Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының



бет1/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#22743
  1   2   3   4   5   6   7   8

2015 жылғы «__»________№ __ Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

мақұлданды



Батыс Қазақстан облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуының

2016-2020 жылдарға арналған болжамы

(екінші кезең)




Орал қ., 2015 жыл


Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………..........3
1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2015 жылдардағы тенденциялары.…………………………………………………...……….…….…3
2. Облыстың 2016-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары………………………………………………….…............13
3. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016-2020 жылдарға арналған болжамы және нысаналы индикаторлары..............................................22
4. Облыстың 2016-2018 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтары, соның ішінде жаңа бастамалар шығындары .........................................……………………………………........…..24
4.1 Облыстың салық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары ......…….……..24
4.2. Облыс бюджетінің негізгі параметрлер болжамы……………………...…....25
Қосымшалар………………………………………………………...........................27

1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016-2020 жылдарға арналған болжамының көрсеткіштер тізбесі ….....…………………….…...........27

2. Облыс бюджеті негізгі параметрлерінің 2016-2018 жылдарға арналған болжамы ....................................................................................................................40





Кіріспе
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016-2020 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес әзірленді.

Болжам стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, еліміздің дамуының негізгі бағыттары есебімен әзірленді.

Болжамда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016-2020 жылдарға арналған тенденциялары, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері, экономикалық, бюджеттік және инвестициялық саясатының негізгі бағыттары, облыстың бюджеттік параметрлерінің 2016-2018 жылдарға арналған болжамы мазмұндалды.
1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының

2014-2015 жылдардағы тенденциялары
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының индустриалды-аграрлы дамыған облыстарының бірі болып табылады.

Әлемдегі ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны жұмыс істейді. Республикада облыс үлесіне газ конденсатын өндіру көлемінің 99% және газ өндіру көлемінің 47% тиесілі.

Мұнай өңдеу, машина жасау, кеме жасау, тамақ өнімдерін өндіру салалары және құрылыс индустриясы жақсы дамып келеді.

Облыстың ауыл шаруашылығы ет (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) және дән (бидай, арпа, қара бидай, тары) өндіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымын талдау мал шаруашылығы басты сала екендігін көрсетеді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық табысты дамуының негізгі индикаторы жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсуі болып табылады. 2014 жылы облыстың ЖӨӨ көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,3%-ға өсіп, 1911,9 млрд. теңгені, ал жан басына шаққанда 3049,5 мың теңгені құрады. Республиканың ЖӨӨ өндірісінде облыс үлесі 4,9%-ды құрады.

ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 63,7%-ды құрайды. Облыстың ЖӨӨ өндірісіндегі негізгі үлес өнеркәсіпке (57,5%) тиесілі. Сауда, көлік, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау және экономиканың халыққа қызмет көрсететін басқа да салаларын біріктіретін қызмет көрсетудің жиынтық үлесі облыс бойынша 30,1%-ды құрайды.

Облыстың индустриалдық кешенінің негізі тау-кен өнеркәсібі болып табылады (жалпы өндіріс көлемінің 90,1%), оның дамуы әлемдік мұнай нарығының баға конъюктурасына және шикізатты өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

1-сурет
Облыстың ЖӨӨ




2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда газ конденсатын өндіру көлемдерінің 4,6%-ға, табиғи газ – 3,6%-ға ұлғайғаны байқалды. Нәтижесінде тау-кен өнеркәсібінде өндіру көлемі нақты тұрғыда 4,4%-ға, өнеркәсіп бойынша тұтастай алғанда – 3,9%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде дамудың оң серпіні байқалады. 2013 жылмен салыстырғанда сала бойынша өндіріс көлемінің өсімі 0,8% құрады.

Өндіріс көлемінің өсімі салалар бойынша: мұнайды қайта өндеу өнімдерін өндіру – 7,3 %-ға, басқа да металл емес минералды өнімдер – 35,9%-ға, металлургия өнеркәсібінде 2,8%-ға, машина жасау – 17,9%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы ауқымды үлес мұнайды қайта өңдеу өнімдері (32,7%), тағам өнімдері (27,1%), машина жасау (14,2%) өндірісіне тиесілі.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 2014 жылы өндіру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 23,0%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өндіру көлемі 0,4%-ға азайды.

2-сурет
Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері, алдыңғы жылға

%-бен

2014 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 6,5 млрд.теңгеге 3 жоба іске асырылды, 643 жұмыс орны құрылды:

Кернеу сыныбы 6–10 кВ күш трансформаторларын өндіру («Орал трансформатор зауыты» ЖШС) құны 3,1 млрд. теңге, 300 жұмыс орны құрылды;

Жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС) құны 1,1 млрд. теңге, 60 жұмыс орны құрылды;

Қуаттылығы тәулігіне 1400 бас ұсақ қара мал соятын, вакуумдық қаптамадағы ірі кесекті және блокты ет өндіру бойынша ет өңдеу кешені құрылысы («Батыс Марка Ламб» ЖШС), құны 2,3 млрд.теңге, 283 жұмыс орны құрылды.

Экономикалық өсімге ауыл шаруашылығы саласы серпінінің 4,2%-ға өсуі ықпал етті.

2014 жылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға 10,7 млрд.теңге бағытталды, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттер қаражатынан 5,0 млрд.теңге, несиелер – 5,7 млрд.теңге. Лизинг бойынша 1376,5 млн.теңгеге 399 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды.

Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі негізінен өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемімен анықталады, оған өз кезегінде дәнді дақылдар өндірісі басымырақ ықпал етеді.

Дәнді дақылдардың егістік алқабы 321 мың га құрады. Ауа райының қолайсыз болуы салдарынан 37,8 мың га егіс күйіп кетті.

Астықтың жалпы өнімі өңдеуден кейінгі салмақта 223,8 мың тонна көлемінде алынды, бұл 2013 жылғы деңгейден 12,8%-ға көп. Облыс бойынша дәнді дақылдардың шығымдылығы орта есеппен гектарына 7,9 центнерді құрады.

Картоп пен көкөніс дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында көкөніс шаруашылықтарында 291 га алқапта тамшылатып суару жүйесі қолданылды, арзандатылған бағамен 585 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алынды.

Картоптың жалпы өнімі 2013 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға, көкөніс – 1,1%-ға, бақша өнімдері 3,6%-ға өсті.

Облыста жалпы аумағы 24,1 мың шаршы метр 60 жылыжай бар, оларда 417,8 тонна көкөніс өнімдері өндірілді. Жалпы сыйымдылығы 39 мың тонна 31 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. 2014 жылы 4,4 мың тонна 2 көкөніс сақтау қоймасы салынды («Оралагросервис» ШҚ 2,4 мың тонна, «Балакирев» ШҚ 2 мың тонна).

Мал азықтық дақылдардың алқабы, көп жылдық шөптерді қоса есептегенде 2013 жылғы деңгейге 19,3 мың га кеңейіп, 141,2 мың га құрады.

Мал шаруашылығы қажеттілігі үшін 1150,9 мың тонна көлемінде шөп дайындалды, 2013 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға көп және мал қыстағы кезінде ірі мал азығына деген қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 7,7%-ға өсіп, 34,4 млрд. теңгені құрады.

Мал шаруашылығы саласында 49,6 млрд.теңгеге өнім өндірілді (2013 жылғы деңгейге 100,2%).

36,8 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2013 жылғы деңгейге 100,5%, сүт – 224,6 мың тонна (100,0%), жұмыртқа – 156,6 млн. дана (112,1%).

Қой және жылқы шаруашылығында мал басы санының тұрақты өсім үрдісі жалғасуда. 2014 жылы қой саны - 13%-ға, жылқы 13,3%-ға көбейді. Шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны 456,2 мың бас құрады немесе 9,3%-ға көбейді.

Етті бағыттағы мүйізді ірі қара малдың өнімділік сапасын және еттің экспорттық әлеуетін арттыруға баса көңіл бөлініп келеді.

«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері облысқа 1648 бас шетелдік селекциялық асыл тұқымды мал әкелінді.

2012 жылдан бастап 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылды, қазіргі уақытта 18,9 мың бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малға арналған 51 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар.

9,6 мың басқа арналған 2 бордақылау кешені жұмыс істейді (Зеленов ауданының 8640 басқа арналған «Кроун-Батыс» ЖШС, Жәнібек ауданының 1000 басқа арналған «Әлем» ЖШС).

