Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы «Балдәурен» бөбекжайы мкқК



Дата21.06.2016
өлшемі47.91 Kb.
#151896
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК

Тәрбиеші:Хамзина Толқын Жамбылқызы. ІІ санатты тәрбиеші.
Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Сүйіспеншілік жүректен»

Мақсаты:


Білімділік: «Жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Адамгершілік құндылықтар мен адами құнды қасиеттер туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ – жауап,түсіндіру,ойын,әңгімелеу.

Көрнекіліктер: Әдептілік,достық,жақсылық,отбасы суреттері; «Жаман жолдас» ертегі үнтаспасы,түрлі әуен дыбыстары.

Билингвалдық компонент: Сүйіспеншілік –с любовью - love




Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті


қызығушылығын

ояту кезеңі




Шаттық шеңбері

-Балалар, бүгін сіз бен біздің тамаша кездесулеріміздің тағы бір сәті туды. Сіздердің ұқыпты, келісті, бауырмал, жайдарлы, бейбіт жүздеріңізді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі шаттық шеңберіміз амандасудың ерекше жарқын көрінісі болсыншы. Қане, мына дөңгелекшелерді ала қойыңыздар. Егер дөңгелекте күлімдеу белгісі тұрса





-алақан суреті тұрса -жүрек белгісінде -күн белгісінде





Балалар шеңберде екі-екіден біріне-бірі қарап тұрады.

бір-біріне күлімдеп ишаратпен амандасу.

қолдасып амандасу құшақтасып амандасу жылы сөздер айтып амандасу

Ұйымдастырушылық – ізденіс кезеңі




-Балалар,бізде бүгін ерекше күн.Менің қолымдағы не? Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің сиқырлы «Сүйіспеншілік» еліне саяхатқа барамыз. Ендеше барлығымыз көзімізді жұмайық . (Жай әуенді музыка ойналады)

«Сүйіспеншілік» елі ол өте әдемі, үлкен,көптеген үйлер бар,әр үйдің өз атауы бар. Ол елде адамдар бір-бірін сыйлайды, тек жақсылық тілейді, жақсы көреді, татулықта өмір сүреді. Көзімізді ашайық, , «Сүйіспеншілік» еліне келдік.



Тәрбиеші балаларға түрлі-түсті үйдің суреттерін таратып береді. Тәрбиеші үйлермен таныстырады:



-Қызыл түсті – достық үйі. –Қызғылтсары – қуаныш үйі. -Көк түсті – жақсылық үйі. -Жасыл түсті - әдептілік үйі. Енді мына үйлердің қалташаларындағы суреттерді қағаз бетіне жапсырайық..



Әңгімелесу

-«Достық» , «дос» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Үнтаспадан «Жаман жолдас» ертегісін тыңдау,талқылау.

-«Қуаныш», «отбасындағы қуаныш» туралы түсінік беру.

-«Жақсылық» дегенді қалай түсінесіңдер? Дидактикалық ойын «Жақсы-жаман».

-«Әдепті бала» қандай болады? Әдептілік ережесін құру.

Дәйексөз «Сүйіспеншілік жүректен»

Балалар,біз бүгін «Сүйіспеншілік» елінде жақсы көруді,сыйлауды,достықтың қандай қымбат екенін,жақсылық жасау-бақыт, қуаныш екенін түсініп,әдепті болуды үй- рендік.Сондықтан да біз әрдайым біреуге жақсылық жасасақ,бізге жақсылық жасаса, қуанышқа бөлеп,жақсы көрсек жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп қуанады.

Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды.

- Міне балалар,біздің «Сүйіспеншілік» еліне саяхатымыз осымен аяқталды



Тыныштық сәті

Балалар бір сәтке «Сүйіспеншілік» елінің бауырында тынығып , бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді тұла бойымызға таратып, жүрегіміздегі жақсылық алауындағы жылуды бір – бірімізге таратып, нұрландырайық. Енді өз елімізге оралайық.



-Сүйіспеншілік жүрегі.

Балалар түстеріне сәйкес баратын үйлерін тауып отырады.(төрт үйге бөлініп)

Балалардың жауабы

.

Балалардың жауабы.



Балалар сурет бойынша балалардың жақсы-жаман әрекеттерін ажыратып береді.

Балалар көздерін жұмып,ауаны терең жұтып еркін тыныс алады.






Іс-әрекетті

бақылау кезеңі


Міне балалар ,біздің «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымыз аяқталды.Адамның игі іс-әрекеті,достық,қуаныш,жақсылық , әдептілік адамгершілік қасиеттер екенін білдік.Бұл қасиеттердің бәрі де сендердің бойларыңда табылады.Осы бойымызда бар қасиеттерді шыңдай білсек,болашақта жақсы азамат боласыңдар.



Жүректен жүрекке

Балалар үнтаспаға қосылып, Е.Өтетілеуұлының «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:



Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайтындығын

Игереді:



Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерді

Жасай алуы:




Жақсы,адамгершілік қасиеттерді


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет