Солтүстік Қазақстан облысы
Сартомар орта мектебі
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 5
Пән мұғалімі: Қақабаева Айгүл Сәлімқызы
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев «Толағай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдеби ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты шындыққа, адалдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; өз Отанына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы, әдеби талдау арқылы, еліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқу сабағы
Сабақтың әдісі: Модульдеу әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған әдебиет оқулығы, қосымша материалдар, электронды оқулық, Ә.Тәжібаевтың суреті, ақын өмірінен хабарлама, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ә.Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіп келу тапсырмасы берілген болатын, сол бойынша оқушыларды тексеріп өтемін.
II . Жаңа сабақ.
-
Әдеби ертегілер туралы түсінік беру
1. Интерактивті тақтаға назар аударту. Ендеше, электронды оқулық бойынша әдеби ертегі туралы мәліметті тыңдау, дәптерге жазу, қайталап тыңдау.
Электронды оқулық арқылы "Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары" модулінен Ә. Тәжібаевтың өмірімен танысу.(Оқу,талдау,негізгі түйінін бөліп алу)
-
«Толағай» әдеби ертегіні оқытып, мазмұнын меңгерту.
-
Ертегіге әдеби талдау жүргізу.
Тақырыбы : Батырлық, ерлік жайында
Идеясы : Батырлық, ерлікті дәріптеу.
-
Өлең құрылысы (2 – қатар орындайды)
1 шумақта 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буын.
3. Көркемдегіш құралдар (2 – қатар орындайды)
Маралдай, айдай, өрттей, меруерттей, көбелектей, аждаһадай, шыбықтай.
-
Кейіпкерлер әлемі
Саржан, Айсұлу, Толағай.
-
Оқырман позициясы (3 – қатар орындайды)
«Туады ерлер ел үшін» деген адам бойынан патриоттық сезімді ояту. Отан алдындағы өз борыштарын өтеу, тағдырдын жазуына көну
-
Ұлылар үндестігі
1,2 қатар Әдеби ертегілер мен халық ертегілерін салыстырады.
2,3 – қатар Толағай мен Кендебайды салыстырады.
Әдеби ертегілер
|
Өзара ұқсастығы
|
Халық ертегілері
|
Авторы белгілі. Ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме, аңыздардың негізінде туады. Өлең және қарасөз түрінде айтылады.
|
Туған елін, жерін сүю, зұлымдықты жеңу. Шыншыл, әділ болу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейді.
|
Авторы жоқ. Ойдан шығарылады. Ауызша айтылып, ұрпаққа тараған. Көбінесе қарасөз түрінде айтылады. Ертегілердің үш түрі бар. Басталуы бір – біріне ұқсас.
|
Толағай
|
Ұқсастығы
|
Кендебай
|
Тым ерекше тұлға, күші көп. Арқаласа он баланы – қайыспайды қабырғасы. Жеті жаста садақ тартты.Әкесімен аңға шықса, құтылмайды қашқан құлан.
|
Балалардың дүниеге келуінде ұқсастық бар. Екеуі де әкелеріне аң аулауға көмектеседі. Кендебай буаз биені жегелі жатқан қасқырды құйрығынан ұстап лақтыралы. Толағай әкесін жолбарыстан құтқарып, оны құйрығынан ұстап дөңгелетті. Толағай мен Кендебайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері бірдей.
|
Ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын салып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті.
|
-
Сабақты қорытындылау.
-
Электронды оқулықтан интерактивті тапсырманың №1(2,3) орындау.
(Толағайға сипттама бер. Толағай мен кендебайды салыстыр.)
Ой толғаныс
-
Толағай секілді ер болу қолдарыңнан келе ме?
-
Алда – жалда жұрт күйзелсе, сендер не істер едіңдер?
-
Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойларыңнан табыла ма?
Үйге тапсырма беру
«Еліңді сүйсең, ерлік істейсің» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |