Жұмыстың мақсаты:
мектеп және қосымша білімнің оптимальды құрылымы арқылы дарынды оқушылардың дамуына қолайлы жағдайларды жасау.
дарынды балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру;
информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Талаптары:
Негізігі принцип: баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Күтіліп отырған нәтижелер:
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын сақтауға және өсіруге жағдай жасалады;
оқушылардың білім алу және тәрбие деңгейі жоғарылайды;
оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |