Бегалиева Гүлсім Секентайқызы
Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі
Оқушы құзыреттілігін дамытуда модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Әлемдік білім беру кеңістңгңнде жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім беру қалыптасуда.
Қоғамда болып жатқан жедел де,қарқынды өзгерістер білім беруге қойылатын талаптарды жаңпа бағытта түбегейлі өзгертуде..
Оқушы-жеке тұлға,қайталанбас даралық қасиеттер жиынтығы.Қазіргі білім беру консепциясының басты мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын,күнделікті бәсекеге қабілетті және құзыретті,шығармашыл,білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Сондықтан өзгермелі әлеуметтік және эконмикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес,болып жатқан өзгерістергеқатысып,белсенді,әлеуметтік жауапкершілігі жоғары,ой-өрісі кең,сауатты,танымдық әрекеттерге қызығушылығы мол жеке тұлғаны қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі.
Осындай нәтижелерге жету үшін,мектеп түлегінің бойында құзыреттілікті қалыптастыру керек.
Құзыреттілік-оқушының іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.Оқушылардың құзыреттілігі,ең әуелі мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады.
Оқу-танымдық құзыреттілік-оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық үрдістерін қамтамасыз етеді.Білімділік қызметін ұйымдастыра білуді,тиімді жоспарлауға,ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын игеруге,талдауға,қорытынды жасай білуін қарастырады.
Жалпы оқу жүйесін бұзбай,оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді формаларды пайдалана отырып,негізгі құзыреттіліктерді дамыту мақсатында әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға болады.Солардың бірі-Қазақстанның білім кеңістігінде он жылдан астам уақыт орын теуіп,білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыруда қызмет етіп келе жатқан оқыту технологияларының бірі-М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы-құрылымы ортақ,бірақ мазмұны әр түрлі үш бқліктен;
-
кіріспе
-
Сөйлесу
-
Қорытынды бөлімдерден тұрады.
Оқу бөлімінің кіріспе бөлімінде;
Психологтардың пайымдауынша,әрбір дербес тарауды(тақырыпты)оқып-үйрену 3негізгі кезеңнен;
-
Кіріспе-қызықтырушылық
-
Операционалдық-танымдық
-
Рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс.(Л.М.Фридман)
Аталмыш модулде кіріспе-қызықтырушылық кезеңі кіріспе бөлімінде іске асырылады.Яғни кіріспе бөлімінде мұғалім;
.оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады
Оқушылардыңосы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.(мұнда әрбір оқушының қабылдауына ерекше көңіл бөлінеді)
Тірек-сызбаларға сүйене отырып,модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйренудің екінші операциялық-танымдық кезеңі іске асыру болып табылады. Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталау сабағы емес) жүзеге асырылады. Сондықтан сөйлесі бөліміндегі оқу материалын меңгеру – тек қажетті құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға жету, қисынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту: ұғымды қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйренуге; интелектіні және креактивтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес.
Қорытынды бөлім – тарауды оқытудың тұтас циклін анықөтайтын рефлексиялық – бағалау кезеңі қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейлерін
-
Бақылауға
-
Тексеруге
-
Бағалауға арналған
Сонымен, кіріспе, сөйлесу, қорытынды деп аталған үш бөліктің әрқайсысының кіші мақсаттары модульдің жалпы мақсатына жеткізу тиіс.
Модульдік оқыту технологиясымен жұмыс жасайтын мұғалім алғашқы жылдық өзінде-ақ сабағының құрылымын, мазмұнын, әдісін ғана өзгертіп қоймайды, өзінің рөлін де түбегейлі өзгертеді.
Молульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісінде қолдану оқушылардың таным процесін дамытуға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқуға жағымды қызығушылықтарын қалыптастыруға, олимпиада жүлдегерлері мен оқушылардың ғылыми-конференциялары жоба-байқаулардың жеңімпаздары болағн оқушылар санының арттыруға. ҰБТ-да биология пәнін таңдап оқушылардың тоқсандық баға лауына мүмкіндік берді.
Ұсынып отырмын
Модуль №9 «Тыныс алу жүйесі» (6 сағ)
Сабақтың құрылымы
|
Сабақ саны
|
Сабақтың модульдік түрі
|
Бөлінген уақыт
|
Кіріспе бөлімі
|
1-сабақ
|
1. Модуль құрылымымен таныстыру. Мақсаты, міндетімен таныстыру.
2. Лекция, көрнекіліктермен, тірексызбалармен таныстыру
3. Дәпетермен жұмысч
4. Қорыту. Үйге тапсырма
|
5 мин
20 мин
15 мин
5 мин
|
Сөйлесу бөлімі
|
2-3 сабақ
|
Тақырыпты меңгерту, дамыту
|
|
|
| -
«Мұғалім-оқушы» ойыны
-
Дидактикалық үлетірмелілермен жұмыс
-
Қорытындылау. Үйге тапсырма
|
40 мин
40 мин
10 мин
|
|
4-сабақ
|
Алған білімдерін пысықтау
-
Зертханалық жұмыс №5,6
-
Қорытындылау. Үйге тапсырма
|
40 мин
5мин
|
|
5-сабақ
|
Алған білімдерін бекіту
-
«Бақытты сәт» ойыны
-
Қорыту. Үйге тапсырма
|
40 мин
5 мин
|
Қорытынды бөлім
|
6-сабақ
|
1. Тест
2. Биологиялық диктант
3. Қорытынды
|
25 мин
15 мин
5 мин
|
Оқушы ненеі білуі керек:
-
Тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
-
Тыныс алу механизмінің ұлпадағы, өкпедегі газ алмасу
-
Тнысы алудың жүйелік-гумаральдық реттелуін
-
Тыныс мүшелерінің гигиенасын
-
Темекінің тыныс алуға зияны, тыныс мүшелеріні ауралары
-
Аузынан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем түрлері
Оқушының дағдылануы керек:
-
Тыныс ал мен тыныс шығарудың механизмін көрсете білуге
-
Таблицадан тыныс алу мүшелеріне көрсете бәлу,тыныс алуға зиянды заттардан аулақ болу
Негізгі терминдер мен түсініктер
Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңсірік, ауа тамыр, альвеоллакор, дыбыс сіңірлері, дыбыс соңылауы, өкпенің тіршілік сиымдылығы, спирометр, газ алмасу, туберкулез.
5- сабақ. «Бақытты сәт» ойын сабағы
Түрі: Ойын
Типі: Қайталау
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын элементтері
Қажетті құралдар
-
Секундамер
-
Бағалау парағы
-
Түрлі-түсті жетондар
-
Тапсырмалар мен сұрақтар жарлыған үлестірмелер
-
Тірек-сызбалар, суретер. Тест түрлері
Ойынның жүру барысы:
Сынып 2 топқа бөлінген, әр топтың өз аты және топ жетекшісі болады.
І. Гейм «Бой сергіту»
Сұрақтар беріліп, оларды талдауға минут беріледі. Топтан 1 оқушы шығып жауап береді, бәсекелес топ дұрыстығын қадағалайды.
Сұрақтары:
-
Адам минутына неше рет тыныс алады (16-18 рет)
-
Кеңірдек доға тәрізді неше шеміршекті сақинадан тұрады (16-20)
-
Өкпе қайда орналасқан? (Кеуде қуысында)
-
Өкпе көпіршіктеріндегі, көпіршіктердің саны? (300 млн)
-
Тыныс құбылысы неден тұрады? (тыныс алы мен жыныс шығарудан)
-
Өкпе көпіршіктерінің ішкі бетін астарлайтын қабық
-
Адамда неше өкпе бар және ол неше бөліктен тұрады ( 2 өкпе оң жақ 3 бөлік, сол жақ, 2 бөлік)
-
Ауа құрамындағңы оптектің мөлшері (21 %)
-
Тыныс шығарғандағы оттектің пайыздық өлшемі (16%)
-
Кеңірдектен кейінгі орналасқан тыныс алу мүшесі (ауатамыр)
ІІ.гейм «Бөшкенден шыққан бас қатырғылар»
Топ жетекшлері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып, соған сәйкес нөмірленген сұрақтарға топ мүшелері жауапбереді.
Сұрақтары:
-
Неліктен тыныс алуды-тіршіліктің негізі дейді?
-
Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер кіреді
-
Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі талдаңдар
-
Көмекейдің құрылысы мен қызметін талдаңдар
-
Ерлердің дауысы жуан, әйелдердің дауысы жіңішке болу себебі неге?
-
Кеңілдек қайда орналасқан, құрылысы қандай?
3. Гейм «Мен-саған, сен-маған»
Топ мүшелері үйден сұрақтар дайындап келіп, бір-біріне сұрақтар қояды
4.Гейм «Кім жылдам»
Топтарға тапсырмалар беріледі Тапсырмаларды дұрыс, әрі жылдам орындаған топ бағаланады.
1-топқа «Қайсысы артық»
Мына жазылған ауру аттарының қайсысы тыныс алу ауруларына жатпайды
-
Дермотит, сүйел, диотез
-
Темофилия, цитиноз
-
Асқазанның қабынуы, асқазан жарысы
-
Делікпе, кәле, тұмау
2-топқа Тірек сызбаны аяқтаңыз
Өкпе қабынуы
Бумау тыныс мүшелерінң аурулары ауа тамырдың қабынуы
Тыныс демікпесі туберкулез
5. Гейм топтар «Қорғаушылар», «даттаушылар»
«Темекінің тыныс алу жүйесіне кері тигізетін әсер» тақырыбына кіші диспут
6-сабақ.
Тест
-
Газ алмасу өтетін жер:
а) көмекей ә) ауа тамыр в) кеңірдек
б) өкпе көпіршігі г) қаңқа
2. Ауа кеңірдектен өтеді:
а) өкпеге ә) көмекейге в) өкпе көпіршігіне
б) ауа тамырға г) клевралық қуысқа
3. Егер адамның өкпе тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 см3 төмен болса, онда өекпедегі газ алмасу:
а) төмендегені ә) жоғарылағаны б) өзгермегені
В) ауру тудырғаны г) денсаулыққа әсері жоқ
4. Тыныс алу мүшелеріне жататын:
а) атеросклероз ә) рахит б) туберкулез
в) сколиоз г) кариес
5. Тыныс алу жүйесінің ауруына жатпайды:
А) тұмау ә) пневмания б) туберкулез
В) цистит г) плеврит
6. Адам өкпесінің орташа сйымдылығы:
А) 1000 см3 ә) 200 см3 б) 35003
В) 500 см3 г) 5000 см3
7. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы:
А) мұрын қуысында ә) ауа тамырда б) өкпеде
В) өкпе көміршігінде г) кеңірдекте
8. Мұрынның иіс сезімтьалдығын төмендететін тыныс ауру:
А) туберкулез ә) лариигит б) өкпеде
В) тұмау г) трахеит
9. Адам тыныс алуға қажетті газ:
А) азот ә) оттегі б) көмірқышқыл газі
В) азот (ІІ) оксиді г) азот (ІV) оксиді
10. Шылым шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:
А) силикоз ә) СПИД б) пәле(рак)
В) тұмау г) плеврит
Кілті: 1-б; 2-б; 3-а; 4-б; 5-в; 6-б; 7-а; 8-в; 9-ә; 10-б;
Биологиялық диктант
-
Тыныс алу деп мүшелер мен қоршаған орталық арасындағы .......................... атайды.
-
Организмнің ....... сіңіріп, ............. газын бөліп отыруы-тыныс алудың негізі.
-
Мұрын қуысындағы ауа кеңсіріктегі ......., ал одан кейін ........ барады.
-
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті ................. деп атайды.
-
Тыныс шығарғанда – сыртқы ............... бұлшық еттер созылады, ............. жоғары көтеріліп, дөңестенеді.
-
Сурфактант ........................... тұрақтандырады және .............. қасиет береді.
-
Адамның екі өкпесінде ...................... ауа көпіршігі болады.
Кілті: 1) газ алмасу; 2) оттекті; көмірқышқыл газын; 3) аңқаға, көмейге; 4) дыбыс саңылауы; 5) қабырғааралық, көкет(диафрамма) 6) ауа көпіршітерін, тіректік 7) 600-700 млн.
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын енгізу арқылы қол жеткізген нәтижем оқушылардың іс жүзінде білімді өздігінен игеріп, біліктіліктерін арттыруы болады. Бұл модульдік технологияның артықшылығы оқушылардың биология курсынан білім алу үрдісінің түбегейлі түрде өзгеруі болды.
Әр оқушы танымдық іс-әрекетке белсене арласа бастады. Сапа формасының өзгеруіне орай сарымдылық жойылды; сәйкесінше сапа жақсарды.
2003-2004 68%; 2004-2005 75%; 2005-2006 78%.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, «Биология» пәні бойынша оқу жетістіктері түріндегі пәндік құзіреттіліктер қалыптасады.
-
Анатомиялық сауаттылық:
-
Организм мен оның мүшелерін тани білу;
-
Организм құрылысын, қызметін зерттей білу
-
Физиологиялық сауаттылық
-
Организмнің ішкі ортасының жұмысын білу
-
Қан айналу, тыныс алу, асқорыту т.б. жүйелер жұмысының ерекшеліктерін білу.
-
Гигиеналық сауаттылық
-
Өз денесінің дұрыс қалыптасуын білу.
-
Денсаулығын сақтай білу
-
Аурулардың алдын ала білу
-
Алған білімдерін нақтылы бір практикалық мәселелерді шешуге қолдана білу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясын оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы 2002
2. Д.Ж.Уэст «Физиология дыхания Основы Мир1998 200.
3. Бұзаубақова К. «Жаңа педагогикалық технология» Алматы 2004
4. Айтманбетова Р Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы 1991.
5. «Биология және салауаттылық негізі» №6 2007 ж
6. М.Қ.Смағұлов «Оқушы анықтамасы» 6-11 сыныптар «Арман – ПҚ» баспасы 2005 жыл
7. Әлімқұлова Р., Сатімбеков Р. «Биология жалпы білім беретін мектеп 8 сыныбына арналған. Алматы Атамұра 2004
Достарыңызбен бөлісу: |