2014 жылы 3 шаруашылық 1600 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысын аяқтады (400 басқа арналған Шыңғырлау ауданының «Бірлік» ШҚ, 1000 басқа арналған Казталов ауданының «Қамқор» ШҚ, 200 басқа арналған Жаңақала ауданының «Хафиз» ШҚ). Тағы 3 шаруашылық 1700 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысын жүргізуде (800 басқа арналған Ақжайық ауданының «Аманер» ШҚ, 400 басқа арналған Сырым ауданының «Жібек жолы» ШҚ, 500 басқа арналған Тасқала ауданының «Арай» ШҚ).

«Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 380 шаруа қожалығы 3,8 млрд. теңге несие алып, 19,7 мың аналық мал басы мен 809 асыл тұқымды бұқашық сатып алды.

1990,5 тонна ет және ет өнімдері экспортталды. Осы көрсеткіш бойынша облыс республика бойынша алдыңғы қатарда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында ірімшік және сүзбе - 19,2%-ға, өңделген сүт өнімдері және кілегей өнімдері – 4,3%-ға, сары май – 2,8%-ға, жарма, ірі тартылған ұн – 7,4%-ға өсті.

Сонымен бірге, қалбырдағы көкөніс (68,7%-ға), қалбырдағы балық (27,1%-ға), қалбырдағы ет (1,1%-ға), жидек шырын (36,4%-ға), өсімдік майы (68,0%-ға), шұжық өнімдер (4,9%-ға) өндірісі төмендеді. Қайта өңдеу өндіріс көлемінің азаюына экспорттың төмендеуі мен импорттың өсуі, Ресей Федерациясының рубль курсының төмендеуі әсер етті.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында экономикалық белсенді халық санының 29,5%-ы (2015 жылдың 1 қаңтарына – 98,2 мың адам) жұмыс істейді, жыл ішінде 4,9 мың адам жұмысқа орналасты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 1183,7 млрд.теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2014 жылғы деңгейден 6,1%-ға аз.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 657,3 млн.теңге, жекеменшік кәсіпкерлікті қолдауға 1054,8 млн.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары шеңберінде Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгеге 123 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалардың шеңберінде 612 жұмыс орны ашылды.

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге – 996,0 млн. теңге бөлініп, 506 адам шағын несие алды, 388 адам өз істерін ашты, 631 жұмыс орны құрылды.

2014 жылдың қаңтар – желтоқсанында екінші деңгейлі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 23,2 млрд. теңгеге несие берілді.

Шағын несие ұйымдарымен 704,3 млн. теңгеге 579 шағын несие берілді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша сауда едәуір өсімді қамтамасыз етті. Бөлшек тауар айналымы 2013 жылмен салыстырғанда нақты айтқанда 9,7%-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымы 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10739,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғдың сәйкес кезеңіне 103,4%-ға, соның ішінде экспорт – 9563,0 млн. АҚШ доллары немесе 104,3%, импорт – 1176,8 млн. АҚШ доллары немесе 96,5%. Сыртқы сауда теңгерімінің айырмасы 8386,2 млн. АҚШ доллары көлемінде жағымды қалыптасты.

Сауда айналымның құрылымында экспорт үлесіне 89,0%, импортқа 11,0% тиесілі.

Негізгі сауда әріптестері Италия (50,5%), Нидерланд (9,6%), Ресей (6,7%), Финляндия (5,7%), Түркия (3,5%), Франция (2,6%), Украина (1,0%) және Беларусь (0,5%) болып табылады.

Кедендік Одақ елдерімен экспорт 78,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 28,3% көп, импорт – 686,6 млн. АҚШ доллары (9,0%-ға аз). Жалпы сыртқы сауда айналымында Кедендік Одақ елдерінің үлесі 7,2% құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі (2014 жылғы қаңтар-желтоқсан 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға) 106,6% құрады (2013 жылғы қаңтар-желтоқсан 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға -106,4%). Инфляцияның өсуіне азық-түлік емес тауарлар және азық-түлік тауарлары бағаларынын 7,7%-ға және 7,6%-ға өсуі елеулі ықпал етті. Ақылы қызметтерге бағаның өсуі 4,5% құрады.

Жүк тасымалдау көлемі 2,9%-ға, жүк айналымы 3,4%-ға өсті.

Байланыс қызметтерінің көлемі 6,3%-ға өсті.

2014 жылы облыс экономикасына 270,1 млрд. теңге инвестициялар салынды, бұл 2013 жылдан 37,3%-ға көп.

Инвестициялардың негізгі салым көздері кәсіпорындардың өз қаражаттары болып табылады 182,7 млрд.теңге (инвестициялардың жалпы көлемінде 67,7%), бұл 2013 жылдың деңгейінен 37,2%-ға көп.

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен 32,1 млрд. теңге игерілді (инвестициялардың жалпы көлемінің 11,9%) немесе алдыңғы жылға 128,3%, жергілікті бюджеттен – 13,1 млрд. теңге (4,9%) немесе алдыңғы жылдан 3,8 есеге көп.

Инвестициялар құрылымында ғимараттар салу және күрделі жөндеу жұмыстары – 39,6%, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал-саймандар сатып алуға шығындар – 27,6%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар 32,8% құрады.

Инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпте игерілді (инвестициялардың жалпы көлемінің 72,1%). Қайта өңдеу өнеркәсібі үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінің 4,5% тиесілі, кен өндіру 60,9%.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 24,9%-ға өсіп, 73,6 млрд.теңгені құрады.

2014 жылы тұрғын үй құрылысын дамытуға 15,5 млрд.теңге бағытталды (2013ж. – 13,7 млрд. теңге). 257,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2013 жылдың деңгейіне 104,1%.

Инфрақұрылымдық кешен мақсатты дамып келеді.

Мектептерде үш ауысымдық оқу жойылды. 2014 жылы апатты мектептерді жою мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 мектеп (Шыңғырлау ауданында) салынды. 23 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті.

2015 жылы апатты мектептерді жою мақсатында 3 мектеп, оқушы орны тапшылығын жою мақсатында 2 мектептің құрылысы аяқталды.

Облыста мектепке дейінгі білім беру қызметін дамыту келесі бағыттар бойынша жүргізілуде: балабақшалар құрылысы, балалар қысқа уақытта болатын шағын орталықтарды ашу. 2014 жылы Орал қаласының Зашаған кентінде 360 орынды балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, Орал қаласында 360 орынды бөбекжай күрделі жөндеуден өтті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметтерімен 3-пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу пайызының жоғары болуы (97,5%) мектепке дейінгі білімнің сапалы көрсеткіші болып табылады, республикалық көрсеткіш – 77,4%.

Ауысымына 285 адам қабылдайтын 7 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді (Бөрлі, Зеленов және Теректі аудандарында). Орал қаласындағы 300 төсек орынды қалалық көп бейінді аурухананың құрылысы жалғасуда.

3 мәдениет үйі іске қосылды (Казталов және Қаратөбе аудандарында).

Орал қаласындағы Деркөл кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, теннис корты пайдалануға берілді. Орал қаласындағы ат спорты түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді.

3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды (Қаратөбе және Жымпиты аудандарында әрқайсысы 160 көрермен орынды, Орал қаласында 320 көрермен орынды).

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Облыс халқының сумен қамтамасыз етілуі 86,8%-ға жетті, соның ішінде елді мекендердегі көрсеткіш – 75,1%. 2014 жылы сумен жабдықтау бойынша 9 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге сомасында қаражат бөлініп, толық игерілді. 6 сумен қамту нысаны іске қосылды, нәтижесінде 5 мың адам орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізді, 6,1 мың адамға көрсетілетін сумен қамту қызметінің сапасы артты. 2,2 мың дана су өлшеу құрылғылары орнатылды, 147 км су желілері өткізілді.

Облыстың ауылдық елді мекендерін газдандыру жалғасуда. 2014 жылы газдандыруға мемлекеттік бюджеттен 4,0 млрд. теңге бағытталды. Бөлінген қаражатқа 13,2 мың адам тұрғыны бар 24 АЕМ табиғи газға қосылды.

АЕМ-дің табиғи газбен қамтамасыз етілуі 56% құрады (443 АЕМ-нің 248-і), ауыл халқының -82,6% немесе 262,2 мың адам. Облыс бойынша табиғи газбен қамтылғандар 91,2% немесе 574,2 мың адам.

2014 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 286,2 млн.теңге бөлінді және 34 көп пәтерлік тұрғын үй жөнделді.

Жөндеу кезінде негізінен шатыр, кірме есік, терезе, жертөле үй-жайлар мен инженерлік желілерге жөндеу жүргізіледі, ол жылу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жайықжылуқуат» АҚ 3,5 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуды көздейтін жобасы жүзеге асырды.

Облыстың автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту жөніндегі проблемалық мәселелер кезең-кезеңмен шешілуде. Бұл мақсаттарға 2014 жылы 7,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп. Жалпы алғанда, 2014 жылы қашықтығы 60 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы облыстың автожолдарын салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеуге 5,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 млрд. теңгеге аз.

Шыңғырлау ауданы орталығына дейінгі 17 шақырым автожолды күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жаңақала ауылы бағыты бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда, оны 2016 жылы аяқтау жоспарлануда (37 шақырым).

«Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Орал-Кирсанов», Бұлдырты ауылына кірме жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында облыс бойынша бірінші рет орташа жөндеу жұмыстары барысында салқын ресайкілеу әдісі қолданылуда. Аталған әдістің артықшылығы күрделі жөндеу жұмыстарымен салыстырғанда 2-3 есе арзандығы және қысқа мерзімде орындалуы болып табылады. Бұл әдіс бойынша «Барбастау-Ақжайык-Индер», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Осы жұмыстарды атқару үшін 11 нысанға 9 мердігер ұйым тартылып, оған шамамен 200 дана арнаулы техника жұмылдырылып, 300-ден астам адам жұмыс атқаруда.

2015 жылдың мамыр айында Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртудың 2-кезеңі басталды, оны ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Жалпы алғанда, қашықтығы 90 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық Қорының нысаналы трансферттері есебінен республикалық маңызы бар «Орал-Каменка-РФ шекарасы (Озинки)» автожолын қайта жаңартуға 3,0 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 8 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда.

Бұған қоса, «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы», «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы», «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. «Самара-Шымкент» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталды, «Орал – Тасқала – РФ шекарасы», «Орал – Теплая – РФ шекарасы» жобалары бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

2014 жылы мемлекеттік бюджетке 312,6 млрд. теңге жиналды, бұл 2013 жылдан 5,2%-ға көп. Республикалық бюджетке түсімдер болжамға 98,3% немесе 250,8 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 101,7% (61,8 млрд. теңге) құрады.

Әлеуметтік саладағы жағдай тұрақты болып қалуда. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 1806 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,5% құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде.

Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 0,1 пайыздық пунктке аз.

Бір қызметкердің номиналдық орташа айлық еңбекақысы 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 10,0%-ға, нақты 4,4%-ға өсті және 108223 теңгені құрады. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 64568 теңге құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 8,7%-ға көп.

Ақшалай табыстардың көбеюі халықтың банк жүйесіне салатын салымдарының көбеюіне ықпал етеді. Депозиттердің бір адамға шаққандағы көлемі 2014 жыл басындағымен салыстырғанда 9206 теңгеге көбейіп, 126178 теңгені құрады. Банктердегі жеке тұлғалар салымдарының көлемі 2015 жылдың 1 қаңтарына 79,4 млрд. теңге құраған болса, 2014 жылдың 1 қаңтарына 72,9 млрд.теңгені құрады.

2015 жылдың басынан бері Қазақстан экономикасы сыртқы және ішкі келеңсіз факторлар әсерімен даму үстінде.

Батыс елдері мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қатынастардың нашарлауы, Ресей экономикасындағы дағдарыс процесінің өсуі, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайсыз конъюктура Қазақстан экономикасына қолайсыз ықпал етуде.

Сұраныстың төмендеуі мұнай-газ саласында, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өндірістің өсуіне, сонымен қатар отандық өнімдер мен қызметтердің экспортына келеңсіз әсер етуде.

Облыс экономикасы негізінен тау-кен саласының дамуымен байланысты, оның үлесі өнеркәсіп өндірісі көлемінің 90%-ын құрайды. Өз кезегінде, осы саладағы өндіріс көлемі әлемдік мұнай нарығындағы баға конъюктурасына және шикізат өндіру көлемдеріне тәуелді болып келеді.

2015 жылдың бірінші тоқсанында ЖӨӨ көлемі 369,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,3% (2014 ж. І тоқсаны – 409,1 млрд. теңге, НКИ - 109,4%), халықтың жан басына шаққандағы есебінде – 585,2 мың теңгені құрады (өңірлер арасында республикада 5-орында).

2015 жылғы қаңтар-маусымда 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өнеркәсібінің көлемі 2,9%-ға азайғаны (газ конденсатын өндіру 1,5%-ға төмендеу есебінен), қайта өңдеу өнеркәсібінің 18,1%-ға, электрмен жабдықтау саласында 17,5%-ға азайғаны байқалды. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 2014 жылдың қаңтар-маусымына 4,1%-ға азайды.

Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 45,6%-ға азайды. Көлемнің төмендеуі дизель отыны өндірісінің (44,1-ға) қысқаруымен байланысты («Конденсат» АҚ).

Машина жасау саласында өндірілген өнім 10,5%-ға азайды. Өрт сөндіру машиналарының («Оралагрореммаш» АҚ), иінді біліктер («Орал механикалық зауыты» ЖШС), арнайы өнімдер («Орал «Зенит» зауыты» АҚ) өндірісі қысқарды.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 1,4%-ға азайғаны байқалады, бұл «КазАрмапром» ЖШС (ұнтақтағыш шарлар) және «Оралагрореммаш» АҚ (құрама құрылыс металл конструкциялары) сатудағы қиындықтар мен тапсырыстардың болмауына байланысты.

Тағам өнімдері 9,2%-ға аз өндірілді. Ет және тағамдық қосымша өнімдер – 75,0%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей – 62,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 60,0%-ға, қалбырдағы ет – 28,3%-ға, макарондар, кеспелер және ұннан жасалған өнімдер өндірісі 15,6%-ға төмендеді.

2015 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 143 жұмыс орны құрылуымен 48,2 млрд.теңгеге 4 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. К5 экологиялық дәрежелі мотор отындарын өндіру («Конденсат» АҚ) – жобаның құны 29,5 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 600 мың тонна, жұмыс орны - 28.

2. ГТЭС 200 МВт, бірінші іске қосу кешені, («Батыс Пауэр» ЖШС) - жобаның құны 14,2 млрд. теңге, қуаттылығы – 100 МВт, жұмыс орны - 70.

3. Қара уылдырық және тауарлық бекіре өндіру бойынша су дақылдары кешенін құру («Су дақылдары тәжірибелік-өнеркәсіп өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС), жоба құны – 4,4 млрд. теңге, қуаттылығы – 131 тонна балық еті, жылына 10 тонна балық еті, жұмыс орны – 42.

4. Сүт өнімдерін өндіру бойынша цех құрылысы («Жұмағұлова Б.М.» ЖК), жобаның құны 20 млн. теңге, қуаттылығы – тәулігіне 500 литр, жұмыс орны - 3.

Сонымен бірге, 2016 жылы іске қосу мерзімімен 191 жұмыс орнын ашу арқылы 2,3 млрд.теңгеге 3 жоба іске асырылуда.

2015 жылғы бағалау бойынша 2014 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,5% құрайды.

Аграрлық секторда ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 27,9 млрд. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне 103,0% құрады.

2015 жылдың бағалауы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру – 29,2%-ға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – 0,3%-ға төмендейді.

2015 жылдың қаңтар-маусымында облыста жүк тасымалдау көлемі 18,0 млн. тонна жүкті немесе алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады.

Жүк айналымы көлемі 1128,5 млн. жкм құрады және 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

213,6 млн.жолаушы тасымалданды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,2%. Жолаушылар айналымының көлемі 3820,1 млн. жкм құрады және 4,9%-ға өсті.

2015 жылы 40,4 млн.тонна жүк тасымалдау болжамданып отыр, бұл 2014 жылға 101,0%-ды құрайды. Жолаушылар ағынын ұлғайту, облыс аумағы бойынша жаңа маршруттарды ашу, жүк тасымалдауды ұлғайту есебінен көлік қызметтерін арттыру жоспарлануда.

2015 жылдың қаңтар-маусымында байланыс қызметтері 3259,7 млн.теңге құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 100,6%.

2015 жылы байланыс қызметтерінің болжамды көлемі 2014 жылғы деңгейден 0,6%-ға артады.

2015 жылдың қаңтар-маусымында негізгі капиталға инвестициялар 111,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 13,9%-ға көп. Кәсіпорындардың өз қаражаттары (шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса алғанда) есебінен салымдардың 1,5 есеге өскені және бюджеттік қаражаттар есебінен 23,0%-ға азайғаны байқалады.

Құрылыс саласында орындалған жұмыстардың көлемі бойынша жыл басынан оң серпін байқалады, 2015 жылдың қаңтар-маусымын 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың көлемі 7,3%-ға ұлғайды. 2015 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылғы деңгейден 2,0%-ға артады.

2015 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көліктік инфрақұрылым объектілерін салуға және қайта жаңартуға, сумен қамтуға, газдандыруға және абаттандыруға 22,6 млрд. теңге қарастырылды.

Республикалық бюджеттен (соның ішінде Ұлттық Қордан) тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,5 млрд. теңге қарастырылды. 240 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда.

Газдандыру бойынша 4 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге сомасында қаражат қарастырылды. Халық саны 16,4 мың адамды құрайтын 27 елді мекенге табиғи газ тарту жоспарлануда.

Республикалық бюджеттен сумен қамту бойынша 2 жобаны жүзеге асыруға 0,7 млрд. теңге қарастырылды.

Ұлттық Қор қаражатынан коммуналдық шаруашылық объектілерін салу және қайта жаңартуға 2,6 млрд. теңге қарастырылды.

2015 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 22 көп пәтерлік тұрғын үйді жөндеуге 251,0 млн.теңге бөлінді.

Автокөлік жолдарын жөндеу, қайта жаңарту және күтіп-ұстауға республикалық бюджет қаражатынан 3,0 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,9 млрд.теңге қарастырылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысына 3,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 1,5 млрд.теңге қарастырылды.

Орал қаласының Зашаған кентіндегі 1200 орынды мектеп, Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 100 орынды интернатпен 600 оқушыға арналған мектеп, Сарыкөл және Жуалыой ауылдарында 108 оқушыға арналған мектептердің, Теректі ауданының Юбилейное ауылындағы 108 орынды мектеп құрылысы, Орал қаласында Зашаған кентінде 320 көрермен орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында және Сырым ауданының Жымпиты ауылында 160 орынды дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылыстары аяқталды, Орал қаласында спорт-зал, акт залы және ресурстық орталығының қосымша жайларын салу арқылы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңғырту, 300 төсек орынды қалалық көпбейінді аурухана, Орал қаласында Достық Үйінің құрылыстары жалғасуда.

Ұлттық Қор қаражаты есебінен Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында 290 орынды балабақша құрылысы басталды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен (соның ішінде Ұлттық Қордан) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының шеңберінде инженерлік және индустриалдық инфрақұрылымды жүзеге асыруға, сондай-ақ моноқалада бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 1,0 млрд.теңге қарастырылды.

Халықтың тұтыну сұранысының әлсірегені байқалады, ол саудаға әсерін тигізді. 2015 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек тауар айналымы 97,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі 100,3% құрады(2014 жылы қаңтар-маусымда – 111,9%). 2015 жылы сауда көлемі 0,5%-ға өседі деп күтілуде.

2015 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 3246,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 60,1%, соның ішінде экспорт – 2791,3 млн. АҚШ доллары немесе 57,5%, импорт – 455,5 млн. АҚШ доллары немесе 83,1%. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2335,8 млн. АҚШ доллары көлемінде жағымды қалыптасты.

2015 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 6500,0 млн. АҚШ долларын құрайтын болады, 2014 жылдың деңгейіне 39,5% төмендейді. 2015 жылы импорт 5550,0 млн. АҚШ доллары сомасында немесе 2014 жылға қатысты 42,0% төмендейді деп болжануда, экспорт – 950,0 млн. АҚШ доллары, 19,3%-ға төмендейді.

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы маусымда 2014 жылдың желтоқсанына қатысты 101,3% құрады. Инфляцияның өсуіне жол бермеу мақсатында ішкі нарықтағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру арқылы азық-түлік тауарларының бағасын тежеу шаралары алынатын болады.

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2015 жылы 2014 жылдың желтоқсанына қатысты 6,0%-8,0% инфляция дәлізінен аспайды деп күтілуде.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет