Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК
ерте жас тобының тәрбиешісі Болатова Гүлжайнап Мұратқызы
«Қош келдің, Жаңа жыл!» Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, басқа да кейіпкерлердің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту. (музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Нұрбөбек» ерте жас тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады).
Сиқыршы: - Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ең алдымен сөз алдында бүгінгі осындай сәнді де салтанатты шырша мерекесінде «Балдәурен» бөбекжайында тәрбиеленуші бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлаған, яғни алдарыңызда тұрған әсем де сұлу шыршаны сыйға тартқан кәсіпкер ағамыз, бөбекжай ата-аналар комитетінің төрағасы Дүйсенғалиев Серік Қаженұлына, мерекеміздің негізгі кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардың киімдерін сыйға тартқан жеке кәсіпкер, ата-аналар комитетінің мүшесі Ибрашева Гүлнұр Қалиоллақызына барша бөбекжай ұжымы мен бүлдіршіндері атынан үлкен алғыс айтамыз. Сонымен қатар біздің «Нұрбөбек» тобы ата-аналары арасынан демеушілік көрсетіп, бөбекжай ауласын, топты безендіруге ат салысқан ата-аналарымыз:
-
Айткалиев Казбек
-
Шаманаев Кайрат
-
Даулетияров Елжанға үлкен алғысымызды айтамыз.
- Құрметті қонақтар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан бөбекжайымыздың білікті басшысы Халимуллина Манзия Мұқасқызына береміз.
Сиқыршы:- Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік. Балалар, қараңдаршы ортада әдемі шырша тұр. Ал, шыршаның түбіндегі сандықшада не бар екен? Аузы құлыптаулы екен. А-а-а қолымда сиқырлы таяқшам бар ғой, сонымен ашайын.
Бір, екі, үш,
Сандықшамыз ашылсын..
(ішінен Ақшақар шығады)
Ақшақар: - Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені сандықшадан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Қасымдағы Аяз атадан да адасып қалдым.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді).
Сиқыршы: - Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Ақшақар: - Жарайсыңдар. Ендеше менің қасымдағы Аяз Атаны шақыруға көмектесіңдерші.
Сиқыршы: - Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Ақшақар: - Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар: - Аю.
Ақшақар: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: - Иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша: – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю: - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Ақшақар: - Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Ақшақар: - Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата жетіспей тұр ғой. Қане, тағы да бірге щақырайық.
Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Аяз ата,
Біз сізді сағындық
Тез келіңіз ортаға
Аяз ата, Аяз ата, 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Қой: - Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Сиқыршы: - Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
-
Ал, қане балалар Аяз атамызға өзіміздің бір әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Балақан».
Ақшақар: Мен білемін бір ойын
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
Ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
1. Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр......... Жаңа жыл!
2. Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге........... Аяз ата!
3. Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі.......... Әдемі!
4. Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын....... Жаңа жыл!
Ақшақар: Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Атамызға би арнап
Шаттанайық бәріміз.
«Үнді» биі.
Аяз ата: - Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Сиқыршы: - Құрметті ата-аналар! Сіздермен тағы ойын ойнасақ дейміз.
Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
Түлкі: - О - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі: Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: - Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит: Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі ит екенсің ғой, ал сыйлығыңды.
Сиқыршы: - Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті. Ал, ендеше біздер де қалыспаймыз. Қонақтарға арнап топ бүлдіршіндері «Қоян» биін билеп берсін.
Сиқыршы:- Аяз ата сіз біздің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіз?
Аяз ата: - Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз ата: - Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Сиқыршы: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Сиқыршы: - Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Достарыңызбен бөлісу: |