Кіріспе автокөлік ұйымдарындағы материалдық ресурстар



бет1/8
Дата10.02.2023
өлшемі45.38 Kb.
#469385
  1   2   3   4   5   6   7   8
курсавой Аязбек Ерман


Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4


1.АВТОКӨЛІК ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР...........5


1.1.Көліктік қызмет көрсету рыногының қазіргі жай-күйі…….........................7
1.2. Мемлекеттік көлік саясатының мақсаты……………………………………9

2.МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ…………………………………………………………10


2.1. Қазіргі заманғы Ұлттық көлік инфрақұрылымын құру және дамыту…..10
2.2. Дүниежүзілік көлік жүйесіне кірігу процесін жеделдету, транзиттік әлеуетті дамыту…………………………………………………………………11


3.МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫ ДАМЫТУ...........................................................................................13
3.1.Әлеуметтік және кадр саясаты……………………………………………..19
3.2.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.........................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................



КІРІСПЕ

Автомобильдерді техникалық қамтамасыз етудің ұтымдылығы негізінде автокөлік кәсіпорындарының (АКК) инженерлік-техникалық қызметі (ИТҚ) жұмысының тиімділігімен анықталады.


Басқарудың әр түрлі деңгейлерінде (мемлекеттік, салалық, аймақтық, шаруашылық) автомобиль көлігінің инженерлік-техникалық қызметінің алдын-да тұрған міндеттер спектрі айтарлықтай кең. Негізгі ретінде автомобиль паркінің жұмысқа қабілеттілігінің талап етілетін деңгейін, техникалық пайда-лануды дамытудың экологиялық және ресурс сақтау жолдарын қамтамасыз ету міндеті болады.
Автомобиль көлігін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жылжыма-лы құраммен, агрегаттармен, қосалқы бөлшектермен, автомобиль шиналары-мен, аккумуляторлар батареяларымен және олардың қалыпты жұмысы үшін қажетті материалдармен жабдықтау процесін білдіреді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету техникалық пайдалану жүйелері бұтағының маңызды факторы болып табылады, оның әсер ету деңгейі мынаны құрайды: парктің техникалық күйіне – 9 %; автомобильдерге техникалық қызқмет көрсетуге және оларды жөндеуге жұмсалатын шығындарға – 9 %.
Инженерлік-техникалық қызметтің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін, ол сәйкес ресурстармен, материалдық-техникалық базамен және белгілі құрылымы мен міндеттері бар басқару жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Автомобиль көлігінің инженерлік-техникалық қызметінің базалары мен ресурстары – бұл келесі құраушылардың жиынтығы: өндірістік-техникалық база (ӨТБ), жылжымалы құрам, материалдық-техникалық ресурстар, қаржы ресурстары, ғылыми, инженерлік-техникалық жұмыскерлер, жөндеуші және қосымша жұмысшылар кадрлары, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету.
Өндірістік-техникалық базаға автомобильдерді сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған үймереттер, ғимараттар, техникалық құралдар кіреді.
Сала экономикасын басқаруда негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалану тиімділігін дамыту мен арттыру проблемасының үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Автомобиль көлігіне қатысты ол өндірістік-техникалық базаны талдау әдістерін жетілдіруден, оның даму деңгейін жүйелі қайта қарауды ұйымдастырудан, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша өндіріс масштабтарын пайдалануды жақсарту және кеңейту жолдарын айқындаудан тұрады.
Соңғы жылдары кешенді АКК негізінде ӨТБ дамуының теріс бағыттары байқалды: ӨТБ дамуының жылжымалы құрам паркінің өсу қарқындарынан қалуының жалғасуы; ӨТБ құрылымының ТҚ және жөндеу бойынша өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрлеріне сәйкес еместігі; АКК жұмысының кейбір техника-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі; ӨТБ жылжымалы құрам-ды техникалық қамтамасыз етудің индустриялық әдістеріне сәйкес еместігі.
Жылжымалы құрам белгілі техникалық-пайдалану қасиеттерін иеленеді және инженерлік-техникалық қызметтің еңбек заттарының тақырыбы болып табылады. Әдетте АКК автомобильдердің бірнеше модельдерімен жинақталған. Дер кезіндегі тапсырыс, жаңа автомобиль техникасын алу және тарату – мате-риалдық-техникалық қамтамасыз етудің негізгі функцияларының бірі.
Материалдық-техникалық ресурстарға қосалқы бөлшектер, металл, отын, электр және жылу энергиясы кіреді.
Қаржы ресурстары тасымалдау процесінен және басқа шаруашылық операцияларынан алынатын пайда есебінен құрылады. Қаржы ресурстары ӨТБ салу, кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қаруландыру кезінде күрделі салым-дарды қаржыландыру; автомобильдер, жаңа технологиялық жабдықтар сатып алу; ИТҚ персоналының еңбегін төлеу; пайдалану материалдарын сатып алу және қорлармен қамтамасыз ету үшін қажет. 
Ақпараттық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеу өндірісін жедел басқару және ұйымдастыру; өндірістік-техникалық базаны құру және ИТҚ ресурстарын анықтау үшін қажетті ақпарат кіреді.


1.Автокөлік ұйымдарындағы материалдық ресурстар


Халықаралық ынтымақтастықты ауқымын ұлғайту мен әлеуметтік-экономикалық кірігудің қазіргі заманғы процестері мемлекеттердің өз экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту мен олардың халықаралық рыноктағы бәсекелестік қабілеті тұғырынан алғанда, ұлттық экономикалардың қолданыстағы модельдерін түзету қажеттілігіне шарасыз әкеледі. 
Қазақстан өз геосаяси жағдайына, экономикалық әлеуетіне және тарихи дәстүрлеріне байланысты әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық кірігудің белсенді тарабы және ғаламдық экономикалық процестерге қатысушы болып табылады. 
Еуроазиялық құрлықтың орталығында, Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның көлемді және серпінді дамып келе жатқан рыноктарының арасында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбіне мемлекеттің жоғары әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты. Ұлттық көлік жүйесінің дамуына, сондай-ақ елдің үлкен аумағы (2725 шаршы километр), халықтың төмен тығыздылығы (орта есеппен 1 шаршы километрге 6 адамнан кем), шикізат және өндірістік ресурстардың едәуір шашыраңқы орналасуы ерекше мән береді. 
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауы бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағындар 330-400 млрд. АҚШ доллары болып бағаланады, олардың 20%-на дейіні Ресей Федерациясы мен Қазақстанның аумағы арқылы өтуі тиіс. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты Қазақстан осы әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдар көлемі 2005 жылы 2,6 АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін (экономика индикативтік жоспарға сәйкес 45,6% өскен кезде). 
Халықаралық практика ұлттық деңгейдегі көлік жүйелерінің барабар дамымауы өндіріс пен қызмет көрсету салаларында өзін ақтамайтын шығындарды көбейтіп, шаруашылық қызметінің, іс жүзінде барлық дерлік салаларының дамуын кідіртуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін шектеуге әкелетінін көрсетеді. Транзиттік-көліктік мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану экономиканың сабақтас салалары мен аяларын жедел дамытуға ынталандырады. Басқаша айтқанда, көлік стратегиясын таңдап алу, еліміздің өнеркәсіптік кешеніндегі көліктің рөлін жаңаша түсіну, көбінесе, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің тиімділігін алдын ала анықтайды. 
Қазақстандағы көмірсутегінің болжанған қорлары таяу болашақта Қазақстан дүние жүзіндегі негізгі мұнай жеткізушілердің біріне айналуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан, мұнайды экспортқа тасымалдау проблемасының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар. 
Соңғы кезде нарықтық қатынастарды барынша дамытуға және көлік жүйесінде бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған экономиканы ырықтандыру одан әрі экономикалық ілгерілеуге нақты алғышарттар жасады. Қазақстанда осы жылдары экономиканың өсуіне барабар көлік қызметін көрсету рыногы қалыптасқан. Алайда, көлік жүйесінің қуатты әлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы халықаралық транзит мүмкіндігі әзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осының бәрі негізгі басымдықтары: 
қазіргі заманғы ұлттық көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту; 
еліміздің батыс аймағының көлік инфрақұрылымын дамыту; 
қазақстандық көлік кешенінің халықаралық көлік жүйесіне кірігуі процесін жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін дамыту; 
мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бәсекелестік ортаны дамыту болып табылатын көлік саласында мемлекеттің қазіргі заманғы стратегиясын әзірлеу қажеттілігіне әкеледі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік саясаты тұжырымдамасында Қазақстанның экономикалық өсуінің жай-күйіне ықпал ететін көлік жүйесінің жекелеген салаларын дамытуға қолданылатын қағидатты тәсілдер көрсетілген. 
Тұжырымдама "Қазақстан-2030" ұлттық стратегиясының ережелерін, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалық құжаттарын дамыта отырып, әзірленген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет