Батыс қазақстан облысы бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2013 жылға арналған жұмыс



бет1/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#22190
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ
2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС
ЖОСПАРЫ

АҚСАЙ ҚАЛАСЫ – 2013
Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің кеңесімен бекітілді

Хаттама № 6

2012 жылдың 24 желтоқсаны

Бөлім меңгерушісі, кеңес төрайымы
__________________ А. ТРЖАНОВА


БӨРЛІ АУДАНЫ

БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ

2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС

ЖОСПАРЫ

ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ




м а з м ұ н ы

беті

1.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің 2012 жылғы жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері

4- 13

2.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімі іс-әрекетінің 2013 жылға арналған мақсаттары және негізгі бағыттары

13 - 17

3.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің кеңесінде 2013 жылы талқыланатын күн тәртібіндегі мәселелер.

17 – 19

4.

Білім беру бөлімінің аппараттық кеңесінде қаралатын мәселелер тақырыбы.

19 - 21

5.

Құқықтық-нормативтік базасын қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар

21 – 22

6.

Жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар

24 - 26

7.

Қамқоршылық және қорғаншылық органының 2013 жылғы жұмыс жоспары.

26 - 28

8.

Мемлекеттік қызметшілердің кадр жұмысы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының орындалуы және мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша атқарылатын шаралар

28 - 30

9.

  1. Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары:

- Аудандық әдістемелік кабинеттің құрылымы

- Әдістемелік кабинеттің 2012 жылғы жұмысына сараптамасы және 2013 жылға міндеттері.

- Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары

- АӘК меңгерушісі жанындағы кеңес жоспары

- Білім беру ұймдары мен педагог қызметкерлердің аттестатталуы

- Теориялық және практикалық семинарлар

- Жобалау жұмыстары:

- Бағдарлы оқыту және бағдар алды дайындық үрдісін әдістемелік қамту

- Көптілдік кеңістікті дамыту

- Оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындау жолдарын жетілдіру

-Педагогтардың ақпараттық мәдениеті мен құзыреттілігін дамыту

- Мониторинг. Талдау – пайымдау жұмыстары.

- Тьюторлық модель бойынша жұмыс жоспары

- Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлердің оқуының жоспары

- Озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту

- Аудан педагогтарына көмекші әдістемелік нұсқаулықтар шығару жоспары

- Педагог кадрлармен өткізілетін аудандық шаралар

-Оқушылармен өткізілетін бұқаралық- көпшілік іс- шаралар,байқаулар мен конкурстар

- Аудандық әдістемелік кабинеттің тірек мектептері.

- Қала мен ауылдық білім мекемелері арасындағы педагогикалық байланыс - тьюторлық модель



30 - 88

10.

Білім мекемелерінің кураторлары.

89-90


Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2012 жылғы жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері
Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен басқада салаға қатысты заңнамалардың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамытуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруда алға қойған міндеттер мен мақсаттарды қамтамасыз етуге, 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындықты жалғастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталды.

Ауданнның білім беру жүйесі 44 бірліктен тұрады (29 мектеп, оның 3- де мектеп жанындағы интернаты бар, 10 балабақша, 4 мектептен тыс мекеме, 1 үздіксіз білім беру орталығы) онда 13247 оқушы мен тәрбиеленуші білім алуда. Бұл мекемелерде 2841 білім қызметкерлері жұмыс жасайды.

Ауылдағы 26 білім беру нысандарының барлығы көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылыту маусымында мектептерді газдандыру 100% құрады. Барлық ауыл мектептері автономды дизельді электробекеттермен қамтылған.

Мектептер мен балабақшалардың медициналық кабинеттері аудандық бюджет есебінен арнайы құралдармен қамтылды. Аудандағы 33 медициналық кабинеттің 30-ның медициналық көмек көрсету лицензиялары бар, ол 91% құрайды.

Жалпы білім беретін мектептердің барлығында жалпыға бірдей білім беру қоры құрылған, 2012 жылы бұл қор 89 млн. теңгені немесе ағымдағы шығынның 4,3% құрайды.

Аудан мектептерінде 216 599 000 теңгеге мектепалды даярлық топтары мен 1-11 сыныптың оқушыларына аудан бюджеті есебінен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, ол 100% құрайды.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелері мен мектептерінде ауызсу фонтандары, диспенсерлер орнатылып, тазартылған су тасымалданады, сондай-ақ, балалардың ас мәзіріне №2ЖББОМ мен қала балабақшалары бөдене жұмыртқасын енгізіп келеді.

Ыстық тамақты сапалы түрде ұйымдастыру білім беру мекемелеріндегі 49 медбике мен диетбекелерге жүктеліп отыр.

Ауыл мектептерінің асханаларына, ас дайындайтын бөлмелеріне жаңадан өндірістік ет тартатын қондырғылар, мұздатқыш камералар, үстелдер, ыдыс-аяқ қоятын сөрелер, тамақтанатын үстелдер сатып алынды.

Асханалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту, ыстық тамақты ұйымдастыру жолында өткізілген шаралардың нәтижесінде Бөрлі ауданы облыстық «Мектепте ыстық тамақты үздік ұйымдастыру» атты байқауында төртінші жыл қатарынан үздік болып саналып, биыл осы атақты Приурал мектебі иеленді.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, үнемі көтеріліп отырған мына мәселелер: мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру, мектептерді көлікпен қамту, балаларды мектепке дейін тасымалдау бүгінде Бөрлі ауданында толықтай шешімін тауып отыр.

Спорт залдардың материалдық-техникалық базалары нығайтылып, шаңғы, спорттық доптар, теннис үстелдері, снарядтар алынды.

Білім сапасын көтеру мақсатында оқу үрдісіне ақпараттық- коммуникациялық технологияны енгізіп, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету негізінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептерінде 14 мультимедиялық лингафондық кабинеттер, 44 интерактивтік тақталар бар. Компьютерлердің жалпы саны - 656, оның 336-сы ауыл мектептерінде. Бүгінгі таңда 1 компьютерге 12 ( 2011 жылы – 14) оқушыдан келеді.


Мектепке дейінгі оқу және тәрбие

2012 жылы ауданымызда мектепке дейінгі білім беру мекемелер саны – 28 (2011 жылы- 27), оның 10- ы балабақша (2011 жылы- 9), 3-і «мектеп –балабақша» кешені, 15-і шағын –орталықтарда 2742 балалар қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 368 балаға жоғары.

2012 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сай 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 66,8% (2011 жылдың 1 қазаны -65%), 3 пен 6 жастағы балаларды есептегенде мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 96% (2011 жылдың 1 қазаны -94%) құрайды.

2012 жылы «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:

- Қызылтал ауылынан РБ есебінен 320 орындық 1 балабақша ашылды.

ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес жаңа оқу жылында міңдетті мектепалды даярлықпен бес-алты жастағы 744 (100%) (өткен оқу жылында 695 бала) бала қамтылды.

Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 293 педагог бар. Оның 256-ы балабақшаларда, 7-і мектеп –балабақшада, 30-ы шағын орталықтарда қызмет етеді. Бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Қызылтал балабақшасының ашылуына байланысты 28 педагогке саны артып отыр. Жоғарыда көрсетілген 293 педагогтың 133-і жоғары білімді, (өткен оқу жылымен салыстырғанда-26 артық) ,160-ы арнаулы орта білімді (өткен оқу жылымен салыстырғанда-2 артық). 22-і жоғары санатты (өткен оқу жылында 23), 37-і бірінші санатты (өткен оқу жылында 42), 65- і екінші санатты (өткен оқу жылында 56), 169 - ы санаты жоқ педагогтар (өткен оқу жылында 144). Сапалық құрам аудан бойынша 20,1% құрайды (өткен оқу жылында-24,5%). Сапалық құрамның төмен түсуінің басты себебі Қызылтал балабақшасының ашылып, жас мамандардың қабылдануы болып отыр. Өткен оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 19 педагогтар аттестациядан өтсе, 53 педагог өз білімдерін жетілдіру курстарынан өтті.

Мектепалды даярлық сыныптарында барлығы 52 педагог,27-і жоғары, 25-і арнаулы орта білімді, санаты бойынша жоғарғы санатты -1, І санатты-5 , ІІ санатты 15 педагог жұмыс жасайды.

Балабақшалардың материалдық – техникалық базаларын нығайтуға аудандық бюджеттен 28 676 000 теңге, қысқы мезгілге көкөністерді дайындауға және вираждық топқа 10 000 000 теңге қаралып, облыстық бюджеттен жаңа ашылған мекемелерге 23 935 000 теңге көлемінде трансферттер бөлінді.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандарт бойынша жұмыстарын жоспарлай отырып, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Қарлығаш» бағдарламаларымен жұмыстанып отыр.

Балабақша жасындағы балаларға компьютерлік технологияны таныстыру және оқыту Ақсай қаласының №4, №5 мектепке дейінгі ұйымдарында жүйелі жолға қойылған.

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін өзі тану» жаңа пәні енгізіліп, онда балалар мұғаліммен бірге қоршаған ортаны, өздерін тануды үйренеді. Қала балабақшалары төрт жылдан бері ауылдағы мектепке дейінгі мекемелерді қамқорлыққа алып, тьюторлық жобада жұмыс істеуде. Олар тәжірибелі семинарлар, мастер-класс, ашық сабақтарды жылжымалы түрде өткізеді. Тьюторлық жұмыс барлық қалалық балабақшаларда, соның ішінде №4МДҰ , №3МДҰ, №5МДҰ жоғары деңгейде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбиеде баршаға арналған білімнің қолжетімділігін және барлық баланы түрлі қажеттілікке бейімдеу мақсатында инклюзивтік білім беру маңызды орын алады. Осы бағытта Мария Монтессори әдісімен №4МДҰда және №5МДҰ «Здоровый росток» авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді, №6,7 МДҰ жанынан түзету топтары ашылды.

Өткен оқу жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бес қолданылу саласы бойынша барлық мектепке дейінгі мекемелердің қатысуымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде аудандық деңгейде 10 семинар өткізілді.

Облыстық «Үздік педагог» атағын беру байқауында №5 МДҰ-ның тәрбиешісі Л.В.Локтева І орынға және №3 МДҰ-ның тәрбиешісі Г.М.Тажекенова ІІ орынға ие болды.

Ақсай қаласының №5 МДҰның «Еркетай» (жетекшісі Бисенғалиева С.Ж.), №4МДҰның «Айгөлек» (жетекшісі Баймағамбетова А.Ұ) би ұжымдары нәтижелі еңбектенуде.

Аудандандағы мектепке дейінгі мекемелердің барлығына бірдей материалдық техникалық жағдай жасалуда, алайда Ақсай қаласының №6,7 және Қызылтал балабақшаларында сапалық құрамның, сонымен қатар барлық шағын орталықтарда сапалық және шығармашылық мазмұнының әдістемелік жағы төмен екендігін көрсетеді.

Жалпы орта білім
Аудан бойынша бастауыш сыныптарда -211 (қазақ сыныптарында-117, орыс сыныптарында- 94) мұғалім жұмыс істейді. Олардың 137- сі (64,9%) жоғары білімді, ал 74-і арнаулы орта білімді (35,1%). Мұғалімдердің 24-і(11,4%) жоғары санатты, 68-і(32.2%) бірінші санатты, 68-і (32.2%) екінші санатты.Сапалық құрамы 43,6% құрайды. .

Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген олимпиадада Диярова Г.А. «Шығармашыл ұстаз» аталымына ие болды. (№ 5 ЖББОМ). Дүниетану пәні бойынша республикалық қашықтан оқыту олимпиадасында О.А.Борисова (№ 5 ЖББОМ) ІІ орынды иеленді. М.С.Вовк (№ 5 ЖББОМ) www.pedaqoq.kz сайтында дүниетану пәнінен «Су» тақырыбында панорамалық сабағы дипломмен марапатталды.

12-жылдық білім беруге көшу жағдайында құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориялық-тұжырымдамалық және нормативтік негіздерін талдау негізінде мұғалімдермен 6 семинар және өз ара іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында 5 семинар 1 мастер - класс, инклюзивті білім беру және дарынды балалармен жұмыс аспектілерін енгізу мақсатында 1 конференция, 4 дөңгелек үстел, 2 конкурс өтті.

Алған білімдерін байқап, шығармашылықтарын шыңдау барысында: 2- сынып оқушыларымен «Сөзмерген», «Қазақшаңыз қалай?», 3- сынып оқушыларымен «Жас математик», 4- сынып оқушыларымен «Пәндік интеллектуалдық олимпиада», «Абай оқуы», 3,4- сынып оқушыларымен «Жас дарын » ғылыми жобасы, ақындық, жазушылық қабілеттерін шыңдау барысында «Қауырсын қалам» (3,4-сынып) байқауы өткізілді.

Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген құштарлықтарын арттыру және бәсекелестікті түсіндіру мақсатында: «Менің суретім сөйлейді»( 2-сынып), «Ойнайық та ойлайық» (3-сынып) тақырыптарында конкурстар өтті.

Оқушылардың білім сапасын көтеру барысында «Құзыреттілікке бағытталған білім беру» байқау сынағы жүргізілді. Сынақ оң нәтижесін бергендіктен, әрі қарай жалғасын табуда. 2011-2012 оқу жылы жалпы білім беретін Бөрлі негізгі мектебі педагогикалық кеңестің шешімімен оқушыларға сапалы білім беру мақсатында пәндік жүйге көшіп, білім сапасының көтерілгендігі, жетістіктері туралы аудандық кеңесте есеп берді. Биылғы оқу жылында бұл бастаманы Ақбұлақ ЖББОМ, Успен ЖББНМ, Тихонов ЖББНМ қолдап, пәндік жүйеде білім беруге көшті.

Бөрлі ауданында жалпы білім беретін 29 мектеп бар (қазақ тілінде – 6, орыс тілінде – 4, аралас тілде – 19), оның ішінде 5-еуі бастауыш, 6-уы негізгі, 18-і орта мектептер. Барлық оқушылар саны - 7932 (8034). Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 102 балаға азайғанын көрсетеді. Аудан бойынша шағын комплектілі мектептер саны – 19.

2011 – 2012 оқу жылында аудан бойынша білім сапасы облыстық орташа көрсеткіштен жоғары.

2012 жылдың республика бойынша алғаш рет оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілді. Оған Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ (114 оқушы) және Бөрлі ҚНЖББМ (14 оқушы) 9 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тілі пәнінен аудан бойынша орташа балл - 13,16, Қазақстан тарихы пәнінен орташа балл - 8,13, алгебрадан орташа балл - 10,34, химиядан - 8,93 балды құрады. Төрт пән бойынша Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ орташа балы - 38,8, оның ішінде қазақ тілінде білім алатын сыныптарда - 42,5 балл, орыс тілінде оқитын сыныптарда - 37,09 балл, ал Бөрлі ҚНЖББМ орташа балы - 54,93.

Аудан бойынша орташа көрсеткіш - 40,56 балл, соның ішінде қазақ тілінде оқитын оқушылар – 45,98 балл, орыс тілінде білім алатын – 37,09 балл.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге жалпы білім беретін мектептердің 313 түлегінен 278 –і қатысты, ол 88,81 % (2011 жылы 86,85%). Соның ішінде қазақ тілінде – 96 (барлық ҰБТ қатысушылардың 34,53%), орыс тілінде – 182 (65,46%). ҰБТ-ге қатыспаған 35 оқушы мектепте емтихан тапсырды. Үздіксіз білім беру орталығының түлектері (82 оқушы, соның ішінде 4 экстернат) қорытынды аттестаттауды емтихан нысанында тапсырды.

Аудан бойынша тестілеудің орташа көрсеткіші - 83,26 балл. Облыстық көрсеткіштен 5,89 балға жоғары (облыстық көрсеткіш 77,37). Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша Бөрлі ауданы облыста ІІІ орынды иеленді.

Шекті деңгейден өте алмаған оқушылар саны 42, яғни 15,1%. Облыстық көрсеткіш 23,97% құрады.

Жоғары нәтижеге (100 және одан жоғары балға) 43 түлек қол жеткізді, барлық қатысушылардың 15,47% құрайды. Облыстық көрсеткіш - 13,33 % құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ең жоғарғы 125 шекті денгейдің 118 балын жинаған Ақсай қаланың № 3 ЖББОМ түлегі Воронова Юлия.

«Алтын белгі» аттестатына 20 үміткердің ішінен 5-еуі қол жеткізді. Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ түлектері: Есқали Ақбота, Воронова Юлия, Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ түлегі Нұрдәулетова Әмина, Березов ЖББОМ түлектері Гумённый Илья, Рыбинская Татьяна.

Үздік аттестатты иеленген түлектер: Имашев Тамерлан (Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ), Батыров Айсағат (Ақсай қаласының № 5 ЖББОМ), Көнчеева Айгерім (Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ), Рыбинская Анна (Березов ЖББОМ).

Аудан бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген мектептер: Березов ЖББОМ – 97,71 (Н.Т.Калиева), Ақсай қаласының №5 ЖББОМ – 91,10 (В.Г. Лилекова), Ақсай қаласының №1 ЖББОМ – 89,64 (А.С.Абдрахманова), Ақбұлақ ЖББОМ – 89,0 (К.М.Даулетьярова), Бумакөл ЖББОМ – 87,67 (М. Қ.Қадешов), Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ – 87,03 (К.М.Сұлтанова).

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11-сынып оқушыларын дайындау жұмыстарын төмен деңгейде жүргізген мектептерді атап өтсек, олар: Киров ЖББОМ (А.Г.Ганенко), № 2 ЖББОМ (А.А. Қадырғалиева), Бөрлі ЖББОМ (М.А.Қадырханова), Григорьев ЖББОМ (А.М.Кемешев), Қызылтал ЖББОМ (М.М.Сиражева).

2011 – 2012 оқу жылы жарғыларға қажетті қосымшалар мен өзгертулер енгізіліп, заңнама талаптарына сәйкес келтірілді. 6 білім беру ұйымы білім беру қызметіне лицензия алып, 8 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестациядан өтті.

«Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты облыстық лингвистикалық турнирге Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ 11 – сынып оқушысы Иргареев Тұран қатысып ІІ орын иеленді.

Ауданымызда «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» байқауы жыл сайын жоспарлы түрде талапқа сай оздырылады. Облыстық «Абай оқулары» байқауында Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ оқушылары Орынғалиева Дана «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленсе, Махамбет күйлерін орындаудан Ишанов Ермек ІІ орынға қол жеткізді. (Мұғалімі К.Акашева)

Облыстық «Махамбет оқулары» байқауында Ақсай қаласының №1 ЖББОМ 7 - сынып оқушысы Тілегенова Гүлдана қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. (Мұғалімі А.Ж.Құлақова) «Жарқын болашақ» ІV республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Әнші бұлбұлдар» бөлімінде Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ 9 – сынып оқушысы Коновалова Валерия ІІ орын (Жетекшісі А.Сатаева), «Сөз шеберлері» бөлімінде Ақсай қ. № 5 ЖББОМ 9- сынып оқушысы Орынбасар Дарын ІІ орын (Жетекшісі Н.Өтепова), «Жазушылар» бөлімі бойынша Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ 11 – сынып оқушысы Иргареев Тұран жүлделі ІІІ орынды иеленді. (Жетекшісі А.Бураншеева)

2012-2013 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің құзырына берілді. 2012-2013 оқу жылының І жарты жылдығында аудан бойынша аттестаттау жұмыстары өткізілген Қанай негізгі мектебі аттестатталды.


Қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы

2012 жылы бойынша Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша аудан білім беру мекемелерінде жылдық жоспар құрылып, осы жоспарға сай шаралар өткізілді.

Аудандық қосымша білім беру жүйесінде 4 қосымша білім беру мекемелері жұмыс атқарады: 1 – саз мектебі, 1-балалар өнер мектебі, 1 - мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 - туризм орталығы.

Қосымша білім беру мекемелерінің желісінде өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс бар, оларда 2011жылы бала саны - 1890 (23,7%) болса, 2012 жылы 2222 (28,3%) оқушымен қамтылып отыр. Қосымша білім беру мекемелерінде 2011 жылы жалпы педагогтар саны – 112 болса, 2012жылы – 143 педагог.

Аудан мектептерінің оқушыларына музыкалық және көркемсурет шығармашылығымен, туристік-өлкетану ісімен айналысып, оларға облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарда табысты өнер көрсетулеріне мүмкіндік берілген.

Би ұжымдарының жетістіктері педагогтардың жоғары кәсіби дайындығының және оқу-тәрбие процесін үнемі жетілдіру жолындағы жұмыстарының көрсеткіші болып табылады.Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен халықаралық «Весенний перезвон» балалар фестивалінде мектептен тыс жұмыс орталығының «Әдемі» үлгілі би тобы ІІ және ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

VIIІ Ұлттық Жастар Дельфилік ойындарының облыстық кезеңінде ауданымыздың 58 қатысушысы жетістікке жетті.

Мектептен тыс жұмыс орталығының «Әдемі» үлгілі би тобы екі І орынға, саз мектебінің оқушылары «Баян» номинациясы бойынша Балписов Қуаныш І орынға, Мұрзагереев Мансұр ІІ орынға, «Фортепиано» номинациясында Бикетова Жанат ІІ орынға, «Домбыра» номинациясында Әлсен Ислам ІІІ орынға, балалар өнер мектебінің оқушылары «Көркемсурет» номинациясында Балтиева Жания І орынға, Молдағалиева Агния ІІ орынға, «Фотосурет» номинациясында Черчимова Варя ІІ орынға, «Қолданбалы өнер» номинациясында Фатахова Ивилина ІІІ орынға, «Скрипка» номинациясында Юртубаева Алия, «Фотография» номинациясында Даниленко Сергей, «Хореография» номинациясында «Балдырған» би тобы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

Щучинск қаласында өткен VІ халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық конкурсында дизайн студия үйірмесінің тәрбиеленушісі Ахметова Малика «Кішкентай ханзада, кішкентай ханшайым» номинациясында І орынды иеленді.

Алматы қаласында өткен «Күншуақ» ІХ халықаралық байқауында домбыра үйірмесінің тәрбиеленушілері Боранова Жанна мен Жұмагельдин Аманжан ІІ орын алды.

Ауданымыздағы мектептен тыс мекемелердің тәрбиеленушілерінің басым бөлігі туристік-өлкетану ісімен жас туристер станциясына қарасты 24 филиалда айналысады. Жыл сайын аудан оқушылары «Қарлығаш», «Алтын дала», «Менің Отаным - Қазақстан», «Бердинг» атты туристік слеттер мен түрлі байқауларға қатысып, онда балаларды қоршаған ортамен таныстырып, білімдерін тереңдетіп, қауіпсіздіктің алдын алу және кедергілерді жеңудің жолдарын үйренеді.

Облыстық су туризмі жарысында Бөрлі ЖББОМ-нің командасы ІІ орын және «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедиция шеңберінде өткізілген жарыста ІІІ орынды иеленді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. Оның алғашқы мүшелігіне ауданымыздың 1100 оқушысы қабылданды.Олардың арасында түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, мектепішілік өзін-өзі басқару белсенділері бар.

Облыстық «Жайық ұландары – болашақ қырандары» слетінде Ақсай қаласының №5ЖББОМ командасы (В.Г.Лилекова) І орынды, облыстық «Жас құтқарушы» байқауында №2ЖББОМ (А.А.Қадырғалиева) ІІІ орынды иеленді.

Ауданның білім мекемелерінде өз Отанына деген мақтаныш сезіміне, мемлекеттік рәміздерге құрмет, Қазақстан Республикасының беделді образын қалыптастыруға тәрбиелеу жолында мақсатты жұмыстар жүргізіледі. «Мемлекеттік нышандарды үздік насихаттау» облыстық сырттай байқауында Ақсай қаласының №6ЖББОМ (К.М.Сұлтанова) І орынға ие болды.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты әлеуметтік маңызы бар тапсырмалардың бірі - жастар арасындағы қылмыстың өсуін төмендету жолдарын іздеу мен алдын-алу тиімділігін көтеру болып табылады.

2012 жылы аудандық кәмелетке толмағандар есебінде тұрған оқушылар саны – 19, ол 2011 жылмен салыстырғанды 14 оқушыға кеміп отыр (33).

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себебі жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеудегі зерделі қарым-қатынастың жеткіліксіздігі. Бұл жерде отбасының орыны ерекше. Жыл сайын отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибесін анықтау мақсатында аудандық «Алтын ұя», «Мөлдір бұлақ» байқаулары өткізіледі. 2011 жылдың қарашасында өткен облыстық «Алтын ұя» байқауында Ақсай қаласының №5ЖББОМ-нің Бижановтар отбасы ІІ орынды иеленді.

Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, мінездеріндегі қауіпті қылықтардың алдын-алу бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі аса мән беруді қажет етеді. Нашақорлық, токсикомания, ішімділікке салыну мәселелерін оңтайлы шешу жолының бірі - алдын алу жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұйымдастыру. Бұл бағытта халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған «Жайық жастары салауатты өмір салты үшін» аудандық фестивалінде Қызылтал ЖББОМ (М.М.Сиражева), Жарсуат ЖББОМ (А.Ж.Бижанова), №4ЖББОМ (М.Қ.Махауова), №3ЖББОМ (Н.А.Шығанақова) наркобекеттері тәжірибелі жұмыстарын көрсете білді.

Мектеп оқушыларының азаматтық- патриоттық тәрбиесі еңбек, соғыс ардагерлер кеңесі, ата-аналар және жауынгер-интернационалистер қоғамы арқылы толықтай жүзеге асырылады. Мектептерде 9 әскери-спорттық клуб жұмыс жасайды, олардың ішінде Ақсай қаласының №2, №5, Березов мектептері үздік болып танылды.

Аудан мектептерінде дене шынықтыру пәнінің 56 мұғалімі бар, оның 3 –еуі жоғарғы санатты, 19-ы бірінші санатты. Сапалық құрамы – 39,3%.

Оқу жылының қорытындысы бойынша спорттық бағыттағы үздік мектептер: Аксай қаласының №1,3,5, Бумакөл және Березов мектептері.

Бөрлі ауданының оқушылар құрама командасы Ю.Б.Лилековтың басшылығымен VІ жазғы облыстық оқушылар арасындағы спартакиадасының 14 түріне белсенді қатысып, самбодан І орынға (№5ЖББОМ А.Ғапаров, Кызылтал К.Шәріпов), жеті түрінен ІІ орынға, үш түрінен ІІІ орынға қол жеткізді. Нәтижесінде аудан жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды иеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет