Есенсай ауылдық кітапханасы



Дата25.02.2016
өлшемі32.5 Kb.
#20902
Есенсай ауылдық кітапханасы
Есенсай ауылы– Ақжайық ауданының солтүстік шығысында орналасқан. Жер көлемі 117002га. Құрайлысай, Қарауылтөбе ауылдық округтерімен және Теректі ауданымен шектеседі. Есенсай ауыл округіне-Кеңсуат елді-мекені қарайды. Округ құрамында 2 мектеп, медпункт, мәдениет үйі, 2 кітапхана бар.


Кітапхана мәдениет үйі ғимаратының 2 –ші қабатында орналасқан

1932 жылы кітапхана «қызыл отау» деген атпен ашылған. Сол жылдары алғашқы кітапханашы болып Нұржанов Хамидолла 1954 жылға дейін еңбек еткен. Сол кездің өзінде кітапханада 1500-2000 кітап болды.

1955-1959 жылдар аралығында Альмұханбетов Болат кітапханашы қызметін жалғастырды. Кітап қоры көбейе түсіп 6000 кітап болған. Сол кездегі кітапханада 450 оқырман болатын. Соның ішінде оқырмандар қатарын 80 оқушы, 25 орыс ұлты, 5 басқа ұлт өкілдері толықтыратын.


  1. жылдан бастап кітапханаға жас маман Сариева Назым Қажығалиқызы кітапханашы болып орналасты. Кітапхана жұмысын атқара жүре, ол 1965 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп, арнаулы орта білімі бар маман болды.

Назым Қажығалиқызы жергілікті советінің депутаттығына 2 рет ұсынылған, облыстық әйелдер І-ІІ съезіне 2 рет делегат болып қатысқан. Қызмет істеген жылдарында өз жұмысымен бірге қоғамдық өмірге де белсене араласқан. «Әйелдер кеңесінің төрайымы», «Кітап құмарлар» қоғамының төрайымы жұмыстарының үнемі басында болған.

  1. жылы «Ардақты ана» орденімен марапатталып, екі жылға келісім шартпен кітапханада жұмыс жасап, 11 бала тәрбиелеп, зейнеткерлікке шықты. Қазіргі таңда да зейнеткермін деп үйде отырмай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауыл адамдарының арасында үлкен бедел иесі.

Ауыл тарихына зер салсақ, сол жылдардан Н.Сариева салып берген сара жолын Аяпқалиева Гүлайым жалғастырып келеді. Аяпқалиева Гүлайым жоғары білімді маман (суретте)

Кітапханада «Атамекен» поэзия клубы (суретте) жұмыс істейді. Бұл клуб «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген девизбен қызмет істейді. «Атамекен» клубы кітапханада түрлі көпшілік шаралар өткізіп отырады. Бүгінгі күні клубтың 12 мүшесі бар. «Атамекен» клубы да жастар арасында мамандық таңдауға, табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға игі әсер еткен жүйелі жұмысы өз жемісін беруде.



Кітапханада республикалық, облыстық, аудандық газет-журналдарға, балалар басылымдарына жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет