1986 ж., Желтоқсан оқИҒасы жайлы мәлімет



Дата07.07.2016
өлшемі56.68 Kb.
#183371
1986 ж., ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ
Сакенова М.Р., Бимаканова З.Ш.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Бүгінде біз Тәуелсіздіктің тәтті дәмінен нәр татып, бостандықтың рахатын көріп жатырмыз. Бұдан асқан ел үшін бақыт бар ма десеңші?!... Ал осыдан біренеше жыл бұрын ата-бабаларымыз бұндай халді армандап, аңсап жүрді. Қаншама езгі мен қанауға ұшарағанның өзінде бір күні сол арманға қол жеткізеріне сеніп, үмітін сөндірмеді. Ақыры жеттік! Бұнадй ұлы арманның орындалуына себеп болған тарихи оқиға – Желтоқсан қозғалысы. Осыдан 27 жыл бұрын жүректері өз елінің бүгінгісі мен ертеңгі болашағына бей-жай қарай алмаған жастар «Брежнев» атындағы алаңға шығып шеру өткізген болатын. Кейін бұл бейбіт сипаттағы шеру көтерілісшілер мен тәртіп сақшыларының арасындағы қанды қақтығысқа айналды. Ал жастардың қолдарына «Әр халыққа – өз көшбасшысы», «Өзін-өзі басқаруды талап етеміз» деген жазулары бар плакаттарды алып, наразылығын білдіруіне не себеп болды?! Оның себебі – С.Горбачевтің сол кездегі әділетсіз шешімі болатын. Ол Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысының қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Д.Қонаевтің орнын Қазақстанда жұмыс жасап көрмеген, біздің халқымыз бен жағдайымыздан бейхабар Г.Колбинмен алмастыруды жөн тапты. Әрине де, жүректері «Елім! Жерім!» деп соққан жастардың ашық наразылығын тудырды.

Желтоқсан оқиғасы жайлы көптеген тарихшылар зерттеп, маңызды мағлұматтар жетерлік. Желтоқсан көтерілісі жайлы алғашқы болып ақпарат берген Мұхтар Шаханов. Тарихи-әдеби еңбектерінде Желтоқсан оқиғасы жайлы ақпарат берілген, тіпті Желтоқсан оқиғасына дейінгі және одан кейін қалыптасқан жағдайға да байланысты сипаттаған. Мұхтар Шахановтың еңбеі бойынша Желтоқсан көтерілісінің партия басына Колбиннің келуінен басқа мынадай маңызды себептерді көрсетеді:

Біріншіден, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық. 1931 жылы жүз мыңдаған қазақтар төніп келе жатқан ажалдан қашуға жанталаса жол іздеді. Малынан, күнкөрістік бар қорегінен айырылып, колхоздарға күштеп кіргізіліп, әсіресе орталыққа, шекаралас мемлекеттерден қашықта орналасқан адамдар түгелдей апат болды. 1930 жылы Қазақстанда 5,2 млн қазақ болса, оның 3 милионға жуығы аштан қырылды. Бұл себеп сонау 30-жылдардағы ашаршылықпен байланысты. Алғашқыда бұл екі оқиғаның арасы жарты ғасырдан астам уақыт болғандықтан еш байланысы жоқ деп тұжырым жасар, алайда әбден басылып, езгіге ұшыраған халықтың жадында бұл жайт көпке дейін сақталды.

Екіншіден, зиялыларды жою. «Ұлтшылдардың» көзін құртқаннан кейін зиялылардың тобын жою жолындағы партияның қанды акциялары белсенділердің өздерін де қыспаққа іліп әкетті. Халықты рухани бассыздандыру, яғни көсемдерсіз қалдыру жоспары осылай іске асты. Бұндағы басыт мақсат – қазақ халқының «көзі ашық, көкірегі ояу» адамдарын, яғни бетіндегі қаймағын сырып алып тастау еді. Бұл да өзінше үлкен көтерілістің себептерінің бірі болып табылады.

