Майоровка ауылының әкімі Е.ЕАбаевтың есебінен тезистер
Киров селолық округінде 1260 адам тұрады, оның ішінде 633 ер адам, 627 әйел адам, 1 орта мектеп, 1 дәрігерлік амбулаториясы және 1 ауылдық клубы халқымызға қызмет көрсетеді.
2014 жылы жеке және занды тұлғалардан 34 өтініш түсіп (2013ж-12), қанағаттадырылды. 78 ауызша өтінішке түсініктеме берілді.
Әкімшілік нотарилдық әрекет жүргізеді: 2014жылы 69 нотариалдық әрекет жасады. 68 сенімхат, 1 әрекет құжаттарды беру көшірмесі.
Әкімнің аппараты 1 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді, мал басының анықтамасы туралы 2014 жылы 129 анықтама берілді.(2013ж-68)
2014 жылы Майоровка ауылы әкім аппаратына жалпы 9 млн.640 мың теңге қаржы бөлінген, толығымен игерілді. (2013ж-9 296,0 т)
«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында клубымыздың төбесін жөндеуге 2014 жылы мемлекеттік қаржы қорынан 1млн. 186 мың теңге және 3млн.теңге аудандық бюджеттен бөлінді.(2013ж-1016,0т)
Біздің ауылдың экономикасы 90 пайыз ауылшаруашылық саласында. Қазіргі кезде бұл шаруашылықтарда жаңа техника мен технология қолданылуы жалғастыруда.
2014 жылы 7743 гектар жерге бидай шаруа қожалықтарының өз күшімен егілді, ал 842 гектар жерге арпа ел басының нұсқауымен көмек есебінде беріп жатқан субсидия арқылы егілді. Биыл шамамен 1200 тоннадай шөп дайындалды. "Нұр-Астық 2005" ЖШС-гі 9056 гектар бидай, 590 гектар арпа егіп толығымен жинап алды. 2013жылмен салыстырғанда егіншаруашылығы 17% көтерілді.
Мал басына келетін болсақ, барлығы елде 1134 бас қара мал бар, жылқы саны 307 бас, қой мен ешкілердің саны 1120 бас, құстың басы 1799, шошқаның саны 206 бас. Жыл басынан бастап 403 бас бұзау алынды. 2013жылмен салыстырғанда қара мал 11%, жылқы 12%, шошқа 33% көбейді.
Ел тұрғындарының түсінуімен қара мал басын жасанды ұрықтандыру жолымен асылдандырып, өнімін үлкейту мақсатында биыл ауыл жеке шаруашылықтарының қожалығындағы 5 аса тұқымды бұқалары ауылдың қоғамдық табынына қосылды.
Ағымдағы жылдың ішінде округте барлық қарастырылған ветеринариялық алдың алу шаралары орындалды. Ұдайы халықтың жеке малы жоспарлаған ветеринариялық қараудан өтіп, қан пробалары алынып аудандық лабораторияға тексеруге жіберілді, ауру мал анықталған жоқ.
Майоровка ауылы бойынша шағын және орта бизнес өз жұмысын жылдан жылға асыруда, халықтын сұрауын орындап, және жұмыс орын ашуға тырысады. Осымен қатар ауылда халыққа әр түрлі қызмет көрсетіледі
Округте 7 дүкен, 1 дәріхана мен 1 шаштараз қызмет жасайды, онда 21 адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес дамуының мониторингі жасалып, апта сайын баға мониторингі жүргізіледі.
« Халықты жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 9млн.300мың.теңге көлемінде 6 адам қара мал дамытуға микронесие алды.
Тұрғындарға көрсетіп жатқан мемлекеттік әлеуметтік көмектерге келетін болсақ 2014 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 93 балаға және тұрғын үй жәрдемақы 12 отбасына берілді. 18 жасқа дейнгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 27%, себебі тұрмыс жағдайлары жақсарды.
2014 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарға 4 кісі жіберіліп, қоғамдық жұмыстардың жоспары 100 пайызға орындалды. Олар селоны тазарту жұмыстарымен айналысты, ағаштарды, бағандарды ақтады, гүлдер мен ағаштар отырғызып, суарды.
Тәуелсіздік –ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік мерекесі биыл ерекше аталып өтті, ауылымызда салтанатты түрде көпсалалы спорт алаңы ашылды. "Тұрмыс сапасы" ЖШСеріктестігінің демеушілігімен көпфункционалдық спорт аланы орнатылды, 5,6млн.теңге жұмсалды.
Майоровка ауылының Киров орта мектебінде 230 бала оқиды, шағын орталығын 42 бала қатысады. Мектепте 40 мұғалім қызмет етеді оның 37-сі жоғары білімді. Биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына "Жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша бюджеттен 45 млн.теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді.
Елдің деңсауылығы – біздің байлығымыз, денсаулыққа өте көп назар аударылады. Ауылымызда дәрігерлік амбулаториясы бар. Онда 4 қызметкер жұмыс істейді. Флюрографиядан ауыл тұрғындардың 100 пайызы өтті. 1 жасқа дейнгі балалардың саны – 19. Әйелдердің саны 633, оның ішінде 15 жастан 45 жасқа дейінгі әйелдердің саны – 293, мүгедектердің саны - 43, оның ішінде 8 бала. 2013жылмен салыстырғанда флюрография 100% өтті. Дәрімен қамтамасыз ету мақсатында ғимарат ішінде дәріхана пункті жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |