Орындаған:Теңдібай А. және Қалиев А. Тексерген: Нығметов Б. Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1859 - 1919) - бірінші шығыстанушы-қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Құлмановтың арғы аталары Әбілқайыр ханның ұрпағынан тарайды.Қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген. - Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1859 - 1919) - бірінші шығыстанушы-қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Құлмановтың арғы аталары Әбілқайыр ханның ұрпағынан тарайды.Қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.
- Б.Құлманов Орынбор гимназиясын күміс медальмен, шығыс тілдері мамандығы бойынша Санкт-Петербор университетін үздік дипломмен бітірген.
- 1890-1903 жылдары Ішкі Орданың Қамыс-Самар бөлігін басқарды.
1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шығады. - 1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шығады.
- 1 Мемлекеттік думаға Ставрополь және Астрахань губернияларының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губерниясының қазақтарынан Б. Құлманов, ал Ставрополь губерниясының қалмақтарынан Давид Церенджиб Нойон Тундутов сайланады.
- Құлманов 1907 жылы 2 Мемлекеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
- 1917 жылы 21-25 сәуір аралығында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтарының, яғни Бөкей ордасының комиссары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қызыл өкіметі орнағанша атқарады.
- 1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыларының съезі өтеді. Онда Б.Құлманов жер мәселесі жөнінде баяндама жасайды.
- Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскіден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерниясындағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді
Достарыңызбен бөлісу: |