Үшіншіден, тіл мәселесі. КСРО-дағы ұлт саясаты Сталиннің - «жалғыз-ақ кеңес халқы және бір-ақ мемлекеттік тіл, оның өзі тек орыс тілі болуы керек»,-деген «теориясына» негізделіп құрылған болатын. Бұл доктринаны Қазақстанда жүзеге асыруда мынадай іс-шаралар жүргізілді:



  • қазақ тілін латын әліпбиіне, артынша кириллицаға ауыстыру;

  • іс-қағаздарын толығымен орыс тіліне көшіру;

  • қазақ тілін қолдану аясын толық шектеу;

  • барлық орта және жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытуды тек орыс тілінде жүргізу;

  • қазақ тілінде оқытатын мектептерді біртіндеп жабу;

  • Қазақстанға басқа халықтарды күштеп көшіру және қоныстандыру арқылы ұлт демографиясына нұқсан келтіру.

Осылайша олар біздің халқымызыдың тілі мен ділін жоймақшы болды. Бірақ қазақ халқының жүрегіндегі рухты, өз еліне, өз тілі мен туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілікті, кеудесінде соғып тұрған жұдырықтай жүрегіне мәңгіге қашалған «Қазақ» атауын жоя алмады.

Желтоқсан көтерілісі көптеген ортақ мақсатты көздеген адамдардың басын біріктірді. Олар арасында басқа ұлт өкілдері де бар болатын. Сол кезде шарасыздық пен ұлт намысынң аяққа тапталуынан әбден мезі болған олар көтеріліске бірге қатысқан болатын. Солардың бірі – Абайдулла Рузиев. Бүгінгі күнде жасы 48-де. Сол жылдары ол жас студент болатын. Өзінің сол жылдардағы жасаған ісін ол былай деп түсіндіреді: «Егер қазақ болмасаң неге шығасың дегенді қалай түсінуге болады? Иә, мен қазақ емеспін, бірақ Қазақстанда тұрдым және тұрамын. Көтеріліске шыққан жастардың арасында мен де болдым. "Барамын-бармаймын, қазақ - қазақ емес" деген болмады. Біздің көзқарасымыз бойынша әділетсіздік болды, сол үшін де біз күрескен болатынбыз»[4]. Ал тарихшы Ә.Жамасұлтанов басынан өткерген қиын кезеңдер жайлы былай дейді: « Партком хатшысы маған қарап былай деді: «Барлықтарың жиналып жатақханаға барыңдар! Күні-түні кезекшілік қою керек. Алаңға жиналған студенттеруміздің есебін алу керек»[1, 131-132-б.]. Иә, бұл ауыр күндер еді. Күнде жиналыс, күнде қуғын-сүргін, у-шу, күндіз-түні жатақханадан шықпай қойдық». Осы сөздер арқылы жастардың шарасыздығымен кеуделерінде соққан жұдырықтай жүректеріндегі ерекше сезімін анық байқауға болады. Олар сол кезде өздерін ойлаған жоқ, «маған, менің отбасыма кесірі тиеді-ау» деген ой да болған емес, олар тек қана ғасырлар бойы өз еліне тигізген кесірдің нәтижесін көріп отырған ақиқат жақтаушылары еді.

Мұхтар Шахановтың айтуы бойынша, тарихта тіпті үлкен соғыс өртті тұтанғалы тұрған сәтте екі жақтың ақылды[5, 17-б.] Өрелі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып, тарқасқан мысалдар аз емес. Сол себептен Желтоқсан оқиғасын да ушықтырмай, бейбіт түрде шешуге болар еді. Шынымен де, бізідң арамыздан бұндай дана, батыл,и өрелі азаматтар кездесті, олардың мақсаты – қырып, жою емес, өз елінде, өздерінің кіндік қаны тамған жерінде әділдік орнату еді. Алайда билікте отырған қалай да ашылған ауызға қақпақ қоюды мақсат тұтқан адамдар олардың бұл әрекетін «Нашақорлардың ісі» деп бағалады. Желтоқсан көтерілісіне қатысушы әрбір адам (тіпті ол қауқарсыз, нәзік қыз бала болса да) басбұзар қылмыскер ретінде бағаланып, қатаң есепке алынды.

Желтоқсан көтерілісінде шектен шығу көріністері кең етек жайды. Алаңға жиналған патриот жастардың, жай ғана кіндік қаны тамған жерінде әділдіктің орнағанын қалаған ұлтжанды азаматтардың пікірімен санасқысы келмеген биліктегі адамдар оларды көлікке лақтырып, қала сыртындағы жолдармен 40-50 шақырым алыс жерге апарып, сабап, киімдерін шешіп алып, суық қардың үстіне шешіп отырғызып қоя берген. Зерттеушілердің хабарлауынша, Гитлердің безбүйрек фашистерінің өзі бұндай қатыгездіке бармаған. Көтеріліске қатысушы Ұлжалғас Исабаеваның мына сөздері дәлел бола алады: «Барлық уақытта менің артымнан біреу жүретін. Аңдыған болатын, әр кез қандай болмасын араңдатулар болды. Жұмыста мені бірнеше рет соққыға жықты. Мен ұлтшыл адам емеспін, жай ғана бізде де әділеттіліктің орнағанын қалаған болатынмын»[4].



Желтоқсан оқиғасы...Осы сөздер қазірдің өзінде-ақ әр қазақстандықтың жүрегінде екі сезім ұялатады. Оның біріншісі – сол кезде әділетсіздіктің құрбаны болған жастар, олардың жазықсыз өтеген жазалары үшін туатын ыза мен қынжылу болса, екіншісі – дәл осы оқиғаның бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке жетелеп алып келуінен туатын мақтаныш сезімі. Бұл екі сезім әрқашан бірге жүреді, себебі Желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған адамдар – бүгінгі еңкейген шал мен еңбектеген жас баланың бақытты өмір сүруінің себепшілері. Дәл осы адамдар өз елінің бодандықтан құтқарды, дәл осы адамдар өз елінің болашақ бақыты жолында «Ұлы құл болмасын деп, қызы күң болмасын» деп өз өмірлерін қиып, жанын садақа етті. Сондықтан бұл ұлы оқиға. Оның ұлылығын Әбіш Кекілбаевтің: «Желтоқсан оқиғасын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттық өзін-өзі тану сезімінің оянуы) ретінде, екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден әлемдік мағызы бар (социалистік лагердің күйреуінің басталуы) аса салиқалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс – атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес» деген тұжырымдамаларынан көруге болады. [5, 12-б.]. Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөлген Елбасымыз "Тарих толқынында" атты еңбегінде: «Он екінші кезең – 1980 жылдардың ортасынан басталады. Ол халық рухының бұрқ етіп, сыртқа лықсуымен сипатты болды. Мұның аты 1986 жылдың желтоқсаны еді. Алтыншы империя гүрс етіп құлады»,-деп жазған [2, 291-б.]. Қорытындылай келе, Желтоқсан оқиғасы, сөз жоқ, әлемдегі ұлы тарихи оқиға. Ол елімізде сол жылдары қалыптасып, түп-тамырымен бекітіп орнатылған қатаң саясатқа наразылық нәтижесі ғана емес, халық бостандығына, ұлт бостандығына әкелген, Тәуке мен Абылай хандар көксеген мақсаттың орындалуына бірден-бір себепші болған әлемдік маңызы бар қозғалыс.

Әдебиеттер:

  1. Әбдіғалиев Б., Көрпебайұлы Б. «Ұлт теңдігі көтерілісі» - Алматы, 2006 ж. - 260 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» - Атамұра, 1999 ж. - 296 б.

  3. Шаханов М. «Жетоқсан эпопеясы» - Алматы, 2006 ж. - 624 б.

  4. Ахматова З., Букенова Қ., «Желтоқсан оқиғасы», 2012ж. www. Vox Populi. kz

  5. Қозыбаев М.Қ. «1986 желтоқсан...Дақпырт пен шындық» - Алматы, 1996 ж. - 35


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет