256
Аурудың себебін анықтау үшін 1 тәулік ішінде малға азық бермей,
суды шектемеу керек, аурудың екінші күнінен бастап диеталық
азықтандыруға кӛшу керек – ол үшін жақсы сапалы шӛп беріп, жаз
уақытында жасыл шӛп, жемді мӛлшерлеп беріп, біртіндеп қосқан жӛн.
Нашар азық жеген кезде болған ауру
кезінде мес қарынды ірі
калибрлі зондпен 1% натрий сульфаты және натрий гидрокарбонат,
калий перманганаты ерітіндісімен 1:10000 концентрацияда жуу арқылы
тазалайды, сонымен қатар сол жақ аш бүйірге массаж жасау арқылы
немесе жұмсарту үшін ішке натрий сульфатын ірі қара малға 400-800,0,
ұсақ малға 50-100,0
енгізеді, сонымен қатар майсана майын, ӛсімдік
майын, дезинфекциялаушы заттар – ихтиол, фармалин, лизол енгізеді.
Интоксикация байқалған кезде ішке 20% глюкоза ерітіндісін 250-300
мл мӛлшерде, 10% натрий хлорид ерітіндісін 200-300 мл 2-3
тамшы
кофеин қосып енгізеді.
Алдынғы қарындардың моторлық қызметін жақсарту үшін 20-30
минут бойы күніне 2-3 рет, мес қарынға 10-15 минут бойы 3-4 рет
массаж жасап тұру керек және ультракүлгін сәулемен жарықтандырып,
мес қарын маңайын соллюкс лампасымен қыздыру керек: ішке қолдану
үшін ірі қара малға 10-15 мл, қой мен ешкіге 1-4 мл ақ (чемерица)
дәрішӛп тұндырмасын енгізу және ірі қара малға 20 мл, қой мен ешкіге
5-10мл жусан және қыша түбір қайнатпасын беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: