Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат.
«Нақтырақ.............»
Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу барысында атқарып жатқан жұмыстары туралы
ақпарат
«Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бірлескен жобасы бойынша биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Акцияның мақсаты - жазба мәдени мұрамызды насихаттау және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында биыл көпшілікке Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы оқу ұсынылып отыр. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көпшілікке оқуға ұсыну шешімі Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалығымен өткен «Бір ел - бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің отырысында қабылданған болатын. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы алаштың ардақты ұлы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау мақсатында түрлі шаралар барлық кітапханаларда ұйымдастырылуда. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің көптеген жанрында өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, әрі драматург әрі аудармашы, әрі сыншы, әрі публицист Ж.Аймауытовтың есімі айрықша орын алары сөзсіз. Бұл орайда Батыс Қазақстан өлкесіндегі 140 жылдық тарихы бар Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының электронды нұсқасын жасап, оқырмандарға таныстырды. Сондай-ақ осы электронды нұсқа облыстық кітапхананың сайтына орналастырылды. Оқу залында Ж.Аймауытовтың шығармашылығын насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылып тұрақты түрде жұмыс жасауда. Ж.Аймауытовтың шығармашылығын насихаттау жұмыстары облыстағы барлық кітапханаларда жүргізілуде.
Ақжайық аудандық ОКЖ-де «Ұлтымыздың көрнекті жазушысы» тақырыбымен кітап көрмелері Тайпақ, Жайық, Есенсай кітапханаларында, «Ұлттық әдебиетіміздің үздігі» тақырыбында Сарытоғай, Жаманқұдық, Сарман, Қарауылтөбе кітапханаларында, «Кең тынысты кемел талант» тақырыбында т.б. кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ақжол, Қабыл ауылдық кітапханаларында «Әсем сөздің зергері» әдеби кеш, Қызылжар, Есім кітапханаларында «Жүсіпбек шығармалары – қазақтың рухани мол мұрасы» тақырыбында әңгіме сағаттары өткізілді.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көпшілік оқырманға насихаттау бағытында «Қазақ романының үздік үлгісі» атты кітап марафоны аудандағы барлық білім ошақтары мен мектеп кітапханашылары, мекеме басшылары, жасөспірімдер, «Жайық таңы» газетінің тілшілерінің қатысуымен өткізілді.
Жәнібек аудандық ОКЖ-де өз оқырмандарына «Ақбілек» романын насихаттауда барлық кітапханаларда «Ж.Аймауытов – жаңашыл ақын, жазушы» тақырыптарына көлемді көрмелер шығарылды.. Көрмеге жазушының «Ақбілек» романы, таңдамалы шығармалырының 1-2-3 томдары, Ш.Елеукеновтың«Қазақстан тәуелсіздік кезеңінде», А.Сатаевтың «Төл тарихымыздың тұнығынан» кітаптары мен ол туралы жазылған Д.Досжанның «Абақты», «Бес арыс» атты әдебиеттері және басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.
Қамысты ауылдық кітапханасында «Қазақ тілінің жанашыры» тақырыбында мектеп оқушылары қатысуымен әңгіме өткізілді. Әңгіме өткізу барысында қатысушыларға жазушының қазақ тілі саласында жемісті еңбек еткені, «Ақбілек» романын жазудағы мақсатын айтып өтті.
Аудандық кітапхананың ақпараттық- библиография бөлімі «Жүсіпбек шығармалары – халық мұрасы» библиографиялық-ұсыныс тізім жасақтады.
Күйгенкөл ауылдық кітапханасы «Сегіз қырлы бір сырлы дарын, қазақтың нар тұлғалы перзентерінің бірі – Ж.Аймауытов» атты әдеби кеш өткізді Кеште ақынның өмірі мен шығармаларын, «Ақбілек» романын және басқа шығармаларын насихаттап өтті.
Тасқала аудандық кітапханасында кітапхана «Жаңа дәуірдегі жаңа суреткер» атты көлемді кітап көрмесі жасақталды. Ж.Аймауытовқа, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, яғни оқырмандарға жаднама және «Ұлт рухын көтерген ұлы жазушы» атты әдістемелік құрал шығарылды. Мереке ауыл кітапханасында «Шығарма шебері» Ж.Аймауытов шығармалары хақында жазушы шығармаларына шолу өткізілді.
Бөрлі ОКЖ-не қарасты Орталық балалар кітапханасының филалында №1 орта мектептің 7б сынып оқушыларымен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романына талқылау өтті. Іс-шараға 21 оқушы қатысты. Оқушыларға акция туралы, жазушының өмірбаяны айтылды. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілектің басынан өтітін оқиғалар арқылы Ж.Аймауытов сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейтінін оқушыларға айтып өтті. Тихонов ауылдық кітапханасында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша «Алаш мұрасы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жүргізілді. Жарсуат ауылдық кітапханасында «Ақбілек – бір қыздың тағдыры» атты кітап көрмесі жасақталды.
Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі акция қарсаңында ОКЖ-нің әдістеме бөлімі «Бір ел - бір кітап» акциясына бір адамдай атсалысайық! деген тақырыпта әдістемелік хатын ұсынып, Акция туралы аудандық «Ауыл тынысы» газетіне хабарлама мен мақалалар жазды.
Сондай-ақ газетке Ж.Аймауытовтың шығармашылығы мен «Ақбілек» романы бойынша әдеби викторина жарияланып, ол 20 сәуір күні дүниежүзілік кітап күні қарсаңында қорытындыланды. Викторина қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен, қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Сырым аудандық ОКЖ-де «Бір ел – бір кітап: Жүсіпбек Аймауытұлы», «Жүсіпбек Аймауытовтың романы – қазақ өмірінің айнасы», «Көркем сөз шебері», «Ақбілек - әлемнің ақиқаты» тақырыптарында кітап көрмелері шығарылып, барлық оқырмандар тобымен көрме ұйымдастырылып, көрмеге шолу өткізілді.
Әдістемелік –библиографиялық бөлімде «Көркем сөздің ерен жүйрегі» атты әдістемелік құрал дайындалып, барлық кітапханаларға таратылды.. Қызылағаш ауылдық кәітапханасында «Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы» атты әдеби кеш жасөспірімдер тобымен өтті. Өлеңті ауылдық кітапханасында балалармен «Бір ел –бір кітап: Ж.Аймауытов» атты тәрбие сағаты өтті.Ж.Аймауытовтың өмірбаянымен таныстырып, балаларға арналған шығармалары бойынша дауыстап оқу өткізілді. Алғабас ауылдық кітапханасында «Ж. Аймауытов –репрессия құрбаны» атты тарихи –танымдық кеш өтті. Шара бойынша жазушының ақындығы, көркем шығармалар жазудағы шеберлігіне терең мән беріліп, деректерден түсінік берілді.
Шыңғырлау аудандық ОКЖ –де Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау мақсатында, ақынның шығармашылығына арналып көпшілік оқырмандарға аудандық балалар кітапханасында «Дархан дарын», аудандық орталық кітапханасында «Әсем сөздің зергері», Полтава селолық кітапханасында «Ж.Аймауытов мұрасы - ұрпақ санасында», Тасмола селолық кітапханасында «Алаштың ардақтысы», Ащысай селолық кітапханасында «Көркем сөз шебері», Алмаз селолық кітапханасында «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Көсемсөздің хас шебері», «Ақын.Драматург.Жазушы» атты мақала дайындалып, жергілікті «Серпін» газетіне жарияланды. Мақалада оқырмандарға биылғы акцияда бүкіл ел бірге отырып талқылайтын туынды болып Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалып отырғандығы және жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың қуатты суреткерлік талантынан жаратылған асыл рухани дүние қазақтың қай ұрпағының да таусылмас ризығы, сарқылмас игілігі екендігі айтылды.
Аудандық балалар кітапханасында Шыңғырлау орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ақбілек» романы шабыт пен шеберлік жемісі» атты әңгіме өткізілді.
Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханасына қарасты бөлімше кітапханаларында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау барысында «Әсем сөздің зергері» тақырыптық кеш ұйымдастырылып, «Қайта оралған қаламгер» атты кітап көрмесі шығарылса, аудандық кітапханаларда «Ізгілік теңізінен інжу терген» атты тақырыптық әңгіме оздырылды. Сонымен бірге, жасөспірідермен «Жан-жақты талант иесі» ауызша журнал өткізілді.
Жаңақала аудандық балалар кітапханасында Ж.Аймауытовтың балаларға арналған «Жаман тымақ» шығармасы бойынша сахналық қойылым көрсетілді. «Ж.Аймауытов- жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің бастаушысы» атты кітап көрмесі шығарылды. Айдархан ауылдық кітапханасында‘’Бір ел бір кітап’’акциясы бойынша Жүсіпбек Аймаутовтың «Ақбілек» романына тақырыптық кеш өтті, ''Шежірелі ғұмыр''атты корме шығарылды, онда ақынның өмірі,туған жері, елі туралы тарихи тұлғаларына арналған мәліметтер ақынның шығармалары мағлұматтар берілді. Маштексай кітапханасында «Алаштың ардақтысы» атты Ж. Аймауытовқа арналған кітап көрмесіне шолу өткізілді. Маштексай балалар кітапханасында «Аймауытовтың әсемдік әлемі» ертегілер марафоны өткізілді. Қырқопа ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» аясында биылғы жылы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының желісі бойынша алынды. Осы акция бойынша кітапханада «Тұғыры биік, тамыры терең жазушы» - атты тақырыпта кітап көрмесі шығарылып, шолу өткізілді.
Теректі аудандық ОКЖ кітапханаларында «Адамзат ақыл- ойының қазынасы», «Ж. Аймауытов- адамзат ғұламасы», «Ж. Аймаутов- көркемкөз шебері», «Просветитель казахского народа», «Жазушы бейнесі» кітап көрмелері рәсімделіп, шолулар жасалды. Ж. Аймауытов- ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы.
Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек жаңа дәуірдегі әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа ізденістерді орнықтырды, соның бірі «Ақбілек» романы. Осы Ақбілек романы бойынша Шағатай, Аңқаты ауылдық кітапханаларында «Сөз зергері» «Оның мәңгі мұрасы» оқырман конференциялары, Богдановка және де Ақсуат ауылдық кітапханаларында «Өшпес бейне» атты әдеби кештері өткізілді. Аудандық балалар кітапханасында «Ж. Аймаутов- гуманист, суреткер», «Дәуір үнін ұғынған қаламгер» атты Ақсоғым ауылдық кітапханасында дөнгелек үстел, «XX – ғасырдағы алып тұлға» Қоғалытүбек, «Көркем шығарма шебері» Қызыл жар, «Қаламгердің шығармалары шырайлы" Қарабас ауылдық кітапханаларында әңгімелер өткізілді.
ХХ ғасыр басында ұлттық санада ерекше өрлеу мен серпін, даму айқындалды. Осы кезеңде ұлт руханиятының көш-керуенін бастаған Алаштың қайраткер-қаламгері Ж.Аймауытов та әдебиет өміріне еркін еніп, талант қуатын кең көлемде көрсетті. Өткір ұшталған қаламымен ұлттық сөз өнерінің әр алуан жанрында ерен еңбек етіп, ар айнасы, әсемдік әлемі, әдебиетке мол рухани мұралар қосты. Соның бірі – «Ақбілек» романы. Осы романды насихаттау барысында Казталов аудандық ОКЖ-де «Шығарма өзегі шындық» атты тақырыппен барлық кітапханаларда кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бозоба, Беспішен, Мереке, Қоныс, Сатыбалды ауыл кітапханаларында «Ж.Аймауытовтың әдебиет тарихындағы өмірі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ақбілек» романынан әңгіме сағаттары өткізілді.
Бөкейорда аудандық кітапханасында «Алты алаштың ардағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді. Аудандық балалар кітапханасы «Қазақтың қара сөз зергері» кітап көрмесі, «Дүние бір қисық жол бұраңдаған» тақырыптық кеш ұйымдастырды. Мұратсай ауылдық кітапханасында «Қаламгер мұраты» танымдық ойын, «Ақбілек» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.
Жазушының қаламынан туған мұралардың қай-қайсысы да – оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: |