2 372

386

1 165

372

2006

2 868

465

1 088

275

Соңғы екі жылда аудандық соттардың ішінде күші жойылған шешімдердің пайыздық қатыстағы сандық үлесінің көбі Астана қаласында (2005 ж. - 1%, 2006 ж. - 0,9% республикалық орта көрсеткіште - 0,5%). Алматы қаласының аудандық соттары өздерінің көрсеткіштерін 0,4%-ға (0,6%-дан 0,9%-ға) төмендеткен.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар бойынша 2006 жылы шешімнің (экономикалық соттардың шығарған шешімдері санынан) 177 немесе 0,9%, 2005 жылы - 157 немесе 0,9% күші жойылды.

Соңғы екі жыл бойы шешімдердің күшін жоюдың басым көпшілігі Ақтөбе (2006 ж. - 20 немесе 2,4%, 2005 ж. -9 немесе 1,3%), Алматы облыстарының (2006 ж. - 9 немесе 1,4%, 2005 ж. -13 немесе 1,7%), және Маңғыстау облысының (2006 ж. - 13 немесе 2,1%, 2005 ж. - 13 немесе 1,6%) экономикалық соттарының үлестерінде.

Санаттар тұрғысында шешімдердің едәуір көпшілігі төмендегі істер бойынша бұзылған:

- жер құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша (2004 ж. - 77, 2005 ж. - 95, 2006 ж. - 147);

- шарттарды жасау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар бойынша (2004 ж. - 145, 2005 ж. - 156, 2006 ж. - 199);

- шығынның орнын толтыру туралы даулар бойынша (2004 ж. - 225, 2005 ж. - 186, 2006 ж. - 229);

- мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің қаулыларын, шешімдерін және әрекеттерін даулау туралы (2004 ж. - 354, 2005 ж. - 277, 2006 ж. - 347);

Демек, күші жойылған шешімдердің көпшілігі аталған санаттардағы істер бойынша байқалады.

Статистикалық деректерге сәйкес үш жылда 1 464 апелляциялық қаулының күші жойылды (2004 ж. - 479, 2005 ж. - 566, 2006 ж. - 419).

Қарастырылып отырған кезеңде қадағалау сатысымен жаңа шешім қабылдау арқылы орта есеппен шешімнің 22,5% күші жойылды.


Қадағалау сатысының соттары абсолюттік және пайыздық ара қатысында апелляциялық сатыға қарағанда жаңа шешімдерді әлдеқайда аз шығаратынын төменде келтірілген кестеден көреміз:



Жаңа шешім шығарылды

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Апелляциялық сатымен

919

42%

762

42%


767

42%


Қадағалау сатысымен

294

20,5%


258

22%


270

25%


* пайыздар күші жойылған шешімдердің санынан келтірілген.
Статистикалық деректер бойынша алдын ала қарау кезінде 169 қадағалау шағымының процессуалдық мерзімдері бұзыла отырып қаралған (2004 ж. - 105, 2005 ж. - 54, 2006 ж. - 10).

Жергілікті соттардың үш жылдық жұмысының қорытындысы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартудың тұрақты үрдісінің (тенденциясының) қамтамасыз етілгенін көрсетті.

Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша соттардың істерді қараудағы сот тәжірибелерін зерттеуді ұсынамыз:

- бұйрық өндірісі;

- шарттарды жасау, өзгерту және бұзуға, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар бойынша;

- сот орындаушыларының әрекеттерін даулау туралы.



Арыздары қараусыз қалдырылған істердің жыл сайынғы өсуі тұрғысынан осындай істердің талдауын жасауды орынды деп ойлаймыз.
Жоғарғы Сот Аппаратының

Ұйымдастыру-талдау бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет