Бақты селолық округінің әкімі Б. Жабдиковтың 2014 жылы атқарған жұмыстарының есебі



Дата22.02.2016
өлшемі66.51 Kb.
#1864
Бақты селолық округінің әкімі Б.Жабдиковтың

2014 жылы атқарған жұмыстарының есебі.
Құрметті ауылдастар! Еліміз тәуелсіздік жылдары елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жақсы табыстарға қол жеткізіп, жылдан-жылға көркейіп келеді. Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050 стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты және «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде жария еткен «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты жолдаулары мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, жақсаруына ықпал етер нақты міндеттерді белгілеп берді.

Өздеріңізге белгілі, жыл басында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтіп тұрады. Осы орайда бүгінгі күні сіздермен кездесіп, 2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп бермекпін.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында округ әкімі аппараты 2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасап, аудан әкімдігінің басшылық қолдауымен жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыруда. Жыл басында өткен кездесудегі айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы дерлік оң шешімін тапты. Бақты ауылының тұрғындары орталық елді мекенде санитарлық тазартумен күл-қоқыс төгетін жерді реттеу жұмыстарын ұйымдастыруды сұралған болатын. Бұл орайда селолық округ бойынша барлығы 3700 тонна күл-қоқыс шығарылды және күл-қоқыс төгетін жердің маңайы тазаланып, үйіліп, реттелді.

Селолық округтің елді мекендерін жарықтандыру жұмыстарыда жоспарға сәйкес атқарылуда. Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 1.2 млн. тенге қаражат каралды және осыған сәйкес ауыл орталығының Тәуелсіздік көшесіне шілді-тамыз айларында күн сәулесінен жарық беретін 9 баған орнатылды. Осы жұмыстарды Қарағанды қаласынан «КАИР ТРАНССЕРВИС» ЖШС-гі атқарды.

Әкім аппаратының басты міндеттерінің бірі салық түрлерін жинауды ұйымдастыру және жаңа кәсіпкерлерді тіркеп, жұмыс орындарын ашу болып табылады. Бұл орайда жер және мүлік салығы жоспары толық орындалды және жаңадан 5 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 3 шаруа қожалығы («Байсерке», «Ешкіөлмес», «Ажар» шаруа қожалықтары), 1 наубайхана, 1 дүкен бар, оларда 9 жұмыс орны ашылды.

Жергілікті бюджеттің орындалысына келер болсақ, 2014 жылға барлығы 13945,0млн. тенге, оның ішінде әкімдік аппаратын ұстауға 10467,0 тенге қаралған. Бұл қаражат жыл қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес,еңбекақы, абаттандыру және жол тазалау жұмыстарына, су құбыры жүйесіне мемлекеттік акт алу, жарық және байланыс, жанар-жағар маймен әртүрлі товарлар алға жұмсалып, тегіс игерілді.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Қайрат» шаруа қожалығы «Қарқаралы» несие серіктестігінен несие алып, жылқы және ірі қара

2

малдарын сатып әкеліп, бағып-күтуде. Селолық округ бойынша «Мейір», «Би-аға», «Кешубай», «Ақбұлақ» шаруа қожалықтары асыл тұқымды ірі қара малдары бағып күткені үшін жылма-жыл мемлекеттен субсидия алуда.



Өткен 2014 жылы селолық округ бойынша «Мүлкібай», «Кешубай» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, барлығы 124 бас ірі қара аналық малдармен асыл тұқымды 3 бас бұқа сатып алды және жоғарыда көрсетілген малдарға арналған қосымша 2 мал қора құрылысы жүргізілді.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ғының облыстық филиалы көмегімен 3 шаруа қожалығы лизингтік жүйе арқылы жаңадан МТЗ-82 дөңгелекті тракторын алды, ал тағы бір шаруа қожалығы 50% жеңілдікпен трактор алу үшін құжаттарын рәсімдеуде.

Ауыл шаруашылығының басты бір саласы болып мал шаруашылығы саналады. Округ бойынша ауыл шаруашылығын дамыту саласында 41 шаруа қожалығы еңбек етуде. Жалпы округ бойынша халықтың қосалқы шаруашылығында мал басын өсіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуде.

Осы жылдың санақ қорытындысы бойынша округтегі ауыл тұрғындарының меншігінде 2204 бас ірі қара, 7673 бас қой-ешкі, 620 бас жылқы,2150 құс тіркелген. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара бойынша 101% ,қой-ешкі 102% , жылқы 103% орындалып, ауыл тұрғындарының мал басының өскендігі байқалып отыр. Шаруа қожалықтарында да мал басының өсімі байқалады. Әсіресе, ірі қарамен жылқы малының арту қарқыны жоғары. Асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту «Молдахан», «Мейір», «Би-аға» шаруа қожалықтарында оң жолға қойылған.

Малдәрігерлік алдын алу егу жұмыстары 2014 жылға бекітілген жоспарға сай толық атқарылды. Бруцеллез індетіне серологиялық зерттеу үшін ірі 2500 бас ірі қара, 10000 бас қой-ешкіден қан алынып, аудандық ветзертханаға тапсырылды. Зерттеу қорытындысымен 30 бас ірі қара, 5 бас қой-ешкі бруцеллез індетіне шалдыққыны анықталды. Ірі қара малдары тегіс ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды, ал ұсақ малдар ауру шыққан шаруашылықта қан шығармай өлтіріліп, өртелді. Жоспарға сай 2250 бас ірі қара малдары туберкулез індетіне тексерілді, ауруға шалдыққан мал басы жоқ, сондай-ақ 1500 бас мал қарасан ауруына қарсы егілді, сондай-ақ сібір жарасына қарсы 3100 бас ірі қара, 9500 бас қой-ешкі, 900 бас жылқы малдары егілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары толығымен атқарылды. Барлығы 1100 бас ірі қара, 4700 бас қой-ешкі, 300 бас жылқы бірдейлендірілді, компьтерлік базаға енгізілді. Ветатрибуттар қаржысы 333816 тенге көлемінде толығымен бюджетке салынды. Селолық округте мал сою алаңымен ірі қара малын қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс жасап тұр.

Селолық округте «Би-аға» ШҚ-ғы егін шаруашылығымен айналысады. Аталған шаруа қожалығы 550 га жерге бидай және 150 га жерге арпа сеуіп, орта есеппен әр гектардан 11 центнерден өнім алды.

3

Селолық округ бойынша барлығы 6120 тн. Мал азығы дайындалып, жоспар 110% орындалды.



Астана қаласында және облыс орталығында қатарынан бірнеше жыл қазан, қараша айларында «Ауыл-береке» жәрмеңкесі өткізілуде. Жылдан жылға жәмеңкеге қатысушы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының қатары көбейіп келеді.

Елді мекендерде шағын кәсіпкерлік саласында халыққа 5 дүкен, 1 кафе, 1 асхана, 2 наубайхана, 1 монша қызмет атқаруда. Алдағы жылы дүкен және шаштараз ашу жоспары бар.

Бақты елді мекенінде байланыс жүйесіне тіркелген 175 абонент тұрақты жұмыс жасап тұр. Абыз елді мекенінде 4 телефон нүктесіне қосымша тағы 8 телефон және Шолаққайың елді мекенінде 6 телефон нүктелері спутниктік байланыс қондырғысы арқылы қосылды. Абыз елді мекені тұрғындары шағын АТС /30-40 номерлік/ жүйесін және Бақты ауылы тұрғындары ұялы байланыс жүйесін орнатуға көмек сұрайды.

Селолық округтің елді мекендеріндегі тұрғындарды ауыз сумен тұрақты, жүйелі түрде қамтамасыз етілуде. Бақты және Абыз елді мекендерінде су құбыры жүйесі, ал Шолаққайың ауылында ұңғыма құдығы үздіксіз жұмыс атқарып, халықты сумен қамтамасыз етуде. Осы жүйелердің қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз етуде жеке кәсіпкерлер Сепин Ермек және Стамкулов Аманғазы табысты еңбек етуде.

Бақты ауылының су құбыры жүйесіне жаңадан насос орнатылып, электр желісіне толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ орталығын және Абыз елді мекенін абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау бағатында біршама жұмыстар атқарылды. «Қазақмыс» корпарациясының «Дорстрой-ХХІ век» мекемесінің көмегімен орталық мекеннің көшелеріне 1,6 км жолға балласт төгіліп, тегістелді. Ауылға кіре беріс жолдың шайып кеткен жерлеріне топырақ төгіліп, реттелді. Бақты ауылынан жеке кәсіпкер Садвакасов Ерланның техникаларының көмегімен 3200 тонна, Шолаққайың елді мекенінен 300 тонна, ал Абыз елді мекенінен рудник техникасының көмегімен 200 тн қоқыс шығарылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласында 1 ОДА, ал Абыз ауылында медициналық қызметкер жұмыс жасайды.

Амбулатория көмірмен қамтамасыз етілген, қыстан қысылмай шығатындай жағдай жасалған.

Селолық округ тұрғындарының денсаулығын тексеру мақсатында жылжымалы медицина тобы елге келіп, халықты толық тексерістен өткізді, сонымен қатар жылжымалы рентген қондырғысыда елді мекендердегі халыққа өз қызметін көрсетті.

Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс атқаруда. Мектептер компьютерлермен қамтасыз етілген, «Қазақтелеком» арқылы интернет жүйесіне қосылған. 2014 жылы орта мектепті 10 бала бітіріп, оның 4-і жоғарғы оқу орындарына, 4-і арнаулы орта оқу орындарына түсті.

4

Әлеуметтік сала бойынша: Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 отбасы, 7 адам болды. Балалар жәрдемақысын алушылар саны 2014 жылы 11 отбасы, 33 адам болды. Жыл басынан тұрақты жұмысы болмай жүрген 6 ауыл тұрғыны қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, олар қар тазалау, көшелерді абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.



Азаматтардан түскен өтініштер уақытында қаралады, тиісті жауаптары беріледі. Биылғы жылы ауыл тұрғындарынан 4 өтініш түсті, барлығы дерлік өзінің оң шешімін тапты.

Жыл ішінде селолық округ әкімі аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде біршама жұмыстар атқарды. Халыққа 612 ветеринариялық анықтама, 160 ветеринариялық паспорт және 118 қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беріліп, тұрғындар өтініші толық қанағаттандырылды.

Халық арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Волейбол, футбол секциялары аптаның екі күнінде тұрақты ұйымдастырылуда. Ауыл жастары аудандық спартакиадаға және селолық округтерде футболмен волейболдан өткен аудандық турнирлерге тұрақты қатысып тұрады.

Мәдениет саласында клуб үйімен Абыз халық театры халыққа қызмет көрсетуде. Мереке күндері аталып өтіліп, жастардың демалыс кештері және де басқа мәдени шаралар жоспарға сай өткізіліп тұрады. Абыз елді мекені халқына сол учаскеден сайланған халық қалаулысы Құттина Мәнисаның демеушілігімен жаңадан музыкалық аппаратура, ал Бақты клубына демеуші Маликова Ләззаттың көмегімен музыкалық аспап және жастарға спорттық формалар табысталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласында полиция инспекторы жұмыс атқаруда. Жастармен мектеп оқушыларымен тұрақты кездесулер өткізіліп тұрады. Техникалардың бейсауат жүрмеуі және басқада тәртіпсіздіктердің болмауы қадағаланып отырылады.

Селолық округ әкімі аппаратымен бірге ауылда қоғамдық ұйымдар, яғни ардагерлер кеңесі, қоғамдық негіздегі медиаторлар, әйелдер кеңесі, жұмыс жасайды. Осы қоғамдық ұйымдар округ әкімдігіне оң қолғабысын тигізіп келеді.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың тарапынан атқарылып жатқан істер нәтижесінде ауылдағы моральдық психологиялық ахуал бірқалыпты жағдайда.

Селолық округ әкімі аппараты аудан әкімідігінің бөлімдерімен және басқада мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.



Елбасымыздың алға қойған міндеттерін, облыспен аудан басшыларының бағдарлама-тапсырмаларын басшылыққа ала отырып орындауда сіздермен бірлесе еңбек етеміз және соған ат салысуға барлығыңызды шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет