Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігінің



Дата13.06.2016
өлшемі84 Kb.
#131451
Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласының әкімдігінің

қаулысы

Орал қаласы №680 «1» сәуір 2014 жыл
Шақыру жасындағы 2014 жылдың сәуір -маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 14 наурыздағы №768 Жарлығын және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 14 наурыздағы №768 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №285 қаулысын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілсін:

1) Қалалық әскерге шақыру комиссиясы және қалалық резервтік шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес;

2) Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссиясы 2-қосымшаға сәйкес;

3) Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс кестесі 3-қосымшаға сәйкес;

4) Әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізетін емдеу ұйымдарының тізімі 4-қосымшаға сәйкес.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру ұсынылсын.

3. «Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру жұмысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын өз өкілеттігінің шеңберінде қабылдау ұсынылсын.

4. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әскерге шақыру жұмысын ұйымдастыру барысында «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін.

5. Орал қаласы әкімінің аппараты шақыру комиссиясының жұмысын оргтехникамен, кеңсе тауарларымен, бланкамен, медицина комиссиясын дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықпен және медициналық шаруашылық құралдармен қамтамасыз етсін.

6. Орал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырыс келісімімен «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін транспортпен қамтамасыз етсін.

7. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз өкілеттілігінің шеңберінде Қарулы Күштері қатарына шақырылған, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды шығарып салу кезінде мәдени іс - шараларды ұйымдастырсын.

8. Орал қалалық ішкі саясат бөлімі өз өкілеттілігінің шеңберінде, шақыру комиссиясы мерзімді әскери қызметке шақырылатындығы туралы үгіттеу хабарландыруларын бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

9. Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №730 «Шақыру жасындағы 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» және 2013 жылғы 12 қыркүйектегі №2708 «Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №730 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.

10. Осы қаулының орындалуы қала әкімінің орынбасары Ғ.Ғ.Орынғалиевке жүктелсін.

Қала әкімі А.Көлгінов

3

Орал қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «___»__________ №____ қаулысына 1-қосымша




Қалалық шақыру комиссиясының құрамы





Орынғалиев Ғалым Ғұбашұлы

-

Орал қаласы әкімінің орынбасары,

қалалық шақыру комиссиясының төрағасы;








Тоқпаев Марат Бақытжанұлы

-

«Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік

мекемесінің бастығы, қалалық шақыру комиссиясының төрағасы орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:


Қаташев Манарбек Мақсотұлы

-

«Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);










Дәулетқалиев Жангелді Хамзаұлы

-

медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);








Құнарова Жібек Қабдырахымқызы

-

медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша);





4
Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы





Елубаев Қуаныш Темурұлы

-

Орал қаласы әкімінің орынбасары,

қалалық шақыру комиссиясының төрағасы;








Мажитов Рафхат Қуанайұлы

-

«Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік


мекемесінің бастығының орынбасары-аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы, қалалық шақыру комиссиясының төрағасы орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:


Хайруллин Даурен Сахтарұлы

-

«Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);










Сарбасов Есбол Аронұлы

-

медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);








Джалмурзиева Айжан Утаргалиқызы

-

медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша);


5

Орал қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «___»__________ №____ қаулысына 2-қосымша



Әскерге шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссия
Дәрігер-мамандар:
1. Хирург

2. Көз дәрігері

3. Нарколог

4. Невропаталог

5. Тері венеролог-Дерматолог

6. Рентгенолог

7. Тіс дәрігері

8. Отоларинголог

9. Терапевт

10. Психиатр

11. Фтизиатр

Орта буын медицина қызметкерлері:
1. Көз дәрігерінінің медбикесі

2. Терапевт дәрігерінің медбикесі

3. Отоларинголог дәрігерінің медбикесі

4. Рентгенолог дәрігерінің медбикесі

5. Психиатр дәрігерінің медбикесі

6. Хирург дәрігерінің медбикесі

7. Тісдәрігерінің медбикесі

8. Невропотологтың медбикесі

9. Наркологтың медбикесі

10. Фтизиатрдың медбикесі

11. Медбикесі

12. Медбикесі


6

Орал қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «___»__________ №____ қаулысына 3-қосымша


Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс кестесі




Комиссияның жұмыс күндері, уақыты

8.00-ден 16.00-ға дейін


«Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік


мекемесі

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1,2,3,4,7,8,9, 10,

11,14, 15,16,17,

18,21,22,23,24,25,

28,29,30.



2,5,6,8,

12,13,14,15,16,19,20,21,22,23,26,27,28,29,30.



2,3,4,5,6,9,10,11,

12,13,16,17,18,19,20,21,23,24,25,26,27,30.



1,2,3,6,7,8,9,10,13,14,15,16,17,20,21,22,23,24,

27,28,29,31.




3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,17,18,19,20,21,24,25,26,27,28.


1,2,3,4,5,8,9,10,11,

12,15,18,19,22,23,

24,25,26,29,30,31.

7

Орал қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «___»__________ №____ қаулысына 4-қосымша


Шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізетін емдеу медициналық ұйымдарының тізімі





  1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шарушылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

«№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорыны.



  1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны.

  1. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік мекемесі.

  2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық наркологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

  3. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік мекемесі.

  4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

  5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 қалалық емханасы» мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет