Баяндама павлодар қаласы 2011 Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі Аналитикалық шолу



Дата17.07.2016
өлшемі177.95 Kb.
#205098


Павлодар облысының білім беру басқармасы

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

Білім беру жүйесінің

жағдайы және дамуы туралы



БАЯНДАМА

Павлодар қаласы - 2011

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

Аналитикалық шолу:

С. Хасанова, Б. Әбдіжүсіпова


Жауаптылар: Тұрсынов Ғ, А. Рахимжанова , Г. Ельтаева, С. Бекібаева, А . Құсайынова , Ш.А.Шарапиденова.
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің білім беру жағдайы мен дамуы туралы баяндама – Павлодар, 2011.
Баяндаманың мазмұны 2008-2010 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайының, дамуы мен нəтижелерінің индикаторларын және көрсеткіштерін, өзекті мәселелерін анықтайтын жыл сайынғы ақпараттық-сараптамалық талдау болып табылады.

Баяндама білім саласы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында атқарушы билік органдарына, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, оқушылардың ата-аналарына, халықтың əр түрлі əлеуметтік топтарына және бұқаралық ақпарат құралдарына арналған.


АЛҒЫСӨЗ
Білім беруді дамытудың стратегиясы бірқатар басты мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелді, осы қатардағы ең бастысы білім беру сапасын арттыру.

Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін салыстыра аламыз.

Осыдан нақты сұрақ туындайды: білім сапасын арттыруда алдымызға қандай мақсат қою қажет, аталған проблемадан қалай шығу қажет және өз мезгілінде нақты іс атқаратын басқарушылық шешімді қабылдау.

Бұл сұрақтың қарапайым жауабы төмендегідей: тиімді басқару үшін басқару жүйесінің қызметі туралы анық және пайдалы ақпарат қажет. Көп жағдайда нақты ақпараттың болмауы – проблеманың басты себебі болып табылады. Нақты ақпаратсыз қай жүйе болмасын өз қызметін атқара алмайды.

Ақпарат талдау мен басқарудың нақты негізі болуы үшін ол барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Ең алдымен оң, шынайы, нақты болуы және қойылған сұрақ төңірегі бойынша басқару шешімін қабылдауға көмегі болуы қажет. Дәл осы кезде ғана сапалы бағалау мен білім беру процесін ұйымдастыру жағдайы, оның нәтижелері үшін негіз бола алады.

Білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту «Білім беру туралы» Заңын, 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Даму бағдарламасын басшылыққа алады.

Басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қолдану және жұмылдыру, жинау, жүйесін құру, білім беру, басқару жүйесіндегі басты өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Осы мәселедегі жаңа қағида болып табылатыны білім беру сапасын басқару жүйесіндегі маңызды элементі ретінде ашық баяндама дайындау болып табылады.
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫСӨЗ ........................................................................................................................................... 3
1-ТАРАУ. КІРІСПЕ. 2011 ЖЫЛЫ ОБЛЫС БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ .................. 5

2-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ

ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ......................................................................................................... 7



  1. Білім беру ұйымдарының желісі және контингенті ......................................... 7

Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар .............................................................. 8

Бастауыш сыныптар ..................................................................................................... 8

Орта буын сыныптар .................................................................................................... 8

Жоғары сыныптар ........................................................................................................... 8


3-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ............................... 9

  1. Білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз ету ..................................................... 9

Кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау .................................................. 12

3.2. Білім беру жүйесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету ..... 12



4-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫ .......................................... 13

4.1. Мемлекеттік білім беру стандарттары және оқу жоспарларының құрылымы ......... 13

4.2. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ..........................................................................14

Ақпараттық білім беру .......................... ........................................................................ 14

Сабақтардың ауысымы .................................................................................................. 14

Жалпы білім беретін сыныптардың толықтығы.............................................. 14

Оқушыларды мектептің үйірме жұмыстарымен қамту .................................. 15

Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану ................................. 15


5-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ НӘТИЖЕСІ ....................................... 18

5.1. Оқу жетістігінің сыртқы бағасы ............................................................................ 18

5.1.1 Ұлттық бірыңғай тестілеу ................................................................................... 18

5.2. Мектеп бітірушілер туралы мәлімет ................................................................ 20


2011 ЖЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ .................. 21

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ....................................................................................................... 21
1-ТАРАУ. КІРІСПЕ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ, ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫ

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуі, адами капиталды дамыту - білім беру сапасын арттырудың басты факторы болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында «Экономика мен қоғамның ілгерілеу қажеттілігіне сәйкес, бізге заманға сай білім беру жүйесі қажет», «Біз барлық елдер бойынша әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» деп теңдестірілген білім беру жүйесінің маңыздылығын атап өтеді.

Даму Бағдарламасының басымдылық бағытына – білім мен тәрбиеге қол жеткізу мәселесі жатады. Білім берудің бүгінгі жүйесін құру тәрбие мен оқытуға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыруды қажет етеді. Білім мен тәрбие өз деңгейінде берілмесе, болашаққа кері әсерін тигізері сөзсіз.

Орта білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін шешу - ғимараттардың авариялық жағдайын жою, оқу мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу және олардың аумақтарын көріктендіру, материалдық-техникалық базаларын нығайту, одан әрі компьютерлендіру жөніндегі шараларды қабылдауды талап етеді.

Кейінгі жылдары мектеп «Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасын іске асыру шеңберінде пәндерді үш тілде оқыту арқылы көп тілділікті енгізу жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Мектеп қабырғасында ҰБТ-ның негізгі көрсеткіштері бойынша жыл сайын оң динамика байқалады, бұл білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.

Білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарында 2010 жылға дейін білім сапасымен қамтамасыз ету бағыттары анықталды, жоспарды іске асырудың әр кезеңінде сапаға қол жеткізудің нысаналы индикаторлары түрінде бағалау көрсеткіштері әзірленді. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту перспективасы мынадай соңғы нәтижеге бағытталған – тұлғаны үйлесімді дамыту, жоғары кәсіби және құзырлы мамандарын қалыптастыру. Білім беру саласының және оқу-тәрбие үдерісінің әрбір деңгейіндегі сапа саясаты:


  • Материалдық-техникалық базаны жетілдіру, педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, 12 жылдық білім беруге көшуді есепке ала отыра кәсіби шеберлік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау;

  • Сапалы білім беру, жеке шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру мақсатында балалық шақ ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;

  • Оқушылар мен оқушы жастардың бойында бастамашылық өз еркімен ұйымдастырушылық, өз-өзін үнемі жетілдіруге талпыну, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің білім беру мүмкіндіктерін іске асыру;

  • Оқушылар мен мұғалімдердің құзырлығын АКТ арқылы қалыптастыру;

  • Денсаулық сақтау жағдайының сапасын арттыру;

  • Түрлі интеллектуалды және шығармашылық сайыстарда дарынды балалармен талантты жастарды анықтау, дамыту және әлеуметтік қолдаудың бірыңғай жүйесін құру үшін оңтайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Жас дарын мектебі қаланың орталығында орналасқан. Мектеп жанында Бұхар жырау, Майра Шамсутдинова, Өлкетану мұражайлары, А.П.Чехов атындағы драма театры әрі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Қалалық және облыстық әкімшілік ғимараттары, «Ертіс дарыны» ғылыми орталығы, «Мәңгілік алау» паркі, Ертіс өзенінің жағалауы бар. Аталмыш объектілер оқушының жеке дамуына зор үлес қосады.

«Жас дарын» қазақ мектебі 1999 жылы ашылды. Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 31 желтоқсан № 321/10 шешімі негізінде мектеп «Дарынды балаларға арналған оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін арнайы жалпы білім беру мектебі» болып ашылды.

Мектептің заңды мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 125.

Бүгінгі күні мемлекеттік білім беруді ұйымдастыру Павлодар облысының білім беру басқармасының 25.12.2001 жылы, АА, № 0005475, мемлекеттік лицензиясы негізінде жалпы білім беру аясында білім беру лицензиясының Ережесіне сәйкес:

- 2008 жылы 1 желтоқсанда Павлодар облысының әділет басқармасы бекіткен білім беру жарғысы;

- куәлік, тіркеу нөмірі 7381-1945-ММ, 1999 ж., 5 қазан Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметті жүзеге асыруға құқығын береді;

- 2007 жылғы, 21 мамырдағы статистикалық карта, ҚҰЖК мемлекеттік классификаторы бойынша коды: 39034073;

- 13 ақпан 2007 жылғы салық төлеушінің нөмірі 451500006817 Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;

- 2007 жылғы 23 қаңтардағы, тіркеу нөмірі 1335 тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;

- 2008 жылғы 27 ақпандағы 2008-2009 оқу жылына мектеп дайындығының тексеру актісі;

Оқу аптасы 6 күннен құрылған. Оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Облыстық бюджет есебінен мектеп қаржыландырылады.

Мектеп құжаттары 2007 жылы, 23 қазанда № 502 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген мектепішілік құжаттарды жүргізу Ережесі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы мектеп әкімшілігінің бақылауында. Мектеп қазақ тілінде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғарғы ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі – ресми тілде жүргізіледі. Мектеп қызметкерлерінің, ата-аналардың, оқушылардың, азаматтардың және т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады.
Білім мекемесі туралы мәлімет


Білім мекемесінің атауы

Мекеме басшысы

Мекен-жайы

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

Хасанова Сәуле Төлегенқызы

Павлодар қаласы,

Ленин көшесі 125

Тел./факс:8(7182) 618132

618131



2-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

2.1. Білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті

Білім беру жүйесінің ауқымы мектеп желісмен, орналасу тиімділігімен және білім берудің барлық деңгейінде білім алушылардың контингентімен сипатталады.

Мектептің оқыту буындарындағы сыныптардың пайыздық қатынасы көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, мұны төмендегі суреттен көруге болады (2.1 сурет). Бұл суреттен соңғы 3 жылда орта буын сыныптар санының өсуіне куәгер боламыз. Дарынды балаларға арналған мектепке қабылдау 5-сыныптан ғана басталатындықтан, бастауыш сыныптары биылғы оқу жылында ашылған жоқ.
2.1-сурет. Мектептің оқыту буындарындағы сыныптардың пайыздық қатынасы


2.2-сурет. Мектептің оқыту буындарындағы оқушылардың пайыздық қатынасы

Мектептің оқыту буындарындағы оқушылардың пайыздық қатынасы көрсеткіштері келесідей:

2008 жылы оқушы саны 7 оқушыға өсіп – 332 болды да 1-4-сыныптарда – 99 оқушы (29,8%), 5-9 сыныптарда – 204 оқушы (61,4%), 10-11-сыныптарда – 29 оқушы (8,7%).

2009 жылы тағы 5-ке көбейіп – 337 санын құрағанда 1-4-сыныптарда – 52 оқушы (15,4%), 5-9 сыныптарда – 239 оқушы (70,9%), 10-11-сыныптарда – 46 оқушы (13,6%),

2010 жылы оқушы саны – 330 санын құрағанда, 5-9 сыныптарда – 263 оқушы (79,7%), 10-11 – сыныптарда – 67 оқушы (20,3%).

2011 жылы барлық оқушы саны 319 болғанда, 5-9 сыныптарда – 255 оқушы (79,9%), 10-11-сыныптарда – 64 оқушы (20%).


Тереңдетіле оқытылатын сыныптар туралы мәлімет

Аймақтың инновациялық даму Стратегиясы негізінен интеллектуалдық ресурстармен тығыз байланысты. Жоғары деңгейлі білімге деген қажеттіліктің өсуі облыс білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Пәндерді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылардың санын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Математиканы тереңдетіп оқитын сыныптар желісі 2004 жылдың 8-сыныптарынан 11-сыныптарына дейін кеңейтілді.

Математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептер үшін типтік оқыту бағдарламасына негізделген РОНД баспасы Алматы, 2003) және №375 бұйрықпен ұсынылған математиканы тереңдетіп оқыту үшін қосымша оқулықтарға негізделген.

Авторлық бағдарлама бойынша ағылшын тілін оқыту мақсатқа бағытталып нәтижелі жүргізілуде; 9-10-сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту; 8-9-сыныптарда тарихты тереңдетіп оқыту жүргізіледі. Математика пәнінен тереңдетіп оқу сыныптар саны әр жыл сайын өсуде: 2007-2008 жылы – 8 сынып, 2008-2009 жылы – 9 сынып, 2009-2010 жылы – 9 сынып, 2010-2011 жылы – 10 сынып.


2.3-сурет. Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардағы оқушылардың үлесі



Орта буын сыныптар

Мектепте жалпы 13 орта буынды сынып бар. 2008-2009 оқу жылмен салыстырғанда осындай сыныптардың жалпы саны 1 сыныпқа артты, оқушылар саны 25 балаға артты. Оқушылар саны – 330 адам.



Жоғары сыныптар

Биылғы жылы жоғары сыныптардың саны 4, оның ішінде 10-сынып – 34 оқушы болса, 11-сынып – 33 оқушы санын құрайды. Оқушылардың жалпы саны – 67.



3-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Білім беру жүйесінің ресурстарына кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету, білім беру үдерісін ұйымдастыруға маңызы зор материалдық-техникалық база енгізілген.



3.1. Білім беру жүйесін кадрлық жағынан қамтамасыз ету

Білім сапасы көбінесе педагогтар құрамының сапасына байланысты. Өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы оқуы мен тәрбиесін жүзеге асыра алатын жоғары білікті педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Білім жетістіктерінің сапалы нәтижесі педагогтардың біліктілігі, олардың педагогикалық және кәсіби шеберлігіне байланысты болады.


Қызметкерлердің еңбекақысына жіберілетін шығын (пайызбен)

Мектепке шығын көлемінің соммасы 2007 жылы 181568 теңгені құрап, еңбек ақыға жіберілетін шығынның үлесі осы жылы 26614 теңгеге тең болды. 2008 жылы 48056 теңге – мектепке жіберілген барлық сомма болса, 27808 теңге еңбек ақыға жіберілетін шығынның үлесін құраған. 2009 жылы 62810теңге болғанда, еңбек ақыға жіберілген шығынның үлесі 44486 теңгені құрады. Ал 2010 жылы 72393 теңге болғанда, еңбек ақыға жіберілген шығынның үлесі 55808 теңгені құрады.


3.1-сурет. Мектеп шығындарының көрсеткіші (теңге)


Білім беруді дамытудың Бағдарламасында мектепте барлық оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыздандырылған. Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. 2010 жылы мектеп кітапханасының бір оқушысына 25-тен астам оқулық келеді (33 дана), бұл лицензиялық талаптардың бекітілген нормаларына сәйкес.


3.2-сурет. Оқулықтарды сатып алуға жұмсалған шығын

Жоғары білім кадрлардың көрсеткіші

Осы төрт жыл, атап айтқанда 2007-2010 жылдары 5-11 сыныптардағы жоғары білімді мұғалімдердің үлесі 100%-ды көрсетті.

2008 жылы барлық жұмсалған қаражат 78000 теңге болса, 1 оқушыға жұмсалған шығын көлемі 19,50. Ал 2009 жылы 293000 теңге барлық жұмсалған қаражат санын құраса, 1 оқушыға жұмсалған шығын көлемі 48,83. 2010 жылы бұдан 150-ге өсіп, барлық жұмсалған қаражат саны 453000 теңгеден 1оқушыға жұмсалған шығын көлемі - 90,60.
3.5-сурет. Барлық жұмсалған қаражат



3.7-сурет. Жас ерекшелігіне байланысты мұғалімдердің өтілі

3.8-сурет. Пайыздық қатынастағы мектеп мұғалімдерінің ішінде әйел жыныстыларының үлесі

2007-2010 жылдардағы мұғалімдердің саны әртүрлі болды. 2007 жылы 42 мұғалімнің ішінде 39-ы әйел адам болып, олардың пайыздық көрсеткіші – 92,8 пайызда. 2008 жылы 37 мұғалімнің 32-сі әйел жынысты да, ол 86,4 пайызды көрсеткен. 2009 жылы 39-дың 34 мұғалімі әйел жынысты және олардың үлесі 87,1 пайызын құрайды. 2010 жылы 39-дың 31 мұғалімі әйел жынысы және олардың үлесі 79,5 пайызын құрайды.



Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Білім беру қызметкерлерін үздіксіз және кәсіптік жағынан дамыту, жаңартылған білім беру мазмұнын өзгерту, білім берудің инновациялық технологияларын енгізу жағдайында оларды жан-жақты дайындау нәтижесі білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Облыстық ПК БАИ, сондай-ақ Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Инновациялық еуразиялық университеті жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары және басқа да аймақтармен жұмыс жасауын қамтамасыз ететін педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Мектепте 2007 жылы бірде-бір мұғалім біліктілігін арттырмаса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 11 мұғалімге жетті. 2010 жылы 3 мұғалім біліктілігін арттырды.

3.2. Білім беру жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты - білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру болып табылады.



4-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫ

Оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастыру білім беру жүйесі қызметінің жағдайы мен үдерісі, сондай-ақ қолданыстағы ресурстарды пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер арқылы сипатталады.



4.2. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Білім беруді дамытудың Бағдарламасында мектепте барлық оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыздандырылған.

Оқу үдерісіне бірлескен технологияларды енгізу мақсатында 2005-2008 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен облыстың жалпы білім беру мектептеріне арналған интерактивті оқытудың 11 кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, физика пәнінің 1, химия 1 кабинеті, биология 1 кабинеті, қазақ тілі мен әдебиеті 2, орыс тілі 1, тарих 1, ағылшын тілі 2, математика 1 кабинет жабдықталды.

2010-2011 жаңа оқу жылына:



  • 9-сыныптың барлық оқушылары үшін оқулықтарды жеткізу жүзеге асырылды (540,4 мың дана);

  • интерактивті оқытудың 4 кабинеті жабдықталды.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында мектепте медициналық кабинет жабдықталды. Сонымен спорт залы бар.

Білім беруді ақпараттандыру

Бір жыл ішінде 4 интербелсенді тақталы кабинеттер қосылды, бір компьютерге 5 оқушыдан келеді. Оқу үдерісінде электрондық оқулықтар белсенді түрде пайдаланылуда. Мектеп интернет желісіне шыға алады.



Сабақтар ауысымы

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бағытының бір ауысымда болуы оқушыларды оқытуға жайлы жағдай тудырады.

Оқу үдерісін бір ауысымда ұйымдастыру оқушылардың эмоционалдық жай-күйін, білім беру ортасында оқушылардың қажеттіліктерін іске асыру мүмкіндігін, қамтамасыз етеді, сабақта, сабақтан тыс уақытта оқушылардың танымдық әрекетін оңтайлы үйлестіреді.

Екінші ауысымда оқитын оқушылардың үлесі мектепте соңғы 3 жыл ішінде 40 пайызға кеміп, 18,2% көрсеткішке жетті.

2007 жылы оқушыларға мұғалімдердің сандық қатынасы – 12,9 %, 2008 жылы – 11,1%, 2009 жылы – 11,5, 2010 жылы – 11,5%.

Жалпы білім беретін сыныптардың толықтығы

2007-2010 жылдары 17 сынып-комплексінде оқушылардың толықтығы әр сыныпта 20 оқушыдан болды. Соңғы жылдары бастауыш сыныптар саны азайғандықтан, оқушы саны кемігендігін көрсетіп тұр.



5-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ НӘТИЖЕСІ

Орта мектеп курсы үшін оқушылардың қорытынды аттестаттау үлгісі ретінде ҰБТ енгізілуі оқушылардың оқу жетістіктерін тиімді бағалаудың негізін құрды.



5.1. Оқу жетістіктерінің сыртқы бағасы

ҰБТ нәтижесіне талдау жасау, облыстар бөлігінде өткен жылдармен салыстырғандағы республика бойынша ұқсас көрсеткіштермен қорытындыларын салыстырғанда тенденциялар туралы қорытындылауға, оқытудың сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды анықтауға мүмкіндік береді.



5.1.1. Ұлттық бірыңғай тестілеу

ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл облыс үшін оң динамиканы көрсетеді. Бұл көрсеткіш барлық облыстың аудандары мен қалаларында да байқалды.


5.1-сурет. ҰБТ нәтижелерінен көрсеткіштер
2010 ЖЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР

Басқарушылық құрылым қызметінде көптеген әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелерді, білім сапасын арттыру проблемаларын жедел шешуге, қоғамның білім беру сұранысындағы өзгерістерге және жеке тұлғаның қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар білім беруді дамыту туралы мектептің жоспарында көзделді. Білім беру саласын дамытудың негізгі тенденциялары:



  • Білім беру бағдарламаларының вариативтілігі және білім алудың нысандары.

  • Оқушының жеке тұлғасын тұтас дамыту бағдары, оны демократиялық қоғамда өмір сүруге, нарықтық экономика жағдайында еңбек етуге дайындау, үздіксіз білімді саналы түрде меңгеріп алу қажеттілігіне тәрбиелеу.

  • Білім беру мазмұнын жетілдіруде педагогикалық бастаманың өсуі, жаңа білім беру технологияларын енгізу.

  • Дарынды балалармен жұмыс істеуді жетілдіру.

  • Саланы дамытудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын жеке тұлғаның сұраныстарына, еңбек нарығының, аймақтың экономика мен әлеуметтік саласының келешекте даму қажеттілігіне сәйкес келтіру.

  • Мектептің педагогикалық және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін уақытында арттыру, білікті санатына өтетіндер пайызын тұрақты өсіру.

Білім беру саласында мелекеттік саясаттың басымдылығын, тұлғаның танымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын, әлеуметтік-мәдени ортаның әлеуетін ескере отыра білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасауға назар аударылады.

Білім беру инфрақұрылымын дамытудың перспективті ережелері материалдық-техникалық базаны нығайту, оқу-тәрбие үдерісінде көп тілде оқытуды енгізу, білім беру саласында кадрлық саясатты жетілдіру, білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу есебінен құрылды.

Оқуын жалғастыру үшін мектептің негізгі буынынан оқушылардың көшу коэффицентіне жүргізілген есептер жыл сайын тұрақты екенін дәлелдеді.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу және оның әлеуметтенуін қамтамасыз етудің маңызды міндеттері білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарында оқу және оқудан тыс қызметінің әрекеттестігі арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмыстың маңыздылығы артуда, бұны мектептегі үйірме жұмыстарымен қамтылған оқушылар санының өсуінен де көруге болады.

1 компьютерге келетін оқушылар санының көрсеткіші жақсаруда. Бұл мектеп компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілгенін дәлелдейді.

2010 жылы интерактивті тақталардың саны артты.

Мұғалімдердің біліктілік санатын арттыру оқу-тәрбие үдерісі сапасын жоғарылатудың негізі болып табылады. Әлі де осы сала аясында жұмыс істеуді қажет етеді.

Басқарудың тиімді нәтижелері тек оқушылардың білім деңгейі бойынша білім беру үдерісінің нәтижесін арттыру ғана болып табылмайды. Мектепте ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары оң нәтижені көрсетіп отыр. 2010 жылғы ҰБТ да жоғары деңгейде өз нәтижесін берді (115,5 балл) және «Алтын белгі» аттестатын алған бітірушілер саны да артты.

Білім беру саласындағы саясаттың стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін мектепте төрт міндетті шешу бағытталды:


  • бірінші – білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;

  • екінші – экономиканың инновациялық даму талаптарына сәйкес білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру;

  • үшінші –сапалы білімге қолжеткізуді қамтамасыз ету, дарынды балалармен және талантты жастармен мақсатқа сай бағытталған жұмыс жүйесін құру және кеңейту;

  • төртінші – мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру.

Арнайы мектептің тәрбиелік үрдісі де оқушылардың контингентінің ерекшелігін есепке ала құрылады.

Біріншіден, тєрбиенің кез-келген жүйесі тәрізді, ол - Д.К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, - «адамдық тұлға бастау арқылы сыртқа шығады», дәлірек айқанда, оның басты жетелейтін тұлғасы мұғалім – оқушыға оқу, кәсіби және әлеуметтік-психологиялық (жеке даралық) мәселелерін шешетін жетекші.

Екіншіден, біздің жүйенің өзіндік құралы - дарынды балалар үшін таби ғи ортаны құруға арналған мақсат болып табылады.

Үшіншіден, мектептің тәрбие жүйесі өткен негативтерді жоюға бағытталған - «дұрыс өмірде бала дұрыс өседі» деген Л.В.Выготскийдің принципі бойынша, мектептің барлық өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған, құндылықтардың жаңа дәстүрлерін құруға арналған – тәрбие жұмысының қалыптылығы, «сабақтылығы».

Мектептің тәрбиелік кеңістігін бес приоритет қалыптастырады :


  • ғылыми жоба;

  • сайыстар;

  • интеллектуалдық марафон;

  • көркем шығармашылық;

- қайырымдылық іс-әрекеті

Педұжым барлық білім беру үдерістердің жаңашылдығы оқытудың соңғы нәтижеге бағытталатынын болжамдайды деген белгілі ережені қабылдайды.

Ұжымның көрсетілген бағыттар бойынша іс-әрекеті мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің, 2012-2013 жылдан бастап, халықаралық бакалавриат мектебіне көшуіне дайындығын қамтамасыз етуі тиіс.

Оның кепілі ретінде мектептің Даму бағдарламасының мақсат қойып отырған ұжымның жетістіктері қабылданады (креативтік менеджмент, ДБ арналған дидактика, ОТҮ субъектілерінің өзара қарым-қатынасы).





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет